«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Loading...


бет3/7
Дата26.04.2017
өлшемі1.61 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс қоса берілген лоттар тізбесіне сәйкес өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі.

2. Осы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттама (бұдан әрі – КҚ) мыналарды:

1) КҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес лоттардың тізбесін;

2) КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызметтердің сипаттамасын және талап етілетін техникалық, сапалық сипаттамаларын;

3) КҚ-ға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы келісімді;

4) КҚ-ға 6-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметті;

5) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 233-тармағына сәйкес неғұрлым сапалы қызметтерді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурстың жеңімпазын анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін әлеуетті өнім берушілер ұсынған техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін міндетті критерийлердің тізбесін қамтиды;

6) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша осы конкурс үшін бөлінген сома ______ теңгені құрайды.

Осы конкурс үшін бөлінген сома лоттар бөлінісінде мынаны құрайды:




лот №

Көрсетілетін қызметтің атауы)

Лот бойынша бөлінген сома (теңге)

{лот №}

{көрсетілетін қызметтің атауы}

{лот бойынша____бөлінген___сома}


2. Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуіне және оны ұсынуына қойылатын талаптар
3. Конкурсқа қатысуға өтінім веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және осы КҚ-да көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызмет көрсетуге конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіру нысаны, сондай-ақ өзі туралы, Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға әлеуетті өнім берушінің келісімі болып табылады.

4. Әлеуетті өнім беруші өтінімді қалыптастыру алдында КҚ-ға


4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы келісімді қабылдайды.

5. Конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтиды:

1) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелерін не оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растауда әлеуетті өнім беруші ұсынатын электрондық құжаттарды:

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәлікті немесе анықтаманы қамтуы тиіс. Егер заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бекітілген Үлгілік жарғы негізінде қызметті жүзеге асырса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;

заңды тұлға Үлгілік жарғы негізінде қызметті жүзеге асырған жағдайды қоспағанда, заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген жарғыны;

құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді не акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірмені қамтитын құрылтайшы құжатты (егер жарғы құрылтайшылар немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметті қамтымаған жағдайда);

әлеуетті өнім берушінің қызметтер көрсетуге құқығын растайтын рұқсаттар (хабарламалар) және (немесе) патенттер, куәліктер, сертификаттар, басқа да құжаттарды;

өзіне мыналарды: растау құжаттарының электрондық көшірмелерінің қосымшасымен конкурста сатып алынатын ұқсас (сай келетін) растау құжаттарының электрондық көшірмелерінің қосымшаларымен соңғы он бес жыл ішінде әлеуетті өнім беруші көрсеткен көлемдер туралы мәліметті; қызмет көрсету үшін қажетті конкурстық құжаттамада көзделген жабдықтың (материалдың) не ұқсас (сай келетін, қосымша) жабдықтың (материалдардың) болуы туралы мәліметті (осы талап мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржылық бір жылдан астам мерзімге қызметтерді мемлекеттік сатып алған жағдайда белгіленеді); растау құжаттарының электрондық көшірмелерінің қосымшаларымен қызмет көрсету мақсатында қажетті жүктелген міндеттемелерді орындау үшін жұмысшылардың біліктілігі туралы мәліметті қамтитын КҚ-ға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілік туралы мәліметті;

КҚ-ға 10-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын қызмет көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар туралы мәлімет және әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушыларға бірлесіп орындауға жиынтығында жұмыстардың үштен екі астамын беруге тыйым салу шартын қамтуы тиіс.

Егер әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді бірлесіп орындаушыларды тартуды көздеген жағдайда, онда әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға тартылатын бірлесіп орындаушылардың белгіленген талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады.

2) сатып алынатын қызметтердің техникалық, сапалық сипаттамалары бар, оның ішінде КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша сипаттамаларын көрсете отырып, техникалық ерекшелікті қамтиды. Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.

3) КҚ-ға 11-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында конкурстық баға ұсынысы;

6. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі Конкурстық өтінімдерді ашу күнінен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрауы тиіс.

7. Конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылатын қағаз құжаттардың электрондық көшірмелері бейненің түсіне қарамастан, дәл және анық болуы тиіс.

8. Әлеуетті өнім беруші дайындаған электрондық конкурсқа қатысуға өтінім, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімге қатысты бүкіл хат-хабарлар мен құжаттар осы КҚ жасалған тілде жасалады және беріледі.

Оларды әлеуетті өнім беруші басқа тілде жасаған және ұсынған жағдайда оларға дәл (нотариалдық расталған) аудармасы қоса беріледі.



3. Конкурсқа қатысуға өтінімді ұсыну тәртібi
9. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында береді.

10. Әлеуетті өнім берушілер берген конкурсқа қатысуға өтінімдер автоматты түрде веб-порталда тіркеледі.

11. Конкурсқа қатысуға өтінім берген өнім берушіге тиісті хабарламаны веб-порталмен автоматты түрде жіберген сәтте конкурсқа қатысуға берілген өтінім қабылданған болып есептеледі.

12. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға берген өтінімі мынадай:

1) егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім берген;

2) конкурсқа қатысуға берілген өтінім осы конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін түскен;

3) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;

4) конкурстық баға ұсынысының бағасы Қағдалардың 177-тармағына сәйкес демпингтік болып табылған;

5) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларында веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.

13. Әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы теңгемен көрсетілген болуы тиіс.



4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды кері қайтарып алу

14. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталатын күннен кешіктірмей мыналарға:

1) енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуге және (немесе) толықтыруға;

2) өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алуға құқылы.

15. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі біткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу сияқты, оған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

16. Әлеуетті өнім беруші, оның конкурсқа қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптау комиссиясы (сарапшы) конкурстың қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.



5. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу
17. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзімінің күні мен уақыты басталғаннан кейін бес минуттың ішінде веб-портал конкурсқа қатысуға өтінімдерді автоматты түрде ашуды жүргізеді.

Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім конкурсқа (лотқа) ұсынылған болса, онда мұндай өтінім де ашылады және қаралады.

18. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын ашылған күні веб-портал автоматты түрде жариялайды. Бұл ретте веб-портал Конкурстық комиссияның мүшелеріне, веб-порталда автоматты түрде тіркелген әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарламалар таратады.

19. Конкурстық баға ұсыныстарын қоспағанда, ашу хаттамасы орналастырылған сәттен бастап, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін қарауға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.



6. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау
20. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, біліктілік талаптары мен КҚ-ның талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

21. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

1) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар деп таниды;

2) мынадай критерийлер:

әлеуетті өнім беруші ұсынған жобаның Тапсырыс берушінің техникалық ерекшеліктері талаптарына сәйкестігі;

Тапсырыс берушінің сатып алатын қызметтері мен салалық мамандандыруды ұйымдастыру миссиясына сәйкестігі (ұйымдастырудың мақсаты құрылтайшы құжаттарға сәйкес келуі);

«Үкіметтік емес ұйымдардың деректер қорында» әлеуетті өнім берушінің болуы туралы мәліметтер;

жұмыс тәжірибесінің болуы;

жобаны іске асыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерді әлеуетті алушылардың сапалы құрамы мен саны (барлық іс-шараларға тікелей қатысушылар);

жобаны іске асырудың нәтижелері тиімділігін бағалау бойынша индикаторлардың болуы;

бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражатты тарту мүмкіндігі туралы мәлімет (пайыздық және сандық мәнде);

Тапсырыс беруші қойған мақсатқа жету бойынша іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарының болуы (іс-шараның атауы мен нысаны, нысаналы топ, өткізу орны мен мерзімі, халықтың қамтылуы) негізінде әлеуетті өнім берушілер ұсынған техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін баллдарды есептейді.

Осы тармақтың осы тармақшасымен көзделген критерийлер бойынша баллдарды есептеу КҚ-ға 12-қосымшаға сәйкес есептеледі.

Конкурстық өтінімдері осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген критерийлер бойынша бір баллдан кем алған әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 11 баллдан аз әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Әлеуетті өнім беруші көрсетілген критерийлерді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда конкурстық комиссия олардың техникалық ерекшеліктерін бағалау үшін тиісті баллдарды есептемейді.

Әлеуетті өнім берушілер ұсынған талаптар өздерінің техникалық ерекшеліктерін бағалау үшін шартқа енгізіледі.

3) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін конкурстық комиссия берген баллдар санына байланысты бағалардың шартты азаюы конкурсына қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкуртық баға ұсынысына қолданады.

22. Барлық санаттар бойынша конкурстық комиссия қойған баллдар веб-порталда автоматты түрде қосылады, нәтижесінде әлеуетті өнім берушіге баллда көрсетілген оның техникалық ерекшелігін қорытынды бағалау қойылады.

23. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың және олардың техникалық ерекшеліктерін бағалаудың талаптарына сәйкестігі мәнін қарастыру нәтижелері бойынша конкурстық ұсыныстардың мынадай шартты азайтулары қолданылады:

егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағалауы 15-тен 20 баллды қоса құраса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде 10%-ға азаяды;

егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағалауы 21-ден 27 баллды қоса құраса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде 20%-ға азаяды;

егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағалауы 27 баллдан жоғарыны құраса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде 30%-ға азаяды.

24. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қатысты, оның ішінде конкурсқа қатысуға бір өтінім берілсе де баллдарды есептейді.

25. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарына, конкурсқа қатысуға бір өтінім жіберілгенді қоспағанда, бағалардың шартты азаюын қолданады.

26. Конкурстық комиссия осы КҚ-ға 8-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді.

27. Конкурстық комиссия, егер онда конкурсқа қатысуға өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса конкурсқа қатысуға өтінімді КҚ талаптарына сәйкес келетін ретінде қарайды.

28. Әлеуетті өнім беруші мынадай:

1) өзі және (немесе) оның бірлесіп орындаушысы біліктілік талаптарына (егер белгіленген тәртіппен көзделген жағдайда) және конкурстық құжаттамада белгіленген техникалық ерекшеліктер талаптарына сәйкес емес деп айқындалған;

2) Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған;

3) оның конкурсқа қатысуға өтінімі КҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп айқындалған жағдайда конкурсқа қатысуға (конкурсқа қатысушы деп тануға) жіберілмейді.

29. Әлеуетті өнім берушіні басқа негіздер бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.



7. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурстың жеңімпазын айқындау
30. Конкурстық баға ұсынысы конкурсқа қатысуға өтінімді қарау қорытындылары бойынша веб-порталда автоматты түрде ашылады.

31. Веб-портал конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыруды автоматы түрде жүргізеді:

конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары салыстырылады, ең төмен шартты бағаның негізінде конкурс жеңімпазы, ең төмен шартты бағадан кейінгі бағаның негізінде екінші орын алған әлеуетті өнім беруші айқындалады;

конкурстық баға ұсыныстарының шартты балаларын теңестірген кезде конкурс мәні болып табылатын сатып алынатын көрсетілетін қызметтер нарығында ең көп тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып табылады.

Тең шартты бағалары бар бірнеше әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін теңестірген кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімінен бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып табылады.

32. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру нәтижелері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамада орналастырылады.



8. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт
33. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - шарт), Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылып, тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында веб-портал арқылы жасалады.

Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші үлгі шартқа сай жасалған шарттың жобасын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға жібереді.

34. Өнім берушіні таңдау рәсімдері, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану рәсімдері тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайда шарттың жобасы тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға жіберіледі.

35. Тапсырыс беруші электрондық шартты ресімдеу үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартқа қол қоятын тұлға мен өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерге сұрау салу жібереді.

36. Әлеуетті өнім беруші веб-порталда тиісті сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады және шартқа қол қоятын тұлға мен өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерді растайды.

Әлеуетті өнім беруші шартқа қол қоятын тұлғасы мен өзінің деректемелерін растау болмаған жағдайда тапсырыс беруші веб-порталда әлеуетті өнім беруші орналастырылған тіркеу деректеріне сәйкес шартқа қол қояды.

37. Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің мәліметтерді растау мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт жобасын қалыптастырады және оған қол қою үшін әлеуетті өнім берушіге жібереді.

38. Өнім беруші, Заңда және Қағидаларда белгіленген мерзімде веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен шартқа қол қояды.

39. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде шарт жобасына қол қоймаса, тапсырыс беруші жеңімпаздың шарт жасасудан жалтарған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын веб-портал арқылы екінші орынды алған әлеуетті өнім берушіге жібереді. Шарт жобасы екінші орын алған әлеуетті өнім берушімен электрондық цифрлық қолтаңба арқылы оған шарт жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде расталуы тиіс.

Егер екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің қолы қойылған шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаса, тапсырыс беруші қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

40. Шарт, уәкілетті органның Заңның 47-бабына сәйкес шығарылған шешіміне шағымдану кезеңінде жасалуы мүмкін емес.

41. Шарт бойынша қызмет көрсетудің ең аз мерзімі қызмет көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз болмауға, бірақ күнтізбелік он бес күннен аз болмауға тиіс.

42. Егер жеңімпаз деп айқындалған не екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге қол қойылған шартты ұсынбағаса, онда мұндай әлеуетті өнім беруші шартты жасасудан жалтарды деп танылады.
Аббревиатураларды таратып жазу:

БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2016 жылғы 3 қазандағы № 521 бұйрыққа

7-қосымша

«Мемлекеттік сатып алуды

жүзеге асыру қағидаларына

8-2-қосымша



Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен (Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нөмірі) көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама
бұл ретте нөмір сатып алудың тәсіліне және нөміріне байланыстырылуы тиіс

(әрбір лотқа жеке қалыптастырылады)


Күні мен уақыты

Тапсырыс беруші* ____________________________________________________


Конкурстың № __________________________________________________

Конкурстың атауы ____________________________________________

Ұйымдастырушының атауы _____________________________________

Ұйымдастырушының мекенжайы_______________________________________

Конкурстық комиссияның құрамы:




Т.А.Ә

Ұйымдағы лауазым

Комиссиядағы рөлі












Жалпы сомасын көрсете отырып, сатып алынатын қызметтер тізбесі ___________




р/р


Лоттың №


Лоттың атауы

Саны

Бірлігіне баға, теңге

Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге


















Лоттың № _______________________________________________________

Лоттың атауы ____________________________________________
Конкурсқа (лотқа) қатысуға ұсынылған өтінімдер туралы ақпарат: (хронология бойынша) (өтінімдер саны)




Әлеуетті өнім берушілер атауы

БСН (ЖСН)/

ССН / ТЕН



Өтінім беру күні мен уақыты

(хронология бойынша)












Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:




№ р/р

Әлеуетті өнім берушінің атауы (Әлеуетті өнім берушілер тізбесі), БСН (ЖСН)/ ССН / ТЕН




Комиссия мүшесінің Т.А.Ә

Комиссия мүшесінің шешімі

Бас тарту себебі

Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына олардың сәйкес келмеуін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, бас тарту себептерін егжей-тегжей сипаттау



















Конкурсқа қатысуға бас тартылған өтінімдер: (өтінімдер саны)


р/р



Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН

Бас тарту себебі













________________________________________________________ 1

үш мәтіндік мәннен анықтама: (біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеу, Заңның 6-бабының талаптарын бұзу)

Конкурсқа қатысуға мынадай өтінімдерге рұқсат етілген (өтінімдер саны):





Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН









Қағидалардың 233-тармағымен көзделген өлшемдердің

салыстырмалы мәніне қолдану нәтижелері туралы ақпарат



Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН

Шартты жеңілдіктер, %

Әлеуетті өнім беруші ұсынып отырған жобаның Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкес келуі


Сатып алынатын қызметтерді ұйымның миссиясына және тапсырыс берушінің салалық мамандығына сәйкес келуі (құрылтайшы құжаттарға сәйкес ұйымның мақсаты)

«Үкімет емес ұйымдардың деректер қорында» әлеуетті өнім берушінің болуы туралы мәлімет

Жұмыс тәжірибесінің болуы


Жобаны іске асыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерді алатын әлеуетті өнім берушілер құрамының саны мен сапасы (барлық іс-шарлардың тікелей қатысушылары)

Жобаны іске асыру тиімділігі мен нәтижелерін бағалау бойынша индикаторлардың болуы

Бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражатты тарту мүмкіндігі туралы мәліметтер

Тапсырыс берушінің қойған мақсаттарына қол жеткізу бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының болуы (іс-шараның атау мен нысаны, нысаналы топ, өткізу орны мен мерзімдері, халықты қамту)


Жалпы бал

Шартты азайту мөлшері, %








































Конкурсқа қатысушылардың шартты бағалараның есебі:






Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН

Бөлінген сома

Өнім берушінің бағасы

Шартты жеңілдік мөлшері, %

Шартты жеңілдікті есептегендегі баға

Жұмыс тәжірибесі

Өтінімді берген күні мен уақыты



























Конкурстық комиссияның шешімі:

1. №___ лот бойынша жеңімпазды айқындау: {БСН/ЖСН жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің атауы }, екінші орын алған әлеуетті өнім беруші, {БСН/ЖСН екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің атауы}.

2. Тапсырыс беруші {тапсырыс берушінің атауы} «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде { БСН/ЖСН жеңімпаз өнім берушінің атауы}-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.


Не:

«Мемлекеттік сатып алу (№___ лот бойынша сатып алудың атауы)_____________________ байланысты өтпеді деп танылсын *»:

Ескерту: *Мынадай мағыналардың біреуі: «берілген өтінімдердің болмауы», «кемінде екі өтінімнен беру», «конкурсқа бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген», «аукционға бір әлеуетті өнім беруші қатысуға жіберіледі».
Не:

Сатып алуды жою жүргізілді, оның негізі мынау болып табылады: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыным, шешім) № _________ күні.айы.жылы.


Жою туралы шешім қабылдаған орган: {_________________________}.
Не:

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді».


Аббревиатураларды таратып жазу:

БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;

Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты;

кк.аа.жжжж. – күн, ай, жыл»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2016 жылғы 8 қазандағы № 521 бұйрығына

8-қосымша

«Мемлекеттік сатып алуды

жүзеге асыру қағидаларына

8-3-қосымша



Каталог: portal
portal -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
portal -> Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011 (075. 8)
portal -> 1с бухгалтерия пәні бойынша лекция жинағЫ Қарағанды 2011 Құрастырғандар: Жұмабаев С. Ә. ф-м.ғ. к., доцент
portal -> Библиографиялық сыпаттама құрастыру ережесі Библиографиялық сыпаттама
portal -> Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі НҰСҚаулық
portal -> Жылы «Спутник» газетінде хабарландыру жарияланды
portal -> «Адамдарға әскери қызмет өткергенiн растау туралы анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер Осы «Адамдарға әскери қызмет өткергенiн растау туралы анықтамалар беру»
portal -> Қаржылық менеджмент
portal -> Шаблон для создания тестов в формате qti V 0


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
республикасы білім
жалпы конкурс
Барлы конкурс
ызмет регламенті
дістемелік сыныстар
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
мерзімді жоспар
Республикасы кіметіні
Мектепке дейінгі
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
санды жиынты
дебиеті маманды
білім беруді
мектепке дейінгі
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
облысы бойынша
алауды тапсырмалары
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
Конкурс жариялайды
теориялы негіздері
ырыпты жоспар

Loading...