Мемлекеттік емтихан сұрақтары ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы



бет23/103
Дата02.01.2022
өлшемі206.39 Kb.
#147497
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   103
ГЭК сұрақтары (1)
Связанные:
Ддм
1937–1938 жж. саяси репрессия бұрынғы КСРО-ғы жеке тұлғаларға қарсы ұйымдастырылған қуғын-сүргін шараларының ең шарықтаған кезеңі болады. Ол бірнеше факторлардың, əсіресе белгілі əлеуметтік-саяси топтардың, соның ішінде Б (б) КП-нің билік үшін күресінің нəтижесі болып табылады. Бұл күресте И.Сталиннің жеке билігін орнату барысында тек шынайы қарсыластарын ғана емес, бəсекелестерін, сталиндік режимнің қарсыластарын да жоюға бағытталған саясат негізгі роль атқарады.

Бұл жерде жасырын экономикалық сыр да болады. КСРО ұлан-байтақ территориясы бар, аграрлық бағыттағы мемлекет болды. Өркениеттік əдістермен экономикаға жаңа бағыт беру ұзақ та- рихи үрдісті талап етіп, ішкі саяси жағдайдың біршама жағымды болғанын қажетсінетін еді. Ал Қазақстан орасан зор кеңістікті алып жатқан, ауа райы қолайлы, табиғи ресурстарға бай, халқы аз болғандықтан, бұл мақсатты жүзеге асыруға өте қолайлы болды. И.Сталин үшін «жетіп алып, озып кету», жедел күшті өнеркəсіп пен қуатты əскери-өнеркəсіптік кешен құру маңызды болды. Ал, репрессиялық саясат қосымша қаражат көмегінсіз елдің халық көп шоғырланған аймақтарына орасан зор көлемдегі адамдарды қоныс аудартып, олардың еңбектерін пайдалануға мүмкіндік беретін еді.

Репрессиялық іс-əрекет бағдарламасының негізі Сталиннің нақты «халық жауларын» табу арқылы социалистік қоғамды нығайту үшін таптық күресті күшейту қағидасына сүйенеді. Халық жауларын «партия мен халыққа бөтен элементтер» арасынан іздеу көзделеді. Мұндай «бөгде элементтер» ең алдымен, партияның өз ішінен, зиялылар қатарынан, елдің «басқаша» ойлайтын азаматтары арасынан іздестіріледі.

1930 жылдардың басына қарай қоғамдық санаға əсер ету құрылымы жасалады. В.Лениннің, К.Маркстің, Ф.Энгельстің ойларын догмалау үрдісі аяқталып, И.Сталиннің жеке басына табыну қалыптасады. «Барлық уақыт пен халықтардың ұлы көсемінің» кез келген сөзі халық пен партия үшін заңға айналады. Ол басқарушы органдардың Б (б) КП (съездер, пленумдар, конференциялар,  ОК саяси бюросы) шешімдерінің негізінде республикалық жəне жергілікті партия органдарымен жүзеге асырылады. Партия шешімдерін тек партия мүшелері ғана орындауға тиіс делінгенмен, елдегі барлық халық сонымен өмір сүреді. Партияның қолшоқпары болып табылатын газеттер партия шешімдерін жарыса жазып, талқылап жатады. Кейде И.Сталиннің кейбір бұйрықтары көсемнің атымен беріле алмайтын жағдайда, олар газеттерде мақала түрінде «Халық дауысы» айдарымен жарияланады. Газеттерде жарияланған кез келген сын-пікірдің соңы репрессия түріндегі қуғын-сүргінмен аяқталады.

Жаппай қуғын-сүргін жүргізудің құқықтық базасы да жасалады. 1926 ж. РКФСР Қылмыстық кодексінде 17 контрреволюциялық қылмыстардың 12-не өлім жазасы қарастырылды. 1932 жылы тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті (əрі қарай — ОАК) И.Сталин қол қойған «Социалистік меншікті нығайту туралы» Заңды мақұлдайды. Заңға сəйкес колхоз егістігінен масақ жинаған 12 жастан асқан азаматтар кемінде 10 жылға бас бостандығынан айрылуға тиіс болады. Ал, мұнан кейін шыққан сталиндік заңдар сериясы сталиндік кезеңнің «заңнамалық базасы» болып табылады. 1934 жылдан бастап қылмыстық заңдарға бірқатар өзгерістер енгізіледі. 1934 жылы 8 шілдеде «Отанды сату  туралы»,  1934  жылы  1  желтоқсанда  «Террористік  актілер  туралы»,  1937  жылы  2    қазанда

«Зиянкестік пен диверсия туралы» Заңдар жарияланады. Нəтижесінде, Кеңес үкіметіне қарсы террористік ұйымдар мен террористік актілерді тергеу істеріне 10 күннен аспайтын мерзім белгіленеді; 1937 жылы Ішкі Істер Халық Комиссариатының (əрі қарай — ІІХК) органдарына қамауға алынғандарға «физикалық əсер ету шараларын» қолдануға рұқсат беріледі. Тағайындалған жазаға шағым білдіруге тыйым салынып, өлім жазасы дереу жүзеге асырылып отырады. КСРО ІІХК жүйесінің құрылымына, кадрлық құрамына өзгерістер енгізіліп, Ерекше жиналыс, «Үштік», одан кейін «Екілік» деп аталатын соттан тыс органдар құрылады. Аталған заңдар қабылданғаннан кейін репрессия бірден күшейіп, қарапайым соттық -процессуалдық құқықтар шектеледі [1, 6].



1937–1938 жж. репрессия науқанының күшеюіне 1936 жылғы 29 шілдедегі Б (б) КП ОК барлық партия ұйымдарына жіберген «сақтық пен жауды тани алмау» барысында жіберген қателіктер мен олқылықтарды тез арада жоюды талап еткен Жабық хаты ықпал етеді. Бұл құжатта контрреволюциялық жұмыстардың ұйымдастырушылары ретінде кезінде Қазақстанда жұмыс істеген И.Рейнгольд пен С.Мрачковскийдің аттары кездеседі. Аталған хат басқа одақтас республикалардан «халық   жауларын»  табу  бойынша  артта  қалып  жатқан  Қазақ   Өлкелік  комитеті  (əрі  қарай     — Қазөлкеком) басшыларының жұмыстарын жеделдетуге түрткі болады




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   103




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған