Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата30.12.2022
өлшемі0.56 Mb.
#405034
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
172312 kaz 20221230

БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін 
бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы 
төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша 
берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы 
жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен 
беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, 
асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік 
жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге 
асыру қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) «мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 
Қазақстан Республикасы Заңының 3 және 6-баптарына сәйкес әзірленді. 
Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін 
әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан 
әрі- Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы Заң), «Қазақстан 
Республикасында жұмыс істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы 
жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 7-баптары жер 
асты және ашық тау-кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және 
ерекше ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда 
істейтін жеке және заңды тұлғаларға қолданылмайды», «Қазақстан 
Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы 
Заңының (бұдан әрі- Заң) 7-бабы, «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 
Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасымен бюджет 
қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін ұсыну, сондай-ақ 
жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, 
асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік 
жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге 
асыру тәртібін айқындайды.»;


Редакциялау күні
29.09.2022
Сақтау күні
30.12.2022
Дата редакции
29.09.2022
Дата скачивания
30.12.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Базалық зейнетақы мен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін 
(бұдан әрі – зейнетақылар), мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен 
мемлекеттік арнайы жәрдемақыны (бұдан әрі – жәрдемақылар) алуға құқығы бар 
адамдар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және 
сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжатты мыналар арқылы 
ұсынады:
1) Мемлекеттік корпорация арқылы – зейнетақылар мен жәрдемақылар 
тағайындау үшін.
Бұл ретте, «бір өтініш» қағидаты бойынша өтініш берушінің таңдауы 
бойынша мыналар:
Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар 
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай жинақтаушы 
зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақы мен зейнетақы 
төлемдерін тағайындау үшін;
белгіленген тәртіппен мүгедектігі бар адам деп танылған адамдар осы 
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бойынша 
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік 
жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы, бірінші топтағы 
мүгедектігі бар адамға күтім жасау бойынша жәрдемақы тағайындау үшін 
мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш беруі мүмкін;
2) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі арқылы – мүгедектік 
алғаш рет белгіленген кезде көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша 
өтініш осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі 
бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы 
мемлекеттік жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы, 
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасау бойынша жәрдемақы, еңбекке 
қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін «бір 
өтініш» қағидаты бойынша беріледі;
3) портал арқылы – базалық зейнетақы, мүгедектігі және асыраушысынан 
айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау 
үшін;


Редакциялау күні
29.09.2022
Сақтау күні
30.12.2022
Дата редакции
29.09.2022
Дата скачивания
30.12.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
4) проактивті қызмет арқылы – мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы 
жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау кезінде 
проактивті қызмет арқылы өтініш беру талап етілмейді. Мүгедектігі және 
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік 
жәрдемақылар тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету тәртібі осы 
Қағидалардың 4-тарауында көзделген.
Қандас мәртебесі бар адамдар зейнетақылар мен мемлекеттік әлеуметтік 
жәрдемақылар тағайындауға жүгінгенде сәйкестендіру үшін қандас куәлігі 
ұсынылады.
Іс-әрекетке қабілетсіз, іс-әрекетке қабілеті шектеулі немесе қамқоршылыққа 
немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға зейнетақылар мен жәрдемақыларды 
тағайындау үшін өтінішті олардың заңды өкілдері береді.
Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті Қазақстан 
Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат 
бойынша үшінші тұлғалар береді.
Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус «Нотариат 
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, 
80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын 
куәландырады.
4. Құжаттарды қабылдайтын маман «электрондық үкімет» шлюзі арқылы 
тиісті автоматтық жүйеге (бұдан әрі – АЖ) сұрау салуды қалыптастырады:
«Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры АЖ-ға – өтініш берушінің жеке 
басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін 
растайтын құжаттар бойынша;
МЗЖ АЖ-ға – жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бірыңғай 
жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүргізілген 
орташа айлық табыстың барынша тиімді мөлшерін белгілеу үшін және «Қазақстан 
Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік 
сақтандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 
туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгіленген міндетті зейнетақы 
жарналарының, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік 
аударымдардың, міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдардың және
/немесе жарналардың мөлшерлемелері бойынша сомаларының сәйкестігіне;


Редакциялау күні
29.09.2022
Сақтау күні
30.12.2022
Дата редакции
29.09.2022
Дата скачивания
30.12.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
«АХАЖ» (азаматтардың хал актілерін жазу) АЖ-ға – баланың (балалардың) 
туу туралы куәлігі немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме бойынша 
(Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін 
жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлік бойынша (Қазақстан 
Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген 
тіркеулер бойынша), балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік немесе хабарлама 
бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 мамырдан кейін 
жүргізілген тіркеулер бойынша);
«Е-Қорғаншылық» АЖ-ға – қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы 
құжаттар бойынша;
«Жоғарғы сот» АЖ-ға – бала (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі 
бойынша сұрау салу бойынша;
«Біріктірілген салықтық ақпараттық жүйе» АЖ – адамның жеке кәсіпкер 
ретінде тіркелмегені жөнінде мемлекеттік кірістер органынан анықтама бойынша, 
сондай-ақ Заңның 24-бабының 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген 
жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкердің, жеке тәжірибемен айналысатын 
тұлғалардың, сондай-ақ нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) 
болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстар 
алатын жеке тұлғалардың табысы туралы деректер бойынша;
«Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер базасы» АЖ 
мүгедектігі белгіленгені туралы мәліметтердің болуына;
«АХАЖ» (азаматтардың хал актілерін жазу) АЖ-ға – қайтыс болғаны 
туралы куәлік немесе хабарлама бойынша (2008 жылғы 1 мамырдан кейін 
Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген тіркеу бойынша 
қалыптастырады).
Өтініш электрондық не қағаз түрінде беріледі, қол қойылады немесе өтініш 
берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылады.
АЖ мәліметтермен сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтінішке тиісті 
құжаттар қоса беріледі.
Электрондық құжаттар цифрлық құжаттардың сервисі арқылы 
қалыптастырылады, тексеріледі және пайдаланылады.»;
5-тармақта:


Редакциялау күні
29.09.2022
Сақтау күні
30.12.2022
Дата редакции
29.09.2022
Дата скачивания
30.12.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген адамдар 
Ресей Федерациясының валютасымен төленген табысы туралы жұмыс берушінің 
анықтамасы (бар болса);
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға жүгінген күнге 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы 
ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы туралы мәліметтерді 
Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 
ресми интернет-ресурсынан алады;»:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы 
жарналарының мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффиценті қолданылған 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, 
қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдерінде алынған 
табыс, сондай-ақ табыстары «Қазақстан Республикасында зейнетақымен 
қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-
тармағына сәйкес жеке тұлғаның салық салынуға жататын табыстарынан алып 
тасталған қызметтен түскен табыс осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес жұмыс 
берушініңтабыстар туралы анықтамасы;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар:
еңбек кітапшасы;
еңбек кітапшасы жоқ немесе жарамсыз болса, еңбек кітапшасында тиісті 
жазбалар, нақтылық болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса архив 
мекемелерінен немесе жұмыс орнынан анықтамалар, мемлекеттік архивтің немесе 
ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық 
қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмелері 
немесе жұмыс орнынан анықтамалар.
Болуына қарай сондай-ақ:
білімі туралы құжат;


Редакциялау күні
29.09.2022
Сақтау күні
30.12.2022
Дата редакции
29.09.2022
Дата скачивания
30.12.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) 
анықтамасы;
балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары 
берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал 
актілерін тіркеу туралы анықтама);
«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан 
Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы 
туралы анықтама;
әскери ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың 
анықтамасы;
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы жалғызілікті 
мүгедектігі бар адамға және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты 
зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар 
балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;
Кеңес Одағы аумағында орналасқан мекемелердің, Қазақстан Республикасы 
мекемелердің, халықаралық ұйымның қызметкері жұбайы (зайыбы) шетелде 
тұрғанын растайтын құжат;
әскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұбайының 
(зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған 
жерлерде тұрғанын растайтын құжат;
Қазақстан Республикасына тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында 
келген этникалық қазақтардың шығу мемлекетіндегі еңбек қызметін растайтын 
құжат ұсынылады.
Жұмыс істемейтін ананың жас балаларды бағып-күткен уақытын растау 
үшін мына құжаттардың (олардың болуына қарай) біреуі ұсынылады:
балалардың жеке басын куәландыратын құжат;
балалардың (тегін өзгерткен кезде) неке туралы куәлігі (азаматтық хал 
актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию 
туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;
балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;


Редакциялау күні
29.09.2022
Сақтау күні
30.12.2022
Дата редакции
29.09.2022
Дата скачивания
30.12.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
орта-кәсіптік немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не 
балалардың оқығанын растайтын оқу орнының анықтамасы;
балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік немесе хабарлама (не азаматтық 
хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе 
азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат;».
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа 
дейін тәрбиелеген әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдері 
тағайындалғанда қосымша: балалардың туу туралы куәліктері (немесе азаматтық 
хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазба немесе азаматтық 
хал актілерін тіркеу туралы анықтама) және балаларды сегіз жасқа дейін 
тәрбиелеген фактіні растайтын құжаттар ұсынылады.
Балаларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген фактіні растайтын құжаттарға 
(олардың бар-жоғына қарай) мыналар жатады:
1) балалардың жеке басын куәландыратын құжаттар;
2) балалардың неке туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін тіркеу 
туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік 
жазбадан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде);
3) балалардың оқу орнында оқитыны туралы құжат;
4) балалардың қайтыс болу туралы куәлік немесе хабарлама (азаматтық хал 
актілерін жазу органы берген қайтыс болу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме 
немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
5) әскери билет;
6) баланы (балаларды) тәрбиелеу, асырап алу фактісін белгілеу туралы 
соттың шешімі.»;
8, 9 және 10 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Базалық зейнетақыны тағайындау үшін өтініш беруші осы 
Қағидалардың 3-тармағында тізбеленген құжаттардан басқа:


Редакциялау күні
29.09.2022
Сақтау күні
30.12.2022
Дата редакции
29.09.2022
Дата скачивания
30.12.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
1) өтініш берушінің зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін растайтын 
құжаттарды;
2) неке туралы куәлікті (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не 
некені бұзу туралы куәлікті немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзіндіні 
(бар болса) ұсынады.
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін растайтын құжаттарға (олардың болуына 
байланысты) мыналар жатады:
1) осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген, өтініш 
берушінің 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтілін растайтын 
құжаттар;
2) жұмыс істемейтін ананың жас балаларды бағып-күткен уақытын 
растайтын құжаттар:
балалардың туу туралы куәліктері (туу туралы актілік жазбадан үзінді 
немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген азаматтық хал актілерін 
тіркеу туралы анықтама);
келесі құжаттардың біреуі (олардың болуына байланысты):
балалардың жеке басын куәландыратын құжат;
балалардың (тегін өзгерткен кезде) неке туралы куәлігі (азаматтық хал 
актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию 
туралы актілік жазбадан үзінді;
балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;
балалардың арнаулы орта немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы 
диплом не білім алғанын растайтын оқу орнының анықтамасы;
балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік немесе хабарлама (немесе 
қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін жазу 
органдары берген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат;
3) жұмыс істемейтін әкенің жас балаларды нақты бағып-күткені фактісін 
және кезеңін растайтын сот шешімі;


Редакциялау күні
29.09.2022
Сақтау күні
30.12.2022
Дата редакции
29.09.2022
Дата скачивания
30.12.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Бұл ретте көрсетілген кезең баланың анасының зейнетақы жүйесіне қатысу 
өтіліне есептелмейді.
4) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды, екінші топтағы жалғызілікті 
мүгедектігі бар адамды және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты 
зейнеткерді, сексен жасқа толған қарттарды, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар 
баланы бағып-күтуді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі;
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап 
алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға), бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға 
күтімді жүзеге асыратын адамға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы 
мемлекеттік жәрдемақы алу туралы мәліметтерді мемлекеттік АЖ-дан растау 
кезінде сот шешімін ұсыну талап етілмейді;
5) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы 
қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет кезеңдерін растайтын (олардың 
болуына қарай) мынадай құжаттар:
еңбек кітапшасы;
әскери билет;
қызмет кезеңі туралы архив мекемесінің анықтамасы;
қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) немесе қызмет орнының 
анықтамасы;
қызметті өткеру туралы келісімшарт жасау және тоқтату негізінде қызметтік 
қатынастардың туындауын және тоқтауын растайтын бұйрықтың көшірмелері 
ұсынылады;
6) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметтері және халықаралық 
ұйымдар қызметкерлері жұбайының (зайыбының) шетелде, әскери 
қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы 
мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жұбайларымен мамандықтары бойынша 
жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұру фактісін және кезеңін 
растайтын құжат;
7) «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарында 1998 жылғы 1 қаңтардан 
кейінгі еңбек өтілін растайтын құжат;


Редакциялау күні
29.09.2022
Сақтау күні
30.12.2022
Дата редакции
29.09.2022
Дата скачивания
30.12.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
8) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші 
топтардағы мүгедектігі бар адамдардың 2004 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі еңбек 
қызметінің кезеңдерін растайтын құжаттар (олардың болуына қарай):
еңбек кітапшасы;
еңбек кітапшасы болмаса немесе жарамсыз болса, еңбек кітапшасында 
тиісті жазбалар, болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса, жұмыс 
орнынан анықтама;
сот шешімі.
Егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші 
топтардағы мүгедектігі бар адамдардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 2005 
жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдерді аудару туралы 
орталықтандырылған дерекқордың мәліметтері негізінде Мемлекеттік әлеуметтік 
сақтандыру қорына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған кезеңдер есепке 
алынады.
9. Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең 
орталықтандырылған дерекқордағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару 
туралы мәліметтермен расталады.
Міндетті зейнетақы жарналары толық және уақтылы аударылмағанда 
міндетті зейнетақы жарналарын (олардың болуына қарай) жүзеге асыру кезеңі 
мынадай құжаттармен расталады:
міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер өтініш беруші еңбек 
өтілін растайтын құжаттарда көрсетілген еңбек қызметінің кезеңдеріне сәйкес 
келсе осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті зейнетақы 
жарналарын аудару туралы жұмыс берушінің (құқықтық мирасқордың) немесе 
архивтік мекеменің растау анықтамасы;
міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңін растайтын сот шешімі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеген кезде 
жеке практикамен айналысатын адамдардың, сондай-ақ нысанасы жұмысты 
(қызмет көрсетуді) орындау болып табылатын, Заңның 24-бабы 2-тармағының 5) 
тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтық-құқықтық 
сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың, сондай-ақ өз 
пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырған дара кәсіпкерлердің 


Редакциялау күні
29.09.2022
Сақтау күні
30.12.2022
Дата редакции
29.09.2022
Дата скачивания
30.12.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
және шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары және мүшелерінің 
(қатысушыларының) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезеңі 
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті салық кезеңіне төленуге жататын 
міндетті зейнетақы жарналарының кемінде жылдық сомасын аударған жағдайда 
бір жылға тең болады.
Егер көрсетілген адамдар енгізген міндетті зейнетақы жарналарының 
сомасы тиісті салық кезеңіне төленуге жататын міндетті зейнетақы 
жарналарының жылдық сомасынан аз болса, онда міндетті зейнетақы жарналары 
аударылған кезең енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасына 
пропорционалды түрде айқындалады.
Міндетті зейнетақы жарналарын 2006 жылғы 1 шілдеге дейін аударған 
жағдайда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңіне міндетті зейнетақы 
жарналары аударылған айдың алдындағы ай есепке алынады.
Егер бір айда жинақтаушы зейнетақы қорларына және (немесе) бірыңғай 
жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудару бірнеше 
рет жүзеге асырылса, жинақтаушы жүйеге қатысу кезеңі бір айды құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы 
жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне 
«0» түзету коэффиценті қолданылған еңбек, кәсіпкерлік қызмет, қызмет түрлері 
бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдері осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға 
сәйкес жұмыс берушінің анықтамасымен расталады.
Төтенше жағдайлар, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметті 
шектеуге байланысты кірістен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем алу кезеңі 
орталықтандырылған дерекқордағы мәліметтермен расталады.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін артығымен 
(қате) төленген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары қайтаруға жатпайды.
10. Мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік 
жәрдемақыны тағайындау үшін осы Қағидалардың 3-тармағында тізбеленген 
құжаттардан басқа, мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған 
дерекқорынан өтініш берушіге мүгедектік белгілеу туралы мәліметтер 
сұратылады.


Редакциялау күні
29.09.2022
Сақтау күні
30.12.2022
Дата редакции
29.09.2022
Дата скачивания
30.12.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорында мәліметтер болмаған 
жағдайда өтінішке мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Бар-жоғына қарай мынадай құжаттардың біреуі ұсынылады:
1) Радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруының, мүгедектігінің 
себептік байланысын белгілеу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық кеңестің 
шешімі;
2) Орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі;
3) госпиталь берген ауруы туралы куәлік немесе әскери-дәрiгерлiк 
комиссияның қорытындысы;
4) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланың туу туралы куәлігі 
(азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан 
үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
5) неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не 
некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию/бұзу туралы актілік жазбадан үзінді 
көшірме (ата-анасы/қамқоршы тегін өзгерткен кезде).»;
11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) асыраушының қайтыс болғаны туралы куәлікті немесе хабарламаны 
немесе адамды хабар-ошарсыз кеткен (қайтыс болған) деп тану туралы соттың 
шешiмін;»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың 
тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі
сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге 
де мәліметтер мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың 
тізбесінің нысаны ретінде осы Қағидаларға 8, 9, 10, 11 және 12-қосымшаларға 
сәйкес регламенттелген.»;
18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Көрсетілетін қызметті алушы мүгедектігі бойынша мемлекеттік 
әлеуметтік жәрдемақыны, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, 
мүгедектігі бар бала тәрбиелеушіге жәрдемақы, бірінші топтағы мүгедектігі бар 
адамға күтім жасау бойынша жәрдемақы тағайындауға «бір терезе» қағидаты 


Редакциялау күні
29.09.2022
Сақтау күні
30.12.2022
Дата редакции
29.09.2022
Дата скачивания
30.12.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
бойынша жүгінгенде МӘС бөлімшесі өтінішті қабылдаған күннен бастап бір 
жұмыс күні ішінде электрондық өтініштен, құжаттардың электрондық 
көшірмелеріне тұратын электрондық өтінімді, сондай-ақ мемлекеттік 
органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-дан алынған мәліметтерді 
Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жібереді.
19. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде табыс 
орталықтандырылған дерекқордың міндетті зейнетақы жарналарының, 
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың, міндетті 
медициналық сақтандыру қорына аударымдардың және/немесе жарналардың 
және жеке табыс салығының аударылуы туралы мәліметтерімен расталады.
Айырмашылықтар анықталғанда зейнетақы төлемдерінің мөлшерін 
есептеуге арналған орташа айлық табыс айырмашылық анықталған айлар үшін 
табыс сомалары ескерілмей айқындалады.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Өтініш беруші базалық зейнетақыны, мүгедектігі бойынша, 
асыраушысынан айырылуы жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік 
жәрдемақыны және жерлеуге бір реттік жәрдемақыларды тағайындауға портал 
арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және өтініште көзделген 
қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) 
ұйымдардың АЖ-на сұрау салу:
базалық зейнетақыны тағайындау үшін осы Қағидаларға 18-қосымшаға 
сәйкес;
мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін 
осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес;
асыраушысынан айырылуы жағдайына мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 
тағайындау үшін осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес;
жерлеуге бір реттік төлем тағайындау үшін – осы Қағидаларға 21-
қосымшаға сәйкес ЭҮШ («электрондық үкіметтің» шлюзі) арқылы тиісті 
мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-дан өтініш беруші өзі 
жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұрау салынған мәліметтерді 
растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды портал арқылы 


Редакциялау күні
29.09.2022
Сақтау күні
30.12.2022
Дата редакции
29.09.2022
Дата скачивания
30.12.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
жүзеге асырған өтініш беруші электрондық өтінішті өзінің ЭЦҚ-сымен 
куәландырады және Е-макет автоматтандырылған АЖ жібереді.
Базалық зейнетақыны тағайындау, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан 
айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны және жерлеуге 
бір реттік төлемдерді тағайындауға портал арқылы келіп түскен базалық 
зейнетақы тағайындау үшін ұсынылған электрондық өтініш мынадай параметрлер 
бойынша тексеруден өтеді:
1) ұсынылған мәліметтердің толықтығы;
2) тағайындау, төлеу, сондай-ақ тиісті төлемдерді тағайындауға өтініш беру 
фактісінің болмауы;
3) өтініш берушіге басқа негіз бойынша төлем тағайындалуы;
4) базалық зейнетақыны тағайындау үшін – өтініш берушінің зейнеткерлік 
жасқа жетуі;
5 ) жерлеу үшін бір реттік төлемдерді тағайындау үшін – көрсетілген қайтыс 
болған адамға төлем тағайындауға өтініш беру;
қайтыс болған адамға жасына байланысты зейнетақы мен жәрдемақы 
тағайындалуы;
жерлеу үшін бір реттік төлемге жүгіну зейнетақы немесе жәрдемақы алушы 
қайтыс болған айдан кейінгі үш жылдан кешіктірмей өтініш беру.
Көрсетілген параметрлер бойынша тексеру нәтижесі оң болғанда өтініш 
өңдеуге арналған Е-макет кіріс хабарламалар журналына ауыстырылады.
Базалық зейнетақы, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу 
жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және жерлеуге бір реттік 
төлемдерді тағайындауға портал арқылы жүгінген өтініш берушіге электрондық 
өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама өтініш берушінің жеке кабинетіне 
жіберіледі.»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Уәкілетті орган келіп түскен ЭІМ-ді қарайды және осы Қағидаларға 24, 
25, 26, 27 және 28-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасына байланысты 
зейнетақы төлемдерін бес жұмыс күні ішінде, базалық зейнетақы мен 
жәрдемақыларды ЭІМ-ге түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде 


Редакциялау күні
29.09.2022
Сақтау күні
30.12.2022
Дата редакции
29.09.2022
Дата скачивания
30.12.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
тағайындау (өзгерту, төлемді қалпына келтіру, тағайындаудан бас тарту) туралы 
шешім қабылдайды.
Бас тарту үшін негіздеме анықталғанда, уәкілетті орган Қазақстан 
Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-
бабына сәйкес өтініш берушіге зейнетақы және жәрдемақылар тағайындаудан 
(төлемді өзгертуден, қалпына келтіруден) бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Өтініш берушінің алдын ала шешім бойынша қарсылығын уәкілетті орган 
оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Уәкілетті орган тыңдау нәтижелері бойынша зейнетақы және жәрдемақылар 
тағайындау (төлемді өзгерту, қалпына келтіру) туралы шешім қабылдайды немесе 
мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Бұл ретте өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш бергенде 
уәкілетті орган қарау мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей қарау 
нәтижесін «электрондық үкімет» шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорацияға 
жібереді.»;
34-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Егер зейнетақы мен жәрдемақылар төлемдерін тағайындау (өзгерту, 
қалпына келтіру) туралы шешім қабылдау үшін ЭІМ-ге қосымша құжаттарды 
қоса тіркеу қажет екені анықталса және (немесе) табыс орталықтандырылған 
дерекқордың міндетті зейнетақы жарналарының, мемлекеттік әлеуметтік 
сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың, міндетті медициналық 
сақтандыру қорына аударымдардың және/немесе жарналардың және жеке табыс 
салығының аударылуы туралы мәліметтерімен расталмаса, уәкілетті орган ЭІМ-ні 
қайтарады және осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 
Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі арқылы хабарлама жібереді. Мемлекеттік 
корпорацияның бөлімшесі хабарлама түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде 
өтініш берушіні хабарлама немесе ұялы телефонға sms-хабарландыру алған 
күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде қосымша құжаттарды ұсыну 
туралы, оның ішінде ұялы телефонға sms-хабарландыру жіберу арқылы хабардар 
етеді. Sms-хабарландырулар осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан 
бойынша жүргізілетін sms-хабарландырулардың электрондық журналында 
тіркеледі.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


Редакциялау күні
29.09.2022
Сақтау күні
30.12.2022
Дата редакции
29.09.2022
Дата скачивания
30.12.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
«38. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың 
тізбесінде көрсетілген Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 
уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік 
корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне 
(әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті органның және (немесе) Министрліктің және 
(немесе) Мемлекеттік корпорация басшысының атына шағым беріледі.»;
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Базалық зейнетақыны алушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі туралы 
қосымша құжаттарды ұсынған кезде, базалық зейнетақының мөлшерін өзгерту 
осы Қағидаларға 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, ал әскери қызметшiлер, 
арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік 
фельдъегерлік қызмет қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық 
шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан 
бастап жойылған адамдар және Қазақстан Республикасының ішкі істер 
органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 
жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек 
сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық 
қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде 
он екі жыл және алты ай болған адамдар қатарынан базалық зейнетақыны 
алушылар үшін осы Қағидаларға 37-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті 
берген күннен бастап жүзеге асырылады.
Базалық зейнетақының мөлшерін өзгерткенде еңбек сіңірген жылдары үшін 
зейнетақы төлемдерін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік 
органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 
1500 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және 
құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, 
сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру 
құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан 
Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 
жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы 
қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы 
мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік 
фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар 
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен 


Редакциялау күні
29.09.2022
Сақтау күні
30.12.2022
Дата редакции
29.09.2022
Дата скачивания
30.12.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған 
жағдайда осындай адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге 
асыру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес 1-BC-арттыру нысаны бойынша базалық 
зейнетақының жаңа мөлшері туралы үзінділерді Мемлекеттік корпорацияның 
филиалдарына жолдайды.»;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Мүгедектігі бар адам зейнеткерлік жасқа жеткен кезде мүгедектігі 
бойынша жәрдемақыны төлеу тоқтатылады немесе алып отырған жасына 
байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып қайта қаралады.»;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден 
Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдар осы Қағидаларға 1-
қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және осы Қағидалардың 3, 5, 6, 7, 8, 9, 
10, 11, 12 және 13-тармақтарында көзделген құжаттарды зейнетақы ісі түскен соң 
ұсынады.»;
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«61. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды үйге жеткізіп беру мынадай 
санаттағы адамдарға:
Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдар мен қатысушыларына;
зейнетақылар мен жәрдемақыларды сексен жастағы алушыларға;
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
бөгде адамның күтіміне мұқтаж және денсаулық жағдайы бойынша банк 
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға бара 
алмайтыны туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға;
почта байланысының автоматтандырылған бөлімшелері (пункттері) 
болмаған жағдайда ауылдық жерде тұратын адамдарға жүргізіледі.»;
64, 65 және 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«64. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі зейнетақыларды және 
жәрдемақыларды төлеуді осы Қағидаларға 46-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 
уәкілетті орган шешімінің негізінде:


Редакциялау күні
29.09.2022
Сақтау күні
30.12.2022
Дата редакции
29.09.2022
Дата скачивания
30.12.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
1) зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым ұсынатын 
алушының банк шоттары бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс 
операцияларының болмауы туралы;
2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның, қандастың жеке басын 
куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің өтуі, оның ішінде АЖ 
анықталғаны туралы;
3) іздеуде жүрген адамдардың хабар-ошарсыз кету фактісінің, оның ішінде 
АЖ анықталғаны туралы;
4) ата-ананың (ата-аналардың) құқықтарынан және қамқоршыны 
(қорғаншыларды) құқықтарынан айыру (босатылған және шеттетілген 
қамқоршылар (қорғаншылар) туралы), қамқоршыны (қорғаншыны) ауыстыру 
немесе қайтыс болуы, оның ішінде қамқоршы бір медициналық-әлеуметтік 
мекемеден басқасына шығып кеткенде жаңа қамқоршыны (қорғаншыны) 
тағайындағанға дейінгі фактілер туралы, оның ішінде АЖ анықталғаны туралы;
5) хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болған деп 
жарияланған адамдардың жеке зейнетақы шоттарына міндетті зейнетақы 
жарналарын (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын) аудару немесе азаматтың 
тірі екендігін растайтын ақпараттың келіп түсу фактісінің, оның ішінде АЖ 
анықталғаны туралы;
6) қайтыс болған асыраушының балаларына, аға-інілеріне, апа-сіңлілеріне 
(қарындастарына) немесе немерелеріне күтім жасайтын адамдардың жұмысқа 
орналасу фактісінің, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы;
7) жасы он сегізден асқан асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушының оқу орнынан шығарылғаны туралы 
немесе оның сырттай оқу нысанына ауыстырылғаны, оның ішінде ақпараттық 
жүйелерден анықталғаны туралы;
8) шетел адамның тұруға ықтиярхатын алғанға дейін Қазақстан 
Республикасы азаматтығынан айырылу немесе шығу фактісі анықталғаны туралы
оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы мәліметтер келесі 
айдың бірінші күнінен бастап;
9) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін 
зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге сәйкес тағайындалған 


Редакциялау күні
29.09.2022
Сақтау күні
30.12.2022
Дата редакции
29.09.2022
Дата скачивания
30.12.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
зейнетақылардан басқа, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы 
мемлекеттерде зейнетақы төлемдерін, жәрдемақылар алу фактісі анықталғанда 
төлемдерді мәліметтер келіп түскен кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтата 
тұрады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін 
зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге сәйкес тағайындалған 
зейнетақыларды қоспағанда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы 
мемлекеттерде зейнетақы мен жәрдемақыларды алу фактісі анықталу себебі 
бойынша зейнетақылар мен жәрдемақылар тоқтатылғанда төлемдерді қалпына 
келтіру Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде 
артығымен төленген зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын өтеген кезде 
тоқтатылған, бірақ үш жылдан аспайтын күннен бастап жүргізіледі.
65. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі зейнетақыларды немесе 
жәрдемақыларды төлеуді осы Қағидаларға 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 
уәкілетті органның шешімінің негізінде:
алушы қайтыс болған;
кеткен елінің уәкілетті органынан зейнетақы ісіне/жәрдемақы алушының 
ісіне сұрау салуы түскен;
зейнетақы немесе жәрдемақы алушының оны әділет органдарынан 
тіркеуден шығарғанын растайтын құжатпен қоса, зейнетақы немесе жәрдемақы 
төлеуді тоқтату туралы өтініші түскен;
мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылардың Қазақстан Республикасының 
азаматтығын жоғалту немесе азаматтығынан шығу фактісінің, оның ішінде 
ақпараттық жүйелерден анықталған;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының хабарламасы негізінде 
отставкадағы судьяға ай сайынғы өмір бойы қамсыздандыру тағайындалған 
(қайта басталған);
әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау 
органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ 
әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп 


Редакциялау күні
29.09.2022
Сақтау күні
30.12.2022
Дата редакции
29.09.2022
Дата скачивания
30.12.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарынан 
зейнеткердің зейнетақы ісінен уәкілетті мемлекеттік органның еңбек сіңірген 
жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған;
зейнетақы мен жәрдемақылар алушылардың Қазақстан Республикасынан 
тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі анықталған, оның ішінде АЖ-дан;
өтініш берушінің негізсіз тағайындауға алып келген дәйексіз мәліметтерді 
ұсыну фактісі анықталған жағдайларында кейінгі айдың бірінші күнінен бастап 
тоқтатады.
Өтініш берушінің негізсіз бастапқы тағайындауға алып келген дәйексіз 
мәліметтерді ұсыну фактісі анықталу себебі бойынша зейнетақылар мен 
жәрдемақыларды төлеу тоқтатылғанда осы Қағидаларда көзделген тәртіппен жаңа 
тағайындау процедурасы жүргізіледі.
Уәкілетті орган өтініш берушінің негізсіз бастапқы тағайындауға алып 
келген дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактісі анықталу себебі бойынша төлемді 
тоқтату туралы шешім бекітілген кезде алушы тарапынан заңсыз төлемдер алуда 
қылмыс құрамының болуы немесе болмауы фактісін белгілеу үшін құқық қорғау 
органдарына жүгінеді.
Жалған құжаттар ұсыну туралы сот шешімін шығарған кезде зейнетақылар 
мен жәрдемақыларды төлеу бастапқы тағайындау кезінен бастап тоқтатылады.
66. Осы Қағидалардың 64-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында 
көзделген негіздер бойынша зейнетақы мен жәрдемақылар төлемдері тоқтатыла 
тұрғанда төлемдерді қалпына келтіру тоқтатыла тұрған күннен, бірақ оларды алу 
үшін жүгінер алдындағы үш жылдан аспайтын сәттен бастап осы Қағидаларға 24, 
25, 26, 27 және 28-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жүргізіледі.»;
73-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) алушының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе хабарлама немесе 
қайтыс болу фактісін растайтын басқа мемлекеттердің уәкілетті органы берген 
және апостиль қойып куәландырылған құжат.»;
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«74. Жерлеуге бір реттік төлем тағайындау бойынша қызмет процесінің 
сипаты, түрі, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету 
ерекшеліктері ескерілген басқа да мәліметтер кіретін мемлекеттік қызметтер 


Редакциялау күні
29.09.2022
Сақтау күні
30.12.2022
Дата редакции
29.09.2022
Дата скачивания
30.12.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
көрсетуге қойылатын негізгі талаптар мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын 
негізгі талаптардың тізбесі түрінде осы Қағидаларға 50-қосымшаға сәйкес 
регламенттелген.»;
86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«86. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) 
стационар жағдайларында тұратын және мемлекеттің толық 
қамсыздандыруындағы тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға 
мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін 
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі 
уәкілетті ұйымда ашылған олардың банк шоттарына аудару арқылы толық 
көлемде төленеді.»;
89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«89. Өздеріне қатыссыз себептер бойынша алушыларға артық аударылған 
(төленген) зейнетақылар мен жәрдемақылар сомаларын есептен шығару үшін 
Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі борышкердің қайда екені белгісіз 
болуына, борышкердің (жауапкердің) жеке басын анықтау мүмкіндігінің немесе 
мұрагері болмауына байланысты сомаларды қайтару мүмкін еместігі туралы 
заңды фактіні белгілеу туралы сот актісін шығару үшін өтінішпен қолданыстағы 
Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген 
тәртіппен сот органдарына жүгінеді.
Мемлекеттік корпорация артық аударған (төлеген) сомаларды есептен 
шығару:
сот актілері (шешімдер, үкімдер, қаулылар, соның ішінде негізсіз баю 
ретінде алған ақшалай қаражатты қайтаруға жатпайтын сияқты азаматтық 
заңнамадағы белгіленген негіздер бойынша артығымен аударылған (төленген) 
сомаларды төлеттіру туралы қуыным талабын орындауда, сондай-ақ талап қою 
мерзімін қолдануда бас тарту туралы;
жауап берушінің (қарыз алушы, айыпталушы) қайтыс болуына байланысты 
іс бойынша өндірістің тоқтауы туралы сот актілері (қаулылар, анықтаулар);


Редакциялау күні
29.09.2022
Сақтау күні
30.12.2022
Дата редакции
29.09.2022
Дата скачивания
30.12.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
борышкердің қайтыс болуына және мұрагері болмауына байланысты 
атқарушылық өндірісті тоқтату туралы жеке және заңды тұлғалардың пайдасына 
өндіріп алу жөніндегі аумақтық бөлімнің қаулысы негізінде есептен шығару актісі 
бойынша жүргізіледі.»;
91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«91. Зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды төлеу тоқтатыла тұрған 
зейнетақы істері/жәрдемақы алушылардың істері алушының өзі немесе 
отбасының мүшелері (мұрагер) жүгінгенге дейін «Бақылауда» деген белгімен 
қолданыстағы істерден бөлек сақталады.»;
1 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа 
редакцияда жазылсын;
4-қосымша алып тасталсын;
5-1, 8, 9, 10, 11 және 12-қосымшалар осы бұйрыққа 3, 4, 5, 6, 7 және 8-
қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
15-қосымша алып тасталсын;
19, 20, 21, 24, 26, 36, 37, 40, 43, 45, 49 және 50-қосымшалар осы бұйрыққа 9, 
10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда 
жазылсын.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті 
заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы 
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында 
орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) 
тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді 
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 
Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.


Редакциялау күні
29.09.2022
Сақтау күні
30.12.2022
Дата редакции
29.09.2022
Дата скачивания
30.12.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек 
және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н. Е. Сағындықоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он 
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
бекіту туралы
Жалпы ережелер
арналған әдістемелік
болып табылады
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Қысқа мерзімді
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
білім берудің
рсетілетін қызмет
бағалаудың тапсырмалары
тақырыптық жоспар
атындағы жалпы
пәнінен тоқсанға
пайда болуы
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
пәнінен тоқсан
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі