Мемлекеттің отбасын дамыту саясаты, оның ҚР жүзеге асыру жолдары



Дата19.11.2021
өлшемі179.59 Kb.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Мемлекеттің отбасын дамыту саясаты, оның ҚР жүзеге асыру жолдары

Орындаған: Муратов.М

Тексерген: Умирзакова.М

Оқу тобы:СР-21-3

2021-2022 оқу жылы

Қызылорда





ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанда ана мен баланы әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып берді.

«Бүгінгі таңда балалы 1,9 млн отбасы әлеуметтік жәрдемақы мен төлем алушылар болып табылады. Ана мен баланы әлеуметтік қолдау әлеуметтік көмек пен әлеуметтік сақтандырудың көп деңгейлі жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі және бюджеттен төленетін жәрдемақылардың 5 түрін және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін 2 төлем түрін қамтиды. Биылғы жылы бұл мақсаттарға 756 млрд теңге қарастырылған, бұл өткен жылғы шығындардан 19%-ға артық (2020 жылы – 635,3 млрд теңге)»

«Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы төлеу қарастырылған. Жәрдемақының бұл түрі екінші, үшінші және одан кейінгі балаларға – 16 802 теңгеден 25 962 теңгеге дейін арттырыла отырып, баланың туу кезектілігіне байланысты төленеді. 2020 жылы бұл жәрдемақыны 120,9 мың адам жалпы сомасы 31,7 млрд теңгеге алды, 2021 жылға 26,2 млрд теңге қарастырылған, оның 6,8 млрд теңгесі төленді», – деп толықтырды Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры.

Көпбалалы аналардың абыройы мен беделін арттыру үшін «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналарға табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы да тағайындалады. Жәрдемақы мөлшері қазіргі уақытта 18 669 теңгені құрайды, оны 230,3 мың адам алады, жыл басынан бері оларға 25,8 млрд теңге төленді. «Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттен мүгедек бала кәмелеттік жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы төленеді, жәрдемақы мөлшері 48 023 теңгені құрайды, бүгінде ол 92 мың отбасына 27,2 млрд теңге сомасында төленді. Мүгедектігі бар бала кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олардың қатарынан аса мұқтаж адамдарға бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматтың күтіміне байланысты жәрдемақы төленеді, оның мөлшері 48 023 теңгені құрайды, бұл жәрдемақыны бүгінде 15 мыңнан астам отбасы 4,4 млрд теңге сомасына алды. Аталған төлем түрлері баланың мүгедектігі бойынша жәрдемақыдан басқа жүзеге асырылатынын атап өткім келеді»

Бала туғаннан кейін МӘСҚ-тан 1 жасқа дейінгі баланың күтімі бойынша ай сайынғы төлемдер жасалады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша оларды жалпы сомасы 106,4 млрд теңгеге 501,6 мың адам алды, бүгінгі күні орташа мөлшері 32 мың теңгені құрайды. Биыл жоғарыда көрсетілген әлеуметтік төлемдерге МӘСҚ қаражатынан 253,8 млрд теңге көзделген. «Бұдан басқа, 2014 жылдан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін олардың 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңінде міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау енгізілді, бұл олардың зейнетақы жинақтарының ұлғаюына, зейнетақымен қамсыздандырудың барабар деңгейіне қол жеткізуге ықпал етеді. 2020 жылы республикалық бюджеттен МӘСҚ-тан 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алатын 87 275 адамның жеке зейнетақы шоттарына 5,7 млрд теңге аударылды. Осы жылға шамамен 7 млрд теңге қарастырылған»

«Жергілікті бюджет есебінен жетім балаларға, мүгедектігі бар балаларға жалпы сомасы 82,3 млн теңге материалдық көмек көрсетілді, табысы аз отбасылардың балаларына, көру қабілеті бұзылған балаларға 57,1 млн теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді. Барлық өңірлерде ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған қойылымдар, мерекелік концерттер, сондай-ақ балалардың қатысуымен спорттық жарыстар өтті», – деді Әлеуметтік көмек сасатын дамыту департаментінің директоры.

Көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары елдегі демографиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді, мұның дәлелі 2020 жылы бала туу көрсеткішінің 426,8 мыңға дейін өсуі болып табылады. Бұл ретте үшінші, төртінші, бесінші және одан көп бала туған отбасылардың үлесі 48%-ті құрады. Сондай-ақ ол отбасын қамтамасыз ету және ананы әлеуметтік қорғау бойынша қолданыстағы заңнаманы талдау «Әлеуметтік қамсыздандырудың ең төменгі нормалары туралы» конвенцияда бекітілген халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетінін көрсетті. Қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі туралы қоғамдық пікірге жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша ұрпақты болу жасындағы және балалы отбасыларды қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралардың тиімділігін оң бағалайтын халықтың үлесі шамамен 70%-ті құрайтыны анықталды.

«Халықаралық тәжірибеге сәйкес, ана капиталы уақытша шара болып табылады және халықтың табиғи кему процесін еңсеру үшін тууды ынталандыру мақсатында жүзеге асырылады. Ана капиталы өмір бойы бір рет немесе екі рет сертификат түрінде белгілі бір мақсаттарға беріледі, мысалы, бұған тұрғын үй жағдайын жақсарту, балаларды тәрбиелеу, мүгедектігі бар баланы қоғамға бейімдеу және біріктіру, ана зейнетақысының жинақтаушы бөлігі жатады. Сонымен қатар, сертификат иелері әрқашан ана капиталын пайдалана алмайды. Мысалы, тұрғын үй сатып алу үшін ипотеканы рәсімдеу кезінде соманы бастапқы жарна ретінде енгізу үшін төлем қабілеттілігін растау қажет, ал балаларды оқыту үшін мектепті бітіргенін күту қажет. Біздің еліміздегі ана мен баланы қолдаудың қолданыстағы жүйесі өтелетін тәуекелдің бүкіл ұзақтығы ішінде жәрдемақыларды төлеудің уақтылығы мен кезеңділігіне кепілдік береді. Сонымен қатар, бүгінгі таңда бала тууды арттыру мәселесі Қазақстанда проблемалық аспект болып табылмайды, өйткені 2020 жылы бала туу коэффициенті 3,13-ке жетті, ал халықтың өзін-өзі өсіруі үшін жеткілікті деңгей 2,1 болып табылады»

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік