Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы 5В030100 «Құқықтану»


– тақырып. Мемлекет, құқық, тұлға. Азаматтық қоғам және



Pdf көрінісі
бет8/33
Дата03.01.2023
өлшемі435.4 Kb.
#405616
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Байланысты:
Teoriya-gosudarstva-i-prava-po-spetsialnosti-YUrisprudentsiya 2017-
синтез, Закладки, Utpinov-Nauryzbaj-dissertatsiya-2020-maj2222-pdf.io
5 – тақырып. Мемлекет, құқық, тұлға. Азаматтық қоғам және 
құқықтық мемлекет 
Мемлекеттің әлеуметтік тағайындалуындағы дуализм: мемлекет қоғамды 
басқару құрал және таптық дауды шешу құралы ретінде. Қоғамдағы үстем 
таптың немесе үстем әлеуметтік қабаттың мемлекетті біржақты таптық 
бағдарына көндіру ұмтылысы. Осындай ұмтылыстан баяу құтылу және 
либеральды-демократилық бағдарды орнықтыру - қоғамның алдынғы 
қатарлы күшін қолдау арқылы қазіргі саяси-құқықтық дамудың ең маңызды 
тенденциясы. 
Ірі 
ресурстарды 
(ұйымдастырушылық, 
материалдық, 
қаржылық, адамдық) және мүмкіндіктерді (биліктік өкілеттілікті пайдалану, 
мәжбүрлеу және т.б.) мемлекетте шоғырландыру, сонымен қатар, осыған 
байланысты қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани процесстеріне 
позитивті және негативті әсер ету қабілеті, қоғамның даму деңгейіне және 
оның бағытына белгілі көлемде ықпал ету.
Қазіргі замандағы саяси-құқықтық дамуының тенденцияның бірі ретінде жек 
тұлғаның басымдылығының баяу бекуі.
Азаматтылық институтының демократиялануы. Азаматтың құқықтары мен 
бостандықтары түсінігі. Азаматтың құқықтары мен бостандықтары және 
адам құқықтары мен бостандықтары арақатынасы. Мемлекет пен азаматтың 
өзара жауапкершілігі. Тұлғаның құқықтары мен бостандықтары бұзылған 
жағдайда, оның әлеуметтік және заңды қорғалуының бекітілуі. Тұлғаның 
құқықтары мен бостандықтарын сақтаумен күресудегі халықаралық 
құқықтың күшеюі. 
Азаматтық қоғамның қалыптасуы – құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен 
дамуының әлеуметтік – экономикалық алғышарттары. Мемлекеттің 
қысымына қарсы тұру мүмкіндігі бар, азаматтық қоғамның институттары 
(партиялар, қоғамдық ұйымдар, тәуелсіз баспалар, қоғамдық пікір). 
Құқықтық мемлекетті құрудың объективтік қажеттілігі. Оның негізгі 
сипаттамасы: мақсаттары, міндеттері, қызметтері, әлеуметтік тағайындау. 
Құқықтық мемлекеттің саяси , экономикалық және адамгершілік тұғыры. 


12 
Этатистік мемлекеттен құқықтық мемлекеттің айырмашылығы. Адам 
құқығының қамтамасыз етілуі, қорғалуы – құқықтық мемлекеттегі саяси 
режимнің қасиеті. Құқық және бостандықтың нақтылығы, олардың кепілдігі 
жеке тұлғаның еркін және абыройлы өмір сүруіне жағдай жасау. Мемлекет 
пен жеке тұлғаның өзара жауапкершілігі.
Құқық пен заңның бірлігі – құқықтық мемлекеттің нормативтік жүйесінің 
ерекшелігі. Заңдылық және әділеттілік, заңның үстемділігі, құқыққолдану 
және құқыққорғау қызметтерінің тиімділігі қағидаларын сақтау. Биліктің 
бөлінуі,тепе-теңдік және тежемелік механизмін қатаң қамтамасыз ету. 
Жемқорлықтан тәуелсіз объективті сот. “Заңда тыйым салынбағанның 
барлығына рұқсат” қағидасын қамтамасыз ету. 
Қазақстанда құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам қалыптасу жолдары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет