9
Қоғамның саяси жүйесінің құрылымы. Саяси партиялардың, қоғамдық
ұйымдардың, жаппай қозғалыстардың саяси жүйедегі алатын орны, олардың
мемлекетпен оның органдарымен өзара қатынасы. Мемлекетті басқаруға
саяси партияның қатысу нысандары. Билеуші және оппозициялық партиялар.
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің эволюциясы.
3 – тақырып. Мемлекет түсінігі, мәні, функциялары. Мемлекеттік билік
және мемлекет механизмі
Мемлекет - саяси, құрылымдық,
территориалдық ұйым ретінде, және оның
бұқаралық билік, бодандарын территориалық бөлу, аппараты ұстау үшін
тұрғындардан салықты жинау тәрізді белгілері мен қасиеттерінің
қалыптасуы.
Мемлекеттің пайда болуының негізгі теориялары: патерналистік,
теологиялық,
келісімдік, күштеу теориясы, табиғи-құқықтық, диалектико-
материалдық және т.б. Көрсетілген теориялардың жағымды жақтары мен
кемшіліктерін ғылыми бағалау.
Мемлекет адамзаттың жалпы өмір сүруінің ерекше саяси ұйымы ретінде.
Мемлекеттің мәні және оның эволюциясы: мемлекет дамуының әртүрлі
сатысындағы мемлекетпен шешілетін
жалпыәлеуметтік және таптық
міндеттері қатынасындағы өзгерістер. Мемлекеттің негізгі ерекше белгілері,
олардың басқа қоғамдағы ұйымдардан айырмашылығы. Мемлекеттің қызмет
етуіне оның алдында тұрған міндеттері мен мемлекет мәнінің ықпалы.
Мемлекет функциялары (қызметтері) ұғымының қалыптасуына деген әр
түрлі көзқарастар. Мемлекет функцияларының жіктелуі: ішкі және сыртқы,
тұрақты және уақытша,негізгі және негізгі емес.
Қазіргі кезендегі мемлекет функцияларының даму эволюциясы. Адам
құқықтарын қамтамасыз ету, кепілдік беру және қорғау функциясы-
либералды-демократиялық мемлекеттің басты функциясы.
Мемлекеттің
экономикалық, әлеуметтік және қорғаушылық функцияларының және басқа
да мемлекеттермен ынтымақтасуды күшейту функциясының жоғарылау ролі.
Мемлекет функцияларының жүзеге асырылуының құқықтық және
ұйымдастырушылық нысандары. Мемлекет функцияларының мазмұны,
әрекет ету объектілері және жүзеге асырылу әдістері. Мемлекет функциялаы
мен мемлекеттік органдардың функцияларының ара қатынасы.
Қоғамның жаңару, нарықтық қатынасқа өту,
әлемдік қауымдастыққа өту
кезеңдерінде мемлекет функцияларының дамуы. Мемлекеттік биліктің
егеменділігі – мемлекеттің саяси-юридикалық өзіндік сипаты ретінде.
Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің түрі ретінде, оның жүзеге асырылу
тәсілдері мен нысандары. Құқық мемлекеттік билікті шектеу үшін тиімді
тәсіл ретінде және оны соққыға ұшыратпау. Мемлекет бұқаралық-құқықтық
қауым ретінде. Мемлекет және мемлекеттілік: шектері мен арақатынасы.
10
Мемлекет механизмі (аппараты) түсінігі, оның құрылымдық қағидалары
және
қызмет
ету
қағидалары:
биліктің
бөлінуі,
демократизм,
интернационализм,
кәсібилік, заңдылық, тұрғындардың мүдделерін жүзеге
асыру.
Мемлекеттік аппараттың кадрлары. Мемлекеттік қызмет институтының
дамуы. Мемлекеттік қызметкерлердің саяси және әкімшілік болып бөлінуі,
олардың мәртебелерінің айырмашылықтары.
Мемлекет механизмі (аппарат) құрылымы. Мемлекет органы, оның
міндеттері,
функциялары, құзыреті. Билік өкілеттілігінің болуы – мемлекет
органның ерекше белгісі. Мемлекет органдарының заңшығарушы, атқарушы
және сот органдарына жіктелуі. Мемлекеттің жоғары және жергілікті органы.
Жалпы және арнайы құзыретті органдар.
Қазақстан Республикасының мемлекет органдар жүйесі: Президент,
Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, Жоғары Сот,
Прокуратура,
министрліктер және ведомстволар, жергілікті мемлекеттік органдар,
жергілікті өзін-өзі басқару органдар.
Биліктің ұйымдастырушылық-мәжбүрлеуші құралдары (әскер, барлау, түрме)
мемлекет механизмнің құрамдас бөлігі ретінде. Олардың заңға қатаң сәйкес
қызмет етуі.
Достарыңызбен бөлісу: