Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы 5В030100 «Құқықтану»


Мемлекет және құқық теориясын оқып үйренген соң студенттің



Pdf көрінісі
бет4/33
Дата03.01.2023
өлшемі435.4 Kb.
#405616
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Teoriya-gosudarstva-i-prava-po-spetsialnosti-YUrisprudentsiya 2017-
синтез, Закладки, Utpinov-Nauryzbaj-dissertatsiya-2020-maj2222-pdf.io
Мемлекет және құқық теориясын оқып үйренген соң студенттің 
меңгеретін минимальды білімі, қабілеті және дағдысы 
Студент аталмыш пәнді оқып үйренген соң,
мемлекет, бұқаралық (жариялық) билік, егеменділік, басқару нысаны, 
мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары, унитарлық және федералдық
мемлекет механизмі, құқықтық мемлекет, объективтік құқық және 
субъективтік құқық, құқықтық норма, құқықшығармашылық, құқыққа сай 
мінез құлық, құқықбұзушылық, құқықтық сана, құқықтық мәдениет, заңдық 
дерек; мемлекет пен құқықтың мәні, мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының 
негізгі заңдылықтары, мемлекеттің типологиясы, құқықтық реттеу 
механизмі, қоғамның саяси өміріндегі рөлі сияқты ұғымдардың мазмұнын 
білуі керек



мемлекеттік-құқықтық оқиғаларда дұрыс бағдар ұстана білу, оларға баға 
беру, заң нормаларын талқылау, құқықтық ұйғарымға сәйкестік (сәйкес емес) 
тұрғысынан адамдардың әрекеттері мен қимылдарын талдау; құқықтық 
түсініктер мен санаттарды қолдануға, осыған байланысты туындайтын 
құқықтық фактілерді және құқықтық қатынастарды талдау, заң нормаларын 
түсіну, қолдану және талдау, заңға сәйкес шешімдер мен әрекеттерді 
қабылдау қабілетті болуға тиісті
келесі машықтарына ие болуы тиіс: құқықтық терминологияны қолдану; 
кәсіби қызметтің негізін қадағалайу; құқықтық актілермен жұмыс жасау; 
құқықтық фактілерді, құқықтық қатынастарды және нормаларды талдау
құқық қорғау практикасын зерделеу; мемлекеттің кейбір нормативтік 
актілерінің жобаларын жағымды жақтары мен жетіспеушіліктерін көрсете 
отырып, соңғысын жою туралы ұсыныстарын енгізе отырып құру; 
студенттердің ғылыми конференциялары мен үйірмелеріне рефераттар мен 
баяндамалар әзірлеу; курстық және бітірушілік жұмыстар жазып, оларды 
оқытушылар мен комиссия алдында жария қорғай білу.
Сондай-ақ: өз бетінше жұмыс істей білу; командада тиімді жұмыс жасау; 
кәсіби және тұлғааралық қарым-қатынас саласында коммуникативтік 
құзыреттілікті қабылдау. 
Аталмыш үлгі бағдарлама республика өмірінде болып жатқан мәнді 
өзгерістерді, және бұрынғы бағдарлама қабылданып жарияланғаннан кейінгі 
жоғары юридикалық білім саласындағы өзгерістерді ескере отырып 
құрылған. Ол қазіргі қазақстандық және ресейлік ғылыми еңбектерде 
(монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, мақалалар және т.б.) бекітілген 
мемлекет және құқық теориясының дамуының қазіргі деңгейін бейнелеуге 
ұмтылады. 
Бағдарлама 
ғылыми 
пікірсайыстар 
мен 
талқылаулар 
материалдарын (қажет болған жағдайда, бірақ шектелген көлемде) 
пайдалануды қарастырады.
Бағдарлама әдебиеттер, сабақтар тақырыптарының үлгі тізімдерін мен курс 
жұмыстары (жобаларының) үлгі тақырыптарын қарастырады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет