8 – тақырып. Құқық нормалары және нысандары (қайнар көздері)
Құқық нормасы – адамдардың тәртібінің ережесі, үлгісі, өлшемі, мінез-құлық
көлемі ретінде. Құқық нормасының белгілері – оның жалпыға міндеттілігі,
әрекеттің көп қайталанбалылығы, мемлекеттің ықпал ету шарасымен
қамтамасыз етілуі, өкілді-міндеттеуші сипаты. Жеке құқықтық
ұйғарымдардан, сонымен қатар, мемлекеттік органдардың шақыру мен
жолдаулардан құқықтық норманың айырмашылығы. Құқық нормасы мен
нормативтік құқықтық актінің баптарының ара қатынасы. Диспозиция құқық
нормасының негізгі бөлігі ретінде, санкция мен гипотезаның функционалдық
тағайындалуы. Құқық нормасының түрлері. Құқық нормасының жіктелу
өлшемдері: заңдық күші, адамдардың мінез-құлқына ықпал ету тәсілдері
(міндеттеу, тыйым салу, рұқсат беру), реттеу пәні мен әдісі, әрекет ету
аумағы.
Нормативтік құқықтық акт, оның белгілері және жеке – құқықтық актілерден
(қолдану және талқылау актілері) айырмашылығы.
Нормативтік құқықтық актілердің түрлері, олардың әртүрлі өлшемдерге (заң
күші, оларды шығаратын субъектісі, әрекет ету аумағы және т.б. бойынша)
байланысты жіктелуі. Нормативтік құқықтық актілердің иерархиясы.
Мемлекеттің құқық жүйесінде заңның жетекші орны. Құқық және заң.
Заңның үстемділігі. Заңның түрлері – негізгі, конституциялық, кодекстер
және қарапайым. Заңшығармашылық актілер.
Заңға бағынышты нормативтік құқықтық актілер: Президент, Парламент,
атқару
билік,
сот,
жергілікті
басқару
органдарының
актілері.
Конституциялық Кеңестің актілері.
Нормативтік актілерді жариялау және күшіне енгізу тәртібі. Нормативтік
құқықтық актілердің уақытта, кеңістікте, және тұлға бойынша әрекет етуі.
Заң ғылымында құқықтың қайнар көздері түсінігі. Құқықтың қайнар
көздерінің түрлері және олардың ара қатынасы. Құқықтың қайнар көздерінің
материалдық және заңи мағынасы. Құқықтық әдет-ғұрып, әдет-ғұрып
құқығы.
Прецедент англо-саксондық құқық жүйесі бар мемлекеттерде және кейбір
басқа да мемлекеттерде құқықтың қайнар көзі ретінде. Соттық және
әкімшілік прецеденттердің ерекшеліктері.
14
Нормативтік құқықтық акт – қазіргі қазақстандық құқықтың негізгі қайнар
көзі.
Достарыңызбен бөлісу: |