Мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны мен оны жоспарлау


Қосымша №11 Мұғалімнің инновациялық қызметке дайындығына диагностика



бет6/7
Дата16.01.2017
өлшемі0.74 Mb.
#310
1   2   3   4   5   6   7

Қосымша №11

Мұғалімнің инновациялық қызметке дайындығына диагностика
1. Мұғалімнің дамуға дайындық деңгейін зерттеу.

2. Дамуға кедергі жасайтын факторларын зерттеу.

3. Дамуға ынталандыру факторларын зерттеу.
Сауалнама №1

Мақсат: мұғалімнің өзін-өзі дамыту қабілетін анықтау.

Балдарды қоя отырып сұрақтарға жауап беріңіздер:

5 - толық сәйкес келеді;

4 - жалпы сәйкес келеді;

3 – иә және жоқ;

2 – жоқ;


1 – сәйкес келмейді.

1. Мен өзімді зерттеуге талаптанамын.

2. Мен үй жұмысы мен қызметте қанша жұмыс бастылық болғаныммен өзімді дамытуға уақыт қалтырамын.

3. Туындаған кедергілер менің белсенділігімді арттырады.

4. Мен кері байланысты іздеймін, өйткені ол өзімді білуге және бағалауға көмектеседі.

5. Арнайы уақыт бөліп, өз әрекетіме рефлексия жасаймын.

6. Мен көп оқимын.

7. Мені қызықтырған сұрақтар бойынша мен пікір таластырамын.

8. Мен өз мүмкіндігіме сенемін.

9. Мен ашық болуға тырысамын.

10. Мені қоршағандардың әсерін мен ұғынамын /түсінемін, сеземін/

11. Мен өзімнің кәсіби дамуымды басқарамын және оң /жағымды/ нәтиже аламын.

12. Жаңа материалды меңгеруден мен қанағаттану сезіміне бөленемін.

13. Жауапкершіліктің артуы мені қорқытпайды.нан

14. Қызметтегі алға басушылықты мен дұрыс қараймын.

Балдардың жалпы санын есептеңдер:

75- 55 - белсенді даму;

54-36 - қалыптасқан өзін-өзі дамыту жүйесі жоқ;

35- 15 - даму тоқталған.

Сауалнама №2
Мақсат: Мектепте мұғалімдердің оқуына, дамуына, өзін-өзі дамытуға кедергі жасайтын және ынталандыратын факторларын зерттеу.

Бес балдық жүйемен сіздің оқуыңыз бен дамуыңызға кедергі жасайтын және ынталандыратын факторларды бағалаңыз:

5 - иә / ынталандырады/;

4 - жалпы иә;

3 – иә және жоқ;

2 – дұрысы жоқ;

1 – жоқ.
Кедергі жасайтын факторлар:

1. Өз инерциясы

2. Бұрынғы сәтсіздікке байланысты көңілі қайту /түңілу

3. Бұл сұрақ бойынша басшы тарапынан көмек пен қолдаудың болмауы

4. Сіздегі жаңалыққа ұмтылу мен өзгерістерді айналаңыздағылардың қате түсінуі /қызғану, іштарлық/

5. Ұжым мүшелері және басшылармен кері байланыстың теңбе-тең еместігі, яғни өзі туралы объективті ақпараттың болмауы

6. Денсаулық жағдайы

7. Уақыттың жетіспеуі

8. Қордың тапшылығы, өмірлік жағдайлардың ауысуы.
Ынталандыратын факторлар:

1. Мектептегі әдістемелік жұмыс

2. Курста оқыту

3. Әріптестерінің әсері мен үлгісі

4. Мектептегі жұмыстың ұйымдастырылуы

5. Басшысының әсері мен үлгісі

6. Бұл проблемаға басшысының назары

7. Сенім


8. Қызметтегі жаңалық, эксперимент жүргізуге мүмкіндік пен жұмыс жағдайы

9. Өз білімін арттыру сағаттары

10. Жұмысқа қызығушылық

11. Жауапкершіліктің артуы

12. Ұжымда қадірлеуге /мойындау, ардақтау/ ие болу мүмкіндігі.

Микрозерттеу мәліметтерін өңдеу


Мұғалімнің өзін дамытуға қабілеті

Мұғалімнің тегі, аты

Ынталандыратын факторлар

Кедергі жасайтын факторлар

Іс-шара жүйесі

1. Өзін белсенді дамыту













2. Жағдайға байланысты өзін дамыту дың болмауы













3. Өзін дамытудың тоқтауы.












Әкімшілік әр мұғалімнің өзін дамытуға дайындығын анықтап, педагогикалық қорға талдау жасау мүмкіндігінен соң, ұжымның барлық қолданылмаған қорын пайдалана отырып өзін дамыту жұмысының жоспарын құрады.


Қосымша №12

Мұғалімнің педагогикалық іскерлігін бағалау сараптамасы

/Н.Н.Водопьянова бойынша/



Мақсат: Мұғалімнің педагогикалық іскерлігіне сараптама.

Бағалау жүйесі – бес балдық.




№ р/с

Мазмұны

Балдар

1

Сабақтың икемділігін іс жүзіне асыруды ұйымдастыруда кешенді педагогикалық міндеттер қою.




2

Оқыту-мен тәрбиелеудің көптеген әдістері мен формаларын меңгерген.




3

Оқу- тәрбие үдерісінің таядағы және болашақтағы нәтижесін болжайды.




4

Балалармен қарым-қатынаста психологиялық кауіпсіз жағдайды жасайды.




5

Жеке бастың өзін және ішкі қорын қолдану жағдайын қамтамасыз етеді.




6

Жеке мұғалім еңбегінің басыңқы тұжырымдамасы бар.




7

Шығармашылықпен жұмыс істейді және өзіндік әдісті /тәсіл/ қолданады.




8

Оқытудың барлық компоненттерін кезеңмен өңдеуді іс жүзіне асырады /оқу міндеттерін қою, оқу әрекеттерін орындау/.




9

Өз мүмкіндігін объктивті бағалайды.




10

Баланың өздігінен оқу қабілетін дамытады.




11

Жеке және дифференцияциалау амалын /тәсіл, ыңғай/ іс жүзіне асырады.




12

Оқу жұмысында өзін бағалау, өзін бақылауға қызығушылық ынтасын қалыптастырады.




13

Тәрбиелілік деңлейі мен жағдайын бағалайды.




14

Біліктілік нәтижесі мен өз еңбегінің арасындағы байланысты анықтайды /көрсетеді/.







Жалпы балл



Мұғалімнің әдістемелік дайындығының көрсеткіші төмендегі жұмыстардан тұрады:

1. Мұғалімнің оқу үдерісінде қолданылатын ынталандырумен қызығушылық әдістеріне талдау /авторы – В.В.Пикан/.

2. Мектептің әдістемелік жұмысына қатысу.

3. Мұғалімнің өздігінен білімін арттыру жұмысы.

4. Педагогикалық қызметке мұғалімнің кәсіби дайындығына жасаған өз диагностикасы /авторы В.И.Зверева/.

5. Мұғалімнің әдістемелік қажеттілігін зерттеу.

6. Курстан өтуі.


Қосымша №13

Шығармашылық топ туралы ереже


  1. Жалпы ереже

    1. Шығармашылық топ ғылыми-әдістемелік және эксперименттік-тәжірибе, ғылыми-зерттеу жұмысын әдістемелік жағынан қамтамасыз етуге бағытталған білім беру мекемесіндегі әдістемелік жұмыстың құрылымдық бөлімі болып табылады.

    2. Өз жұмысында шығармашылық топ Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттарын, білім беру мекемесінің Жарғысын, даму бағдарламасын, тағы басқа актілер мен осы Ережені басшылыққа алады.

    3. Шығармашылық топ негізгі міндеттерді іс жүзіне асыратын ғылыми-әдістемелік жұмыстың біртұтас жүйесін құруды қамтамасыз ететін, білім беру мекемесінің шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің эксперименттік-тәжірибе, ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру формасы ретінде жұмыс істейді.

    4. Шығармашылық топ өз қызметін білім беру мекемесінің басқа құрылымдарымен, облыстық (ПКБАИ), қалалық /аудандық/ білім бөлімдерімен, облыстағы ЖОО тығыз байланыста жүргізеді.

    5. Шығармашылық топ туралы Ереже білім беру мекемесінің педагогикалық кеңесінде бекітіледі.

Шығармашылық топтың (ШТ) құрылу мақсаты: ШТ педагогикалық шеберлік пен ғылыми зерттеу және мұғалімнің іскерлік біліктілігін шығармашылық ізденіске қызығушылығын арттыру жолы арқылы оқу-тәрбие процесінің сапасы мен тиімділігін жақсарту мақсатында құрылады.

ШТ міндеттері:

1. Проблемаға байланысты педагогикалық процестің нақты жағдайына талдау жасау;



  1. Осы проблема бойынша педагогикалық ғылым жетістіктерін мектеп жұмысының тәжірибесіне енгізуге көмектесу, әдебиеттерді оқу;

  2. Мектептің оқу-тәрбие процесінің сапасын жетілдіруде мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін арттыру;

  3. Мектеп мұғалімдерінің педагогикалық қызметіне зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туғызу.

  4. Жұмысты іс-жүзіне асыру мен жетілдіру процесін жобалау;

  5. Өздері жасаған не басқалар жасаған жобаға не үлгіге эксперименттік апробация /анықтау, мақұлдау/ жасау.

  6. Жобаны енгізудің тиімділігіне талдау.

  7. ШТ-та алынған нәтиже негізінде әдістемелік ұсыныс жасап шығару.

  8. Өз зерттеу жұмыстарын педагогикалық ұжымға талқылауға ұсыну (педагогикалық оқу, ғылыми-практикалық конференция, т.б.).

10. Материалды баспадан шығару.

ШТ жұмыс мазмұны: ШТ – тың жұмысы қойылған мақсат пен міндетке сәйкес жасалған жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі. ШТ барлық жұмысын мектеп әкімшілігімен келісіп істейді.

Шығармашылық топ:

1.Озық іс тәжірибені зерттейді, жинақтайды, педагогикалық ғылым жетістіктері мен озық іс тәжірибені мектеп өміріне енгізуге мүмкіндік тудырып, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру сұрақтары бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындайды.

2. ШТ оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру бойынша ғылыми-әдістемелік материалды жүйелі түрде жинайды.

3. ШТ ғылыми-әдістемелік конференцияға, мектептегі педагогикалық оқуларға қатысады және мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мен оқу-тәрбие жұмыс сапасы туралы ұсынысқа сәйкес баяндама мен рефераттар дайындайды.

4. Мұғалімдерге, білім беру саласының қызметкерлеріне, ата-аналарға консультация өткізеді. Ғалымдармен, шығармашыл педагогтармен кездесу өткізеді, оқу-тәрбие жұмысының өзекті мәселесі бойынша библиографиялық көрсеткіш құрады, әдістемелік бюллетень шығарады.

5. ШТ ұйымдастырудағы негізгі талап:

А) ШТ құрамында 5-7 адамнан көп болмау керек;

Б) Жыл сайын ШТ құрамы арнайы бекітіледі (төраға, хатшы, мүшелер).

В) ШТ жұмысына басшылықты төраға , іс жүргізушілікті хатшы атқарады.

ШТ құқы: ШТ мектепте ғылыми-әдістемелік ұсынысты тиімді қолдануды зерттеп және бақылаумен білім беру мекемесіне өз сұрақтары және ұсыныстарымен бара алады, әдістемелік бірлестік, педагогикалық кеңес жұмысына қатысады. Кейбір материалдардан баспа өнімін шығару туралы өтініш /сұраныс/ жасай алады.

ШТ қоғамдық бастама ретінде жұмыс істейді.


Мұғалімдердің ШТ жұмысын ұйымдастыру
Белгілі проблемаға байланысты ШТ уақытша құрылады. Оның құрамына осы мәселеге байланысты қызығышылық танытқан ұжым мүшесі енеді. ШТ жұмысын ұйымдастыру үшін беделді, бірінші не жоғары санаты /категориясы/ бар мұғалімнен басшы тағайындалады. ШТ құрамы ғылыми-зерттеу жұмысына бейімділігі бар, тәжірибелі ұстаздардан құрылады. Сонымен қатар шығармашылықпен жұмыс істейтін жас ұстаздар да құрамда бола алады. Бір оқу жылында ШТ –тың 4 рет отырысы өтеді.
Қосымша №14

Әдістемелік кеңес туралы ереже


    1. Жалпы ережелер

Әдістемелік кеңес бұл – білім ұйымдары басшыларының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларының және педагогтардың педагогикалық шеберліктерін арттырудағы жұмысты үйлестіруге арналған және педагогикалық қызметке деген шығармашылық тәсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін білім бөлімінің ұжымдық органы.

    1. Әдістемелік кеңестің мақсаты мен міндеттері:

Әдістемелік кеңес қызметінің мақсаты – педагогикалық ұжымның кәсіби шеберліктерінің өсуіне мүмкіндік беру.

Міндеттері:



  • шығармашылық бастамаларды дамыту ға мүмкіндік беру;

  • білім жүйесін дамытуға кедергі жасайтын педагогикалық мәселелерді анықтау;

  • осы мәселелерді шешу жолдарын табу және оның барысында педагогикалық ұжымның күш-жігерін шоғырландыру;

  • педагогтардың ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындықтарын жетілдірудегі педагогикалық сана сезімін қалыптастыруға ықпал ету. кеңес заманғы

    1. Әдістемелік кеңестің міндеттері мен құқықтары:

  • әдістемелік жұмыстың стратегиялық жоспарларын жүзеге асыру;

  • білім ұйымдары жұмыстарының нәтижелілігін талдау, соның негізінде даму болашағын жасау;

  • педагогикалық жаңалықтарға сараптамалық баға беруді жүзеге асыру және оларды іске асыруға қажетті әдістемелік көмек көрсету;

  • жас маманның қалыптасуын басқаруды жүзеге асыру;

  • озат педагогикалық тәжірибені анықтау, жинақтау және тарату;

  • педагогикалық ұжымның әлеуеттік мүмкіндіктерін зерделеу және анықтау;

  • әр түрлі көтермелеуді қажет ететін мұғалімдерді ұсыну.

    1. Әдістемелік кеңестің құрамы

Әдістемелік кеңестің құрамына енеді:

  • білім ұйымдары мәселелер бойынша зертхана меңгерушілері;

  • әдістемелік кабинеттің әдіскерлері;

  • білім ұйымы басшысының әдістемелікжұмысы жөніндегі орынбасарлары;

  • әдістемелік кеңестің төрағасы - әдістемелік кабинеттің меңгерушісі.

    1. Әдістемелік кеңес жұмысын ұйымдастыру

  • әдістемелік кеңес өзінің отырыстарын қажет болған жағдайда білім ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес өткізеді;

  • әдістемелік кеңес демократиялық, жариялылық, сыйластық негізінде және педагогикалық ұжымның барлық мүшелерінің мүдделерін есепке ала отырыпөз жұмысын жүргізеді;

  • әдістемелік кеңестің екі немесе үшеуден кем емес мұшелері болған жағдайда, әдістемелік кеңестің отырыстары құқылы болып есептеледі;

  • әдістемелік кеңестің барлық отырыстары ашық деп жарияланады, онда кеңестік дауыс беру құқығына ие білім ұйымдары өкілдері қатыса алады;

  • әдістемелік кеңес қабылдаған шешімдер туралы білім ұйымдарының директорларына, әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларына үнемі хабар беріліп отырады;

  • қажет болған жағдайда әдістемелік кеңестің шешімі бұйрықпен расталады.


Қосымша №15

Сараптамалық кеңес туралы ереже


    1. Жалпы ережелер

    1. Аудандық (қалалық) сараптамалық кеңес білім бөлімі жанынан педагогикалық инновацияларды жедел басқару үшін құрылады.

    2. Кеңес өз қызметін «Білім туралы» ҚР Заңына, осы ережеге және басқа нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.

    3. Кеңестің құрамы келісім-шарт немесе басқа жағдайлар бойынша жұмысқа тартылған ғылыми кадрлар, директорлар, әдіскерлер, білім бөлімінің мамандары, аудандық (қалалық) педагогтары қатарынан қалыптасады.

    1. Аудандық (қалалық) сараптамалық кеңестің қызметі мен мәртебесі

Аудандық (қалалық) сараптамалық кеңес келесі қызметтерді атқарады:

2.1. Білім мекемелерінің тәжірибелік зерттеу жұмысын ғылыми және ақпараттық қамтамасыз етілуін зерттейді.

2.2. Тәжірибелік – эксперимент жұмыстарын ғылыми қамтамасыз етілуін қалыпқа келтіру және білім технологияларын игеру мақсатында жаңашыл білім ұйымдарының ЖОО –мен өзара әрекет жасауға ықпал етеді.

2.3. Педагогикалық бастамалардың талдауын жасайды.

2.4. Тәжірибелік педагогикалық бастамалар жобаларының сараптамасын өткізеді.

2.5. Облыстық деңгейдегі педагогикалық бастамаларды қолдау туралы шешім қабылдайды.

2.6. Шығармашылық педагогикалық зертханаларды ашу туралы ұсыныстарды қабылдайды.

2.7. Авторлық бағдарламалардың сараптамасын ұйымдастырады және өткізеді.

2.8. Сараптамалық кеңес мүшелерінің маңызды қасиеттері – тәуелсіздік, құзырлылық, нақтылықтың болуы.


    1. Сараптамалық кеңес құрылымы

3.1. Кеңес құрамына енеді:

- кеңес төрағасы

- хатшы

- кеңес мүшелері.



3.2. Кеңес құрамы білім бөлімі бастығының бұйрығымен бекітіледі. Ғылыми біліктілігі бар маман немесе зерттеу бойынша жұмыс тәжірибесі бар педагог төраға болып тағайындалуы мүмкін.

3.3. Кеңес төрағасының қызметі:

- кеңес қызметін жосапрлау және ұйымдастыру;

- кеңес отырыстарын жүргізу;

- зерттеу жұмысының жоғары нәтижелері үшін педагогтар мен мектеп ұжымын ынталандыру туралы ұсыныстар енгізу;

- кеңес қызметі туралы есепті дайындау.

3.4. Кеңес хатшысы кеңес мүшелерінен сайланады және келесі қызметті атқарады:

- кеңесте талқыланатын жобалық материалдарды дайындау;

- болатын отырыстың күн тәртібі туралы кеңес мүшелерін уақытында хабарландыру және оларды ұсынылған материалдармен таныстыру;

- қажет болған жағдайда басқа мекемеден тәуелсіз қызметкерді сараптама үшін шақыру;

- кеңес отырысының хаттамасын жүргізу;

- кеңес құжаттамаларын рәсімдеу.

3.5. Кеңес мүшелерінде ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыс, оқу бағдарламаларын әзірлеу, оқу-әдістемелік материалдарды жасау тәжірибесі болу керек. Олардың қызметтеріне мыналар жатады:

- авторлық шығармашылық жұмыстардың, тәжірибелік алаңдардың бастапқы талдауы;

- ұсынылған материалдарды талқылауда, пысықтау бойынша ұсыныстарды өңдеуге қатысу;

- озық педагогикалық тәжірибе, эксперименттер әдістемелік материалдарының ғылымилық дәрежесін, құндылығын белгілеу;

- эксперимент жобаларын әзірлеуде көмек беру;

- мамандандырылған, бейіндік, тереңдетіп оқытатын сыныптарды ашу туралы ұсыныстарды қабылдау;

- қажет болған жағдайда сараптамалық кеңес мүшесі басқа мекемеден тәуелсіз қызметкерді сараптама үшін шақыруға құқылы, нәтижелері сараптамалық кеңес отырысында баяндалады;

- кеңес шешімдерін жүзеге асыруға қатысу.

Тәжірибелік – эксперименттік жұмыс нәтижелерін қадағалау қорытындылары бойынша аудандық (қалалық) сараптамалық кеңес жалпы білім беретін мекемеге эксперимент барысына түзету жүргізу ұсынысын беруге немесе келесі жағдайларда оны тоқтатуға құқылы;

- бекітілген тұжырымдама мен тәжірибелік жұмыс жобасынан айтарлықтай ауытқығанда;

- эксперименттің теріс салдарын айқындағанда.


    1. Шешім қабылдау тәртібі

    1. Педагогикалық инновациялар жобасын қарастыруға тапсырыстар мен материалдар кезекті отырыстың алдында 2 жеті бұрын қабылданады.

    2. Кеңес мүшелері ұсынылған материалдармен кеңестің алдында танысады.

    3. Сарапшылық жұмысқа кіреді:

  • ұсынылған материалдарды талдау;

  • жобаның инновациялық мүмкіндіктерін зерттеу.

    1. Ұсынылған жоба бойынша шешімдер ашық дауыс беру тәсілімен қабылданады.

Қосымша №16

Жас мұғалімдер мектебі туралы ереже

      1. Жалпы ережелер

1.1.Әдістемелік жұмыс мазмұнында жас мамандармен жұмыс жасау маңызды орын алып отыр.

1.2. Жас мамандармен жұмыс жасау жүйесінде – «Жас мұғалімдер мектебі» (ЖММ) жұмысы ұйымдастырылады. Ол жас педагогтардың жаңа жағдайларға бейімделуге қолдау көрсетеді.

1.3. ЖММ жетекшісі жас педагогтарды мекеме жұмысының негізгі бағыттарымен, оның құрылымымен таныстырады, педагогикалық қызметкерлер мен білім мекемесінің аттестаттауы туралы әңгіме қозғайды.

1.4. Жас маманмен өткізілетін жұмысты мазмұнды, пайдалы және тиімді өткізу, оқу-тәрбие жұмысындағы қиындықтарды жеңуге көмектесу ЖММ жетекшісінің негізгі мақсаты болып табылады.



      1. Жас мұғалімдер қызметінің мақсаты мен міндеттері

2.1.Жас мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі деңгейін арттыру.

2.2. Жас мұғалімдер мектебі қызметінің міндеттері:



  • Жас мұғалімдерге кәсіби бейімделуде көмек көрсету;

  • Кәсіби дайындық деңгейін анықтау.

  • Педагогикалық тәжірибедегі қиындықтарды айқындау және олардың алдын алу бойынша шараларды қолдану.

  • Жас мұғалімдерді өз бетінше білім алу, біліктілігін қалыптастыру және тәрбиелеу.

  • Педагогтың шығармашылық қызметінің жеке үлгісін қалыптастыруға көмек беру.

  • Жас мұғалімдердің шығармашылық даралығын қалыптастыру.

      1. Жас мұғалімдер мектебі жұмысының негізгі бағыттары

3.1. Бейімделу жұмысы:

  • Жас мұғалімді мектеппен, педагогикалық ұжыммен таныстыру.

  • Жас мұғалімге тәлімгерді бекту.

  • Педагогикалық шеберлік өсуінің диагностикалық картасын жасау.

  • Сауалнама жүргізу.

  • Бос әдістемелік күн беру.

3.2. Кәсіби қатынасты ұйымдастыру.

  • Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру.

  • Мұғалім жұмысындағы мектепішілік құжаттарды жүргізу жұмысы.

  • Жас маманның әдістемелік сүйемелденуі;

  • әкімшілікпен, ұстаздармен, әдістемелік бірлестіктегі әріптестерімен қатынасы;

  • тақырыптық және сабақ жосапрларын құрастыру барысында көмек көрсету, сабақтарға қатынасу, бақылау жұмыстары үшін бірлесе материалдарды дайындау, нәтижелерді талдау және түзету.

3.3. Өз бетінше білім алу.

  • әдістемелік тақырыпты белгілеу;

  • жас мамандарға арналған курстық дайындақ;

  • педагогикалық жаңалықтармен танысу;

  • ашық сабақтарға қатысу;

  • семинар, фестиваль, байқауларға қатысу.

3.4. Психологиялық қолдау.

Психолог жас мұғалімдерге кеңес береді, семинарлар өткізеді.



      1. Жас мұғалімдер мектебінің сабақтарын ұйымдастыру

4.1. Жас мұғалімдермен өткізілетін жұмысты іске асыру үшін тәжірибелі педагогтар, әдіскерлер, психологтар тартылады.

Жұмыс семинар, дәріс, кокференция, жеке кеңес, байқау түрінде өткізіледі.

4.2. Рефераттың мектеп немесе тамыздық аудандық (калалық) әдістемелік пәндік бірлестік отырыстарында қорғауы немесе жас мұғалімдердің шығармашылық есептері «Жас мұғалімдер мектебі» жұмысының қорытындысы болып табылады. Бұл жас мамандарға есеп беруге, әріптестер табуға, өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға және өз тақырыбын қорғауға мүмкіндік береді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Алгоритмнің анықтамасы Алгоритмнің қасиеттері
2015 -> Атты II халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады. Конференцияның мақсаты
2015 -> Қазақстандағы экологиялық зерттеулер
2015 -> Г нысаны. Жаңа әдісті енгізуге тапсырыс. ЖаңА Әдісті енгізуге арналған қҰжаттардың нысандары мен тізімі «Ғылыми-медициналық экспертизаны өткізу ережелеріне»
2015 -> 3. «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу,
2015 -> Директордың бейіндік оқыту жұмыс жөніндегі орынбасары
2015 -> Технологиялық коммерцияландыру стратегиясы
2015 -> 1. Инженерлі (кәсіптік) педагогика дегеніміз
2015 -> «Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
2015 -> «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы