Мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны мен оны жоспарлау



бет4/7
Дата16.01.2017
өлшемі0.74 Mb.
#310
1   2   3   4   5   6   7

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің

2007 жылғы “29” қарашадағы

583 бұйрығымен



бекітілді
  1. Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және

  2. жүзеге асыру Ережесі



1. Жалпы ережелер

1. Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру осы Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының „Білім туралы” Заңының 5-бабы 25-ші тармақшасына сәйкес және білім беру ұйымдары мен тиісті инфрақұрылымдарда оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру үшін әзірленген.

2. Осы Ереже білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу-әдістемелік жұмыстарды реттейді.

3. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

оқу-әдістемелік жұмыс – білім беру үдерісін оқытушылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарға жеткізу үшін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік және оқу-материалдық объектілермен қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымының қызметі;

әдіскер - оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды орындаушы білім беру ұйымының педагогикалық қызметкері;

әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес – білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын алқалық басқару нысаны;

білім беру ұйымы оқу (оқу-әдістемелік) жұмысы жөніндегі басшысының орынбасары – білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын тікелей басқаратын басшының лауазымы;

оқу-әдістемелік басқарма (орталық, кафедра, бөлім, кабинет) – білім беру ұйымында оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше;

әдістемелік кабинет - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық ететін облыстық (қалалық) білім департаментінің құрылымдық бөлімшесі;

оқу-әдістемелік бірлестіктер - әр түрлі деңгейдегі білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстар мен ұсымдарды енгізу үшін салалық (мамандық топтары, пәндер) белгісі бойынша білім беру үдерісі субъектілерінің бірігуі.

4. Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс ғылым мен білімді интеграциялау, оқу және тәрбие үдерісін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

5. Білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік жұмыстың міндеттері:

білім беру бағдарламаларын іске асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;

білім беру үдерісін қолданыстағы технологияларын, әдістерін, құралдары мен нысандарын әзірлеу, енгізу және жетілдіру;

педагогтың шығармашылық ойлауын дамыту, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік мүмкіндігін жетілдіру болып табылады.

Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау:

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттеріне;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында облыстық (қалалық) білім департаменттерінің әдістемелік кабинеттеріне;

жоғары оқу орындарында құрылымдық бөлімшелерге жүктеледі.

6. Оқу-әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңдарына, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
2. Оқу-әдістемелік жұмыстың мазмұны
7. Бастауыш, негізгі орта жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу- әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:

1) ғылымның теориялық, әдіснамалық негіздерін, педагогика мен психологияның жетістіктерін, дүниетанымның, өзіндік жұмыстың, өзіндік білімнің іскерлігі мен дағдынысын қалыптастыратын, ақыл-ес және танымдық белсенділікті дамытатын тиімді әдістерді меңгеру;

2) білім беру саласындағы нормативтік құжаттармен танысу;

3) сыныптан тыс, мектептен тыс пәндік және тәрбие жұмыстарын оқытудың түрлі нысандары мен әдістерін және шығармашылық түрде меңгеру;

4) үздік, жанашыл тәжірибемен және оның идеяларын шығармашылықпен пайдалану, менеджменттің қызметтерімен және прогресивті идеяларымен, иновацияларымен танысу;

5) оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және білім беру ұйымының педагогына практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстың әр түрлі нысандарын дайындау және өткізу;

6) оқыту сапасына, оқыту жетістіктерінің деңгейіне, оқушылардың тәрбиесіне талдау жасау;

7) педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау рәсіміне белсенді түрде қатысу;

8) әдістемелік өнімді әзірлеу;

8. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:

1) нормативтік құқықтық құжаттарды, білім беруді басқару органдарының ұсынымдамаларын, оқу-бағдарламалық құжаттарды жетілдіру үшін ұсыныстар енгізу;

2) жаңа оқу бағдарламалардың зерделеуін ұйымдастыру және оларды оқу үдерісіне енгізу туралы ұсыныстар беру;

3) еңбек нарығының талаптарын ескере отырып оқу бағдарламаларына және стандарттарға өзгерту енгізу туралы ұсыныстар енгізу;

4) ағымдық, аралық бақылаудың қорытындыларын талқылау; оқушылардың білімнің, іскерлігінің дағдысының сапасын талдау және нәтижелерді жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

5) педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру, еңбек жолын жаңа бастаған педагогикалық қызметкерлер мен өндірістік оқыту шеберлеріне оқу сабақтар өткізу, оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу және оқудан тыс шаралар өткізу;

6) сабақтарға өзара қатысуды ұйымдастыру, ашық сабақтар өткізу және оларды талқылау; ғылым және техника жетістіктерін, оқу-тәрбие жұмысындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені және оқытудың жаңа технологияларын зерттеу, іріктеу және практикаға енгізу;

7) кәсіптік шебершіліктен пәндер мен мамандықтар бойынша тақырыптық семинарлар, конференциялар және әдістемелік кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;

8) педагогикалық, ғылыми, әдістемелік әдебиеттерге, рефераттарға, әдістемелік әзірлемелер мен құралдарға, оқытудың техникалық құралдары және электрондық-есептеу техникасына шолу жасауды ұйымдастыру;

9) ынтымақтастық педагогикасы, өзін-өзі басқару жөніндегі жұмыстарды жетілдіру, оқу-тәрбие үдерісін жақсаруына және еңбекті ұйымдастыру, өзара тексеру және өзара көмектің тиімді нысандарын кеңінен қолдануға білім алушыларды тарту.

9. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:

1) нормативтік құқықтық құжаттарды, кәсіптік жоғары білім мамандықтарының жіктеуішін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

2) оқу үдерісіне қазіргі заманғы оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдарды, және оқытудың автоматтандырылған жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін, ақпараттық кітапханалық жүйелерін енгізу;

3) оқу жұмыс бағдарламаларын әзірлеу, типтік оқу бағдарламасының жобаларын дайындауға қатысу;

4) оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, оқу-әдістемелік, оның ішінде электрондық тасымалдағыш құралдарын және дидактикалық материалдарды әзірлеу;

5) алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе мен білім беруді ақпараттандыруды қорыту және тарату жөніндегі іс-шараларды өткізу;

6) дидактикалық-әдістемелік, оқу материалдық оқыту құралдарын әзірлеу және енгізу;

7) оқытудың жаңа технологиялары бойынша оқу-әдістемелік құжаттар әзірлеу және енгізу;

8) мәндес мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын бірыңғайландыру жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

9) оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын ескере отырып сараптау;

10) арналған оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың білім алушылардың ағымдық үлгеріміне әсерін талдау;

11) тест тапсырмалары мен білім алушылардың білімін бақылаудың басқа да нысандарын әзірлеу және сараптау;

12) білім беру үдерісін оқу әдебиеттерімен және әдістемелік әзірлемелермен қамсыздандыру мониторингін жүзеге асыру;

13) білім алушылардың өзіндік жұмысын әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;

14) оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың сапасына талдау жүргізу;

15) оқыту сапасын, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін талдау;

16) оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу;

17) білім алушылардың контингентін олардың бейінін, дайындық деңгейін және мүмкіндіктерін ескере отырып жыл сайын қалыптастыру жұмысты әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;

18) даярлаудың қолда бар және болашағы бар бағыттары бойынша мамандарға қажеттілікті болжау үшін деректер базасын құру мақсатында маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру;

19) бітірушілерді жұмыспен және оқу орнын бітіргеннен соң оқу мен қамту жөніндегі әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу (мамандарға сұранысты зерттеу, бітірушілерді сауалнамадан өткізу, кәсіпорындармен байланыс жасау, бітірушілерді бөлу картасын құру, бітірушілер жәрмеңкесін ұйымдастыру);

20) білім беру үдерісін келешектегі демографиялық, экономикалық және салалық ахуалды ескере отырып өңірлер бойынша және жалпы ел бойынша жоспарлауды ұйымдастыру;

21) оқытудың барлық деңгейінде мемлекеттік, орыс және шет тілдерін оқыту жөнінде ұсынымдамалар әзірлеу;


  1. Құрылымдық бөлімшелердегі оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру тәртібі

10. Оқу-әдістемелік жұмыс оқу үдерісін, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын, үйлестіретін барлық құрылымдық бөлімшелерде және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі мамандырылған құрылымдық бөлімшелерде (әдістемелік бірлестіктерде, пәндік әдістемелік және цикл комиссияларында, кафедраларда, бөлімшелерде, факультеттерде, филиалдарда) (оқу-әдістемелік бөлімдерде, басқармаларда, орталықтарда, кабинеттерде) жүзеге асырылады.

11. Құрылымдық бөлімшелер оқу-әдістемелік жұмысты білім беру ұйымдарының жарғысымен қарастырылған, тәртіппен бекітілген осы Ереженің негізінде жүзеге асырады.

12. Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері санын мамандықтардың санына қарай, жоғары оқу орынының мамандануына, сондай-ақ білім алушылар мен оқытушылардың санына қарай білім беру ұйымының кеңесі белгілейтін әдіскерлер болып табылады.

13. Құрылымдық бөлімшелер мынадай оқу-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асырады:

1) кафедралардың, бөлімдердің, факультеттердің, институттардың оқу-әдістемелік жұмысына басшылық жасау;

2) оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша нормативті-құқықтық құжаттарды сараптау және оларға әдістемелік кеңестердің қарауы үшін ұсынымдар беру;

3) оқу-тәрбие үдерісінің, әдістемелік жұмыстың жай-күйін талдау және оларды жетілдіру жөніндегі ұсынымдамаларды пысықтау;

4) оқу-әдістемелік өнімдердің жариялануына және таратылуына талдау және ұсынымдама жасау.

14. Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысына тікелей басшылық жасауды білім беру ұйымы басшысының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.

Құрылымдық бөлімшелердің оқу - әдістемелік жұмысына жалпы басшылықты сайланбалы өкілетті органдар: тиісті бөлімшенің әдістемелік кеңес (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелердің әдістемелік кеңесінің құрылу тәртібін және қызметін, құрамы мен өкілеттілігін білім беру ұйымының кеңесі анықтайды.

15. Ұжымдық әдістемелік жұмыстың нысаны пәндік және циклдік комиссиялар, кафедралар, озық тәжірибелі мектептер, нұсқаулық- әдістемелік мәжілістер, семинарлар, дәрістер, практикалық сабақтар және конференциялар болып табылады.

16. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында пәндік әдістемелік және циклдік комиссиялар үш арнайы және жалпы білім беретін пәндер оқытушылары, мамандықтар бойынша өндірістік оқыту шеберлері болған жағдайда құрылады.

Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кафедралар кәсіптік, әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша үш оқытушылар болған жағдайда құрылады.

Әдістемелік комиссияны құру үшін оқытушылар саны жетіспеген жағдайда білім беру ұйымының басшылығы бірнеше аудандардың, қалалардың бірнеше білім беру ұйымдарындағы тиісті пәндердің (мамандықтары, кәсібі) педагог қызметкерлерін біріктіретін комиссияның жұмысына қатыстыруды ұйымдастыруы қажет.

17. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әдістемелік комиссияға басшылықты өндірістік оқытудың шеберлері мен аса тәжірибелі оқытушылардың арасынан таңдап алынған төрағалар, орта білімнен кейінгі ұйымдарда – кафедра меңгерушілері жүзеге асырады. Кафедралардың, әдістемелік комиссиялардың жұмысына ғылыми мекемелердің ғылыми және педагог қызметкерлері, кәсіпорындардың мамандары тартылады.

18. Оқу-әдістемелік құжаттама білім беру ұйымдарының тиісті құрылымдық бөлімшелерінде әзірленеді, кафедрада, әдістемелік комиссиясында білім беру орындарының, құрылымдық бөлімшелердің әдістемелік кеңестерінде талқыланып, оң шешімге ие болған соң, оқу орны басшысының, басшысының оқу ісі, оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары бекітеді.

19. Білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға, типтік оқу жоспарларына сәйкес (факультеттердің, бөлімдердің), кафедраларда, әдістемелік комиссияларда, білім беру мекемесінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінде, әдістемелік кеңестерінде қаралатын оқу жұмыс жоспарын әзірлейді. Оның тиісті құрылымдық бөлімшелердің және барлық тиісті әдістемелік кеңестерде оң қорытындына алғаннан кейін, білім беру ұйымының басшысы бекітіледі.

20. Оқу жұмыс бағдарламасын және сабақ жоспарларын оқытушылар типтік оқу бағдарламасына сәкес әзірлейді, ол білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің әдістемелік кеңесінде қаралады және білім беру ұйымы басшысының оқу ісі (оқу-әдістемелік ісі) жөніндегі орынбасары бекітеді.

21. Әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдарды білім беру ұйымдарының оқытушылары әзірлейді. Әдістемелік комиссияның, кафедраның, оқу орындарының, құрылымдық бөлімшелерінің әдістемелік кеңестерінде қаралып, оң пікірлер берілген соң, оқу орны басшысының оқу ісі (оқу-әдістемелік ісі) ) жөніндегі орынбасары бекітеді.

22. Облыстық (қалалық) білім департаментінің әдістемелік кабинеттері техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі ұйымдардың және оқу-әдістемелік бірлестіктердің оқу-әдістемелік жұмысын үйлестіреді.


  1. Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі бірлестіктер

23. Оқу-әдістемелік жұмысқа қатысты білім беру үдерісі субъектілерінің мүддесін Қазақстан Республикасы Заңнамаларына сәйкес құрылған және қызмет ететін бірлестік таныта алады.

24. Оқу-әдістемелік бірлестіктер еркін бастама негізінде салалық (мамандықтар топтары, пәндер) белгілеріне қарай құрылады. Оның құрамына білім беру ұйымдарының, жұмыс берушілердің, әлеуметтік серіктестіктердің өкілдері кіреді.

25. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мектеп және мектепаралық әдістемелік бірлестік жалпы білім беретін пән мұғалімдері, 1-4 сынып мұғалімдері, сынып жетекшілері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері, мектеп-интернаттары үшін құрылады. Отырыс тоқсанына бір рет немесе қажет болған жағдайда өткізіледі.

26. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта ұйымдарда әдістемелік бірлестіктері мектепте бір пәннен бойынша кемінде 3 мұғалім болған жағдайда құрылады.

27. Аудандық әдістемелік бірлестік жалпы білім беретін пән мұғалімдері, бастауыш, сыныптар мұғалімдері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектеп-интернаттарын, мектеп кітапханашылары үшін отырыстарын жылына екі-үш рет өткізуге құрылады.

28. Сыныптары біріккен шағын мектептер бар болған жағдайда ауданда осы сыныптар мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері құрылады.

29. Әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспары білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша диагностика жүйесінің, талдаудың, бақылаудың және дифференцация міндеттері нәтижелері негізінде бір жылға құрылады және білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.

30. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта ұйымдарында әдістемелік бірлестікті шығармашылық жұмыс жасайтын, жетік дайындалған педагогтардың ішінен 1 жыл мерзімге сайланған (тағайындалған) басшы басқарады. Мектепаралық ұйымдарда басшы аудандық (қалалық) білім беру ұйыммен тағайындалады.

31. Әдістемелік жұмыстарды тікелей басқаруды келісілген пәндермен және олардың қызмет бағыттарын әдістемелік бірлестіктің басшылары және басшының орынбасары жүзеге асырады.

32. Әдістемелік бірлестіктің жұмысын басқару және үйлестіру үшін педагогикалық кеңестің жұмысының мазмұнын қайталамайтын әдістемелік кеңес құрылуы мүмкін.

33. Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру бағдармаларын іске асыратын білім ұйымдарындағы оқу-әдістемелік бірлестіктер салалық белгілері бойынша құрылады және келесі бағыттар бойынша қызметті:

1) техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарды әзірлеуді, типтік оқу жоспарлары және типтік оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік құралдарын, оқулықтар және электрондық оқулықтарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізуді;

2) техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбиелік үрдісін жетілдіру бойынша конференциялар, семинарлар өткізуді жүзеге асырады жүзеге асырады ұйымдастыру;

3) техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады;

4) оқу үрдісін ақпараттандыру және білімді бақылау, қазіргі заманғы технологиямен оқытуды енгізу бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдар әзірлеу;

5) техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмыстардың қызметін ұйымдастыру тәжірибесін зерделеу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар даярлау жүзеге асырады;

6) білім алушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ұйымдастыру тәжірибесін жалпылау, мамандықтар бойынша кәсіптік шеберлігі, үздік дипломдық жобалар және курстық жұмыстарға конкурстар ұйымдастыру және өткізу;

7) білім беру ұйымдарындағы оқытушылардың республикадағы, ТМД елдеріндегі және алыс шетелдегі туысқан мамандықтар мен кәсіптер бойынша стажировкадан өтуі және халықаралық, республикалық конференцияларға қатысу үшін ұсынымдар енгізу;

8) жастар және жұмыссыз тұрғындар арасында насихаттау жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу;

9) фильмдермен және қазіргі заманғы білім беру құралдарымен, оқу-зертханалық жабдықтармен, педагогикалық білім беру құралдарымен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етуді бағалау жайы туралы талдамалы материалдар дайындауға қатысу;

10) колледж базасында ұйымдастырылған техникалық және кәсіптік білім беру, орта білім беруден кейінгімамандар біліктілігін көтеру курстарын әдістемелік қамтамасыз ету;

11) мамандар даярлауда сапа мониторингін ұйымдастыру, берілген білім беру оқу бағдарламаларында ақпараттық банк құру.

34. Оқу-әдістемелік бірлестіктің шешімінде кепілдік сипат бар және ол барлық білім беру ұйымдарына- мамандық бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің мүшелеріне жеткізіледі.

35. Оқу-әдістемелік бірлестіктің қызметін оқу-әдістемелік кеңес бекіткен Төраға басқарады. Оқу-әдістемелік бірлестіктің Төрағасы оқу-әдістемелік бірлестіктің жұмысын бағыт береді және ұйымдастырады.




Қосымша №3

  1. Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
    2015 -> Алгоритмнің анықтамасы Алгоритмнің қасиеттері
    2015 -> Атты II халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады. Конференцияның мақсаты
    2015 -> Қазақстандағы экологиялық зерттеулер
    2015 -> Г нысаны. Жаңа әдісті енгізуге тапсырыс. ЖаңА Әдісті енгізуге арналған қҰжаттардың нысандары мен тізімі «Ғылыми-медициналық экспертизаны өткізу ережелеріне»
    2015 -> 3. «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу,
    2015 -> Директордың бейіндік оқыту жұмыс жөніндегі орынбасары
    2015 -> Технологиялық коммерцияландыру стратегиясы
    2015 -> 1. Инженерлі (кәсіптік) педагогика дегеніміз
    2015 -> «Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
    2015 -> «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы»


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы