Мектептегі әдістемелік жұмыс Дайындаған: Дарханбай Ж. М І. Кіріспе



бет1/4
Дата22.09.2021
өлшемі26.52 Kb.
  1   2   3   4

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы

№10 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназия интернат



Мектептегі әдістемелік жұмыс

Дайындаған: Дарханбай Ж.М



І. Кіріспе

Мектептегі әдістемелік жұмыс


ІІ. Негізгі бөлім

Оқу мен оқытудағы туындаған мәселелерді әдістемелік бірлестікте қарастыру

Мәселені оңтайлы шешу жолдары
ІІІ. Қорытынды

Мектептегі әдістемелік жұмыс

Ұстаз саяси сауатты, жан-жақты білімді, өз бойындағы сол білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдістемелік шеберлігі бар болуы шарт. Ал ұстаздардың осы талап тұрғысынан табылуы кәсіби даярлығын, шеберлігін шыңдайтын мектептегі әдістемелік кеңес жұмысының ұйымдастырылуына байланысты.

Кеңес өз жұмысын цикл бойынша жүргізеді: гуманитарлық, ғылыми-жаратылыстану, эстетикалық бағыттар. Пәндерді цикл бойынша топтастырады. Сол белгіленген цикл өз жұмысын айға, айдан аптаға бөліп жүргізеді.

Мұғалімдердің шығармашылық ізденісін шыңдап отыратын жұмыс түрінің бірі - пәндік бірлестіктерді ұйымдастыру.

Мұғалімнің шығармашылық шеберліктерін шыңдауда педагогикалық оқулар, ғылыми-әдістемелік семинарлар, байқаулар, олимпиадалар, шығармашылық есеп, іскерлік ойындардың берері көп. Бұл мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін шыңдап, қисынды ойлай білетін дара тұлғаларды тәрбиелеу болып табылады. Мұғалім еңбегін зерттеп, саралап, шеберліктерін арттыру, сөйтіп оқушы мен мұғалім арасындағы шығармашылық байланысты нақты танымдық іс-әрекетке ұластыру, озат тәжірибені орынды пайдалануға мүмкіндік туғызу - әрбір мұғалімнің басты міндеті.

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагоикалық тәжірибе - оқыту мен тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттеу объектіс, фактылар мен ғылыми мәліметтерді жинақтаудың негізгі көздерінің бірі.

Осы тұрғыда, әдістемелік жұмыс оқу-тәрбие жұмысын басқарудың маңызды құралдарының бірі ретінде қаралатындықтан, ол да мектепті басқару жұмысының белді саласы болып табылады.

Оны қысқаша айтсақ - жоспарлау, ұйымдастыру, басшылық, үйлестіру және бақылау.

Мектептегі әдістемелік бірлестіктер жұмысын ұдайы да, жүйелі түрде зерттеп отыруды, мағлұматтарды сын көзімен талдап отыруды, соның негізінде мектеп әкімшілігінің көмегін және ықпал жасауын қажет етеді.

Әдістемелік жұмыстың нәтижелерін талдауға кірісерде оның негізгі мақсаты - мұғалімнің жалпы педагогикалық және әдістемелік шеберлігін арттыруда түпкі нәтижеден бөлмей, оқу-тәрбие жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруда қарастыру керек. Осыған қол жеткізу мақсатында адамдарға күнделікті нақты және білікті жетекшілік қажет.

Әдістемелік жұмысқа қойылатын ең маңызды талап - ол әдістемелік жұмысты үнемі жетілдіру, оның ғылым негізін оқытудың сапасын, оқушылар білімінің деңгейін көтеру мақсатында оқудың барысына дәл бағытталады.

Әдістемелік жұмыс - басқарушылық жүйенің құрамды бөлігі. Демек, педагогикалық талдау жүйесінің негізінде мектепішілік әдістемелік жұмыстағы дұрыс міндеттерді белгілеуге қолайлы жағдай жасау керек.

Мектептегі әдістемелік жұмыстың, ең негізгі міндеті - мұғалімнің мамандығын жетілдіру, әр мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен мүмкіндігін айқындау, сабақтарына қатысып, жетістіктері мен кемшіліктерін көрсету, өзара сабақтарына қатысуын ұйымдастыру, сабақ жоспарларын жасауға және оны өз бетінше талдауға басшылық ету, жеке әңгімелер өткізу жұмыстарын ұйымдастыру. Әдістемелік жұмыс педагогикалық іс-әрекеттің инновациялық бағыттылығын қалыптастыру үшін ұйымдастыру негізі ретінде қызмет етеді. Саралау негізінде әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру бірқатар объективтік және субъективтік алғышарттармен байланысты. Бұл ең алдымен мұғалімдердің өмірлік және кәсіби, кәсіби бағыттылығын, тәжірибесі мен кәсібилік деңгейін есепке алу қажеттілігіне сәйкес болады. Сол сияқты мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіру жұмыстарының мотивациясын  есепке алу, яғни өзінің кәсіби өсуіне көзқарасын, мотивін, бағаларын айқындау қажет. Мектептің оң тәжірибесін, әдістемелік қызметтердегі оның дәстүрлерін сақтап, дамыту да маңызды. Осының бәрі директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының басқару және жетекшілік ету объектісі болып табылады.

Жалпы түрде мектептегі әдістемелік жұмыстың міндеттері:

- мектептің педагогикалық ұжымы іс-әрекетінде педагогикалық тәжірибені жүйелі зерттеу, қорыту және таратуда, педагогика ғылымының жетістіктерін ендіру жөніндегі жұмыстарда көрінетін инновациялық бағыттылықты қалыптастыру;

- мұғалімнің  теориялық  (пәндік)  және  психологиялық-педагогикалық даярлығы деңгейін арттыру;

- жаңа білім бағдарламаларын, оқу жоспарларының түрлерін, мемлекеттік білім стандарттарына енген өзгерістерді қарастыру, зерттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

- оқыту  мен  тәрбиелеудің  жаңа  педагогикалық  технологияларымен, формаларымен және әдістерімен жұмыстар жүргізу;

- жаңа  нормативтік  құжаттарды,  нұсқау-әдістемелік материалдарды талқылау бойынша жұмыстар ұйымдастыру;

- мұғалімдерге диагностикалық даралау және саралау негізінде ғылыми-әдістемелік көмек көрсету (жас мұғалімдерге, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне және тәрбиешілерге, жұмыста кейбір қиындықтар көріп жүрген мұғалімдерге, түрлі педагогикалық өтілді мұғалімдерге, т.б.);

-  мұғалімдерге педагогикалық өзіндік білім жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсету;

-  жалпы кәсіби-педагогикалық мәдениет деңгейін көтеру.



Әдістемелік жұмыстың кең таралған түрі – мұғалімдердің пәндік әдістемелік бірлестіктері. Оның жұмысының мазмұны: оқу-тәрбие жұмыстары мен оқушылардың білім сапасын арттыру, тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе мен ғылым жетістіктерін енгізу, жаңа бағдарламалар мен оқулықтардың қиын тақырыптарын талдау, білім бағдарламалары мен оқулықтарының жаңа варианттарын талқылайды, олармен жұмыстың қорытындысын шығарады. Бірлестік жұмысы арнайы құрылып, бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі.

Әдістемелік бірлестіктер. Бұл мектепте мұғалімдердің мамандығын арттырудың ең көп көлемде таралған түрі. Әдетте бастауыш сынып мұғалімдерінің, қоғамдық пәндер мұғалімдерінің, математика-жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің, орта және жоғарғы сынып жетекшілерінің бірлестіктері құрылады. Әдістемелік бірлестіктің жұмысы әрбір мұғалімнің, мектептің оқу бағдарламасының негізгі талаптарын, ойлары мен мазмұнын шығармашылықпен меңгертуге бағытталған және дидактиканың, жалпы ойын сабақтың нақты тақырыбына қарай әдісті икемдеу. Әдістемелік бірлестіктің ерекше қамқорлығы - ол тиімді, нәтижелі, белсенді әдісті, тәсілді сабақтың нақты міндетіне байланысты оқыту мен тәрбиелеу құралдарын, оқу материалдарының мазмұны мен жұмыс жағдайын мұғалімдердің шығармашылықпен меңгеруін ұйымдастыру.

Әдістемелік бірлестік тек қана негізгі, жетекші үлгі емес, сонымен бірге ол, құрылымды бөлім, өйткені әдістемелік жұмыстан басқа да түрлері негізінде, бірыңғай жоспармен жұмыс жасайды.

Педагог мамандардың кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру, олардың теориялық білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен қаруландыра отырып, шығармашылық жұмыстарына жол көрсету, яғни мұғалім мамандығын жетілдіру - нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмыстың негізгі міндеті болып табылады.

Кәсіптік шеберлікті арттыру әдістерін толықтай мәселені зерттеу әдістерімен байланыстыру қажет, бұл мұғалімдердің шығармашылық педагогикалық және әдістемелік ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.

Мүдде бойынша мұғалімдер бірлестігі. Жұмыстың бұл түрі: мұғалімдер клубы, топтар және көркемөнерпаздар кештері, т.б. Көбінесе бос уақытты бірге өткізу, араласу үшін жұмыстың бұл түрі мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін жетілдіру ісінде үлкен көмек беруі мүмкін, бәрінен бұрын мұғалімдердің жалпы мәдениетін, өзара араласу арқылы жеке мәдениетін көтеруге көмектеседі. Көптеген мектептерде мұғалімдер театры, студиясы жұмыс істейді, онда жас мұғалімдер әр түрлі ойын-сауық көрсету мен концерттер дайындап, өткізудің барысында педагогикалық әдістің негізін меңгереді. Бұл жұмыс түрлері педагогикалық ұжымның ұйымшыл болуы үшін қызмет етеді.


Мен жұмыс жасайтын мектепте қазіргі уақытта 4 пән бірлестіктері жұмыс атқарады. Пән бірлестігінің отырыстары жылына 5 рет өткізіледі. Пән бірлестігінде төмендегідей мәселелер қарастырылады, соның ішінде бүгінгі алып отырған мәселе, қаңтар айындағы әдістемелік отырыста оқушылардың білім сапасын талқылау барысында 5б сыныптың өз ана тіліміз қазақ тілі пәнінен білім сапасы төмен екендігі анықталды.

Анықталған мәселені әдістемелік бірлестік отырысында келісе отырып, мәселені шешу жолында Lesson Study зерттеу тобын құрдық.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар