«мектепте химиядан кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» «5В011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары


ТАҚЫРЫП. ХИМИЯ БОЙЫНША ТАҢДАУ КУРСТЫ ТАҢДАУ ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ



бет5/6
Дата10.09.2017
өлшемі131.63 Kb.
#20007
1   2   3   4   5   6

2ТАҚЫРЫП. ХИМИЯ БОЙЫНША ТАҢДАУ КУРСТЫ ТАҢДАУ ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ .
ЖОСПАР:

1. Химиядан таңдау курстарының түрлері

2. Таңдау курстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар

3. Таңдау курстарын өткізудің тиімді әдістері

4.Таңдау курстың бағдарламасының құрылымдық бөліктері
МАЗМҰНЫ:

1. Химиядан таңдау курстарының түрлері.

Химиядан жүргізілетін таңдау курстарыың формалары көпшілік, топтық және жеке жұмыстар деп үшке жіктеледі.

Көпшілік жұмыстарға жататындар: жас химиктер қоғамы, химиялық олимпиадалар, химия апталығы онкүндігі және айлығы, конференциялар т.б.

Топтық жұмыстар: химиялық үйірмелер, жас химиктер клубының және қоғамның секциялары, химиялық бюллетень шығару, көрме ұйымдастыру,

зерттеу жұмыстары.

Жеке жұмыстар: кітаппен жұмыс, хабарлама, реферат және баяндама әзірлеу, құрал және көрнекі құралдар жасау, шағын зерттеулер жүргізу және т.б.

Таңдау курстарының түрлері көп, олар біртіндеп қалыптасуда. Соңғы уақытта жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматы етіп тәрбиелеу үшін химия бойынша сыныпта өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруда таңдау курсының сапасын

арттыру жолға қойылуда.

Оқушыларыдың әуестену бағыты алуан түрлі болып келетін ірі мектептерде таңдау курстары ұйьмдастырылады. Таңдау курсы арнайы жарғы бойынша жұмыс істейді, оның мазмұны әдістемелік әдебиеттерде баяндалған. Жарғыда таңдау курсының мақсаты, құрамы, мүшесінің хұқы мен міндеттері, басқару органдары және ұйымдық құрылысы, кітапхана және баспа істері нақтылы көрсетіледі. Таңдау курсының жұмысын жалпы жиналысында сайланған Кенес басқарады (5-15 адам). Таңдау курсы, әдетте, химиялық үйірмелердің негізінде құралады, жеке секцияларға бөлініп, жұмыс істейді. Секциялары химия ғылымының салалары және жұмыстың түрлері бойынша ұйымдастырылады:бейорганикалық химия, органикалық немесе модельдер жасау, құралдар құрастыру, дәрісшілер тобы, шыны үрлеу т.б. секциялар. Секциялардың және қатысатын оқушылардың санына шектеу қойылмайды. Таңдау курстарының мүшелігіне қабылдау және шығару жарғыға сәйкес жалпы жиналысында шешіледі. Мұнда еріктілік пен міндеттілік, белсенділік пен дәйектілік, жеке мен ұжым бірлігінің негіздері мүлтіксіз жүзеге асырылады.

Таңдау курстары мынандай түрлерге бөлінеді: жекелеген оқушылармен жүргізілетін жеке-дара, топтық, көпшілік жұмыстар. Бұл курстардың түрлері мен бағыттары оларға қатысатын оқушылар санымен, мазмұнымен, әдістерімен де бір-бірінен ерекшеленеді. Таңдау курстарының бір түрі – химия пәнінен химия ғылымына көбірек қызығатын оқушылармен жүргізілетін жеке дара жұмыстар. Бұларға теориялық немесе сарамандық жұмыстарды орындауға байланысты тапсырмалар, ғылыми баяндамалар, рефераттар даярлау, кабинетті жабдықтауға қажетті құралдар мен көрнекіліктер әзірлеу, талдауға синтездеуге байланысты зерттеулер олимпиадалық есептерді шығаруға дайындық, жарыс кештеріне даярлану т.б. жатады. Оқушылар ұжымы бір тақырып не бір жоспар бойынша екі – үш адамнан құралған шағын топқа біріктіріліп жұмыс жасайды. Мұнда да оқушылар оқушылар сарамандық жұмыстарды бірлесіп орындап, есептерді бірлесіп шешеді, стенттер әзірлейді, көрме ұйымдастырады, конкурстық немесе олимпиадалық есептерді шешеді. Топтық жұмыстардың негізгі

түрі - химиялық үйірме. Үйірме оқушылардың өз еріктері бойынша арнаулы бағдарламаға сәйкес құрылады. Үйірме жұмысын ұйымдастыру міндеттерінің бірі – оқушыларға еріктілік беріп, олардың ынтасын көтермелеп отыру, жоспар құруда олардың талап тілектерін ескеру. Үйірме – ол оқушылардың жеке тілектерін қанағаттандырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарға кеңірек тарту мақсатын көздейді. Үйірме мүшелерінің саны

10 – 15 оқушыдан артық болмау керек.


2. Таңдау курсын құрастыруға қойылатын талаптар.

Бейімді-бағдарлы оқыту дегеніміз - оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту. Ол тек қана мектептің жоғарғы сатысында жүзеге асады. Бұл жерде туындайтын бірінші маселе "Неге мектептің жоғарғы сатысы бейімді-бағдарлы болуға тиісті?" деген сұрақ болып отыр. Адамның барлық кезде жаманнан, нашардан, дұрыс еместен, пайдасыздан жақсыға, нашар емеске, дұрысқа, пайдалыға ұмтылатыны немесе аз пайда беретін нәрседен көп пайда беретін нәрсеге қарай ұмтылатыны табиғи жағдай.

Қазіргі кезде жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы сатысында жиырмаға жуық пән оқытылады. Және олардың барлығының мәртебесі бірдей. Демек, бұлардың бәрінен де бағдарлама межесі деңгейінде білім берілуі тиісті. Ол деген сөз оқушыға көп сала бойынша аз-аздан білім беріледі және соның салдарынан оқушылар еш бір саланы терең меңгеруге мүмкіндігі болмайды. Қазіргі казде әлемде білім беру мәселесі дамуынын үрдісінің негізгі ерекшеліктерінің бірі-ол білімнің тез өзгеруі, өмір сүру үшін қажетті мәліметтер ағыны жоғарғы қарқынмен көбеюі.

Сондықтан да бұрынғыдай жеткіншек ұрпақты энцеклопедиялық білімнен қаруландыратын уақыт кетті, оған мүмкіндік жоқ, оны заман ағымы көтермейді. Жеткіншек ұрпаққа аз-аздан барлық сала жайлы білім емес, терең бір ғана сала бойынша білім беретін мезгіл келді.

Демек, біз негізгі мектепті тәмәмдаған барлық оқушыны 10-шы сыныпқа отырғызбауымыз керек. 10 сыныпқа тек қана кейін ЖОО түсемін деген ниеттегі, білім деңгейі жақсы оқушы ғана отыруы керек. Ал басқалары құр салпақтап екі жыл бос жүрмей ерте бастан өмірдегі орнын табуға яғни сан-салалы жұмысшы мамандықтарының бірін иеленуге ұмтылғаны жөн.

Бұл жерде ескеретін бір мәселе Қазақстан Конституциясы бойынша әрбір азамат орта біліммен қарулануға міндетті.

Мектептің жоғарғы сатысында барлық балаға бірдей білім берілуге тиісті болғандықтан, білім беру деңгейі сөз жоқ орташа балаға лайықталады. Мұның жақсы оқитын балаларға зияны ұшан-теңіз. Атап айтқанда, олардың білімге деген талпынысы, құштарлығы ЖОО түсем деген ниеті тежеледі, не олар бұл жағдайларды қанағаттандыру үшін мектептен тыс мекемелердің, жекелеген мамандардың құзыретілігіне жүгінуге мәжбүр болады. Осыдан келіп барып әрбір ЖОО жанындағы ақылы дайындық курстары, оқушыларды ЖОО дайындайтын жекелеген курстар, репетитор арқылы оқыту сияқты мәселелер қазір қалаларда дүрілдеп тұр. Жарайды, интелектуалдық деңгейі жоғары қалаларда мұндай болғанымен ауыл жайлы бұлай дей алмасымыз хақ. Ол дегеніміз барлык, мектеп оқушыларына бірдей жағдай жасап отырғанымыз жоқ дегенді білдіреді. Яғни, қазіргі оқыту жүйесіндегі кемшілікті оқушылардың жартысы қандайда деңгейде жөндей алғанымен, қалғанына мұндай мүмкіндік мүлдем жоқ.

Осындай жағдайларды ескере отырып 2006-2007 оқу жылында Қазақстан мектептерінің жоғары сатысы бейімді - бағдарлы оқытуға кешуі керек деген.10-шы сыныптың 2006-2007 оқу жылына арналған оқу жоспарлары да, баспадан шыққан немесе шығып жатқан оқулықтары да тек қана бейімді -бағдарлы оқытуға лайықталған . Негізін Батыс Европа, Солтүстік Америка мемлекеттері қалаған бейімді-бағдарлы оқыту Ресей империясында да XIX ғасырдың екінші жартысында іс жүзіне аса бастады. Атап айтқанда, 1864 жылғы мектеп реформасы жеті жылдық гимназиялардың екі бағытын анықтады. Олар оқушыларын университетке түсуге дайындайтын классикалық гимназия және оқушыларын практикалық қызметке немесе арнаулы оқу орнына түсуге дайындайтын реальды гимназиялар.

Қазан революципсынан кейінгі алғашқы он-он бес жылда бейімді-бағдарлы оқыту мәселесі КСРО-да жаңа мазмұнға ие болды. 1918 жылы білім саласы қызметкерлерінің I бүкіл ресейлік съезінде қабылданған еңбек мектебінің ережесі бойынша орта мектептің жоғарғы сатысыңда үш бағытта бейімді-бағдарлы оқыту ұйғарылды және олар гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және техникалық деп айқындалды.

Алайда, қоғам дамуының обьективті заңдылығынан туындап отырғалы осы мәселе КСРО басшылығының керағар саясатынан өз жалғасын таба алмай қалды. 1934жылы жарық көрген КСРО-дағы бастауыш және орта мектеп құрлымы жайлы партия және үкімет қаулысына сәйкес Кеңес Одағы мектептерінде бір ғана бағдарламамен, бір ғана оқулықпен, бір ғана оқу жоспарымен жеткіншек ұрпақты оқыту көзделінді. Соның салдарынан мектептерден саралап оқыту, бейімді-бағдарлы оқыту мәселелері аластатылды.

Дейтұрғанмен, заман ағыны, қоғам талабы қатаң ұсынымдарға негізделген комунистік қоғамның өзін бірте-бірте өз дегеніне көндіре бастады. 1950 жылдардың аяғында ақ КСРО ғылым-педагогтары жалпы орта біліммен жоғарғы білімнің әсіресе техникалық жоғарғы білімінің арасындағы сабақтастықтың нашарлығынан туындаған мәселелерді ескеру барысында бейімді-бағдарлы оқытуға байланысты ғылыми-зерттеу және экспериментік жұмыстар жүргізе бастады.

Кеңес Одағы кезінде осындай жағдайлардан екінші рет өз өмірін қайта бастаған бейімді-бағдарлы оқытудың әр түрлі формалары бүгінгі ұрпақтың бүгінгі ие болып отырған білім деңгейлеріне өз үлестерін қосқаны анық.

Химиядан таңдау курстарын өткізуге қойылатын әдіснамалық талаптардың критерийлері мынадай болуы тиіс:

1. Концептуалдық (тұжырымдамалығы) — белгілі бір ғылыми концепцияға сүйену.

2. Жүйелілігі — үрдістің логикасы (ой ізділігі) барлық бөлімінің өзара байланыстылығы, біртұтастылық.

3. Басқаруға икемділігі — диагностика, жобалау, сатылы диагностика, коррекциялау мақсатымен құралдар мен әдістерді жинақтап қорыту.

4. Тиімділік - конкуренция жайданында жұмсалған күш, әрекеттердің тиімділігі, белгілі бір оқыту стандартына жету кепілділігі.

5. Қайта жаңғыру — басқа бір білім беру мекемелерінде басқа бір адамдардың қолдану мүмкіндігі .



3. Таңдау курсын өткізудің тиімді әдістері.

Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми техникалык, экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағытталуда. Республика өміріндегі бұл өзгерістер, сөз жоқ, білім беру саласына, соның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Сондықтан мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату - басты міндет болып қала береді. Өйткені егеменді елдің ертеңі оқу-білімінің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді. Осыған байланысты мектептегі оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мынадай болуы тиіс:

1. Окушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге бағьттау.

2. Білімі мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу.

3. Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын калыптастыру, дамыту.

4. Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

XX ғасырды артқа қалдырып, XXI ғасырды бетке алып келе жатқан Қазақстанның орта мектептері өздерінің тарихи миссиясын орындап болды, сондықтан орта мектепте реформалау қажеттігі туды. Өйткені белгілі бір мөлшердегі «білім жиынтығын» алу жүйесі ескірді, ертедегі ойшылдардың сөзімен айтсақ, «шәкірт — нығарлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды қажет ететін шырақ». Ал мектеп - конвейер емес, керісіншс кең түрде ойлай алатын жеке адамды калыптастыратын сфера. Олай болса, мектепте білім беру ісіндегі басты приоритет — оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу.

Ол үшін не істеу керек?

Ең біріншіден, өз таңдаулары бойынша оқытудың ұстанымын жүзеге асыру, яғни денсаулығын, дамуын, қызығуын ескеріп, мүмкіндіктерін ашу.

Екіншіден, оқыту үрдісінің сапасын арттырудың басты кұрам бөлігі - жақсы түсінікті тілмен жазылған оқулық. Ол жоғары сапалы, ғылыми, түсінікті, қысқа, дәл, тілге жеңіл, мазмұнды, қазіргі технология мен педагогика талаптарына сай келетін болуы керек.

Қазіргі барлық типтегі мектептердің ұраны көптүрлілік, көпнұсқалық, тандау екенін өмір көрсетіп отыр. Өйткені барлык елдердің тәжірибесіндегідей негізгі концептуалды идея — мектеп бітірушілерге аяқталған орта және кәсіптік білім беру. Ол үшін қазіргідей 11-сыныпта 17 әртүрлі пән, 9- сыныпта 16 әртүрлі пән оқыту мақсат емес. Мемлекеттік базистік жоспарды басшылыққа ала отырып, министрлік көппәнділікті койып, кайта көпнұсқалықка, яғни оқушының өз үғымы, талғамы бойынша салалап окытуға ден коюда.

Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, яғни педагогика ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап етеді.. Қоғамды гуманизациялау, оқытуды дифференциациялау арқылы оқушылардың өз тандауына жол ашады (пәнді оқыту формасын, т.б.). Сол арқылы оқушы өз қажетгілігін қамтамасыз етіп, тандау алған жолында жетістікке жетуге мүмкіндік алады. Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы әрбір оқушының жеке қызығуы мен мүмкіндіктерін ашу болмақ. Окушының іс-әрекеті көптеген мінез-құлық параметрлерімен (іс-әрекет сипаты, жеке интеллектуалды дамуы, сөйлеу мәдениеті, өз бетінше жұмыс істеуі, жауапкершілігі, өз еркімен ұсыныс жасауы, т.б.) бағаланады. Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырылмайды, керісінше дамуына қарай өзімен-өзі салыстырылады. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жеткен жетістігіне берілген мадақтау, қызығуы мен қажетін көтермелеу құралына айналады.

Таңдау курсының мақсаты өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан, оқушылар өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын меңгеруі керек. Ізгілендіру жағдайында оқытудың негізгі формалары-топтық және жеке түрлері көп колданылады. Ал фронтальды түрі тек бағыт беруде, талдағанда және түзету жасауда (коррекция) қолданылады. Топтық оқытудың ерекшелігі — жастары шамалас шағын топтағы оқушылардың бірігіп жұмыс істеуінде. Мұндай шағын топта оқушы өзін жоғалтпайды. Қажет болса, мұғалімнің ұйғаруымен де олар бір-біріне көмектесіп, ортақ тапсырмалар орындайды немесе ортақ есептер шығарады. Мұндай жағдайда әр оқушы жетістігі мен кемшілігін бағалап қана қоймай, олардың ортақ нәтижеге қандай үлес қосқаны да ескеріледі. Ал жеке жұмыс істеу әр оқушыға жеке тапсырмаларға жете үңіліп, оларды орындауға, өзі үшін де тырысуға жол ашады.

Таңдау жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы ерекше болады. Олардың эмоциялық сезім-түйсіктеріне әсер ете білген ізденістерден көп пайда болатыны айтпаса да түсінікті. Ақыл-парасаттан гөрі сезім-түйсігі ұшқыр балаларға көп жағдайда бағдарламалық тақырыптарды тосын тәсілдер аркылы түсіндіру пайдалы. Бұл үшін мұғалім сабақ өткізуде дәстүрлі шеңберде қалып қоймайтын ізденістер жасауы тиіс.

Сондыктан жаңа педагогикалық технологияларды енгізу — оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, басқа да көптеген мәселелерді шешеді. Оқушы мемлекеттік стандартты ғана алып қоймайды, өз кабілетіне қарай таңдау, әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады. Деңгейлеп дифференциялау ішкі дифференциациясының функциясын атқара отырып, тиімді түрде мектепте қосымша білім беруді кіріктіре жүргізуге мүмкіндік береді.Нәтижесінде көптеген пәндерді терендетіп оқытатын курстар деңгейлеп дифференциациялау ішіне кіреді.

Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың , қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етуінің негізі ретінде жаңа педагогикалық технологиялар түрлері көбейе түсуде. Сондықтан осындай жаңартылған педагогикалық технологиялар ішінен өз қажеттісін тандап алу- әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс.



4.Таңдау курстың бағдарламасының құрылымдық бөліктері :

-титулдық бет ;

-түсіндірме жазба ;

-тақырыптық жоспар ;

-оқылатын курс мазмұны ;

-әдістемелік нұсқаулық ;

-әдебеттер.

Титулдық бетке кіретіні :

-жобаны жасаған білім беру мекемесінің атауы ;

- қайда , қашан және бағдарламаны кімнің бекіткені турасындағы мәлімет ;

- таңдау курстың атауы ;

- қай сыныпқа арналғандығы ;

- бағдарлама авторының дә\лауазымы мен аты – жөні ;

-қаланың , тұрғылықты жердің атауы ;

- бағдарлама жасылған жыл.



Түсіндірме жазба. Оның мазмұны төмендегідей болып келеді :

-аталған курсты енгізудің қажеттілігі ;

-курстың бейімді оқытудағы орны мен рөлін көрсету. Ең атап көрсетуге тиісті нәрсе бейінділікпен оқытудағы пәннің жалпы білім беруге қатысы , оқытылу барысындағы пәнаралық қатынастың қамтылуы , оның қандай жалпы білім беру мен бейімділік машықтарын дамытатындығы , оқушының танымын белсендіруі мен мамандық таңдаудағы әсерінің қаншалықты екендігі ;

-курстың мақсаты мен міндеті ;

-бағдарламаның жүзеге асырылу кезеңі ;

-материалды таңдау мен құрылымдық екшеудің негізгі принциптері ;

-сабақ кестесі , оқытудың әдіс мен формасы ;

-күтілетін нәтиже ;

-нәтижені бағалаудың жолдары.

Оқу - әдістемелік жоспар. Ол төмендегідей болып келеді :

-бөлімдер мен тақырыптар тізімі ;

-оны оқытуға бөлінген сағат санының көрсетілуі ;

-сабақ түрлері тізімі.



Курс мазмұны. Барлық тақырыптың қызқаша сипаттамасы :
Әдістемелік нұсқаулық. Ол төмендегідей болып келеді :

-әрбір бөлім мен тақырыпты оқытудың ақыл – кеңесі ;

-жұмыстың амал – тәсілдері мен қоланылатын оқыту ;

-дидактикалық материалдар.



Ұсынылатын әдебиеттер мен басқа нұсқаулықтардың тізілімі. Оған мақалалар мен кітаптардан , сонымен бірге курсты оқытуға қажетті оқу - әдістемелік материалдардың әр қилы түрлерінен тұрады. Оны міндетті түрде 2 бөліктен : оқытушыларға арналған , оқушыларға арналған.

Оқу бағдарламасын бағалау критерииі :

-оқушылар үшін жаңашылдық деңгейі ;

-уәжділік әлеуеті (мотивирующий потенциал // курс мазмұны оқытушылардың қызығушылығын тудыруы) ;

-дамытушы әлеует ( бағдарлама оқушының интеллектуалдық , тәжірибелік , шығармашылық , сезімдік дамуын қамтамасыз ете ала ма ) ;

-айтылған желілердің толықтығы мен түйінділігі ;

-ұсынылатын материалдың байланыстылығы мен жүйелестігі.

-Жасалынған бағдарламаны төмендегі аспектілер богйынша бағалау керек :

-оқытудың белсенді әдіс – тәсілдерін қолдану ;

- оқыту нәтижесін бақылаудың дәрежесі ;

- бағдарламаның өмірде жүзеге асуының шынайылығы.



10- сыныпқа арналған таңдау курсы «Химия тұрмыста» бағдарламасының мазмұны.

Адамзат қоғамы бұдан мыңдаған жылдар бұрын кейбір табиғи шикізаттарды мұқтажына сай өңдеп, қажетіне пайдалана білген.Қазақ халқы да тұрмыс химиясын ерте уақыттан өз қажетіне жарата алған. Мысалы, өсімдік клеткаларынан бояғыш құрауыштарды бөліп алып: мақта-мата, жүн және ағаш бұйымдарын бояу, сабын, былғау, тері илеп, оны бояу, айранның сары суымен шашты жуып, оған жұмсақтық қасиет беру, т.б. химиялық процестерді күнделікті қажеттіліктеріне пайдаланған.

Бүгінде химия шаруашылықтың барлық салаларында, күнделікті тұрмысымызда кеңінен қолданылады.Қазіргі уақытта ғылым мен техника жетістіктері нәтижесінде тұрмыс химиясы зор қарқынмен дамуда, сондықтан әлемнің басқа елдеріндегідей, қолданылу сипатына қарай оларды былайша топтастырып, жіктейді: жуғыш заттар, тазартушы, залалсыздандырушы заттар, үй жиһаздары мен еденді сүртуге, зиянды жәндіктер мен өсімдіктерді жоюға арналған препараттар, ағартушы және рең беруші заттар, желімдер, бояулар мен лактар,т.б.

Ерте заманнан бері адамдар күнделікті тұрмысында химиялық құбылыстармен кездесіп отырды. Қоршаған табиғат көптеген химиялық реакциялардан тұрады. Тіршілік барысында адамзат баласы қоршаған ортадағы көптеген химиялық реакциялармен және химиялық жолмен жасалынған бұйымдармен кездесіп отырады. Тұрмыста кең қолданылатын, химиялық жолмен жасалынған немесе химия ғылымына қатысы бар біраз заттарға химиялық көзбен қарайық.

Қазіргі кезде химия өнімдері біздің өміріміздің барлық салаларына, күнделікті тұрмысмызға кеңінен еніп отыр. Бізді қоршаған орта химия саласымен тығыз байланысты, сондықтан да химия күннен күнге, жылдан жылға тез қарқынмен дамуда, үнемі химияға байланысты жаңа заттар пайда болып отыр. Жедел қарқынмен дамып келе жатқан салалрдың бірі – ол күнделікті өмірде қолданылып жүрген – тұрмыс химиясы.

Тұрмыс химиясының негізі – ол үй іші жиһаздарын, киім-кешектерді, қабырғаларды тазалайтын заттар, ыдыс жуатын құралдар, косметикалық опа-далаптар, құрылыс материалдарын, синтетикалық жуғыш заттар даярлап шығару, олардың тұрмыста қолданылуын, әдіс-тәсілдерін оқушыларға кеңінен үйрету жағдайы қарастырылады.

«Химия тұрмыста » арнайы курсы 10 сынып оқушыларына арналған. Ол «бейорганикалық химия» және «органикалық химия» пәндеріне қосымша курс болып табылады.

Аптасына 0,5 сағатқа, жылына 17 сағатқа есептелініп жасалған. Курсты оқыту барысында бейорганикалық та, органикалық та қосылыстар қарастырылған.



Бағдарламаның мақсаты: Оқушылардың күнделікті өмірде жиі қолданылатын әр түрлі заттар туралы білімдерін кеңейту, оларды тұрмыста қолданылудың әдіс –тәсілдерін үйрету.

Бағдарламаның міндеттері:

  1. Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, әртүрлі заттардың күнделікті өмірде қолданылуын эксперимент жүзінде дәлелдеуі, ойын жинақтауды, өз бетімен ізденуін қалыптастыра отырып дамыту.

  2. Оқушылардың интеллектуалды және практикалық білімі мен дағдысын қалыптастыру.

  3. Оқушылардың ғылыми- зерттеу ізденісін, коммуникативті дағдысын, топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту.

  4. Оқушылардың керек материалдарды өз бетімен іздеп, қорытындылауға дағдыландыру.

Мамандыққа бағдар беру: Химия пәндік мүмкіндіктерін пайдаланып, оқушыларға кәсіптік бағдар беру қажет, өз жерінде сұраныс туғызатын мамандыққа баулуға жағдай жасау керек

Курсты жүзеге асыру формалары. «Химия тұрмыста » курсында химия пәні бойынша білімдерін одан әрі меңгеру, оны оқыту үрдістерін түрлендіру арқылы жүзеге асырылады. Сабақ процесі лекция, семинар ,өздік жұмыс, лабораториялық және сарамандық жұмыстар арқылы талқылау, эксперименттік жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

Курсты оқытуды аяқтау формалары: Курсты қортындылау барысында оқушылардың жұмыс нәтижелерін бақылау үшін түрлі формалар қолданылады. Атап айтқанда рефераттар жазу, баяндамалар мен хабарламалар, буклеттер әзірлеу және т.б.

Бағалау формалары: Оқушылардың алға қойылған мақсат пен жас ерекшеліктеріне қарай бағаланады.Бағалау барысында: материалдардың дұрыс, әрі сапалы баяндалуын, ұғымдар мен заңдылықтардың толық ашылуын, химиялық терминдердің дәл қолданылуын, оқушылардың дербес жауап беруін, материалдардың логикалды, дәлелді баяндалуын және өзіндік икемделілігін қалыптастырғанын ескеру қажет.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылдатын талаптар:

Химия пәні бойынша алдымен техникалық қауіпсіздік еске сақтау.



  1. Химиялық терминдерді дұрыс атау.

  2. Химиялық теңдеулер мен формулаларды дұрыс жазу.

  3. Лабораториялық жұмыстар жасау кезінде приборлар мен заттарды дұрыс ұстай білу.

  4. Заттарды аз мөлшерді құйып алу.

  5. Әр заттың құрамын анықтай білу.

  6. Құймалардың құрамын анықтай білу.

  7. Қарапайым судан кермек суды ажырата білу.

  8. Кез -келген химиялық заттардың қолданылу жолын білу.

  9. Химиялық заттардан уланған кезде алғашқы көмек көрсете білу.

  10. Құрылыс материалдарын ажырата білу.

  11. Дақтарды кетіру үшін дақ кетіретін заттарды дұрыс пайдалана білу.



Мазмұны

( әдістемелері 1- қосымшада)



Кіріспе: (1 сағ.)

Химия өмірде және тұрмыста.



І. Тақырып: Химиялық заттардан улану( 1 сағ.) Газдардан, қышқылдардан, сілтілерден, фосфорлы заттардан т.б. улану.Алғашқы көмек көрсету.
ІІ.Тақырып: Химия және тамақ (1 сағ) Тамақ өнеркәсібі.Жасанды тағамдар. Тағамнан улану. Витаминдер.

ІІІ.Тақырып: Химчистка үйде( 1 сағ.)Дақтарды кетіру.Майлы заттар, жеміс-жидек, қан дақтарын кетіру.Пальто, тері киімдерін тазалау.Кілем және мехтарды тазалау.

ІV.Тақырып:Талшықтар . Синтетикалық және жасанды талшықтар.(1 сағ) Капрон, кеврал, лавсан, акрил, ацетатты т.б. талшықтар.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Саясаттанумамандығына арналған «КӘсіби қазақ тілі» пәнінің
umkd -> ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері
umkd -> Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі
umkd -> «ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді