«мектепте химиядан кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» «5В011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Бағдарлы оқытуда таңдау курстарының орны



бет2/6
Дата10.09.2017
өлшемі131.63 Kb.
#20007
1   2   3   4   5   6

3.Бағдарлы оқытуда таңдау курстарының орны.

|Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты жағдайаттар білім беру ұйымдарының түлектеріне елеулі жоғары талаптарды жүтейді. Бұл жағдайда жалпы білім беру мақсаты көп міндетті компетенциялармен (құзырлармен) шығармашылық іс-әрекет тәжірибесімен қаруланған, бүгінгі өзгермелі жағдайларда бағдарлана алуға дайын адамды дамыту болып табылады. Жоғары сыныптардағы бағдарлы саралау осы міндетті жүзеге асыруға бағытталады.

Бағдарлы оқыту жалпы білім берудің жоғары сатысындағы оқушылардың дара білім алу бағыттарын жүзеге асырудың негізгі тәсілі ретінде қарастырылады. Педагогикалық-психолсгиялық әдебиеттерде білім мазмұнын бағдарлы саралаудың мәні "оқушылардың орнықты мүддесі, қабілетілігі, бейімділігі аясында олардың осы қасиеттерін таңдап алған бағыттарында мүмкіндігінше дамыту мақсатымен мамандыққа бағыттау болып табылады" деп берілген.

Соңғы жылдары еліміздің көптеген мектептерінде физика-матемакалық, гуманитарлық, техникалық, химия-биологияяық және т.б. бағдарлы сыныптар ұйымдастырылып, гимназиялар, лицейлер, колледждер және авторлық мектептер ашылуда. Мұндай сынаптардың көпшілігі нақты жоғары оқу орнына түсуге дайындыққа бағытталған. Олардағы пәндер бағдарламалары жоғары оқу орнының талаптарын ескере отырып құрылады. Алайда мұндай оқыту жалпы білім беретін мектептің басты мақсаттарына, тұлғаның даралығын ашу негізінде оны дамытуға, әрбір оқушының тұлға ретінде өзінің қажеттілігі мен мүмкіндігін іс жүзінде көрсету үшін қажетті психологиялық-педагогикалық жағдайлар туғызады .

Пәнді тереңдетіп оқытуға арналған арнайы мектептерге қарағанда бағдарлы оқыту барлық оқушылар үшін ұйымдастырылады және олардың мүдделері, бейімділіктері,өмірлік жоспарларына байланысты саралануы және оқу мүмкіндіктері өзін-өзі анықтауы ретінде көрініс табуы тиіс. Сондықтан оқу бағдарламаларын құрастыру кезінде тек білім беру стандартына ғана емес, оқушылардың таяу даму аймағына да бағдарлануы қажет. Кейбір мектептерде бағдарлы саралау қабілеттілік және қабілетсіздік бойынша жүргізіледі, оқушылар тестілеу, қабылдауға арналған бақылау жұмыстары, әңгіме жүргізу негізінде қандай да бір бағдарлы сыныпқа анықталады. Дегенмен, қабілеттілік немесе оқудағы жетістіктер динамикалық, бірқалыпсыз түрде көрініс табуы мүмкін. Қабілеттіліктің ертерек байқалуы, содан кейін тез-ақ сөнуі немесе керісінше, кейбір оқушылардың есейе келе бұрын байқалмаған алғырлығы пайда болуы мүмкін. Ондай жағдайда оқушылардың қандай да бір топқа жатуы күмән туғызады. Сонымен қатар оқушыларды бағдарламалық материалды игеруі бойынша «күшті», «орташа», «нашар» оқушы деп бөліп, үлгерімі негізінде бағдарлы сыныптарды ұйымдастыру әр топ үшін оқшауланған біртекті мектеп ортасын құруға әкелуі мүмкін[8].

Оқушылардың өздері оқу бағытын демократиялық анықтау жағдайындағы нақты тәжірибеде оқу бағдарын кездейсоқ (ата-аналарының талабы, жолдастарымен бірге болуға талпыныс ,беделді жоғары оқу орнына түсуге бағытталуы және т.б.) таңдап алатын жағдайлар кездеседі.

Оқушылардың оқуға қызығулары орнықты емес. Кейбір оқушылар оларды бағдарлы сыныптарға қабылдауы кезінде, жалпы алғанда, өздерінін, ниеттерін байқатқандықтарымен (таңдап алынған пәндік білім саласында жақсы дайындығы болуы) ары қарай бұл сыныпта оқу барысында қанағатанбаушылық, оқу жүктемесінің артуын сезінуі нәтижесінде оқу бағытын ауыстыруға ниет білдіреді.

Бұл оқушылардың оқу мүдделерінің орнықты еместігін және өзгермелі екедігін көрсетеді, тек уақыт пен педагогикалық жағдайлар ғана олардың орнықтылығын тексеруге мүмкіндік туғызады. Осы тұрғыда білім мазмұнын бағдарлы саралауды ұйымдастырудың оңтайлы жолдары мен түрлерін жүзеге асыру орынды болмақ. Мысалы, негізгі мектептің 7-9 сыныптарында базистік оқу жоспарында көрсетілген вариативті бөлік есебінен таңдау курстарын жүргізу орынды болады. Бағдар алды сатыда бағдар таңдау курстарын ұйымдастыруға ынталандыру мақсатында негізгі мектепті бітіретін оқушы жоғары сатыда бағдарлы деңгейде оқитын пәндері бойынша емтихан тапсыруы тиіс. Бағдар алды сатыдағы бағдар таңдау модулдік курстарының аяқталғандық сипаты болуы және 5-6 пән бойынша ұйымдастырылуы олардың қысқа мерзімді әрі алмасып отыратын сипаты болуы мүмкін. Бұл курстар оқушыға таңдап алған бағдардағы сынып жұмысының мазмұны мен түр-пішінімен танысуға мүмкіндік береді және ол өзі үшін осы сыныпта оқу материалын өтудің берілген қарқында оқи алатынын немесе оқи алмайтынын анықтай алады. Себебі, оқу бағытьн кездейсоқ таңдап алған көптеген оқушылардың бұл сыныпта оқуы кезінде оқуға деген ынтасының төмендеуі білім негіздерін меңгеруде қиналуы, өзінің танымдық мүмкіндіктеріне сенбеуі мүмкін. Жалпы алғанда бағдарлы сыныптарға қабылдау конкурстық негізде де жүргізілуі мүмкін.

Бағдар алды сыныптарда таңдау курстарды өткізудің де рәлі зор. Мұндай курстар, мысалы, химиядан таңдау курс өткізу оқушылардың қызығуын артыруға, ары қарай білімін жалғастыруға білімдік база жасауға, оқушыларды іс-әрекеттік біліктіліктерге үйретуге, оқу және пәндік іс-әрекеттің әр түрлі формаларында өзін көрсете білуге мүмкіндік туғызады. Іс-әрекеттік негіз бұл курстардың ерекшелігі болып табылады. Бұл жағдайда оқушылардың бағдарламалық және қосымша білімдерді белсенді, саналы игеруі және қажетті компетенциялармен қалыптасуы жүзеге асады[9].

Бағдарлы саралау оқушылардың өздерінің танымдық қызығуларына, қабілеттілігіне, оқудағы жеткен жетістіктеріне және кәсіби ниеттеріне байланысты олардың оқыту бағдарын еркінше таңдап алуға негізделген. Ол оқушылардың белгілі бір тобына қатысты даралық тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға бағытталған. Әр топтағы оқыту үрдісі түрліше жүреді: білім мазмұнымен ерекшеленеді, оған қандайда бір оқыту әдістерінің,түрлерінің және тәсілдерінің басымдық рөлі, оқушылар мен муғалімнің өзара қарым-қатынас стилі өзгереді және т.с.с.

Білім мазмұнын бағдарлы саралаудың негізгі критерийлерінің біріне мектепте білім берудің негізін құрайтын ғылым негіздері зерделенетін пәндерді саралауға "пәндік" тұрғыдан қарау жатада. Бұл жағдайда оқыту бағдарына қарай нақты оқу пәні түрлі міндеттерді атқара алады:

- жалпы мәдениеттің негізін қалауы;

- оқушылардың арнайы дайындығьндағы негізгі пән бола алуы;

- басқа білім салаларымен қарулану үшін қажетті құрал ретінде көрініс табуы.

Әдетте қандай да бір пәнді зерделеуге немесе қандай да бір іс-әрекет түрімен айналысуға қабілеттілік пен қызығу, көбінесе, сәйкес келеді, өйткені әдетте бейімділік, ықылас және қызығу кәсіпті таңдау үшін ішкі негіздер болып табылады. Оқушылардың көбісі өзінің болашақ өмірін зерделенетін саладағы жұмыспен байланыстырады. Мысалы: химияны зерделеуге қабілетті оқушы осы пәнді қызыға оқып, өзінің болашақ мамандығын осы ғылым саласындағы қызметпен байланыстырады.

Оқушылар есейген сайыи олардың мүдесі мен кәсіби ниеті сәйкес келе бастайды. Белгілі бір пәнге қызығушылық пен қабілеттілік көрсеткен оқушы өзіне мамандықты нық таңдай алады және тәжірибе көрсеткендей, қандай да бір пәнге қызығу танытпаған оқушылар кәсіпті таңдап алуға қиналып, оны жиі өзгертеді. Педагогикалық зерттеулер 13-14 жасқа дейін кәсіби ниет пен пәнге деген қызығу арасындағы ешкандай байланыс байқалмайтындығын, ал 14 жастан бастап кәсіпті таңдау нақты оқу пәніне деген қызығумен айқын байланыса бастайтындығын көрсетеді [10].


4.Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру және түрлері.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілері деп нақты жағдайларда бағдарлы оқыту түрлерін жүзеге асыру тәсілдерін айтады.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілерінің мүмкін нұсқалары ретінде мыналарды атауға болады:

- бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың мектепішілік үлгісі;



- бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгісі:

- ресурстық орталық негізінде ұйымдастыру

- әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастыру.

Ұйымдастыру үлгілерінің түрліше болуы бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың типтері мен формаларын үйлестірудің алуан түрлі болуынан туындайды.

Мектептің бағдарлау үлгісін тандау кезінде мыналар ескерілуі қажет:

- оқушылар мен олардың ата-аналарының тарапынан жеке пәндер бойынша көтеріңкі деңгейде білім алуға әлеуметтік сұраныстың болуы;

- таңдалып алынған бағдар бойынша жоғары оқу орындарында немесе орта арнайы оқу орындарында білімін жалғастыруға талпынысы;

- мектеп бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі;

- жоғары сынып оқушыларының жеке қызығушылықтары, қабілеті мен бейімділігі;

- сынып оқушыларының көпшілігінің таңдалып алынатын мамандану пәндері бойынша нақты дайындық дәрежесі;

- бағдарлы оқытуды жүзеге асыратын жетік пән мұғалімдерінің болуы;

- мектептің материалдық-техникалық базасы,

1. Мектепішілік бағдарлау үлгісі деп бағдарлы оқытуды беретін бір ғана мекеменің күшімен ұйымдастыруды айтады. Бұл жағдайда жалпы білім беретін мекеме бір бағдарлы немесе көпбағдарлы болуы мүмкін.



Бірбағдарлы білім беретін мекеме таңдалып алынған бір ғана бағдарды, мысалы, жаратылыстану-математикалық немесе қоғамдык-гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады. Көпбағдарлы білім беретін мекеме оқытудың бірнеше бағдарын, мысалы, жаратылыстану-математикалық және қоғамдык-гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілерінің кай-қайсысының да артықшылығымен қатар кемшіліктері де болатынын ескерген жөн. Енді осыларға жеке-жеке тоқталайық.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың бірбағдарлы түрінің артықшылығы мыналар:

- мектеп педагогикалық ұжымының бір бағдар шеңберіндегі мақсатты жұмысы;

- берілген бағдар бойынша материалдық-техникалық қорларды шоғырландыру;

- мектеп бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Ал кемшіліктері ретінде мыналарды атауға болады:

- оқушылардың қызығушылықтарының үйлеспеуі, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі нақты оқу орнына түсуге бағдарларының әртүрлі болуы;

- біркомплектілі мектептерге бағдарлы оқытуды енгізу бойынша ұйымдастырушылық шешімдердің болмауы;

- оқушылардың қабілеті мен қызығушылығын ескермей оларды біржақты дайыидау, білім алушыларды бір бағдар ішінде теңдестіру.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың көпбағдарлы түрінің артықшылығына мыналарды жатқызуға болады:

- оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері, олардың қызығушылығы мен сұраныстары ескеріледі;

- тұлғаның дамуының жеке траекториясы құрылады;

- оқушының оқыту бағдарын таңдауда қателескен жағдайда бір сыныптан екінші сыныпқа өтуге мүмкіндігі болады.

Ал кемшіліктеріне келетін болсақ, олар төмендегідей:

- оқушының оқыту бағдарын таңдауда қателескен жағдайда бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі мүмкін.

- оқушылардың жаңа интеллектуалдық ортаға көшуіне байланысты алаңдаушылығы мен үрейі артады.

- қаржыландыруда түрлі қиындықтар кездеседі.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың осы үлгісін енгізу кезінде жалпы білім беретін мектептер нақты бағдарға бағытталады және сонымен қатар оқушыларға белгілі бір бағдарлы пәндердің, қолданбалы немесе таңдау курстарының санын елеулі арттыру есебінен өздерінің жеке бағдарлы білім беру бағдарламаларын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мектепішілік бағдарлау үлгісін жүзеге асыру қала жағдайында қолайлы. Шағын қала жағдайында бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгісі, яғни ресурстық орталық базасында немесе әлеуметтік серіктестік негізінде оқыту үлгісі жүзеге асырылуы мүмкін.

Бағдарлы оқытуды ресурстық орталық базасында және әлеуметтік серіктестік негізінде жүзеге асыру білім беру кеңістігін қалыптастыру мақсатымен басқа да білім беру ұйымдарының білім беру қорларын мақсатты және ұйымдасқан түрде тартуды (жұмылдыруды) көздейді. Бұл білім беру үрдісіне қатысушылардың барлық талап-тілектерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Бағдарлы оқытуды ресурстық орталық негізіндө ұйымдастыру кезінде жалпы орта білім беретін бірнеше мектеп материалдық және кадрлық әлеуеті жеткілікті, неғұрлым күшті бір ғана жалпы білім беретін мекеме - "ресурстық орталық" төңірегіне шоғырланады. Бұл жағдайда жалпы білім беретін мектеп базалық жалпы білім беретін оқу курстарын, ал ресурстық орталық бағдарлы жалпы білім беретін курстарды жүзеге асырады.

"Ресурстық орталық" үлгісінің артықшылығы сол, онда білім беретін мекемелердің әрқайсысының кадрлық немесе мәтериалдық-техникалық әлеуеті жеткіліксіз және оқушылар саны аз болған жағдайда да оқушылар бағдарлы дайындық курстарын таңдау толықтығын жүзеге асыра алады.

Ал кемшіліктері мыналар:

- ұйымдастырудың күрделілігі,

- мұқият үйлестірудің қажеттілігі,

- оқушыларға педагогикалық жетекшілік жасау шығындарының артуы.

Бағдарлы оқытуды әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастыру кезінде білім беретін түрлі типтегі мекемелер -мектептің әлеуметтік серіктестері торабы шеңберінде бағдарлы дайындық беріледі. Торап шеңберінде бағдарлы курстар мен таңдау курстарын мектептің әлеуметтік серіктестері, яғни шағын (кішігірім қалада немесе ірі қаланың бір ауданында) жинақы орналасқан білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің әртүрлі типтері мен түрлері ұсынады [11].

Бұл жағдайда жалпы білім беретін мектеп базалық жалпы білім беретін оқу курстарын, ал мектептің әлеуметтік серіктестері:

- бағдарлы жалпы білім беретін курстарды;

- тәжірибеден өткізуді;

- жобалық және зерттеу жұмыстарын;

- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды жүзеге асырады,

"Әлеуметтік серіктестік" үлгісінің артықшылығы ретінде мыналарды:

- білім беру бағдарламаларының көп нұсқалылығының артуын,

- оқушылардың таңдау мүмкіндігінің артуын,

- серіктестер арасында тікелей байланыстың болуын атауға болады.

Кемшіліктері мыналар:

- ұйымдастырудың күрделілігі;

- қаржымөн қамтамасыз етудің күрделілігі;

- оқушылардың таңдау курстарын игергендігін мониторингілеудің

күрделігі [2].


5. Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар берудің жолдары.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы бүгінгі таңда ең актуальды проблема болып саналады. Кәсіптік бағдар берудің басты өлшемдерін, негізгі жұмыс бағыттарын айқындау, ол бойынша кеңестер кұру - басты міндет. Олай болса, кәсіптік бағдардың мазмұнын, мақсатын анықтайтын оның тиімді жолдарын, формаларын жасау аса қажетті мәселе. Екіншіден, оқушыға мамандық тандаудағы кәсіптік бағдар берудің жүйелі тұжырымдамасын жасау керек. Мектеп бітірер алдында оқушының саналы түрде кәсіптік мамандықты дұрыс таңдауы оның бүкіл келешектегі өміріне үлкен әсерін қалдырады. Сондай-ақ өмірдегі өз орнын табуына бірден-бір себеп бола алады. Осыларға негізделе отырып, кәсіпттік бағдардың тиімді көрсеткіштері анықталады. Еңбек етудің мазмұны мен жағдайын, жолдарын білмей тұрып, оқушы өзінің таңдаған мамандығын меңгере алмайды[12].

Мамандық таңдауға үй-іші, отбасының қарым-қатынасы, әсері, бағыт беруі, ата-ананың үлгілі еңбек жолдары, еңбек адамдарының жақсы тәжірибелері, оқушының әр түрлі еңбекке деген көзкарасы, қабілеті, ынтасы, қызығушылығы, жігері, зейіні де үлкен әсер етеді.

Қазіргі кезде нарықтық қатынас жағдайында жастарды мамандық алуға даярлаудың негізгі бағытында аймақтың экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымының ықтимал өзгерістерін есепке алып анықтаудың үлкен маңызы бар.

Облыста жинақталған аналитакалық материалдарды пайдалана отырып, кәсіптік бағдар жүйесін үйымдастыру мақсатында арнайы "Кәсіптік бағдар" орталығы ашылды.

Алайда қазіргі нарықтық жағдайда отбасы, педагогикалық ұжым, жұртшылық бұл іске жаңаша тәрбиеленуі, жұмыс істеулері қажет. Көпшілікті ұйымдастыру оқушыларды, сондай-ақ, жауапты адамдарды баулу, ғылыми материалдарды бір жүйеге келтіру көп еңбек етуді талап етеді. Мұндай жаңа бастама республиканың нарықтық-экономикалық жағдайын, оқушыдардың еңбек тәрбиесін, ауыл мен селоның демографиялық халін дамытуға мүмкіндік жасар еді.

Жоғарыда айтылғандарды жинақтай келгенде, жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу үшін барлық педагогакалық күш-жігерді жеке басты қалыптастыруға, оған жасалатын ықпалдардың баршасын біртұтас жүйеге келтіруге жұмсап, идеялық-саяси және еңбек тәрбиесінің бірлігін жүзеге асыруымыз керек. Оқушыларға берілетін еңбек тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерін, мазмұны мен әдіс-тәсілдерін анықтағанда, тәрбие мәселесін комплексті шешу басты да шешуші орын алуға тиіс[13].

Мектептегі білім мазмұнын түпкілікіті жаңарту бағытарында, тұжырымдамалар мен бағдарламаларда халық шаруашылығының барлық салаларын, әсіресе, мектептегі еңбек пәнінің мазмұнын ғылым мен техниканың ең озық шептеріне шығаруға, еңбек өнімділігінің түбегейлі

арттырылуына, өнімнің дүниежүзілік тандаулы үлгілер деңгейінде шығарылуын қамтамасыз етуге жету мақсаты қойьльп отыр. Осының бәрі дербес өмір жолын бастаған жас адамнан - жұмысшыдан, техниктен, бизнесмендердер, менеджменттер, т.б. тәрбиелеумен қатар, өндірістің, нарықтық экономиканың негіздерін терең білуді, еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасты талап ететіні атап көрсетіліп отыр.

Шынында да, оқушылардың жалпы білім деңгейін көтеру, практикалық білім, білік дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздің ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени дамуынан болып отырған жағдай.Халық шаруашылығының жай-күйі көбіне көп ғылым мен техника жаңалықтарының тиімді пайдалануына, еңбек өнімінің артуына тәуелді. Көптеген өндіріс салалары мен кәсіпорындардың әлеуметтік-экономикалық дамуының комплексті жоспарларында кадрлардың жалпы білім даярлығы еңбек өнімділігін көтерудің аса маңызды шарты есебінде қаралуы кездейсоқ нәрсе емес. Бұл міндеттерді табысты шешу қазіргі заман маманының білімі мен қабілетінің, кәсіптік шеберлігінің деңгейіне тығыз байланысты. Жастарды оқытуға, оларға кәсіптік бағдар беруге, кадрларды жан-жақты даярлауға айрықша көңіл бөлінуі де осында деп білеміз[14].

Жалпы орта білім беру, кәсіптік-техникалық мектеп, орта кәсіптік оқу орындары түлектері өз мамандығына сай кәсіптік шеберлікті өз дәрежесінде меңгермейді. Олар бүгінгі күнгі экономикалық талаптарды, нарықтық жағдайларды шешуде дәрменсіздік танытады. Тіпті кәсіптік тапсырмаларды да шеше алмайтындары да баршылық. Әрине, бұған себеп көп. Жасыратыны жоқ, біздің мектептеріміз басты назарды оқушының жоғары үлгіріміне аударып келеді. Мұның өзі мүғалімдерді келісімпаздыққа итермеледі, сондықтан әлі күнге дейін теңестіру принципі орын алуда. Бұл фактілердің кең орын альп отырғанын 9 сыныптан кейін кәсіптік-техникалық мектептерге қабылданған оқушылардың білім деңгейлеріне талдау жасаған тексеру жұмысы көрсетіп отыр. Олардың жартысына жуығы ғана мектепте алған біліміне сәйкес қанағаттанарлық баға алса, өзгелері тапсырмаларды орындауда да қатты қиналады. Әсірссе, химиядан берілген есептерді толық шеше алмайды. Дәл осындай көрсеткіштер жоғары оқу орындары мен колледждерде де байқалып жүр. Міне, осыдан келіп квалификациялы жұмысшылар мен мамандардың қалай даярланатындығы түсінікті.

Қазір еліміздің финанстық жағдайының қиындығы білім беруді жақсартуға үкіметіміздің жеткілікті қаржы бөле алмайтындығын байқатты. Дегенмен, білім беруге деген ескі көзқарасты түбірімен алмастырған жөн.

Біріншіден, оқытуға деген көзқарасты бүгінгі күн талабымен үндес шешу қажет. Яғни, оқытудың мақсаты - бұрынғыдай үлгірімді жақсарту мен қатар кәсіптік бағдар беруді сенімді шешу.

Екіншіден, осындай қиын жағдайда мектеп, кәсіптік-техникалық мектептер және басқа оқу орындарының оқу-материалдык базасын қаржыландырудың басқа да көздерін іздестіргені жөн[15].





  1. Жаратылыстық – математика бағытындағы химия оқулығының

мазмұны, ерекшеліктері.

2006-2007 оқу жылынан бастап, республикамыздың бағдарлы мектептің 10 – сыныптарында химия пәні бойынша жаңа буын оқулықтарын енгізу жоспарланып отыр. Оқулықтың авторлары: химия ғылымының докторы, Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетенің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері Н.Н.Нұрахметов, химия ғылымының кандидаты, Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетенің доценті Қ.Бекішев, белгілі әдіскер мұғалім, қазір 12 жылдық білім беру ғылыми – практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері Н.А.Заграничная. Оқу - әдістемелік кешен екі бағытқа арнап дайындалған: жаратылыстану – математика бағыты (ЖМ) және қоғамдық – гуманитарлық бағыт (ҚГ). Әр бағытқа арналған оқу - әдістемелік кешеннің құрамы мынадай: оқулық, сыныптан тыс оқуға арналған оқу құралы, дидактикалық материалдар, оқу - әдістемелік құрал. Бұлардың алғашқы үшеуі оқушыларға, кейінгісі мұғалімдерге арналған. Осыдан жаратылыстық – пматематика бағытындағы химия оқулықтарын төменгі кестеде ұсынылып отыр.



Жаратылыстану – математика бағыты

Химия – 10 ЖМ – Оқулық

Химия – 10ЖМ – Оқу кітабы

Химия – 10ЖМ – дидактикалық материалдар

Химия – 10 ЖМ - Әдістемелік нұсқау


Әр бағытқа арналған оқулық пен оқу құралдарының әрқайсысы қазақ, орыс, өзбек және ұйғыр тілдерінде басылып шығады. (барлығы 37 оқу құралы).

Оқулықтар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен химия пәнінің оқу бағдарламасына сай жазылған. Бұл оқулық пен негізгі оқу құралдарын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі негізгі оқу құралдары ретінде ұсынған. Оқулық пен оқу әдістемелік кешен құрамына кіретін оқу құралдарының әрқайсысына қысқаша түсініктеме берейік:

1.«Химия - 10» Оқулықтар.Оқулықтардың мазмұны толығымен оқу бағдарламасына және базалық мазмұнына сәйкес келеді, яғни Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі бекіткен химияның мемлекеттік білім стандартының талабына сай. 10 – сынып оқушылары үшін Химия міндетті оқу пәні болып табылады және оны оқытуға аптасына жаратылыстану – математика бағытына 3 сағат берілген.

Оқулықтар мынадай тараулардан тұрады.



Тарау

Жаратылыстану- математика бағыты (аптасына 3 сағат)

І

Химияның негізгі ұғымдары

ІІ

Д.И.Менделеевтің перииодтық заңы және атом құрылысы

ІІІ

Химиялық байланыс және зат құрылысы

ІV

Химиялық реакциялардың жүруінің негізгі заңдылықтары

V

Металдардың жалпы сипаттамасы



Маңызды s-элементтері және олардың қосылыстары

VІІ

d-элементтердің жалпы сипаттамасы

VІІІ

Р-элементтер химиясы

ІХ

Маңызды химиялық өнімдерді алу технологиясы. Қоршаған ортаны қорғау




Химиялық практикум

Қазақстанда қабылданған бағдарламалар концентрлік ұстанымға негізделгендіктен, бұрыңғы 8 – 9 сыныптарға арналған Химия оқулықтарында қарастылырған түсініктер мен теориялық сұрақтардың кейбіреулері Химия – 10 оқулығында қайтадан жоғарырақ деңгейде қарастырылған. Оқулықта жиырмадан астам химиялық элементтер мен оның техника мен тұрмыста қолданылатын қосылыстарының алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері, олардың қоршаған ортаға экологиялық әсерлері айтылған. Мұғалім стандарттық деңгейге сәйкес материалдарды оқыту міндетті, ал оқушы қажет етсе қосымша материалдарды өз беттерінше оқып игеруге құқы бар.

Әр оқу бабы өте қысқаша түрде баяндалған ең маңызды мәліметтермен аяқталған. Соңында дәстүрлі сұрақтар, жаттығулар мен есептер берілген. Күрделілігі бойынша олар үш деңгейге сай келеді: стандарттық, алгоритмдік және эврикалық.

Оқулықтың соңғы бөлімінде зертханалық тәжірибелер, практикалық жұмыстардың мазмұны және химиялық заттармен жұмыс істеген кезде сақталуға тиісті қаупсіздік техникасының негізгі ережелері келтірілген.



2.«Химия – 10 Оқу кітабы». Бағдарлама бойынша берілген тақырыптарға сәйкес материалдарды оқушының өз бетінше оқуына арналған. Мұнда теориялық және практикалық химияның осы күнгі маңызды мәселелері түгелдей дерлік қамтылды деуге болады. Олар құрастырушылар таңдаған мақалаларда қарапайым және көпшілікке түсінікті тілде баяндалған. Таңдап алған мақалалар ішінде Қазақстанға байланысты біраз ақпараттар бар. Ұсынылған оқу кітабы бағдарламаға сай берілген материалдарды толықтырады, оларды оқушылардың тереңірек түсінулеріне септігін тигізеді және химияны оқуға деген қызығуын арттырады. Көптеген мақалаларда күнделікті өмірде кездесетін практикалық мән бар деректер келтіріледі, оған қоса жылыжай эффекті, қышқыл жаңбырлар және т.б. ғаламдық химиялық проблемалар талқыланған.

«Химия – 10. Дидактикалық материалдар». Әр бөлімге арналған дидактикалық материалдар екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім оқушылардың жыл бойы химиядан алған білімдерін тексеруді ұйымдастыруға арналған. Бағдарлама мен оқулыққа сай ол 8 тақырыптан тұрады. Тақырыптардың әрқайсысында пәннің негізгі сұрақтары бойынша тексеру жұмыстары, бақылау жұмыстары және тест сұрақтары кіреді. Тексеру және бақылау жұмыстары күрделілігі үш деңгейден тұратын төрт нұсқамен берілген. Тест тапсырмалары сынақ жүргізгенде немесе оқушылар бақылау жұмыстарына дайындалғанда өзін - өзі тексеру үшін қолданылуы мүмкін.

Дидактикалық материалдардың екінші бөлімінде күрделілігі әр түрлі есептер мен жаттығулар келтірілген. Химиялық білім беруде есептер шығару маңызды роль атқарады, себебі ол оқу материалын неғұрлым терең және толық меңгеруді қамтамасыз ететін, сонымен қатар алған білімдерін өз бетімен қолдана білуді үйрететін оқытудың бір түрі. Есептер мен жаттығулардың орналасуы оқу бағдарламасына сәйкес келтірілген. Олардың көпшілігі қолданбалы немесе экологиялық бағыттарды қамтиды.



4.«Химия – 10. Әдістемелік нұсқаулар». Бұл оқу құралында жалпы білім беретін мектептің 10 – сыныптарында химия сабағын өткізуіне арналған әдістемелік нұсқаулар берілген. Оқу құралы негізінен жаңадан сабақ бере бастаған жас мұғалімдерге арналған. Бірақ оның жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істейтін тәжірибелі мұғалімдерге де көмегін тигізетіні сөзсіз.

Жаңа оқулықтардың бұрыңғы оқулықтардан төмендегідей айырмашылықтары бар:

А) оқулықта республикамыздың кен байлықтары туралы маңызды ақпараттар берілген. Қазақстан минерал шикізат базасы бай мемлекеттердің бірі. Уран, хром, қорғасын және мырыш қорлары бойынша үшінші орын, мыс қоры бойынша бесінші орын алады. Көмір, темір және алтын қорлары бойынша Қазақстан дүние жүзіндегі алдыңғы қатардағы он елдің құрамына, ал газ, мұнай және алюминий қорлары бойынша сәйкесінше он екінші, он үшінші және он алтыншы орындарда.

Минерал байлықтарды тиімді игеру жақын жылдарда Қазақстанның тұрақты дамуына әкететін экономиканы көтерудің маңызды бағыты болып табылады. Бірақ, өкінішке орай, көптеген мектеп оқушылары республикамыздың жер қыртысында қандай байлықтар бар екенін білмейді. Сондықтан еліміздің жер қыртысында кездесетін кен қорлары және олардан өндіретін өнімдер туралы біраз мәліметтер оқулыққа енгізілген.

ә) Осы күндері жер қойнауы бай елдердің тұрмысынан гөрі алдыңғы қатарлы технологиялары өндіріске енгізілген елдердің тұрмысы жақсы. Сондықтан химиялық технологияларға арналған мәліметтер ерекше көңіл аудару үшін олар бұрыңғыдай элементтер химиясына арналған тарауларда емес, жеке тарауға топтастырылған.

Б) Қазақстанның ғалымдары тек отандық ғылымның дамуына ғана емес, әлемдік ғылымның дамуына үлес қосты. А.Б.Бектұров, М.И.Усанович, Д.В.Сокольский, Б.А.Бірімжанов сияқты қазақстандық әйгілі ғалымдардың есімдері мен фотосуреттері оқулықта келтірген,олардың ғылыми жұмыстарына қысқаша сипаттамалар берілген.

В) Қазіргі замандағы қоғамды дамыту үшін экологиялық білімдердің маңыздылығын ескере отырып, «Бейорганикалық заттар және қоршаған ортаны қорғау» бөлімі енгізілген.


  1. Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
    umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umkd -> Саясаттанумамандығына арналған «КӘсіби қазақ тілі» пәнінің
    umkd -> ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)
    umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
    umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
    umkd -> Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері
    umkd -> Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі
    umkd -> «ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді