«Химия – 10. Дидактикалық материалдар». Әр бөлімге арналған дидактикалық материалдар екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім оқушылардың жыл бойы химиядан алған білімдерін тексеруді ұйымдастыруға арналған. Бағдарлама мен оқулыққа сай ол 8 тақырыптан тұрады. Тақырыптардың әрқайсысында пәннің негізгі сұрақтары бойынша тексеру жұмыстары, бақылау жұмыстары және тест сұрақтары кіреді. Тексеру және бақылау жұмыстары күрделілігі үш деңгейден тұратын төрт нұсқамен берілген. Тест тапсырмалары сынақ жүргізгенде немесе оқушылар бақылау жұмыстарына дайындалғанда өзін - өзі тексеру үшін қолданылуы мүмкін.
Дидактикалық материалдардың екінші бөлімінде күрделілігі әр түрлі есептер мен жаттығулар келтірілген. Химиялық білім беруде есептер шығару маңызды роль атқарады, себебі ол оқу материалын неғұрлым терең және толық меңгеруді қамтамасыз ететін, сонымен қатар алған білімдерін өз бетімен қолдана білуді үйрететін оқытудың бір түрі. Есептер мен жаттығулардың орналасуы оқу бағдарламасына сәйкес келтірілген. Олардың көпшілігі қолданбалы немесе экологиялық бағыттарды қамтиды.
4.«Химия – 10. Әдістемелік нұсқаулар». Бұл оқу құралында жалпы білім беретін мектептің 10 – сыныптарында химия сабағын өткізуіне арналған әдістемелік нұсқаулар берілген. Оқу құралы негізінен жаңадан сабақ бере бастаған жас мұғалімдерге арналған. Бірақ оның жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істейтін тәжірибелі мұғалімдерге де көмегін тигізетіні сөзсіз.
Жаңа оқулықтардың бұрыңғы оқулықтардан төмендегідей айырмашылықтары бар:
А) оқулықта республикамыздың кен байлықтары туралы маңызды ақпараттар берілген. Қазақстан минерал шикізат базасы бай мемлекеттердің бірі. Уран, хром, қорғасын және мырыш қорлары бойынша үшінші орын, мыс қоры бойынша бесінші орын алады. Көмір, темір және алтын қорлары бойынша Қазақстан дүние жүзіндегі алдыңғы қатардағы он елдің құрамына, ал газ, мұнай және алюминий қорлары бойынша сәйкесінше он екінші, он үшінші және он алтыншы орындарда.
Минерал байлықтарды тиімді игеру жақын жылдарда Қазақстанның тұрақты дамуына әкететін экономиканы көтерудің маңызды бағыты болып табылады. Бірақ, өкінішке орай, көптеген мектеп оқушылары республикамыздың жер қыртысында қандай байлықтар бар екенін білмейді. Сондықтан еліміздің жер қыртысында кездесетін кен қорлары және олардан өндіретін өнімдер туралы біраз мәліметтер оқулыққа енгізілген.
ә) Осы күндері жер қойнауы бай елдердің тұрмысынан гөрі алдыңғы қатарлы технологиялары өндіріске енгізілген елдердің тұрмысы жақсы. Сондықтан химиялық технологияларға арналған мәліметтер ерекше көңіл аудару үшін олар бұрыңғыдай элементтер химиясына арналған тарауларда емес, жеке тарауға топтастырылған.
Б) Қазақстанның ғалымдары тек отандық ғылымның дамуына ғана емес, әлемдік ғылымның дамуына үлес қосты. А.Б.Бектұров, М.И.Усанович, Д.В.Сокольский, Б.А.Бірімжанов сияқты қазақстандық әйгілі ғалымдардың есімдері мен фотосуреттері оқулықта келтірген,олардың ғылыми жұмыстарына қысқаша сипаттамалар берілген.
В) Қазіргі замандағы қоғамды дамыту үшін экологиялық білімдердің маңыздылығын ескере отырып, «Бейорганикалық заттар және қоршаған ортаны қорғау» бөлімі енгізілген.
Достарыңызбен бөлісу: |