Мектепте діни тәрбие беру арқылы жеке тұЛҒаны дамыту


Діни дүниетаным және оның ерекшеліктері



бет9/21
Дата10.06.2022
өлшемі294.58 Kb.
#267419
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
МАМЫРОВА АНАР

1.3 Діни дүниетаным және оның ерекшеліктері
Сабақ мазмұнымен байланыстырып, оқушыларды ата-бабаларымыздың тарихи дамуы барысындағы айналадағы құбылыстар жөніндегі дүниетанымымен таныстырып отырған жөн. Қазақстан аймағында тұрып жатқан халықтардың тіршілік экономикаcы көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы болуы олардың дүниетанымына әсер етті. Ертедегі қазақ халқы дүниетанымының негізі осыдан бастау алды. Қоршаған ортаға философиялық көзқарастың пайда болуына, қалыптасуына және өрістеуіне ықпал етті.
Дүниені тану алғашқы кезде дайын табиғи материалды, үрдістерді, құбылыстарды танып-білуден басталды. Күнделікті іс-әрекеттер адамның еңбектену және табиғатты тану объектілерінің жан-жақтарын, қасиеттерін біртте-бірте ашады. Бірақ адам өзінің еңбектену мен таным объектілерінің қасиеттерін тану дәрежесінде тоқтамайды. Ғылым терең бойлап заттың, құбылыстың түп мәнін таниды да, оның табиғатына әсер етуге мүмкіндік алады. Бұл қозғалыс өзінің ең жоғарғы сатысына, дененің жаңа сапалы формасын туғызу, жаңа үрдістер жасау сатысына көтеріледі.
Қазақстанның көшпелі тұрғындары үшін ол кезде табиғат абсолютті және жалғыз үстемдік рөлін атқарды. Адамдарға алғашында табиғат заңдарына мойынсұнып қалтқысыз бағыну ғана қалды. Табиғатты игеру, үйрену адамдардың күнделікті іс-әрекетін бейнелейтін алуан түрлі дәстүрлі әдет-ғұрыптар, әпсаналар, қарапайым түсініктерді тудырады. Олардың бәрі қазақтардың алғашқы өміріндегі күнделікті тәжірибиелерін жинақтаудың, танымның көбінесе сезімдік сатысына тән нәтижелерді қорытудың негізінде дүниеге келді. Ежелгі сақтардың дүние туралы түсінігі, олардың дүниетанымы анимизм болды. Ол жын, әруақ, қүдіретті күш, сиқыр, т.б. еді.
Ертедегі көшпенділер дүниетанымының негізі тәңір - көк аспан, шексіз әлем болса, сол көк аспан мен шексіз әлемнің ең қүдіретті жаратушысы -көктегі күн. Сондықтан да бертін келгенше қазақ күнді тәңірінің көзіне балап, киіз үйлерінің есігін күнге қаратып тігіп, шығып келе жатқан күнге тәу еткен. Олардың осы ой-танымы қасиетті кітап «Қүрандағы» тіршіліктің пайда болу туралы мынадай: «Әуелде көк пен жер біртұтас еді. Біз екеуінің арасын ажыраттық. Түнді, күндізді және күн мен айды да Алла жаратты. Күнді жарық, айды нұр етіп жаратты да, оған жылдардың сандарын есептерін білулері үшін айға орын белгіледі. Олардың әрқайсысы өзіне тән кеңістікте қозғалып жүреді», деген түсінікті басшылыққа алды.
Көшпенділер уақыт пен кеңістікті танып-түсіну нәтижесінде көшіп-қонып, жыл құсы сияқты ұдайы табиғаттың қолайлы белдеулерінде болып отырды. Көшпелі өмір, төрт түлік мал, жер-ана, табиғат барлығы жинала келе қазақтардың материалдық рухани игілігін, дүниетанымын қалыптастырып, көшпенділердің төл тума мәдениетін жасады.
Көшпенділердің ой ойлау, таным мәдениетінің бірі - өздерін қоршаған дүние, тіршіліктің негізі жайында сезінулері. Ертедегі қазақтардың заттар, құбылыстар туралы дүниетанымы толық түрде іске асты деп айтуға болмайды. Шындығында да неміс философы И.Канттың «Таза ойдың қайшылығы» атты кітабында: «Адамның ойы шын мәнінде білімнің шексіз қырларын толық меңгеруі мүмкін емес, ой заттар мен құбылыстарды жартылай, бөлшектеп игеру үшін жаратылған», деген сөзі шындыққа жанасады. Сондықтан қазақтар әлемді толық тану, білу мүмкін емес, ол шексіз жэне мәңгілік деп, оны жаратушы да, басқарушы да бір Алла, түп негізі біреу деген философиялық ой түйген.
Себебі бүкіл әлем бір ғана материалдар, элементтерден бір ғана жобамен жасалған. Сол тәрізді бар тіршілік Д.Менделеев кестесіндегі көміртегінің химиялық қосындылары арқылы құралған. Дүниедегі барлық шама көп өсімдік, жанды мақұлық және ұсақ ағзалар дүниесінде құрылымының өзара ұқсастық бірізділігі бар.
Көшпелі елдің барша тіршілік болмысы табиғатпен тамырлас. Жыл маусымдарымен санаса отырып жасалатын көшу, қонулар (жайлау, күзек, қыстау) - қазақтың материалдық, өндіріс жүйесі шаруашылығының біртұтастық құрылымы болып қалыптасқан әлеуметтік экономикалық және әлеуметтік мәдени жүйесі. Мұндай жүйе барша өмір салтын, әлеуметтік тарихтың қарқынын, материалдық жэне рухани мәдениеттің төлтума қасиетін, салт-дәстүр мен талғам дүниетанымдарын реттеп, әрі өміршең етіп отырды. Сондықтан көшпелі қазақтың барша тіршілік болмысының табиғатпен тамырлас болуы тарихи даму барысындағы өмір сүру кепілі.
Көне замандағы қазақтар өздерін қоршаған табиғаттың бәрін де «жанды» деп санағаны белгілі. Сондықтан қазақтар күнді, айды, жұлдызды немесе табиғат қүбылыстарын жанды зат есебінде санап, өздерінің тағдырын, барлық істерін осылардың күші деп есептеп, оларға табынды. «Ай көрдім аман көрдім, баяғыдай заман көрдім», «Ескі айда есірке, жаңа айда жарылқа» деген сөздер осының куәсі. Қазақтар отты қасиетті деп санаған. Отқа түкірмей, отты қүдірет деп санап, құрметтеген. Жас баланы бесікке саларда, жас келін үйге алғаш енгенде отпен аластайды.
Күн - қазақта қасиетті. Бұлттың күркіреуін қазақ «Күн күркіреді» деп, оны күн тәңірінің дауысына балаған. «Күн астындағы Күнекей қыз», «Ай астында Айсұлу» атты ертегілердің шығуы тегін емес.
Табиғаттағы болып жатқан көптеген құбылыстарды ата-бабаларымыз өзінше қабылдады. Күн күркіреп, найзағай ойнағанда оны «сайтандарды қуған періштелер қамшысы» деп ұққан. Ал шын мәнінде найзағай - атмосферадағы электр ұшқындары. Ол бұлт пен бұлттың немесе бұлт пен жердің арасындағы пайда болған шағын көлемдегі электр зарядына байланысты пайда болады.
Келесі жұмбақ табиғат құбылыстарының бірі - жаңбырдан кейінгі кемпірқосақ. Аспанда пайда болған осы кемпірқосақты ертедегі қазақтар «Кемпірдің түрлі малдарды бірге қосақтап қойғаны» деген ұғымда болды» Кемпірқосақ та аспандағы пайда болатын оптикалық құбылыс. Кәдімгі күннің жарығы қызыл түс пен күлгін түс арасындағы түрлі түстің жиынтығы екенін физиктер соңғы кезде анықтады. Жаңбыр тез жауып, күн ашылғанда осы түстер әрқайсысы өздерінің толқын ұзындығына байланысты дифракцияланады және интерференцияланады. Соның нәтижесінде түрлі-түсті кемпірқосақ пайда болады.
Көшпенділердің ұғымында күллі қүдірет күштік түп қазығы тәңір болса, ол да кейін даламызға ислам дінінің тарауына орай мұсылмандық Алла идеясымен астасып кетті. Тәңір күрделі ұғым, қазақ ұғымында дүние жаратылыс үш қат болып келеді. Жоғарғы қабат, яғни «жеті қат көк» басқаша айтқанда арсы тәңірінің тұрағы, рух пен иенің мекені, орта қабат - сезім, саналы тіршілік дүниесі, төменгі қабат, яғни «жет қат жер асты» - өлілердің барар орны-мыс. Қазақ арасында о дүниелік бақилық ұғымның жетекші мәнге ие болып келетіні сондықтан. Бұл ұғым бойынша өлім бір халден екінші халге түсудің себепшісі.
Біздің заманымызға дейінгі 3 мың жылдықтан басталған қола мәдениеті екінші мың жылдың аяғы мен бірінші мың жылдықтың бас кезінде шырқау биікке көтерілген. Дәл осы кезеңде ертедегі қазақтардың дүниетанымы өсу барысында көптеген материалдық және мәдениет нұсқалары сапалық жаңа қалыпқа түсіп, көптеген еңбек қүралдары мен қару-жарақтар (жебе, найза, қанжар, семсер, қақпан) белгілі дәрежеде жетілдірілді. Бұлардан басқа зергерлік, ісмерлік бұйымдар, желеп-жебеп жүретін суреттер мен безендірілген қыстырма, бойтұмар тәрізді әшекей заттар жасала бастады.
Өмірдегі күш пен құбылыстың жандануы рухани сезім әлеміне көшірілді. Сөйтіп, болмыстың барша сұрағына үстірт жауап беретін мифологиялық түсініктер мен әпсаналар дүниеге келді. Мұны философияға дейінгі қазақтың қарапайым дүниетаным үлгісі деуге болады. Бүл кездегі өнердің өн бойындағы жан-жануарлар белгісі дүние дидарын толтырған рухтың, даналардың, желеп-жебеушілердің, әулие-әнбиелердің, тәңірлердің бейнесін анықтайды. Бұның дәлелі Қазақстандағы Бегазы-Дәндібай кезеңінде жасалған діни қорымдағы табылған айғақтар, табиғатты пір тұтушылықпен қоса табиғатты одан әрі саралау, әлеуметтендіру жетелеу үстінде өз тұлғаларын саралап отырды. Қазақстан құл иеленушілік қоғамды бастан кешпеді. Даламызда ұзақ уақыт бойы рулық қауымдық құрылыстың үстемдік құруы және оның патриархалдық-феодалдық қоғамға ұласуы ғасырлар бойы діни нанымның белең алуына себепші болды.
Білім салаларының қай-қайсысы да адамның дүниетанымын қалыптастыруға үлесін қосады. Сондықтан да ертеден бастап ғылымның дамуына орай дүниетанымдық деңгей де бірнеше кезеңнен өтті. Оның ең алғашқы кезеңі — халық ауыз әдебиетінің басты түрлері — ертегілер, аңыздар, айтыстар, батырлар жырлары негізінде қалыптасқан дүниетанымдық деңгей.
Бұл кезеңдегі дүниетанымдық деңгей адамдардың өз тәжірибесінен, күнделікті өмірден, олардың арасындағы қарым-қатынастан туындаған дүниетанымдықпен сабақтаса байып отырды. Аңыз, ертегілерде қоршаған дүние ішінде адамды жоғары ұстап, оның өзіне тән қасиеттердің (батырлық, тапқырлық, күштілік, ақылдылық, сұлулық, ізгілік, адамгершілік және т.б.) сол кездегі қоғаммен тығыз байланыста көрсетеді.
Қай кезде де адам өзі өмір сүретін ортада қызмет етіп, яғни, іс-әрекет жасап, өз қажетгілігін өтеп, алдына мүдде, мақсат қойып, сол арқылы көксеген мұратына ұмтылады. Бұл — адамның тарихи дамуын көрсететін жағдай. Көксеген мұратына жету үшін білім, ақыл-ой, шеберлік, ұстамдылық пен шыдамдылықтың қажеттілігі аңыз, ертегілерде атап айтылған.
Мұратқа жетудің жолы мен түрі көп болғанымен, халық оған батылдық, адалдық, күш-қайрат арқылы жетуді айрықша армандап, көксеген. Сондықтан да дүниетанымдық тұрғыдан өмір тәжірибесінде кездескен практикалық жолға бой ұрып, соны жырлап, соны уағыздаған. Ол тұстағы аңыз, ертегілерде танымның эмприкалық түрі басым. «Эмприкалық деңгейде білімнің мазмұны тәжірибе негізінде жинақталады». Дүниетанымның тәжірибеден дамыған деңгейін уағыздап, ортаға салған. Мұны көшпенді дәуірдегі қазақ халқының дүниетанымының негізі деп қарауымызға болады. Мұндай пікірлерді қазақ философтары М.С.Орынбеков пен Ә.Нысанбаев еңбектерінде кездестіреміз.
С.Мұқанов қазақтың эпостық жырларының, мифологияға емес, реалистік шындыкқа құрылғанын атап көрсетеді. Шындықты уағыздайтын жырлар мен айтыстар дүниетанымның нақтылана түсуіне әсерін тигізбей қоймайды.
Сонымен қатар, жоғарыда айтылған кезеңдерде табиғат күшіне табынушылық, дінге сенушілік басым болды да, адамның дүниетанымы да осы ой пікірлерге лайықты тұрғыдан көрінді. Табиғат, қоғам, адам, төрт түлік мал, тәрбие, түрлі қолөнері жайындағы түсініктер біртіндеп дамып, бүкіл халықтық ой-санаға айналды.
Адамның танымы білмеуден білуге, қарапайымнан күрделіге қарай нақтылы шындықты түсіну кезеңіне көшті. Бұл тұста сұлулық, әдемілік, достық туралы дүниетаным етек алды. Адамгершілік, батырлық, байлық сияқты философиялық категориялар орныға бастады. Күнделікті өмір тіршілігіне негізделген дүниені тану — сезіну мен түйсінуге сүйеніп қоршаған орта заттарын көру, ауызша айту, эмоциялық бейнелі қабылдау тұрғысында жүзеге асты».
Қазақтың ауыз әдебиетіндегі ойшылдар (Асан қайғы, Бұхар жырау, Шал ақын, Шортанбай, Ақтамберді, Шалкиіз, Дулат, Майлықожа, Ақан сері, Махамбет, Шернияз, Сүйінбай және т.б.) өздерінің дүниетанымдық көзқарастарында материалдық, рухани байлықтарды, ақыл-парасатты, адамгершілік, қоғамдық байлықты игеру мақсаттарын паш етті. Бұл дүниетанымның ақыл-ой мен парасаттылық деңгейіне көтерілген шегі болатын. Олардың көксегені теңдік, бостандық, жерді сақтау, табиғи ортаны құндау, адамдар арасындағы қарым-қатынас, үлкенді сыйлау және т.б. өмір тіршілігіне тікелей қатысы бар мәселелерді дәріптеу болды.
Мұндай дүниені көркемдеп жеткізу, Абай тілімен айтқанда, «Жан азығы» еді. «...Табиғаттың бойындағы әсемдікті, күш-қуатты адамның қажетіне сәйкестендіріп, қол я тіл арқылы көріктендіріп жіберу ол жанға, яғни көңіл күйіне, сезімге қатты әсер етеді».
Адамзаттың әлеуметтік тұрмысы материалдық және рухани болып қаралады. Көшпелі қазақ елінің рухани жан азығы әдебиет (өлең, ән, жыр, музыка, айтыс, ертегі және т.б.) арқылы қалыптасатынын айтсақ, «...алғашқы адамдар өзін қоршаған дүниенің сырын білмегендіктен олардың бәрінен қорқатын болды. Мысалы, табиғаттың сұрапыл, мылқау күштерінің бәрі — найзағай жарқылдап, күн күркіреу, жер сілкіну, су тасу т.б. адамдарды үнемі үрейлендіріп отыратын қаһарлы күштер қатарында саналады». «Ендеше алғашқы адамдардың дүниетанымы айналаны қоршаған» табиғат құбылыстарын түсіндіру талаптары да осыған ұқсас». Осылайша адам дүниетанымының бастапқы көрінісін ашып жазған жазушы С.Мұқанов «Еңбек етудің арқасында алғашқы адамдардың сана-сезімі оянып, табиғатқа саналы түрде әсер ете бастаған кезде, айналаны қоршаған алуан түрлі құбылыстарға назар аударып, оларды өздерінше түсіндіре бастаған», — деп ой түйеді.
Мұнан әрі адам санасы, тілі, ұғымы дамып, табиғатты меңгеру жолындағы өздігінен атқаратын әрекеттер етек алып, күнделікті көргендерін тек қабылдап қана қоймай, заттар мен құбылыстардың байланыстарын іздестіруге, олардың себеп-салдарын білуге талпынды. Сананың, ой-өрістің дамуына байланысты дүниетаным да жаңа белеске көтерілді. Осы тұста білімі бар, парасатты ойшылдарымыз да көріне бастады.
Адам мен қоғам арасындағы байланысты, қарым-қатынасты диалектикалық тұрғыдан қарау кезеңі басталды. Абай, Шәкәрім, С.Торайғыров және т.б. ойшылдар туындыларында бұл пікірлер белең беріп отырады. «Абай адам мен қоғам мұратын еңбекпен, біліммен, ақыл-ой санамен, принципшілдік және қарапайымдылықпен, халықтың бірлігі мен өркениетке жету жолындағы мақсаткерлігімен тікелей байланыстыра қарастырады», — дейді М.С.Орынбеков. Бұл пікірдің түпкі тірегі — дүниетанымдық деңгейдің көтерілу сатысын көрсетуінде. Көргенді, сезінгенді логикалық ойға салып талдау арқылы сол затқа, құбылысқа адам қатысы деңгейінің айқындала түсуінде.
Қоғам мен техниканың дамуы жаңа ойшылдардың шығып, олардың дүниетанымдық көзқарасының өзгеруіне әсерін тигізді. Бұл кезеңдегі дүниетанымдыққа теориялық тұрғыдан да, практикалық жағынан да қарауға болады.
Теориялық тұрғыдан алғанда философиялық және психологиялық қағидаларға сүйенеміз. Философтар дүниетанымды адамның дүниеге көзқарасымен тікелей байланысты дәлелдейді. Көзқарас адамның айналадан, қоршаған дүниеден қабылдаған әр түрлі құбылыстары мен заттары туралы ұғымының жиынтығы ғана емес, ол — түрлі нақты фактілер арқылы жинақталған, қорытылған, ғылым негіздерімен байытылған білімдерден тұратын сана. Қалыптасқан көзқарас бойынша адам өзінің қоғамдағы, тарихтағы орынын түсініп, тіршіліктің мәніне жетіп, іс жүзінде де, саяси, мәдени өмірде де орынын айқындайды. Адам көзқарасы ғылымға, қоршаған ортаға, алған білімді меңгеру және ұғыну деңгейіне қарай өзгеріп, соған қарай қалыптасады, қалыптасқан көзқарасқа байланысты дүниетаным да өзгереді. Адамның дүниетанымы, біріншіден, қоғамның тарихи дамуына байланысты өзгерсе, екіншіден, сол қоғамдағы халықтың сана-сезімінің өсуі, білімді меңгеру мүмкіндігіне қарай өзгеріп отырады. Дүниетанудың ең өркендеу шыңы — ғылыми таным.
Дүниені ғылым жолымен тану үшін нақты объектілерді бақылау, эксперимент, анализ жасау, абстрактілі ойлау — бәрі қатысуға тиіс. «...Адам сезім органдарының көмегімен заттың сыртқы қасиеттері мен ерекшеліктерін қабылдап, біле алады, ал оның ішкі мәнін, даму зандылықтарын тек абстрактілі ойлау арқылы игеруге болады». Сонда ғана дүниетаным ғылыми теориялық деңгейге көтеріледі. «Ғылыми теория зерттеліп отырған объектінің ішкі, қажетті жақтарымен байланыстырып, оның өмір сүру және даму зандылықтарын бейнелейді».
Адам көзқарасының қалыптасуында, әсіресе, биология ғылымының алатын орны ерекше. Биология жетістіктері көзқарасты қалыптастырып қана қоймай, оны жаңартады, өзгертеді. Дүниетанымды адамның дүние жайындағы қалыптасқан көзқарасы деп қарасақ, адам сол көзқарастың ажырамас бөлігі екенін ұмытпауымыз керек. Адамды оның өмірге көзқарасынан бөліп қарауға болмайды.
Биология ғылымдары дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретінін дәлелдесе, көзқарас сол дүниені адам ойынан өткізіп, соған қажеттігіне қарап бағалайды. Биология ғылымының салалары дүниені теориялық тұрғыдан дәлелдесе, көзқарас бұл дүниенің адам үшін қандай мәні, маңызы барын, адам осы қоршаған дүние ортасында өзін қалай ұстауы керек, неге талпынуы, неден сақтануы жөн екенін қарастырады. Сөйтіп, биология ғылымы қоршаған дүниені, нақты шындықты қабылдауды қамтамасыз етсе, қалыптасқан көзқарас осы ұғымды бағалау тұрғысынан қарайды.
Қоршаған дүниенің адам миында бейнеленетін көрінісі көзқарастың бір бөлігі ғана. Тұтас көзқарас қалыптасуы үшін адам мен қоршаған ортаның қатысын, пайда-зиянын, мұқтаждықты өтеу деңгейін анықтау әрекеттерінің қатысы керек.
Көзқарастың қалыптасуы мен даму тарихына көз жүгіртсек, оның адам баласының табиғатты танып-білуіне тікелей байланыстылығын көреміз. Табиғатты танып білу өте күрделі процесс. Оған қажетті алғы шарттар: адам мен табиғаттың іс жүзіндегі ара қатысы; табиғат, қоғам, адам арасындағы қарым-қатынас; қоғамның рухани мәдениеті, ой мәдениеті, ғылым жетістігі, жалпы философиялық көзқарастар және т.б.
Білім мен тәрбие беру арқылы адамның ой-сезіміне, мінез-қүлқына, дүниетанымына әсер етуге болады. Ғұлама ойшыл әл-Фараби айтқандай, адамдағы үш қабілетті (ерекше жаралған дене құрылысы, жан құмарлығы, ой-парасаты) дұрыс жолға қойып тәрбиелеу арқылы дұрыс нәтижеге жетуге мүмкіндік туады.
Дүниедегі ең бағалы байлық — адам болғандықтан, оның қоршаған дүниеге көзқарасы, танып, білу деңгейі қоғам дамуында, табиғатты сақтауда және өзінің тұлға ретінде қалыптасуында негізгі орын алады. «Оның адамдық қасиеттері, ұстайтын жолы, дүниеге көзқарасы, мақсат-тілегі, мінез-құлқы, моральдық бейнесі іштей өзімен бірге тумайды, қоғамда, басқа адамдар арасында өмір сүру барысында қалыптасады». Сондықтан да, дүниетанымды дұрыс қалыптастыру мектеп қабырғасында басталады да, өмір талабына, ғылым дамуына орай жалғаса береді.
Ғылым мен техника жаңалықтары адамның табиғат пен ара-қатынасының түрін өзгертіп, табиғат байлықтарын аса көп пайдалануға әкеліп соқты. Түрлі химиялық қосылыстарды тауып, жасанды заттарды өндіру кезеңі басталды. Мұның салдарынан дүниетанымдық көзқарас өзгерді. Енді дүниенің пайдасы мен қажеттілігіне баса көңіл бөлінді. Бірақ, қажеттілікке пайдаланылған заттың орнын толтыру, кемшілігін жетілдіру, пайдалыларын көбейту және зиянсыз өндіру, ортаны қорғау жақтары өз дәрежесінде жүзеге аспады. Бұл қоғамдағы білім беру саласының жіберіп отырған кемшілігінен туып отыр.
Адам табиғатты жақсы пайдалана білгенімен, оны қалпына келтіру жолын меңгере алмай келеді. Дайын табиғат байлығын өндіру қиынға соқпағанымен, оның қасиетін толық меңгеріп, қайта қалпына келтіру үшін ғылым салаларының жетістігі, мәдени деңгейдің жоғарылығы, дүниеге деген саналы көзқарас қажет.
Буржуазиялық қоғамда «табиғатты жаулап алу, бағындыру» мақсаты басым болса, ұзамай-ақ, бұл көзқарастың қате екендігі байқалды. Адамның білімі, мәдениеті, табиғатпен қарым-қатысы күшейіп, оған жасайтын әрекеті молайған сайын өзін қоршаған сан-алуан дүниенің бір-бірімен байланыста, сабақтастықта екендігін жете түсіне бастады. Табиғат тек материалдық қажеттілікті ғана өтейтін орта емес, ол эстетикалық талғамның, интеллектуалдық деңгейдің көзі екенін білді. Күн сайын табиғатқа деген қажеттіліктің күшеюі дүниенің сан алуан бөліктерінің бірінсіз бірінің болмайтынын түсінуге әкеліп соқты. Адам дүниетанымының деңгейі оның білімі мен мәдениеттілігіне тікелей байланысты екендігі айқындалды.
Н.П.Депенчуктің пікірі бойынша «Связав воедино неживую, живую природу и человека, принцип развития стал методологической основой решения сложнейщих проблем, имеющих глобальный характер, в частности, проблем экологий, биосферы и ряда других».
Қазіргі таңда көтеріліп отырған проблемаларды адамның дүниетанымдық деңгейін өзгертті. Дүниені тек пайдаланып қана қоймай, оны қалпына келтіру, қорғау, экологиялық талаптарды қамтамасыз ету тұрғысынан қарау етек алуда. Дүниетанымдық деңгей философиялық ғылым саласында кеңінен зерттелуде. Қазақ халқының дүниетанымының қалыптасу тарихы жайында көптеген зерттеулер нәтижесі жарық көрді. Олардың қатарында белгілі философтар А.Қасабеков, М.Орынбеков, Ж.Алтаев, О.Сегізбаев, Т.Ғабитовтың еңбектерін атауға болады. «Қазақ халқының дүниетанымы» атты докторлық диссертацияның қорғалуы дүниетанымдық қағидаларды философиялық тұрғыдан байытты.
Дүниетанымның психологиялық негізі адамның жеке бас ерекшелігіне тікелей байланысты. Сонымен қатар, дүниетанымға ұлттық психологияның әсері де күшті. Ұлттық психология өмір сүретін ортаға қарай салт-дәстүр тұрғысынан көрініп, адамның мінез-құлқы арқылы көзге түседі. «Ұлттық мінез-құлықты халықтардың өзі жасаған тарихтағы, материалдық және рухани тіршілігінің бейнеленген көрінісі деп түсінеміз».
Мінез-құлық арқылы адамның дүниеге көзқарасы, талғамы, эмоциясы, мұқтаждығы байқалады. Талғам қоршаған дүниені тануға, түсінуге талпынады. Талғам күшейген сайын адам тек материалдық мұқтаждығын қанағаттандырып қоймайды, оның рухани мұқтаждығы да дамиды. Неғұрлым қоршаған дүние сырын түсініп, оны меңгерген сайын талғам да өсіп, өзгереді, дүниетаным да кеңейе түседі.
Жас өспірімдердің дүниетанымын қалыптастыруға алдыңғы қатарлы қазақ жазушылары мен ақындарының өмірді, табиғатты, адамды, қоғамды паш ететін шығармалары да түбегейлі әсер етеді. І.Жансүгіров, С.Мүқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин сияқты атақты ақын-жазушыларымыздың әрбір туындысы дүниетанымдық негізде жазылған. Әсіресе, І.Жансүгіровтың «Жетісу суреттері» поэмасында қазақ жері табиғатының сұлулығы, онда кездесетін көптеген жануарлар мен өсімдіктердің сипаты көркем берілген.
Дүниетанымдық маңызы жоғары шығармалар туралы айтқанда, С.Мұқановтың қазақ халқының тарихи этнографиясына арналған монографиялық еңбегін атап өтуге болады. Жазушы қазақтың дінге қатысын, дүниетанымын, тілін, мекенін, әлеуметтік жағдайын, шаруашылық жайын баяндай келіп, әсіресе халқымыздың дүниетанымы оның тұрмыс тірлігімен тығыз байланысты екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдейді.
С.Мұқановтың «Халық мұрасы» (тарихи-этнографиялық шолу) деген еңбегінде қазақ халқының шежіре тарихын, ертедегі қоғамдық өмірін, шаруашылығын, материалдық тұрмыс жайын, әдебиетін жан-жақты сипаттайды. Академик жазушының бұл шығармасының әсіресе, қазіргі жастар үшін орасан зор дүниетанымдық маңызы бар. Басқаны былай қойғанда, төрт түлік малдың кез келген адам біле бермейтін сан қырлары түсінікті тілмен жан-жақты баяндалғанын айтудың өзі жеткілікті. Жазушының шығармалары қазақ өлкесінің табиғатын шебер суреттеуге арналған.
Алматы маңайын, Алатау көрінісін, Шу, Сыр бойын, Каспий жағалауын көркем кескіндеген еңбектерінің кез келгені жастар дүниетанымын кеңейте түсетіні хақ.
Ғабит Мүсірепов болса, жастарға табиғатпен қоян-қолтық өмір сүруді, ашық аспан, көк шалғын аясында еңбек етуді уағыздайды. Сондай мәндегі шығармаларының бірі «Айгүл қойшының бір күні». «Туғанына бір-ақ жеті болған жас қозылар жас баладай әлсіз де аянышты маңырайды» — дей келіп, оны күтетін жас қыздың көрген бейнеті мен қызығын баяндайды. Осы арқылы таңмен бірге оянып, күнмен бірге шығатын қазақ баласының қоршаған ортадан түйгенінің молдығын байқатады. Ғабиттің мұндай шығармаларының қатарына «Талпақ танау», «Өмір жорығы», «Тарғыл қауын» т.б. атауға болады.
Ғабиден Мұстафин қазақ халқының еңбек барысында жақсарған қалін, егін егуге, отырықшылыққа үйрену арқылы мәдениетке жеткенін баяндайтын шығармаларында қоғамның дамуы адамның табиғаттан өндіретін табысына, алатын өніміне байланыстылығын көрсетеді. Мәселен, «Еңбек бірлігі», «Алыптың кереметтері», «Шыныдан туған қозы», «Туған жерде» және т.б. шығармалары адам, табиғаттың және қоғамның ара-қатысын аша түскендей.
Дүниетанымдық деңгейге адамның қабылдау, сезіну, ойлау ерекшеліктерімен бірге әр адамның ақпараттық мәдениеті үлкен әсер етеді. Казіргі танда адам санасына ықпал жасайтын хабарлар, мәліметтер, жаңалықтар, ғылыми жетістіктер өте көп. Олардың арасынан өмірге қажеттісін, өте керектісін, ғылымға негізделген шынайысын таңдап түсіне білу жеке бас ерекшелігіне байланысты.
Жеке бастың қоғамдық санасына, білім деңгейіне, психикасының дәйектілігіне қарай өзін қоршаған ортадан керегін тандай білу, қоғамдық жағдайды түсіну, табиғатқа саналы қатынас жасау, тиімді әрекет ету мүмкіндігі туады. Айтылып отырған саналы көзқарас және дүниетану деңгейінің ғылыми тұрғыда қалыптасуы бастауыш сыныптан бастап жүйелі берілген білім нәтижесінде жүзеге асады.
Адам, табиғат пен қоғам арасындағы қатынас пен байланысты ғылыми тұрғыда меңгеру арқылы ғана оған сауатты қатынас жасау мүмкіндігі туады. Адамның болмысы өте күрделі, ол биологиялық және қоғамдық сипатты қамтиды. Адам өз басының әлеуметтік сипатын қоғамда, қоршаған ортада ғана көрсете алады.
Адам дүниені танып, біліп меңгереді, оны керегіне жаратады, сол арқылы қоғамға да әсер етеді. Ол дүниені тануға білім, ақыл-ой арқылы жететіні белгілі. Адамға рухани әлем тән. Рухани дүние арқылы адам басқа тіршіліктен айырма жасайды. Рухани дүниесі байыған сайын адамның дамуы да күшейе түседі, сөйтіп «тұлғаға» айналады. «... Адам өмірден және жалпы тіршілік дүниесінен өзінің орнын іздейді, сондықтан дүниетанымның басты категориялары адам мен дүние болып табылады».
Білім, ақыл, ерік, қажеттілік, көзқарас және басқа әлеуметтік, психологиялық сипаттар арқылы адамның «тұлғаға» айналуы жүзеге асады. «Тұлға — адамның қоғамдық бет пердесі. Ол адамның дамуының қорытындысы, жемісі». Адам дүниетанымы кеңейген сайын тұлғаға айналады. Кез-келген адам тұлға дәрежесіне жетеді деу қиын. Жеке басы жете дамыған, дүниетанымы жоғары адамның бар мүмкіндігі шындыққа айналады. Тұлға өзін-өзі басқара алатын, өзіне-өзі баға бере алатын айналадағылармен (адам, табиғат, қоғам) тиімді қарым-қатынас жасайтын адам. Тұлға біртіндеп дамиды.
Адамның жеке басының дамып, тұлғаға айналуына тек мектеп қабырғасында берілген білім ғана емес, бүкіл оны қоршаған орта әсер етеді. «Бала кезінде адамның тұлға ретіндегі қасиеттерінің 70% қаланады, сол себепті дұрыс тәрбие өте қажет». Балаға әсер ететін оны қоршаған орта: жанұя, ата-ана, мектептегі, мектептен тыс қарым-қатынастар және күнделікті көпшілік ақпарат құралдары (радио, теледидар, газет және т.б.).
«Дүниетаным — ақиқатты рухани қажетті игеру жүйесі, оның ішінде тұтастай алғанда адамның білімі мен нанымы, ар-ұждан мұраттары мен әлеуметтік құлықтың реттеушісі, саяси бағыт-бағдар, қоршаған ортаға психологиялық және эстетикалық көзқарас».
Сонымен, жоғарыда айтылған жағдайлардың нәтижесінде мынандай қорытындаға келдік:
— қазіргі таңдағы дүниетану туралы философиялық ойлар әлеуметтік, халықтық, ұлттық, соның ішінде қазақ халқының сана-сезімінің, ой-өрісінің біліми, мәдени деңгейінің дамуы тұлғасынан талданып, танылып отыр;
— адамға дүниенің бір бөлігі бола тұра сол дүние ортасында дамитын, дүниенің дамуына әсер ететін, өзінің іс-әрекетін саналы реттейтін субъект ретінде қарау қағидасы жолға қойылды;
— дүниені саналы түрде тануы, оны меңгеруі арқылы адам басқа тіршіліктен жоғары тұрады. Сондықтан оның дүниедегі іс-әрекеті де ерекше. Ол дүниені сезініп, көріп, танып, қабылдап қана қоймай, оны зерттейді, ізденеді, сөйтіп керегіне қарай өзгертеді, пайдаланады. Пайдалану саналылық, ізгілік, адамгершілік, білімділікпен орындалады;
— дүниеге саналы қатынас жасау жүйелі берілген білім мен тәжірибенің нәтижесінде жүзеге асады. Рухани дүниесі бай, білімді, ой-өрісі дамыған адамның дүниетанымы да дұрыс дамиды;

  • жүйелі алған білім мен тәрбие негізінде адам өмірге белсенді қатысатын жекебасы жетілген тұлға деңгейіне көтеріледі. Мұндай деңгейге жеткізу елімізде «Орта білімнің мемлекеттік стандартын» жүзеге асыру барысында орындалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы