Зерттеу мақсаты: Дүниетанымның теориялық негіздерін, оның бастауыш сынып оқушылары тұлғасының қалыптасуының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру әдістемесін зерттеу.
Зерттеу объектісі: Бастауыш мектептегі педагогикалық процесс.
Зерттеу пәні: Сыныпта және сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру процесі.
Зерттеу міндеттері:
1. Дүниетаным ұғымының мәнін ашу және ғылыми теориялық дүниетанымын қалыптастыру жайында әдебиеттермен танысу, оларға талдау жасау.
2. Қазақ ағартушы ғалымдарыынң бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға байланысты көзқарастарына талдау жасау.
3. Ұлттық дүниетаным ұғымын анықтау және түрлерін айқындау.
4. Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастырудағы оқыту процесінде мектеп жұмысының негізгі әдістерімен танысу.
5. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары түрлерін дүниетаныммен байланыстыру.
6. Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымының қалыптасуын экспериментальдық түрде анықтау.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Жеке тұлға теориясы, дүниетаным туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардың өзара сабақтастық теориясы, қазіргі гуманистік тұжырымдар, білім туралы мемлекеттік саясат болып табылады.
Зерттеу көздері: Философия, психология, педагогика, психологтардың, педагогтардың дүниетаным туралы зерттеу еңбектері. Қазақстан республикасының «Білім туралы» заңы, ғылым және білім министрлігінің тұжырымдамалары, кешендері, бағдарламалары, ұлттық дүниетанымды тиімді пайдаланудың жүзеге асыру жөніндегі озық тәжірибелері.
Зерттеудің ғылыми-педагогикалық әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты тақырып бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге, қолөнер мұраларына теориялық талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, озық тәжірибелерді зерделеу, жинақтау, қорыту.
Зерттеу базасы: Шымкент қаласындағы №25 Т.Рысқұлов атындағы этнопедагогикалық-гуманитарлық гимназия мектебі
Достарыңызбен бөлісу: |