Шүберекке (киім, бұйымдар) байланысты халық қағидалары:
Кәде — киіт, сарқыт беру, қол еңбегін беру, көйлек кигізу;
Сый-сияпат - шеге шапан жабу, шапан сыйлау, шапан айыбын төлеу;
Ырым — шүберек байлау, ақ шүберек тану, мүшел жасқа толғанда сыйлас құрбысына киімін сыйлау, «ит көйлек тігу», жаугершілік кезінде кебенек киіп кету, бесікке жеті түрлі бойтұмар тағу:
Ғұрып - басқа ақ салу-ана болғандық., бітімге шақырғанда жерге ақ жаулығын тастаған.;
Салт - орамал тару үлгілері (Батыс Қазақсатан өңірі), жасы ұлғайған сайын жаулығы биіктей түскен, басыны шәлі салу:
Жоралғы - байғазы беріледі, қалап алу:
Киелі, қасиетті - әйел мен ердің бас киімі, қалыңдықтың сэукелесі кәделі.
Жаттығу. Берілген ойды аяқта.
• Жыл соңындағы санатқа кірмей қалған 5 (6) күнді... деп атайды?
• Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің ... шағы:
• Бұлақ көрсең, ... аш:
• Бір тал кессең, ...тал ек:
• Баталы ұл ... Батасыз ұл ...
• Төрт түлік ... болсын!
• Сақталушы еді сыбаға Сапарға кеткен ұлдарға ... айы туғанда:
• Наурыз көжеге ... түрлі дәм салынада:
• Бір қозы туса, бір уыс... артық шығады:
Қажетті сөздер: ақты болсын, көде шөп, Наурыз, арымас, жарымас, көзін, он тал, бесқонақ, үзілер, жеті.
Сөздікпен жүмыс. Берілген сөздер қандай үғымды білдіреді?
Көктеу, жайлау, күзеу, қыстау —
Шілдехана, есім беру, бесікке салу -
Бір мүшел жас, пайғамбар жасы -
Көгеру, жаңару, ар алдында есеп беру, Қыдыр түнін күту, қүт дариды -
Үғымдар 13 жас, 63 жас, Наурыз мейрамының белгілері, жыл маусымдары, нәрестеге қатысты жоралғылар.
Сөздікпен жұмыс.
1. Сөздерді мағынасына, беретін ұғымына сай топтастыру. Шілдехана, енші беру, танысу, ерулік, сүт ақысы, бесікке салу, сауын малы, төркіндеу, есік көрсету, қалың мал, үлпершек, отау шығару, борша, бастаңғы, тоқымқағар, омыртқа қатыру, көшазық, тыштырма, жарысқазан.
2. Шылбыр, ұршық, текемет, сырмақ, шідер, арқан, шүйке, жүн, түсау, алаша, тебен ине, сабау, келеп, шуда, тулақ. Күзем, жүн, сырмақ.
3. Қүлаш, қадам, қарыс, мысқал. Шымшым, сүйем, түтам, бір тай, бір кесе, бір қап, елі, бір кез, қарғы адым, қол созым, ет асым, сүт пісірім, сынық сүйем.
4. Атауларды ай, ай амалдарына, жүлдыздарға іріктеу, киіктің матауы, көкек, хамал, қарашаның қайтуы, маусым, саратан, зауза, желтоқсан, үркердің батуы, сүмбіле, шілде, қүралай, үлкен қазан, тамыз, бесқонақ, отамалы.
5. Берілген мерекелерді жыл маусымына сай іріктеу: құрбан айт, қымыз мұрындық.
Достарыңызбен бөлісу: |