Мектепте діни тәрбие беру арқылы жеке тұЛҒаны дамыту


Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру жолдары



бет10/21
Дата10.06.2022
өлшемі294.58 Kb.
#267419
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
МАМЫРОВА АНАР

2 Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру жолдары


2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастырудағы жеке пәндердің алатын орны
Бастауыш сынып оқушыларына табиғат туралы дүниетанымдық ұғым беру ұжымды оқушыларға қарапайыми мысалдармен жеткізудің тәрбиелік әсері үлкен. Берілетін білім олардың өзін қоршаған ортаға байланыстыра жүргізуді талап етеді. Мұндағы негізгі мақсат - оқушыларды түрлі құбылыстарды материалистік тұрғыдан қарауға дағдыландыру, еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, табиғатты гүлдендіруге өз үлесін қосатын адамдардың шығармашылық еңбегін әр уақытта баса көрсету. Ондай білім негіздері оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді. Оқушы бойындағы табиғатқа деген ынта, табиғат көріністеріне байланысты өтілетін шаралар арқылы, саяхат, табиғаттағы өзгерістерді бақылау, тірі табиғат мүйісіндегі жұмыстар, еңбек және табиғат күнтізбектерін толтыру арқылы іске асырылады. Ол үшін баланың ынтасын тудырудың маңызы зор. Ынтасын арттыру пәнге деген қызығушылықты арттырып, сабақты жақсы үлгеруіне жәрдемдеседі. Баланың психикалық дамуына, яғни не нәрсені болмасын жақсы түсініп, есте сақтай алуына, ақыл-ойының, тілінің дамуының жағдайын туғызады. К.Д.Ушинский бастауыш мектеп оқушыларының логикалық ойы мен тілін дамыту сөзге емес, тікелей қоршаған ортадан алған әсерлеріне негізделуі керек деп есептеді. Табиғат туралы оқығандарын түсініп қана қоймай, табиғаттардағы заттарды дұрыс ұғып, олардың айырмашылықтары мен ерекшеліктерін байқай білуге үйрету. Оқытуда табиғат объектілері мен қөп құбылыстарын пайдалану қажеттігін атап көрсетті. Мүғалім оқушыларды алдымен бақылауға, онан соң өз бақылауларын жинақтап, ой қорытуға, үйретуге міндетті деп есептеді. Табиғатты зерттеуге деген ынтасын дамыту бақылаудан басталуы қажет. Бақылай білу, өздігінен пайда болатын нәрсе емес, оны дамытып, жаттығулармен тәрбиелеп отыруы керек. Оқушы бақылаудың міндетін, мақсатын, бақыланатын объектінің немесе құбылыстың түрін, түсін айыра біліп, мұғалімнің басшылығымен алдын-ала тиісті тапсырмалар беріліп, неге назар аудару керектігін ескеріп, жүйелі, жоспарлы толық жүргізілуі қажет.
Дүниеге көзқарас негізінен, көзқарастар мен сенімдер жиынтығы болғандықтан, бұл — мұғалім мен мектеп белгілі жүйеде жұмыс істегенде ғана қалыптасады деген қорытынды шығады.
Адамның көзқарастары мен сенімдері негізінде оның білім танымы жатыр. Олар оның көзқарасының мазмұнын құрайды. Ал бірақ білім баланың сеніміне айналуы үшін, тәрбиешілердің және оқушының өзінің едәуір жұмыс істеуі қажет. Орыс публицисі Д.И.Писарев (1840-1868) сенімді кітап дүкенінен сатып алуға да, жақсы таныстарыңнан сұрап алуға да болмайды деген еді. Оны өз басыңа ұялатуың керек. Жалпы алғанда, дүниеге көзқарас сияқты сенімділіктің қалыптасуына адамның сезімі де қатысады, ал сезімдер өзінен-өзі пайда болмайды, қабылдау, түйсік және оймен тығыз байланыста болады. Тек ғана ой мен сезімнің қосылып жұмыс істеуі процесінде адам белгілі шындыққа келеді.
Сенімділік істе көрініс табады, істе ол қалыптасады, жетіледі және шыңдала түседі. Міне, сондықтан да біз мұғалім мен мектептің дүниеге көзқарасын қалыптастыру жөніндегі жұмыс жүйесін сөз еткенде, бала, жеткіншек пен жас өспірімнің бүкіл өмірінде және мектепте оқыған кезінде сана-сезімін қалыптастыру жүйесін, сондай-ақ оларды іс-әрекеттің әр қилы түрлеріне: оқуға, еңбекке, қоғамдық жұмысқа тартқандығы белгілі бір жүйесін еске аламыз.
Оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда табиғат туралы жүйелі ұғым қалыптастырудың жолдары мен тиімді түрлері, оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерін қолдану қажет. Табиғат - балалардың дүниетанымын, ақыл-ойын, тілін, танымдық қызығушылығын, қалыптастырудың құралы. Оқушының ойын дамыту интелектуалды және эмоционалды жағынан жетілдірудің негізгі жолы табиғат жайында жүйелі білім беру керектігін ескерсек. Балаға табиғат құбылыстарын бақылату, көргенін ой елегінен өткізіп қабылдауын, ойын, тілін дамытуды басшылыққа алып отыру әрбір ата-ананың, ұстаздың мақсаты. Заттардың, құбылыстардың өзгеруі, өлі және тірі табиғаттың, жануарлар мен өсімдіктердің, олардың сыртқы ортаға бейімделуін, мекендеуін, көбеюін жүйелі түрде ұғындыра отырып, негізгі көңіл: бірінші - әр объектінің өзгеруі, екінші - қимыл-қозғалысы, пішіні, үшінші - өсіп, дамуына бөледі. Егер бала осы негізгі қасиеттерді меңгерсе, жыл мезгілдеріне байланысты оның ерекшеліктерін көріп, байқап, сезіп, көрнекі-бейнелік ойы жетіліп, сөздік-логикалық ойының дамуына жол ашылады. Ол үшін біз балалардың есте сақтауын, көргенінің дұрыс немесе дұрыс емес екендігін ажыратып, айтып отыратындай танымдық қабілетін, дамытатын, жұмыс жүйесін жасадық. Мысалы, қыс, көктем, жаз, күз мезгілдеріне байланысты суреттер бердік. Мысалы, қыс суретінде табиғат, қоршаған орта қар жамылған, бірақ балалар жеңіл жаздық киім киіп шана сүйреп, аққала соғып жатыр. Жаз суретінде айнала дүние жадырап-жайнап, бірақ балалар қалың киім мен жеміс-жидектер теріп жүр және т.б.
Осындай суреттерді балалардың мүқият қарап, аңғарғандарын байқап отырып, суреттің жүйелі түрде қалай болу керек екендігін әңгіме құрастыру арқылы баяндауын ұсынып отырдық. Мұндағы мақсат, баланың байқампаз, белсенді болуын шыңдау.
1. Баланың белсенділігіне.
2. Мінез-құлқына, тәртібіне.
3. Жауабының сапасына.
4. Іс-нәтижесінің сапасына көңіл бөлінді.
Баланың белсенділігі деп отырғанымыз, оның танымдылық қызығушылығы: а) оның білім дәрежесінің бағдарлама талабына сай болуы; ә) мұғалімнің берген тапсырмасына зейінін аударып отырып, білім дағдысын, ойын қорыту; б) тапсырманы орындауға деген қызығушылығы; в) құрбы-құрдастарына көмек көрсету, олардың жауаптарын толықтырып, қателіктерін түзету.
Сондай-ақ, балалардың танымдық қызығушылығы шыңдап отыру үшін әр кезде: 1. Баланы берілген тапсырмаға қызықтырып отыру; 2. Жұмысты орындаудың ерекшеліктерін; 3. Бейнелеудің әдіс - тәсілдерін, жолдарын;
4. Тапсырманы сапалы орындаудың қажеттігін; 5. Жұмыстың жалпы қорытындысы межесіне көңіл бөлу керек. Оқушылардың танымдық қызығушылығын артырудың негізі, олардың жемісті іс-әрекеттерді (сурет жапсыру, қүрастыру, мүсіндер жасау) орындауына байланысты.
1) Балалардың сабаққа, оқу материалына, танымдық іс-әрекетке қызығушылығын белсендіру үшін сабаққа жаңалық және қызықтылық енгізу; балалардың өздерінің жеңуге шамасы жететіндей, оқушының білім дәрежесіне, ерекшелігіне сәйкес келетін қиындықтар, кедергілер жасау; өз бетінше орындайтын әр түрлі жұмыстар, дидактикалық қызықты ойындар ұйымдастыру; өз еңбегінің қуанышын сезуге мүмкіндік жасау сияқты тәсілдерді пайдалану;
2) Сабақ мазмұнының ғылыми дәрежесіне сәйкестігі, өмірмен, қоғаммен, табиғат құбылыстарымен байланыстылығы, сабақ мазмұнының балалардың күш-жігерін, ақыл-ой белсенділігін талап ету;
3) Ізденушілік, ойландырарлық ахуал жасау;
4) Балалардың шамасы жететіндей қиындық деңгейінде оқыту;
5) Мәселе - ізденушілік әдістері, дидактикалық ойындар, жаттығулар, танымдық есептерді шешуді, әңгіме әдісін пайдалану, тәжірибиелерге зерттеушілік сипат беру.
Мұңдағы негізгі мақсат - балалардың ойлау қызметіне, танымдық белсенділігіне, олардың дүниетанымын қалыптастыруға жол салу. Балалардың дүниетанымын қалыптастыруда оқытудың сөздік, көрнекілік, практикалық оқыту әдістерінің барлығы да қызмет етуі тиіс, оқушы мен ұстаздың ақиқатты іздесуші күйіне немесе дербес ізденуші дәрежесіне жеткізетіндей, үйіріп әкететіндей жағдай тудырып отыру қажет. Ол үшін ұстаз балалардың үнемі табиғат аясында, қоршаған ортамен тілдесіп жол ашып отыру қажет. Бала үнемі табиғат қүбылыстарын бақылай отырып, ата-анасына, үлкендерге танымдық сұрақтар қояды. Мысалы, қар қалай пайда болады? Неге алақанда ериді? Жапырақтар неге түседі? Жаңбыр қайдан пайда болады? Алма ағашы неге көктемде ғана гүлдейді? Неге барлық ағаштар жеміс салмайды? Шыбын-шіркейлер қайда қыстайды? т.б.
Балалардың мұндай сұрақтарына жауап беру әрбір ата-ананың, ұстаздардың міндеті, тек жауап беру ғана емес, қоршаған ортаны танып, баланың дүниетанымын кеңейту. Бүл жолда ұстаздарға оқытудың негізгі түрін басшылыққа алу қажет. Мысалы:
Сабақ - балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі түрі. Сабақта табиғат құбылыстары мен заттары туралы жазылған әңгімелер, өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, т.б. Көркем шығарма туындылары, түрлі-түсті суреттер, диафильмдер, көрнекі құралдар кеңінен пайдаланылады.
Саяхат - сабақ түрі, жұмыстың бүл түрінде балалар табиғатпен шынайы түрде танысады. Саяхат кезінде балалардың таза ауада болуы, далада хош иісті, көз тартар әдемі гүлдер арасында қыдыру - терең ой, ширақ қозғалыс, көтеріңкі көңіл-күй тудырып, оларды жан-жақты үйлесімді етіп тәрбиелеуге ықпал етеді.
Сондай-ақ, баланың дүниетанымын кеңейтуде сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың да алуан түрлері бар:
1. Сабақтан тыс жұмыстардың негізгі түрі - арнайы үйірмелер үйымдастыру;
2. Сабақтан тыс ертеңгіліктер, кештер өткізу;
3. Дүниетанымдық саяхаттар жасау;
4. Табиғи материалдардан жасалған заттар, суреттер құрастыру жұмысы бойынша көрмелер ұйымдастыру. («Күзгі көрініс», «Жайдары жаз», «Өз қолымнан жасадым», т.б.) ;
5. Тәжірибиелер, ойын-әңгімелер жүргізу;
6. Табиғат күні, апталығын өткізу.
Оқушыларды табиғатпен таныстыруда тәрбиеші-ұстаздар мен ата-аналарға бірнеше үсыныстар бермекпіз:
Оқушының табиғат құпияларын білуге деген ынтасы өте ерте пайда болады. Табиғи ортаны адамзаттың жан-жақты қажетін мәңгілікке қамтамасыз етуге жарайтындай етіп сақтай білуі, мейлінше үлкен іс. Өкінішке орай, адам баласының табиғатты қорғауы, оның табиғатты тоздыруы, ластауы, уландыруы, шашып-төгіп пайдалануымен қатар жүріп келеді.
Табиғатты пайдалануға жауапсыз қараудың түп-тамыры әр адамның санасына байланысты. Табиғатты таза, сұлу, мол қалпында келешекке сақтап қалу үшін әрбір адамды табиғаттың шын мәніндегі саналы сақшысы етіп қалыптастыру қажет. Сол үшін де 1-сыныпқа келгеннен-ақ табиғатқа үнемі бақылау жүргізіліп, серуенге шығып, табиғаттың ерекшелігін байқайды. Бір зат пен екінші заттың айырмашылқтарын білу, тану қабілеттері дамиды. Қоршаған ортаға қызығушылығы артады. Табиғат пен адам бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласы табиғат байлығын өз игілігіне орынсыз жұмсамай, оқушылардың дүниеге көзқарасының негізін қалыптастырудың аса маңызды жолы - барлық оқушылардың терең де баянды білім қорын игеруі. Осы мақсатта оқыту балаларда табиғат пен қоғам дамуының және өзгеруінің анағұрлым жалпы объективтік заңдылықтары жөніндегі ұғымы жинақталатындай, объективтік дүние құбылыстарын ғылыми түрғыдан түсіндіру шеберлігі ұшталатындай құрылады.
Мұғалімнің табиғат заңдарын дұрыс та ғылыми түрғыдан нақты түсіндіре білуінің маңызы зор. Табиғат тануға байланысты материалды оқып үйрену балалардың табиғат заңдылықтары туралы дұрыс ұғым алуының белгілі қайнар көзі болып табылады. Көптеген мүғалімдер оқушылардың жас ерекшелігіне сүйеніп, бүл жұмысты шеберлікпен үйымдастырады.Табиғат құбылыстары адамдар өмірмен тығыз байланысты. Бұл байланысты мүғалім алғашқы сабақта-ақ орнатып, ол тарихи материалдарды оқып үйрену кезінде тереңдей түседі. Бірақ білім сенімге өзінен-өзі емес, мұғалім мен оқушының біріккен жұмысының барысында айналады. Білімнің сенімге айналуында оқушының мұғалім баяндаған материалға қатынасы шешуші рөл атқарады. Егер оларды бірден қабылдаса, онда оқушылар сенімінің негізі болуына жағдай жасалғаны.
Бастауыш сынып оқушыларында білімнің сенімге айналуы қиынға соғады, сондықтан мұғалім тарапынан көңіл қойыла ойластырылған басшылықты қажет етеді. Нақтылы материалдарды игеру осы жалпы түсініктерге негізделуі, солармен байланыстырылуы қажет. Оқу процесінде ондай байланыстың екі түрі қолданылады: біріншісі - қоршаған өмірдің нақтылы фактілерін, құбылыстарын байқаудан қорытындыға, екіншісі - заңды, қорытындыны көптеген фактілер, байқаулар негізінде дәлелдеп беру.
Оқытудың бастапқы және орта басқыштарында дүниеге көзқарастық қорытынды жасау және жинақтау оқу материалына құрамдас бірлікте кіреді. Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыруда оқу бағдарламаларында пән аралық байланыстың орындалуының мәні зор. Сабақ өткізуде сан-салалы әдістер мен әдістердің қолданылуы баланың оқуға деген қатынасын қамтамасыз етіп, білімнің сенімге айналуына қолайлы жағдайлар болып табылады.
Сабақта белсенді ой әрекетіне жағдай жасау оқушылардың сенімін қалыптастырудың келелі жолы болып табылады. Оқушылардың алдына танымдық міндеттер қою, оларды байқаулары, кітаптан түйгендері бойынша жұмысқа қосу, түрлі логикалық жаттығуларды енгізу оқушылардың сенімін қалыптастыруға жағдай жасамақ.
Дүниетанымдық көзқарастар мен сенімдер әр түрлі оқу процесінде қалыптасады. Тәрбие жұмысы балалар жалпыға ортақ істе өз белсенділігі мен дербестігін көрсететіндей етіп құрылуы тиіс. Балаларды әр түрлі іс-әрекетке тарту қоғамдық жұмыс, өзіне-өзі қатыса отырып, балалар біздің қоғамымыздың өмір нормаларымен танысады, сол нормаларға үйренеді. Өз заманының адамы болуға тырысады.
Егер мұғалімнің өзі дүниеге озық көзқараспен қарайтын адам болған жағдайда, дүниеге көзқарасты қалыптастыру табысты болады. Бүл жағдай туралы көптеген тамаша мәдениет қайраткерлері атап айтқан болатын. Оқушылардың мүғалімге сеніммен қарау атмосферасының болуын олар табыстың аса маңызды алғы шарты деп санады. «Адамгершілік сенім жоғалысымен, сол сәтте-ақ мүғалімнің сөзі өз күшін жояды...», - деп жазды Н.А.Добролюбов.
Еліміздің елдігін әлемге танытатын, оны жетілдіретін, дамытатын да жас ұрпақ. Сондықтан да еліміздің болашағы осы жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігінен айқындалады. Ал балаларға бұл күнде әр саладан жан-жақты білмі беру жүйелері жеткілікті. Олардың ішінде қоршаған орта, табиғаттау әлемінен берілетін білімнің орны ерекше. Себебі, бала дүниеге келген күннен бастап ата-анасынан кейін өмірден байқап көретіні және танитыны осы қоршаған орта мен табиғат, оның заттары мен құбылыстары.
Бастауыш сыныптардың дүниетану бағдарламасының негізгі идеясы оқушыларды қоршаған табиғат туралы түсініктері мен бастапқы ұғымдарын қалыптастыру; оқу барысында балаларды дамыту олардың таным әрекетін жандандыру болып табылады. Оқушылар дүниетану сабақтарында табиғатта тікелей байқалынатын жеке құбылыстар мен заттардың арасындағы қарапайым байланыстарды үйренеді. 1 - сыныпта айналадағы дүние, оны танып білудің маңызы және зерделеу, бақылау, тыңдау, ұстап көру, кітапта жазылғандарды оқып ойға тоқу.
2 — сыныпта балалар өз жеріндегі жыл мезгілдерінің негізгі ерекшеліктері мен айырмашылықтары туралы бастапқы түсініктер мен ұғымдары қалыптасады. Мүғалім дүниетану сабақтарында балалардың әр түрлі табиғат құбылыстарына ықыласын, табиғатқа сүйіспеншілігін және оны қорғауға ынтасын тудырады. Аталған тақырыптар күнделікті бақылауларға және табиғатқа саяхаттар жасауға негізделеді. Балаларды айналада қоршаған табиғатпен таныстыру кезінде бақыланатын құбылыстарды сезімдік қабылдаудан, қорытындылауға және ойлап түсінуге өту керектігін есте ұстану қажет.
Ал, 3-4 сыныптағы табиғаттану курсының міндеті оқушылардың тірі және өлі табиғат туралы білімдерін: тереңдету және қорыту, табиғаттың заттары мен құбылыстары туралы қарапайым білім беру, табиғат пен адамның арасындағы өзара байланысты түсіне алатындай, өздерінің өлкесі туралы жаңа білімдермен қаруландыру, жер бетінің жоспары мен географиялық картаны оқуға, жергілікті жерді бағдарлай білуге үйретеді. Балалар өз өлкесін зерттеудің негізінде салыстыру арқылы жер бетінің формалары және су алқаптарының түрлері -мұхиттар, теңіздер, көлдер, өзендер туралы, өсімдік пен жануарлар дүниесі туралы ұғым алады. Балалар табиғатты сүюге және оны қорғауға үйренеді. Бастауыш сыныптардың мұғалімдері балаларға табиғаттанудан білім беріп ғана қоймайды, сонымен бірге оларды табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелейді. Табиғаттан әсемділік көріп, сезе білуге үйретеді.
Біз кішкентай адамды адал, ер жүрек және мейірімді етіп тәрбиелеуге тырысамыз. Ізгілік нағыз адамға адамгершілікке тәрбие берудің негізі болуы тиіс. Кішкентай адам тірі атаулының бәрін сүюі тиіс, өйткені тек ізгілік ғана бала мен бала ұжымына өзара ұғынысу қуанышына жол ашады. Адамгершілік тәрбиесін жүйелі және бірізділікпен жүргізу керек, табиғатты, жануарларды жақсы көретін балалар әр уақытта мейірімді болады.Ізгілік пен мейірімділік - бұл екі ұғым тығыз байланысты. Егер адамда бұл қасиеттер болса, онда ол әрқашан да сезімтал, кішіпейіл, әділ болады. «Батыл адам әрқашан мейірімді» - деген А.М. Горькийдің данышпандық сөзі шынайы адамгершілікке тәрбиеленген адам мейірімді болуы тиіс екендігін тағы да дәлелдейді.Бастауыш сынып оқушылары сыртқы әсерді қабылдағыш келеді, балаларды неге үйретсе, соның бәрін ақиқат деп сенеді. Сондықтан оқушыларға адамгершілік тәрбие беру жұмысында олардың өміріндегі бір күнді де босқа жіберуге болмайды.
Сондықтан да, балалардың нақты табиғат жайында ұғымын қалыптастыру үшін ең тиімді бақылау әдісі деп есептейміз. Себебі, жас баланың өмірінің біразы табиғат жайында ұғымын қалыптастыру табиғат аясында (сурет, ойын, саяхат, еңбек кезінде) өтеді. Бала айналадағы тау-тас, өзен-көл, жасыл жапырақ, су аспанда нұрын төккен күн сәулесін шашқан ай, жымыңдаған жұлдыздар бәріне қуана қарайды. Олар әрқашан табиғат құбылыстарын (күннің күркіреуі, найзағайдың жарқылдауы, мөлдір шықтың түруы, жаңбырдың, қардың, бұршақтың көрінуін т.б.) тамашалайды. Ондай құбылыстар мен заттарды бала тікелей көріп, ұстап сезген жағдайда ғана білім дәлірек болады. Балаларды адамгершілік сезімге тәрбиелеуде оларға еңбектің қандай да болмасын бір түрін шындыққа дұрыс көзқарастарын қалыптастыру үшін қажетті оқиғаны көрсетуге әрқашан жағдайлар бола бермейді.
К.Д.Ушинский «жас баланы жақсы істі, жақсы сезімді, жақсы ойды сүюге үйрететін әдеби шығарма ғана жақсы» деген болатын. Әдеби шығарманы оқи отырып, балалар адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін қылықтарының себептерін түсіне білуге, жақсының жақсылығын сезе білуге, бұзақылық пен жамандықты айыптай білуге үйретеді. Осы шығармалар негізінде өткізілетін этикалық әңгімелер, әдетте баланың өзіне жақын адамдарға, жолдастарына қатынас жайлы болса, Отан, табиғат дүниесі алдындағы жауапкершілігі жөнінде мәселе қойса балаларды қызықтыра түседі. Балалардың алдына қойылған сұрақтарды ұжым болып талқылау адамгершілік жөніндегі түсінігін анықтауға ғана емес, сонымен бірге баланың өмір тәжірибиесін байыта түсуге де әсер етеді. Тәрбие беру тұрғысынан келетін болсақ, баланы әңгіме, ертегі, өлеңдерде болатын «адамгершілік» проблемасын қызықтыра білу өте маңызды. Осыған орай мұғалімнің мәнерлеп оқи білуінің рөлі зор, баланың бір заңдылықтарын ажыратуға тәрбиелейді.
Табиғаттың сүю - Отанды сүю көрінісінің бірі. Табиғатты үнемі бақылау балалардың табиғатқа деген ынтасын арттырады, онда болып тұратын өзгерістерді байқауға үйретеді, оның себептерін анықтап белгілі бір заңдылықтарын ажыратуға тәрбиелейді.
Қарастырылған көрсеткіштер жоғары оқу орны студенттерінің этнопедагогикалық даярлаудың барлық компоненттерінің қалыптасу деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Әрбір көрсеткішті біз белгілер жүйесі арқылы қарастырдық. Аталған болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлаудың көрсеткіштерін ескере отырып, оның төмен, орташа, жоғары деңгейлері анықталды.
Жоғары деңгей: өз бетімен шығармашылық әрекетті ұйымдастыра және халық дәстүрлері негізінде этнопедагогикалық ортаны құра алады, анық көрінетін танымдық этнопедагогикалық бағыттылық, халықтың дәстүрлі мәдениеті жайлы білімдерге деген құштарлық, этнопедагогикалық іс-әрекетке тұрақты оң қарым-қатынас, білім берудегі этнопедагогикалық іс-әрекеттің маңызын сезінуі бар.
Орта деңгей: баланың ұлттық психологиясының маңыздылығын сезінеді, халықтық дәстүр, тәрбиенің халықтық мәдениеті туралы шектеулі білімдерді игеріп, оны өз педагогикалық іс-әрекетерінде ара-тұра қолданады, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, халықтық құралдарын пайдалана алады, этнопедагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыра біледі, тәрбиенің халықтық дәстүріне негізделген педагогикалық іс-әрекетке қызығушылық танытады.
Төменгі деңгей: этнопедагогикалық және этнопсихологиялық бағыттылықтағы жүйеленбеген білімдері бар, халық мәдениетінің дәстүрлерінің жекелеген түрлерін біледі, этнопедагогикалық міндеттерді шешудегі этнопедагогикалық іскерліктері өте төмен, халық педагогикасының әдістерін, құралдарын қолдана алмайды.
Болашақ мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлаудың компоненттері мен көрсеткіштеріне көп тоқталған себебіміз мақсат пен нәтиженің аражігіне байланысты. Яғни, арнайы ғылыми әдебиеттерде мақсат болжамдаған, күткен нәтиже ретінде қарастырылады. Ал, біз зерттеп отырған даярлық болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру процесінің нәтижесі ретінде қарастырылып отыр. Олай болса, қойылған мақсат бастапқы жағдай болып саналады, ал бұл мақсатты нәтижеге айналдыру үшін белгілі бір педагогикалық шарттар жүйесін анықтау қажет. Біздің жұмысымызда педагогикалық шарттар нақты жүйе мен ойларға негізделіп жасалған оқу материалдарынан алынып отыр.
Географиялық білімді этнопедагогика материалдарымен байланыстыруға дайын маманның кәсіби даярлығын ұйымдастыру үшін мазмұнды іріктеу әдіснамасын қайта қарау немесе білім беру парадигмасының ауысу фактісін тіркеу жеткіліксіз, білімдік кеңістіктің күйін анықтайтын білімдік-дамытушылық процесті ұйымдастырудың сәйкес формаларын, мақсаттарын қарастыру, қажетті оқу-материалдық базаларын құру, мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекеті барысында қойылған міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін педагогикалық технологияларды жобалау және енгізу сияқты барлық компоненттерін өзгерту қажет. Болашақ мұғалімдер оқушыларға географиялық біліммен бірге этнопедагогикалық білімді сабақтастырса, кәсіби даярлауды әдістемелік қамтамасыз ету ерекше басымды мәнге ие болады.
Мамандардың кәсіби-педагогикалық даярлығын модельдеу мәселесіне арналған ғылыми жұмыстар мен диссертациялық зерттеулерді талдау, жинақталған материалды қорытуға және білімді этнопедагогика материалдарымен байланыстыру принципін есепке ала отырып болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру моделін жасауға мүмкіндік берді. Бұл модельді құруда болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіруді есепке ала отырып, мұғалімнің кәсіби даярлығы сапасына қоғамның қоятын талаптары, мектепте оқылатын география пәнін этнопедагогикамен байланыстыруды ескере отырып, мұғалім даярлауды жетілдірудің негізгі бағыттары, кәсіби даярлықтың білімдер, іскерліктер түріндегі мазмұны және оқу процесіне этнопедагогика материалдарын кіргізу әдістері, географиялық білімді этнопедагогика материалдарымен байланыстыруға болашақ мұғалімді кәсіби даярлауды әдістемелік қамтамасыз ету ескерілді
Айта кету керек, біздің зерттеу жұмысымызда болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру және қалыптастыру айтылады. Қазіргі жоғары оқу орнының оқу процесінде болашақ мұғалімнің этнопедагогикалық дайындығы этнопедагогикалық және этнопсихологиялық курстарын оқу кезінде қалыптасады. Бірақ, бұны болашақ география пәні мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығын қалыптастыруда жеткіліксіз деп
санап, біз этнопедагогикалық даярлауды жетілдіруді мақсат етіп қойдық. Осы мақсатқа жету үшін аталмыш даярлықтың компоненттерін қалыптастыруға бағытталған міндеттер қарастырылды. Осыған байланысты болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдірудің принциптері анықталды (1- сурет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы