Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған бастапқы математикалық ұғымдарды қалыптастыру бойынша вариативтік оқу бағдарламасы. Дайындағандар: Абенова Гульнара Абаевна Жоғары біліктілік санатты кмқК



бет1/10
Дата12.04.2017
өлшемі294.49 Kb.
#7596
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған бастапқы математикалық ұғымдарды қалыптастыру бойынша вариативтік оқу бағдарламасы.

Дайындағандар:

Абенова Гульнара Абаевна

Жоғары біліктілік санатты

КМҚК «Ақерке» бөбекжайының меңгерушісі

Сыздыкова Гульсара Садыковна

Бірінші біліктілік санатты

КМҚК «Ақерке» бөбекжайының әдіскері

Рахметова Жаңагуль Жарылгаповна

Бірінші біліктілік санатты

КМҚК «Ақерке» бөбекжайының тәрбиешісі

2016 жыл.Жаңаарқа.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасында және «Нақты 100 қадам» ұлт жоспарында білім беру жүйесінде білім, білік, дағды жиынтығын меңгерту ғана емес, білімгерлердің ақпаратты өздігімен табу, талдау, оларды жүйелеу және орынды да тиімді пайдалану біліктілігін бойына сіңіру, дүниежүзілік ақпараттық ағымдарды түсіну мен түрлендіру арқылы мектепке дейінгі жаста қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінген.

ҚР үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жүйесі балалардың өмір бойына әлеуметтік табыстылық пен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге қажетті физикалық, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін дамытуға, негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған» деп көрсетілген [1]. Осыған орай, балалардың ұйымдастырылған оқу және ойын әрекеті арқылы оқытудың дамытушылық қызметін жүзеге асыру мектепке дейінгі білім берудің басты бағыттарының бірі болып саналады.

Балалардың тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін дамытуда оқыту мен дамытудың арақатынасы жөнінде мәселені зерттеуші ғалымдар түрлі тәсілдермен іздестіреді.Оқытудың дамытушылық қызметін Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов оқытудың мазмұнын өзгертуден іздестіру керек деп есептесе,Н.А.Менчинская, Е.А.Кабанова-Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгертудің тиімділігін ақыл-ой іс-әрекеттерінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп есептеді [2].

Балалар психологиясын зерттеген А.А.Люблинская оқытудың түрлі әдістерін жетілдіру арқылы оқытудың дамытушылық қызметін арттыруға ерекше мән береді. Ал Л.В.Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ең бірінші, оқыту үдерістің өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деп тұжырымдайды.Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин оқытудың дамытушылық әсері педагогикалық әрекеттер мазмұнында проблемалы оқытудың ролін арттырғанда ғана жүзеге асады деп есептейді [3].

Демек, осы зерттеуші ғалымдардың пікіріне сүйеніп, анықтағанымыз, мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру барысында оқытудың дамытушылық қызметін жүзеге асыру баланың қажеттіліктерін қанағаттандырумен, таным немесе психикалық үдерістерін қалыптастырумен өзара тығыз байланыста жүргізілетініне көзіміз жетті. Олай болса, мектепке дейінгі баланы оқытудың дамытушылық қызметі өзінің мақсатымен, қызығушылығымен және орындалу тәсілдерімен ерекшеленеді. Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптас-тыру оқытудың дамытушылық қызметінің мазмұнына, ұйымдастыру әдістеріне және мотивтеріне тікелей байланысты.

Мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарында балалардың ой-өрісін, логикасын, тілін дамытуда, белгілі бір затты қабылдауын, есте сақтауын, оны қайта жаңғыртып көзге елестетуін, дүниетанымын дамытуда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың маңызы ерекше. Балаларда бар түсініктер өздігінен ұғымдарға айнала алмайды. Ұғымдарды және оларды қолдануға негізделген ойлаудың логикалық формаларын балалар ғылыми білімдерге негіздеу барысында меңгереді. Демек, мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой қызметінің дамуы, логикалық ойлаудың дамуы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында жүзеге асырылады.

Балаларды мектепке дайындауда математиканы оқыту тек сандық және кеңістік, уақыт жайлы түсінік қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың ойлау үдерісін дамытуға (анализ, синтез, индукция, дедукция) ықпал етеді. Арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде баланың танымдық қызығушылығымен бірге жалпы даму қамтамасыз етіледі, яғни оқытудың дамытушылық қызметі жүзеге асырылып, баланың тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік ашылады.

Балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында оқытудың дамытушылық қызметіндегі бірқатар талаптар мен шарттар орындалуы қажет.

Біріншіден, дамытушы орта қажет, ол үшін мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтай отырып, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталуы шарт. Балалардың танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісі болып саналады. Ойлауға үйрететін сабақтар дамыта оқыту сабақтары деп есептеледі. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасайды. Педагог бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Екіншіден, соңғы жылдары бастауыш сынып пен балабақша арасындағы сабақтастық мәселесі жиі айтылып жүр. Бастауыш сыныпта математиканы оқытудағы қазіргі психологиялық зерттеулер балалар бақшасында да, метепалды даярлықта да математикалық дайындықтың мазмұнын қайта қарауды талап етіп отыр. Бұған дейін көбінесе баланың психологиялық даму мүмкіншілігін ескермегендіктен, қолданылып жүрген көптеген әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы аз екені байқалап отыр. Бір ғана заттарды, көрнекіліктерді пайдалану арқылы қарапайым қосу мен азайтуды меңгерумен шектелсе, онда баланы алғашқы математикалық түсінігі кеңімейтіндігі дәлелденген. Олай болса, бұл жерде де біздің зерттеуімізде қарастырылып отырған оқытудың дамытушылық қызметі ескерілмеген деуге болады.

Үшіншіден, қазіргі таңда білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – білім беру, тәрбиелеу, дамыту арқылы жеке тұлға қалыптастыру. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Олай болса, мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру барысында баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу, өмірге дайындау мақсатында білім берудің дамытушылық қызметі жүзеге асырылуы қажет.Бағдарлама әр түрлі ұйымдастырылған оқу қызметінің қарым-қатынасының көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін: құрастыру, музыкалық тәрбие, бейнелеу өнері, дене шынықтыру. Негізгі міндет дамытушы ойындарды қолдана отырып, балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру кезінде балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ыңғайлы жағдай жасау. Бұл бағдарламада Б.Н.Никитинің,В.В.Воскобовичтің ,Овид Декорлидің ,Золтон Дьенештің дамытушы ойындарын қолдану арқылы ұйымдастырылған оқу қызметтерінің жоспары берілген, бұл балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға көп септігін тигізеді.

Мақсаты :

Дамытушы ойындарды пайдаланып балалардың қарапайым математикалық ұғымдар туралы түсініктерін және балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.



Міндеттері:

  • Математикалық ойлауды және шапшаңдықты дамыту;

  • Жұмбақтарды шешу арқылы бақылау қасиетін дамыту;

  • Көзбен бақылауды дамыту;

  • Сызу негіздерімен таныстыру;

  • Баланың шығармашылық зияткерлігін дамыту.


Екінші кіші топта қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

бағдарламасы

Мақсаты:

Балалардың интеллектуалдық қабілеттерін,логикалық ойлауын дамыту,қарапайым математикалық ұғымдарының қалыптасуына көмектесу.



Міндеттері:

«Көп», «Біреу», «Бір-бірден», «Ешбір» ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дағдыларды қалыптастыру:

-біртектес заттардан топтар құрастыру және олардың біреуін бөліп көрсету;

-топтық бөлмедегі заттарды ажырату және олардың санын анықтау;

-заттарды салыстыру;

-заттардың бір тобын екіншісіне бірізділікпен біріктіру және қосу;

-заттардың бір қатарға,реті бойынша,бір бағытта солдан оңға қарай оң қолымен орналастыру;

-ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру;

-заттардың көлемін салыстыру түсініктерін қалыптастыру.



Геометриялық пішіндер:

-геометриялық пішіндерді тану жәнеатау дағдыларын қалыптастыру;

-өзіне тікелей жақындықтағы (оң жақта-сол жақта,алда-артта)кеңістіктік бағыттарды анықтау,оң қолымен сол жақтан оң жаққа қарай заттарды орналастыру дағдыларын қалыптастыру.

-өз денесінің бөліктерін атау және олардың қызметін бағдарлау;

-тәулік бөліктерін-таңертеңгілік,күндіз,кеш,түнді атау және тану дағдыларын қалыптастыру.



Көлем:

-Екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы,ені,биіктігі мен жуандығы бойынша біріктіру және үстемелеу жолымен салыстыру,заттарды шамасы бойынша салыстыру,беттестіру және қондыру дағдыларын бекіту.

Күтілетін нәтижелер:

-заттарды сол жақтан оң жаққа қарай оң қолмен орналастырады;

-екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы,ені ,шамасы бойынша салыстырады,салыстыру кезінде беттестіру және қондыру тәсілдерін қолданады;

-дөңгелек,төртбұрыш,үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді таниды;

-заттарды түсі,өлшемі,пішіні бойынша топтастырады;

-қоршаған маңайдағы бір немесе бірдей бірнеше заттарды табады;

-«таңертең», «кеш», « күн», «түн» сөздерінің мәнін түсінеді;

-заттарды салыстыру кезінде беттестіру және қондыру тәсілдерін қолданады;
-дөңгелекті,төртбұрышты,үшбұрышты ,бұрыштары мен ірі пішіні бар заттарды ажыратады,мына белгілердің мәнін ұғынады:жоғарыға-төменге,алға-артқа,сол жақтан-оң жақтан,үстінде,астында,жоғары-төменгі;

-тәулік бөліктерін дұрыс атайды.





Тақырыбы

Мақсат-міндеттері

Көрнекіліктер

1

Жиын.«Бір,аз,көп»

ұғымдарымен таныстыру.

Мақсаты: Балаларды топтардан жеке заттарды ажыратып алуға, «біреу», «көп», «аз» ұғымдары арасындағы қарым-қатынасты орнату.

«Көп», « біреу», «аз» , «бір-бірден» сөздерін сабақта қолдану.




Көрнекі құралдар: Ойыншық құстар топтамасы (ойыншық бала санына қарай), салфетка, 4 карточка,карточканың біреуінде 1 жалау,екіншісінде 3-жалау, үшіншісінде 8- жалау,төртіншісінде ешетеңе бейнеленбеген.


2

Жиын.Бір-көп.

Заттарды ортақ қасиетіне қарай біріктіру.

Мақсаты: Балаларды топтың ішінен бір затты бөліп көрсету және сол бөліп алған заттардан бөлек бір топ құрастыруға үйрету.. Заттар арасында бір-біріне ұқсайтын жерлерін көрсету.

Көп, біреу,бір бірден ұғымдарын сабақ барысында қолдану.



Көрнекі құралдар: Ойыншықтар (шыршалар,қояндар мен машиналар бала санына байланысты)


3


Жиын.

«Көп,біреу және бір-бірден»


Мақсаты: Балаларды топтың ішінен бір затты бөліп көрсету және сол бөліп алған заттардан бөлек бір топ құрастыру жұмыстарын бекіту.

Осы топтағы заттардың сәйкестіктерін табу, сол топтытағыны бірнеше топтарға бөлу,балалардың сөздік қорын көп,біреу, бір бірден ,біреу де емес сөздерімен толықтыру.



Көрнекі құралдар: Екі құмыра,біреуінің ішінде сары және жасыл жапырақтардан құралған гүл шоғы ал екіншсіі бос.


4

Қай жерде тұр?

Кеңістікте бағдарлау:оң жағында-сол жағында.


Мақсаты: Балаларды әр түрлі түсті екі жолақшаға көп және аз заттарды орналастыруға жаттықтыру.Ол заттарды жай ғана орналастыра салмай белгілі бір тәртіппен орналаструға үйрету. Жолақшалармен жұмыс істегенде оң қолмен солдан оңға қарай бағыттап қоюды үйрету.Жолақшалардың түстерін ажыратып неше ойыншық екенін санауға үйрету.Педагогтің айтқанын мұқият тыңдап, берілген тапсырманы қатесіз орындауға үйрету.

.


.

Сабаққа алдын ала дайындық: Сабақ басталмас бұрын балалардың әр қайсысының үстеліне әр түрлі тастар салынған қорапшалар қойылады.

Қызыл және сары түсті жолақшаны бір-біріне қарма-қарсы қояды. Барлық балада жолақшалар біркелкі орналасуы керек.




5

Кеңістікте бағдарлау:

«Оң жақ және

сол жақ»

Мақсаты: Балаларды екі түсті сызықшаға берілген заттарды саны бойынша орналастыруға әрі қарай жаттықтыру. Берілген заттарды оң қолмен алып сол жақтан оң жаққа қарай орналастыруға үйрету. Жолақтардың түстерін атай білу, сол жолақшада орналасқан ойыншықтар санын атай білу,педагогтың нұсқауын орындауға үйрету,тек қана өз ойыншықтарын ғана қолдануға,басқа балалардың ойыншықтарын

рұқсатсыз алуға болмайтынын қалыптастыру.





Сабаққа алдын ала дайындық: Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің барысы алдыңғы сабақтікіне тән,тек қана ойыншықтар түрі басқа.

Саңырауқұлақтар, шыршалар, үйректер.




6

«Бір және көп»ұғымдарын бекіту.


Мақсаты: Балаларды көп заттарды тауып алуға , сол топ заттардың ішінене бір затты бөліп алуға үйрету. «Бір»сөзін қолдану.

Мысалы: «Бір тауық, қояндар көп» немесе «Қоян біреу, тауықтар көп». Көп,біреу,бір бірден,біреуі де емес барлық заттардың ішінен белгілері бірдей заттарды ажыратып алу.




Сабаққа алдын ала дайындық:

Сабаққа дейін тәрбиеші ойыншықтарды орналастырады.Бір үстелге әр түрлі ойыншықтарды біреуден ғана қойса,екінші үстелге сол ойыншықтардың бірнешеуін қояды.Барлығы 4-5 түрлі ойыншық қойылады. Ойыншықтар көлемі бойынша үлкен болмауы тиіс,бала барлық ойыншықтарды қолына сидырта ұстай алуы керек. Терезе алдына екі құмыра қояды. Бір құмырада қызыл және ақ гүлдер болса екіншісі бос болады.Балаларды жартылай шеңбер етіп ойыншық қоятын үстелге қарма-қарсы отырғызады



7


Қай жерде тұр?

Кеңістікте бағдарлау:

үстінде-астында


Мақсаты:Балаларды екі түсті жолақшаларға бірінің астына бірін берілген мөлшерде заттарды орналастыруға жаттықтыру.(көп және аз)

Жолақшалардың

түстерін,ойыншықтар санын және олардың орналасқан орнын

( астында немесе

үстінде )үйрету.Заттарды оң қолмен алып сол жақтан оң жаққа қарай қоюды үйретуді жалғастыру.


Көрнекі құралдар: Фланелеграф, оған қатты қағаздан қиылған әр түрлі түсті құстар мен жапырақтар суреті.Петрушка (қуыршақ театрының кеиіпкері)

Үлестірмелі құралдар: Әр балада ұсақ ойыншық салынған қорапшалар, қағаздан кесілген екі түсті жолақшалар..







Қай жерде тұр?

Кеңістікте бағдарлау:

«Астында-үстінде,

алдында-артында »

Мақсаты: Балаларды әрі қарай бір топ заттардың ішінен бір затты бөліп алуға үйрету.Балаларды үстелде неше зат бар, және олардың атауын атауды үйрету.Балаларға астында-үстінде,

алдында-артында бағыттарын бағыттауды үйрету.




Сабаққа алдын ала дайындық: Сабаққа деиін педагог ойыншықтарды орындарына орналастырып қояды.Бір үстелге екі түрлі ойыншық қояды. Мысалға: Бір қоян және көп мысықтар немесе бір мысық көп қояндар.

Көрнекі құралдар:

Әр түрліойыншықтар (6-7 түрлі) 4-5 данадан.Петрушка, әр түрлі- түсті жалаулар

( балалар санына байланысты)


9

Геометриялық. фигуралар

«Шеңбер»

Мақсаты: Балаларға шеңбер жайлы мағлұмат беру, шеңбердің мөлшері әр-түрлі болатынын үйрету.Балаларды пішіндерді қимыл әрекеті арқылы танып білуге үйрету.Балаларды топтастырылған көп заттың ішінен бір затты тауып алуға әрі қарай үйрету.


Көрнекі құралдар: Үлкен көк және кішкентай қызыл шеңбер,фланелеграф.

Таратылатын материалдар:Әр балада бір конверттен, конверттің ішінде үлкен қызыл және кішкентай көк шеңберлер.




10

Геометриялық фигуралар

«Шеңбер мен шаршы»

Мақсаты: Балаларды шаршымен шеңберді дұрыс атап оларды

ажырата білуге үйрету. Саусақтың ұшымен берілген пішіндірді көрсету арқылы оларды әрі қарай зерттеу. Арнайы дайындалған ортада бір немесе біренше заттарды тауып алуға дағдыландыру.

Күрделі сөз тіркестерін пайдалана отырып,неше және қандай заттарды алғандарын айтып беруге үйрету.


Көрнекі құралдар: Фланелеграф,көк шеңбер және сары шаршы, ойыншықтар жйынтығыжәне тағыда басқа заттар.


11

Жаңа Жылға аңдар қалай дайындалады.


Мақсаты. Заттарды берілген классификация бойынша топтастыру(өлшемі, түсі, пішіні), арнайы белгілермен қолдану (қолдануға болатын және болмайтын), ереже бойынша заттың оймен таңдап алу.



Құрал-жабдықтар:. Шырша және шардың 3-өлшемді суреттері, әртүрлі пішінді сыйлық қорапшалары(3-түрлі)-қолдануға болатын белгісі бар 24 карточка,ойын персонаждары(кірпі, қоян, түлкі).


12

Тосапты(варенье) кім ұрлап алды?


Мақсаты. Ақпаратты алу үшін салыстыру қабілетін қолдануды үйрету. Бір әрекеттен екінші әрекетке ауысуды үйрену, бақылау, айқындауды дамыту.



Құрал-жабдықтар: Еденге қойылған іздер(картоннан), жұмсақ ойыншықтар(Карлсон,

Винни-пух,Дымбілмес, Шапокляк,Чебурашка, Үкі). Шабадан, кілт, горшоктың суреті салынған карточка



13

Дидактикалық ойын:

«Буратино кілемшесін құрастыруға көмектес»


Мақсаты:

балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, геометриялық фигуралар туралы түсініктерін бекіту. Бөлшектерді біріктіре отырып, тұтас бір фигураны құрастыра алу қабілетін дамыту. Буратиноның кілемшесіндегі саңылауларды ақ түсті әртүрлі фигуралармен жапсыру.

Балаларға алдын ала қиылған, бірнеше бөліктерге бөлінген матадан жасалынған ақ түсті, әртүрлі пішіндер мен желім беріледі


Құрал-жабдықтар:

Балаларға алдын ала қиылған, бірнеше бөліктерге бөлінген матадан жасалынған ақ түсті, әртүрлі пішіндер мен желім беріледі.



14

Дидактикалық ойын:

«Менің суретімде не бейнеленген?»

Мақсаты:

Балалардың геометриялық

фигуралар туралы түсініктерін толықтыру.Тәжірибе барысында балалар геометриялық фигураларды құрастырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.


Құрал-жабдықтар:

Геометриялық фигуралар.



15

«Кім күшті?» Геометриялық фигуралар туралы ертегі -әңгіме.


Мақсаты: Геометриялық фигуралар туралы ұғымдарын кеңейту.

Айналадағы қоршаған ортада оларға ұқсас заттарды табу, жасалу жолдары мен құрылысына мәнберу,айырмашылық-

тары мен ұқсастықтарын ажырату. Денелердің өлшемі туралы ұғым беру. Сол өлшемдер арқылы дененің көлемін анықтауға болатынын түсініп, тәжірибе арқылы көрсету жәнедәлелдеу түсініктерін қалыптастыру.


Құрал-жабдықтар:

Геометриялық фигуралар



1 Қосымша

Екініші кіші топ
Ұйымдастырылған оқу қызметін

ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Екінші кіші топта қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру үшін арнайы жұмыс іске асырылады,балаларда математикалық негіздерді дамытуды қалайды.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру үшін қыркүйек айынан бастап, аптаның белгіленген бір күнінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өтеді. Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы 15 -20

минуттан аспауы қажет.Балалардың қабілетіне байланысты, математика

ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша,жаңа білімді балаға біртіндеп түсіндіреді.Берілген тапсырма балалардың жас ерекшелігіне сай болуы тиіс, сонымен қатар балалардың білім деңгейін ескеру қажет.

Бұл жастағы балалардың есте сақтау қабілеті тұрақсыз болып келеді.Балалардың ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылықтарын әрдайым арттырып отыру қажет және дидактикалық ойындар кең түрде пайдаланылуы тиіс. Ойын барысында барлық балалар белсене қатысуы тиіс.Педагог ойынды ұйымдастырғанда басты назарды балалардың барлығы ойынға белсене қатысуын қамтамасыз етуі тиіс. Мысалға; ең бірінші мақсат педагог балалардың назарын өзіне аударып

алуы қажет.

Ұйымдастырылған оқу қызметіне арналған көрнекі құралдар баланың назарын өзіне аударатындай тартымды болуы қажет,сонымен қатар эстетикалық талғамға сай , артық көзге көрінер бөлшектер болмауы тиіс.

Мысалға:ұзын және қысқа ұғымын балаларға түсіндіргенде бір түсті, ұзындықтағы әр түрлі таяқшалар қолдану керек.

Балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында тез шаршап жалығып кетпес үшін педагог жүйелі түрде өткізу қажет. Мысалға: әртүрлі ойын түрлері,сергіту сәті, топпен жұмыс.

Қарапайым математикалық ұғымда дидактикалық ойындардың үлесі өте зор. Балалар өте күрделі іс- әрекетті белгілі бір ретпен орындауға қабілетті.

Егер баланың ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіне деген қызығушылығы болмаса ол баланың ойы бөлініп,тез шаршағыш болады. Педагог осы жағдайы ескере отырып, оқу қызметі барысында балаларға тапсырманы орындатпас бұрын өзі мұқият әрі анық балаларға түсіндіріп алуы қажет.Тақырыпты түсіндіргенде балалардың назарын өзіне аударту үшін педагогтің дауыс ырғағы анық, түсінікті болу керек. Егер тақырып күрделі болған болса педагог балаларға 2 немсе3 рет қайталап түсіндіру керек. Балаларға бірнеше рет көрнекі құралдарды пайдалана отырып түсіндіргенде ғана бала берілген тақырыпты тез ұғып қамтып алады.

Жұмыс барысында балаларға өз қателерін көрсетіп қана қоймай, сол қатемен жұмыс істеу керек. Жасалған қателікті тек дидактикалық материалдар пайдалану арқылы ғана түзете аламыз. Педагог баланың қатесін өзіне түсіндіргенде бала жалығып кетпейтіндей етіп жеткізу қажет.

Егер балалар берілген тақырыпты тез ұғып,түсініп алған болса ,оны қайтадан қайталаудын еш қажеті жоқ. Енді осы тапсырманы балалар ауызша орндауы қажет. Ауызша орындағанның өзінде балалар берілген материалды тез ұғып әрі жалығып кетпес үшін әрдайым жаңа көрнекі материалдар қоладну керек. Бір сабақта 2 ден 4 ке деиін тапсырмалар берілуі керек. Сол берілген тапсырмаларды 2 немесе 3 рет қайталау қажет.

Балада қалыптасқан білім деңгеиіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге болады, сонын арқасында бала алдында өткен тақырыптарды қайталап қортынды жасап бекітеді.

Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында қолданылған әр жаңа тәсілді бала тез қабылдап алу үшін нақты сол тақырпты түсіндіру керек. Әр жаңа сөзді педагог асықпай анық, дауыс ырғағымен айтуы тиіс.Бірінші жаңа сөзді балалар жеке-жеке қайталаса артынша бәрі хормен айтуы тиіс.Берілген тапсырмамен онын орындауын жүйелі түрде қадағалап отырса ғана балаларға жаңа сөзді тез жаттап алу оңайға соғады. Балалар берілген тапсырмаға жауапты хормен әрі жеке қайталау керек.

Екінші кіші топтың балалары үшін математикалық ұғымдарды пайдалана отырып сөздік қорларына енгізіп сөйлемді ретімен құрастыру қиынға соғатын болады. Алғашқы кезеде балаларға оңай болуы үшін қосымша сұрақтар қойып отыру қажет болады. Мысалы: «Қызыл жолақта неше түйме орналсқан? Көк сызықта неше түйме?» Осы қойылған сұрақтарға жауап қайтару арқылы балалар сөздік қорын молайтады. «Қызыл жолақта бір түйме ал көк жолақта көп түйме» Педагог балаларға жауаптың үлгісін көрсетеді немесе басын өзі бастап ал балалар аяқтайды.

Балалардың сөздік қорын дамытудың тағы бір жолы ол жұмыс барысында балалар не істеп жатқандарын айтып отыру керек, кейін бала қалыптсақаннан кейін не істейтінін алдын ала айтуы тиіс. «Тақтайшаның қайсысы жалпақ екенін білу үшін не істеу керек?» «Барлық балаға қарындаш жете ме?

Оны қалай білуге болады?» Балаларды ынталандыру мақсатында педагог ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балаларды әрдайым мақтап отыруы керек. Сабақты қорытындылау үшін педагог балаларға бірігіп ойын ойнауды ұсыну керек сонда келесі жолы балалар сабаққа қызыға қатысатын болады.

Екінші сәбилер тобында балалар математикадан қандай білім алса әр қарай солай қалыптасып кетеді. Сондықтанда педагог әрдайым балаларды ынталандырып, қызығушылықтарын арттырып отыры керек.


Каталог: uploads -> doc -> 0dc9
doc -> 11 сынып. Тест жұмысы 1-тоқсан. 1 – нұсқа Іздеу жүйесін құрайтын бөліктерді көрсетіңдер
doc -> Тест 9 сынып, қазақ әдебиеті
doc -> Книга-Book Кітап-книга-Book Бет- страница Ұяшық- ячейка Диаграмма-диаграмма Кесте-таблица Формула-формула
doc -> 1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?
doc -> Тақырыбы: 10-сыныпта өткенді қайталау
doc -> Деңгейлік тапсырмалар беру
doc -> Оқушылардың зерттеу қызметінің түрлерін, әдістері мен тәсілдерін анықтау; -сәттілік кезеңдері мен рефлексия қалыптастыру
doc -> Өтетін орны: Мектептің спорт залы. Өтетін уақыты: 01. 12. 15. Жабдықталуы
doc -> Педагогикалық технологияны жобалау-дың әдіснамасы. Ақпараттық, инновация-лық, оқыту, педагогикалық технология-лар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді