Мектепке дейінгі балалардың дүниетанымын дамытуда Халық педагогикасының ролі

Loading...


Дата31.03.2020
өлшемі163 Kb.
Мектепке дейінгі балалардың дүниетанымын дамытуда Халық педагогикасының ролі
І. Кіріспе..........................................................................................................3
І Тарау. Халық педагогикасының балалар тәрбиесіндегі рөлі

ІІ. Негізгі бөлім

1.1. Мектепке дейінгі балалардың дүниетанымын дамытуда халық педагогикасындағы бала тәрбиесі жөніндегі негізгі бағыттар............4-6

1.2. Мектепке дейінгі балалардың дүниетанымын дамытуда халық педагогикасының ролі...............................................................................7-10
ІІ. Тарау. Мектепке дейінгі балалардың дүниетанымын дамытуда халық педагогикасының рөлі

2.1. Мектепке дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастыруда қолданылатын халық педагогикасы элементтерінің түрлері..............11-21

2.2. Халық ауыз әдебиетінің мектепке дейінгі балалардың тәрбиелік маңызы......................................................................................................22-27

2.3. Мектепке дейінгі балалардың дүниетанымын дамытуда халық педагогикасы элементтерін пайдалану әдістемесі................................28-32


ІІІ. Қорытынды.....................................................................................33-34
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................35

І . Кіріспе

Зерттеудің көкейкестігі

Тарихқа көз жүгіртсек ата бабаларымыз ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесін, бай рухани қағидасын жас ұрпақта тәрбиелеуде пайдаланған. Бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, үміт артып сергек қараған. Жас ұрпақтың алдына мақсат қойып, міндеттер жүктеген. Болашақ қамқоры, Отан қорғаушысы шаңырақ иесі, өмір гүлі деп есептеген. Халықтың өмірлік тәжірибелері, ойға түйгендері, бастан кешкендері, ұстаған қағидалары, тұжырымдары, жинаған әдет ғұрыптары, салт дәстүрлері, ақыл - ойлары, тәрбие шежіресі халық педагогикасы болып саналады. Халық педагогикасы халықтың ауыз әдебиетінде тәрбие дәстүрлерінде, шығармаларында, отбасы тәрбиесінде, ұлттық ойындарда, музыкалық шығармаларында және қолөнер туындыларында көрініс тауып ұрпаққа беріліп отырған.

Халық дүниеге келген жас нәрестенің жолына бар жақсылықты бағыштаған. Балаларға арнап көркем сөздер, өлеңдер, жұмбақ - жаңылтпаштар, әңгімелер шығарған. Халықтық тәрбиеге сөздердің берері өте мол болған. Мысалы: «аяғыңды көкке көтерме», «үйге қарай жүгірме», «қолыңды төбеңе қойма», «мал сүйегін отқа жақпа», «ақты төкпе», «қолыңмен жер таянба», «есікті керме», «пышақты жалама»... т.б. Халық тәрбиесіне сонымен қатар ұлттық салт - дәстүрлер кіреді. Оның бірнеше түрлері бар ...

Қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларына білім беру жолын, мазмұнын, формасын өзғерте отырып, оқушыларды жақсы біліммен қамтамасыз ету, халықтық салт - дәстүрлер негізінде тәрбиелеу қолға алынуда. Халық псдагогикасын сабақ барысында қолдану оқушылардың біліміне, психикалық процестері меп танымдық қасиеттерінің дамуына өте күшті әсер етеді. Халық педагогикасын қолданып сабақ өткізу, білім беру ұтымды. Арнайы сабақ, ойын сабағында болсын халық педагогикасын қолдану қажет деп ойлаймыз. Жалпы халық педагогикасының білім саласында маңызы зор.



Зерттеу мақсаты:

Бастауыш сынып оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін, адамгершілік нормаларын халық педагогикасы негізінде меңгертіп дамыту.


Зерттеу болжамы:

Егер мектептегі бастауыш сынып оқушыларының оқыту, тәрбиелеу үрдісіне арнайы жүйеде халықтың ұлттық дәстүрлеріне, тұрмыс салтына, әдет-ғұрпына, мәдениетіне, өнеріне лайықтап өңделген сабақтарды, ойын сабақтарды жүйелі түрде жүргізу барысында оқушылардың танымдық қасиеттерін, адамгершілік қасиеттерін дамытуға болады.


Зерттеу объектісі:

Бастауыш сынып оқушыларын халықтық педагогика негізінде өңделген сабақтармен, ұлттық ойындар арқылы оқыту, тәрбиелеу және дамыту.



Зерттеу пәні:

Оқушылардың психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін дамытуға бағытталған сабақтар.



1.1. Мектепке дейінгі балалардың дүниетанымын дамытуда халық педагогикасындағы бала тәрбиесі жөніндегі негізгі бағыттар.
Қоғамды дамыту үшін қоғам мүшелерін жан-жақты тәрбиелеп, жетілдіру керек. Тәрбие жұмысының бағыт-бағдарын белгілейтін әр топқа сай өзіндік мораль болған. Мораль қоғам мүшелерінің этикалық саналарын: ізгілікті, мейірбандылық әділдікті, мінез-құлықты бейнелейтін қоғамдық сананың оң түрі. "Мораль - адамдардың бір-біріне және қоғамға міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмір сүру ережелерінің, мінез-құлық нормаларының жиынтығы".

Таптық қоғамда мораль белгілі бір таптың идеясын, өмірген деген көз қарасын дәріптейді. Бұл құбылысты жете аңғарған қазақ халқы "Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы" деп қарапайым сөзден философиялық топшылау жасаған.

Таптық, экономикалық идеологиялық ерекшеліктеріне қарамастан негізгі сақтап халық педагогикасындіағы ақыл-ой идея қай халықтың болсын тіршілік тынысымен шаруашылық кәсібімен, семьялық, қоғамдық, ұлттық тәрбие дәстүрімен тығыз байланысты туып, өсіп өркендеп, дамып ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жетіп отырған.

Халық келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы дәстүрін жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат еткен.

Бірде бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай емес.

ХҮІI-XҮIІІ ғасырлардағы орыстың және демократияшыл бағыттағы педагог ғалымдары ғылыми еңбектерін халықтың ғасырлар бойы жинақталған тәрбиелеу тәжірибесіне негіздей отырып көпшілікке ұсынған болатын. Мысалы чехтіц ұлы педагогы Амос Коменский жұмысындағы халықтық дәстүрдің жақсы нәтижелеріне сүйеп отырып, баланы жастайынан еңбекке және жақсы мінез-құлықтарға тәрбиелеу жолдарын белгілеп берді.

Швейцарияның педагогі И.Г.Песталоци тәрбиені ана тілінде оқытатын халықтық мектептердің бай тәжірибесіне негіздей отырып жүргізуді мақұлдады. Ол адамның ақыл-ойы қалыптасуының және дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқудың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты деп ерекше атап көрсетті. И.Г.Песталоци "Бала тәрибиесі оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың дүнені түсінуі отбасында басталып мектепте әрі қарай жалғастырылуы шарт" - деген қағиданы ұсынды.

Францияның ұлы ағартушысы Ж.Ж.Руссо да бала тәрбиесінің көзі еңбекте, сондықтан баланы жан-жақты азамат етіп тәрбиелуді отбасында еңбекке үйретуден басталуы қажет деп тапты.

Ал орыс педагогі К.Д.Ушинский халықтық тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдісіне тоқтала келіп: «Орыс халқының бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенің негізін халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек». - деді.

Халық ағартушылары мен әдебиетшілерінің бойынша ұлттық мәдени тәрбие ісінің алтын қазықпен М.Горький, Сәбит Мұқанов пен әңгімелескенде қазақ халқының мәдени мұрасының асылдарын іріктеп халық қажеттілігіне, ұрпақ тәжірибесіне жарату қажет деп кеңес берген.

Қазақ халқымың педагогикалық ой-пікірін халықтың өткендегі өмірімен салт-санасы мен тұрмыс тірішілігімен етене бірлікте, тығыз байланыста алып қараған жөн.

Мал бағып күнелткен, ұлттық баспасөзі, өзінің ана тілінде мектебі мен театры болмаған көшпелі қазақ елінің өткендегі өмірінде фольклор, салт-дәстүр жалпы айтқанда ұлттық рухани мәдениетінің ролі зор болды. Академик М.Әуезов адамзат мәдениетінің алтын қорына дүние жүзінің халықтарын қосқан өзіндік үлесін сөз ете келе: "Гректер атақты храмдарын египеттіктер пирамидаларын, қытайлыктар фарфор бұйымдар мен мәрмәр тастан жасалған адам мүсіндсрін, итальяндықтар әсем әуенді музыкалық шығармаларын, фраицузлар сурет өнерін үлгі етсе, көшпелі қазақ елі аса бай өлең, жыр мүұасын қалдырды" — деп халық педагогикасының аса үлкен бағытын көрсеткен. Сондықтанда бізлің қазақ даласын зерттеуші Пурона. орыс ғалымдары жыршы халық, ақын халық - деп Пікір айтпаған деген тұжырымға келеді. М.Әуезов.

Баланы дүниеге келуіне байланыты шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізер, тоқым қағар, қыз ұзату, үйлену тойлары, ауыл азаматтарының бірлесіп еңбек етуі (киіз басу. үй салу т.б. көпшілік еңбск түрлері), адамның дүниеден қайтуына байланысты естірту, жоқтау, көрісу сияқты әдет-ғұрыптардың бәрі өлең-жырсыз, ән-күйсіз өткен емес. Мұның бәрі өлең жырдың адамның өмірлік серігі, рухани азығы болғанын дәлелдейді.

Қазақтың тұрмыс-салтымен байламысты айтылған "Жар-жар", "Сыңсу", "Беташар", жиын тойларда айтылатын қыз бен жігіт айтысы: жаңылтпаш, санамақ, жұмбақтауда "Естірту", "Жоқтау", "Қоштасу" әндерінде мақал-мәтелдер мен шешендік сөздерде айтысы мен олардың толғау, терме өлеңдерінде көзделетін мақсат біріншіден ас пен тойды қьзықты ету, халықтың көңілін көтеру болса, екіншіден аламның көңіл күйіне сөз өнерінің құдіретті күшімен әсер етіп, жүрек тебіренісін туғызу, үшіншіден жиынға қатысушы үлкені-кішінің бәріне ақыл-нақыл айту, ой салу, тәлім-тәрбие беру.

Яғни отбасы, ауыл-аймақ, көпшілік, қоғам болып адамды тәрбиелеу қазақ халқының өмірінен өзекті орын алады. Салт-сананы, әдет-ғұрпы, ойын-тойы, осы мақсатты іске асыруға бейімделе жүргізілген. Ас пен той, қуаныш пен реніш. ұлы жиындардың бәрі халық мектебі сияқты тәрбие беру орын болған.

1.2. Мектепке дейінгі балалардың дүниетанымын дамытуда Халық педагогикасының ролі

Халық жиындарында ән айту, күй тарту, қыз қуу, тенге салу, бәйгеден озу, астарлы сөз мағынасын арттырып, қарсыласынды ұғындыру, жіп иіріп, жүн түту. жылқыны жорғаға үйрету, өрмек пен кесте өрнегін арттырылып сайысқа түсу, қыз бен жігіттің өнерге деген ынталы азамат атаулының бәйгеге түсер дүбірлі думаны болған. Халықтың мәдени мұраларынан оның ғасырлар бойы басынан кешкен куанышы мен қайғысының, үміт арманы мен өкінішінің, сүйіспеншілгі мен өшпенділік сезімінің ізін көреміз. Осының бәрі халықтың ән мен күйінде, өлең жырында, аңыз-әңгімелерінде, поэма дастандарында тіпті қолөнерінде де бейнелей суреттелген.

Мәдениеттің фуикцияларын айқындай отырып, ғалымдар оны туындауынан гөрі жинақталу, сақталу, таралу мақсаттарына көбірек көңіл аударады. Өйткені сақтаушысы мен таратушысыі болмаса жазба және басма өнері дамымаған халықтардың мәдени мұрасы тұл болар еді. Өзінің есту, жаттау қасиетін арттыра білген қазақ халқының ұзақ ғасырлар бойы жазу мен баспа өнерін шермей келуінде де осы қабілет қасиеттері әсер еткен сияқты.

Міне, мәдени мұраны бұлжытпай сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші иелері, халыққа билігін жүргізген баба, киелі кимешекті әже, ақындар, жыршы-жыраулар, әнші, күйші, хиссашылар еді. Халық ақындар мен әнші-күйшілердің ел билейтін әкімдерден әлдеқайда артық бағалап қадірлеп, қастерлеген. Сал, сері, жыршы-жыраулар ел аралап өнер көрсетіп, үй-үйден дастархан жайылып құрмет көрсетіліп, ауыл өнерлісіне ән мен күйді, жыр мен дастанды үйреткен.

ХІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген, халық аса қастерлеген ақын, әнші сал, сері, жыршы-жыраулардың аттары күні бүгінге дейін мәдениет тарихының төрінен өшпес орын алуы, халқының жадында сақталуы осының айғағы.

Халық педагогикасының ғылыми-негіздерін анықтап қалаушы, заманының кемеңгері Мағжам Жұмабаев бала тәрбиесіне жан-жақты талдау жасаған. Ол қазақ халқының бала тәрбиелеуде ғылыми дамыған халықтардан еш кем түспегенін халық даналығын дәлелдейді.

Қазақ халқының бала тәрбиелеу негізгі бағыттары мен түрлеріне ғылыми негіздеме береді.

М.Жұмабаев баланың жан тәрбиесі мен тән тәрбиесінің маңыздылығының сөз етіп, жан тәрбиесіне күшті көбірек жұмсау кажеттігін көрсетеді. Өйткені «Адамның қымбат нәрсесі де сол жан. Қиын тәрбие тілейтін де сол жан», - деп ұғындырады.

Егерде С.Қалиев ұрпақ тәрбиесіне күшті көбірек жұмсау қажеттігін, іс-әрекеттер тұрғысынан қараса М.Жұмабаев негізгі ілімін психологиялық заңдарға сүйене отырып жасайды. Жам-көріністерін тап-тапқа бөліп, оларды ақыл көріністері, ішкі сезім көріністері, һәм қайрат көріністері деп атайды.

Бұл жерде айта кететін жәйт, данышпан Абай, халық тәрбиешісі ретінде, өзін байқаушы ретінде танылып, М.Жұмабаев көрсеткен адамның жан дүниесінің үш көріністерінің теңдігін дәлелдейді.

Әлде бір суық, мұз ақыл зерек,

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.

Тоқтаулылық талабы шыдамдылық,

Бұл қайраттан шығады білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек, - деп үйретеді.

Көптеген жалған түсінікке сүйеніп, баланың тоқ, жылы жүруіне ғана қамқорлық жасап, жан дүниесін қалыптастыруды табиғатқа, қоршаған ортаға жүктеген жоқ. Бұл ата-аналар баланың дене тәрбиесінің бір саласына ғана көңіл аударғаны болар еді. Бала тәрбиесінің бұл екі саласының да қажеттілігін, маңыздылығын ойлай отырып, дегенмен де бала өскен сайын тәрбиеші күшінің көбін баланың жан тәрбиесіне жұмсай білу керек деп көрсетеді М.Жұмабаев. "Тегінде берік ұғыну керек, адамның қымбат нәрсесі де, жұмбақ процесі де сол жан".

Сонымен бала тәрбиесі дене және жан тәрбиесінен тұрады екен. Баланың дене тәрбиесі нәрестелік кезчінен басталып, түрлі жаттығу ауаға қыдыру, серуендету, шынытырудан тұралы. Дене тәрбиесімен айналысатын мамандар талай еңбектер жазып, арнайы кесте жаттығуларлы ата-аналарға арнаған. Ал табиғат заңдылығын жете меңгерген көрегенділік тәжірибесіне бала тәрбиесінде қолдана білген қазақ халқының өзіндік ерекшеліктері кейінірек сөз болмақ.

Теориялық тұрғыдан баланың жан-тәрбиесінің бағыт заңдылықтарына жүгінер болсақ әүелі ол адам танымына тікелей байланысты екенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар сыртқы және ішкі сезім әсерленулерінің бастапқы сезім тәрбиелеуде алар орнын орасан зор екенін көрсету қажет.

Сыртқы сезім әсерлерінің бірі — көру сезімі жарық, түс және қозғалыс әсерлерінің сезінген адам айнала қоршаған табиғатты, қоғамдық өзгерістерді қабылдауға мүмкіндік алады. Бұл сезімді тәрбиелеу балаға әртүрлі ойыншықты беріп, сурет салудан басталады. Әрбір ата-ана балаға әртүсті, түрлі формадағы ойыншық сатын алып, істеп беріп, істеп үйренуіне көңіл аудару керек.

Ал сурет салу өнерінің бала жанының дамуына әсерін қазақ даласында ғылыми-сапарымен болған Д.Л.Иванов өте жақсы бейнелейді де, баланың көру қабілетін әдіетемелерін ұсынады. Баланың сыртқы әсерлену құралы — есту. Шуды есту, дыбысты есту мүмкіндігі болып екіге бөлінеді. Соның дыбысты есту мүмкіндігін дамыту қиып еңбекті талап етеді. Әннің әуенін, домбыра, қобыз күйіп, адамның сезіп есту, қабылдап түсіну үлкен еңбекті талап етеді. Соның ішінде ең қиыны — музыка. Бірақ баланы жастайынан әр дыбысқа еліктеткізіп, музыка тыңдағанда алдына алып отырған ересек адам түсіндіріп, айтып отырса, дыбыс құралы ерекшелігін бала тез қабылдап кетеді. Баланың есту сезімін ілгерлсіу үшін ең үлкен әсер беретін бесік жыры.

Грек данышпандары алдында тұрған адамға "қане сөйлеші, мен сені көрейін», дейіді екен. Жаратылысты танып. түсіну, ажырату, әсерлену. Сені естуге, көңіл сөзін айтуға байланысты Баланың жайы кетік болмай, бүтін болғанын қалайтын адам баласын он, жыр, күйді, тындатын, үйретеді.

Адамның жан дүниесін толықтыратын сезімнің бірі зейін. Дүниені, жаратылысты қабылдау, әсерлену мүмкіндігі зейінге байланысты. Ерікті, еріксіз түрдегі зейінді дамыту, қалыптастыру ата-анаға, оқытушыға, жетекшіге байланысты. Әсер алу үшін зейінді ауыстырып жүру қажет деп үйретеді психологтар. Жеке әсер, жаңа әсер, жаңа білімнен ескі білімнің қатынасын қарастыру, сақтау, болашақ әсерге даярлықты жасау (әсерлерді күту)- зейінді тәрбиелеу шарттары. Баланың есту мүмкіндігі, баланың қиялдау мүмкіндігіне тікелей байланысты. Қиял бұрынғы бар суреттеулерден жаңа суретеулер алу қиялы деп аталалы, "Қиял-фантазия өмірдің гүлді, көрікті болуының түпкі діңгегі. Фантазиясыз адам жұсаулы есек. " Фантазия қиял ақылды кеңейтіп, ой-өрісті дамытып, жаңашылдық. шығармашылық деңгейіне жетуге, әдістемелік сезімді тереңдетеді. Баланың қиял фантазиясын тәрбиелеу түсінікті болды, енді оны дамыту, іске асыру әдітемелермен танысайық.

Қиял-фантазияны ояту-негізі білім. Сондықтан білім беру алғы шарт. Тұрмыстық өмір, жан-жануар тұрмысын бақылап, жаратылысымен танысып, әдебиет, тарих, география, жаратылыстану пәндсрінің қиялды оятар түрлі сайыстардың көмегі зор болмақ.

Жаратылыстың құшағынды көк аспан астында, желмен жарылып, күнмен таласып өскен бала Қобыландының тайбұрымы сөйлейді десе, қотыр тай кұрық салғанда құнан жүген салғанда дөнен болды десең де сеніп өскен. Міне, қиял-фантазия ояту үшін ең алғаш ертегі таңдатып өсіру қажет. Ойын мен ойыншықтардың да бала қиялын оятуға әсері мол. Шыбықты ат қылып ойнап, оны ерттеп, асау уйретуі де соған сенгендіктен, қиялдап елестетуден, сенуден басталған. Сонымен қиял тек бүгінді, барды ғана емес, болашақты танып болжауға әсер етеді екен.



ІІ. Тарау. Мектепке дейінгі балалардың дүниетанымын дамытуда халық педагогикасының рөлі

2.1. Мектепке дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастыруда қолданылатын халық педагогикасы элементтерінің түрлері

Бүгінгі күні жан-жақты өзгерістерге дейін "Совет адамын" қалыптастыру жолында көптеген азаматтық қасиеттер тыс қалып әр ұлттың өз өмір салты феодалдық, капиталистік қалдық деп ұғындырылды. Ұлттық сана сезім рухына өмірді, тіршілік саласын өзгерту қажеттілігін туғызып отыр. Бүкіл ел болып өткен тарихында шындық таразысынан өткізу. Бұл шынайы азаматтық санаға ауысқандықты аңғартса керек.

Оның ішінде ең негізгі бағдары адам баланы өзін-өзі терең танып қана қоймай, оған жеткізер қуаты мол тәрбиелік әдістерді жетік пайдалануды қарастыруда. Сойтіп, адамның іштей түлеп, рухани жетілуін түбегейлі өзгерту тәрбие жұмысындағы басты мақсаттың бірі болмақ.

Өміріндегі кездесетін неше алуан қиындықтарды тек адамшылық негізінде шешкенде ғана, қисынсыз қателіктерге ұрынбауға болады. Оның бәрі ұлттық қасиетпен тығыз байланысты. Бұл тұжырым қоғамымыздың бүгінгі таңдағы ең үлкен мақсаты.

Бала тәрбиелеуге ұлтық дәстүрлердің қажеттілігіне тоқталар болсақ, ата-бабамыз салған дәстүрлерді ұрпақ арқылы әрі қарай жалғастыру, адамгершілікке, мейірімділікке, инабаттылыққа баулу. Халық даналығы "Адам ұрпағымен мың жасайды" деген екен. Ендеше, осынша ұзақ жасағысы келген ұлыс атаулы өзінің орман-сулы Отанын, отбасындағы думанды күйлі ошағын, атадан балаға ауысатын қара-шаңырағын көшзінің қарашығындай қорғап, олардың үздіксіз өркендеуін үнемі қадағалап отыруы керек.

Осы ұлағатты тәрбие ісін салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындардың қосар мүмкіндігін қарастырсақ, көрегенді халқымыздың бала тәрбиесіне ол дүниеге келмес бұрын өз ынтасын аударып, арнайы іс-әрекеттер жасағанын көреміз.

Біріншіден балалар бой жетіп, ер жеткенше өзінен кішілерге қамқорлық жасап, оларға білетіндерін үйретіп жуыиныру, киіндіру, тамақтандыру, ойнатуды мойнына алып, бала тәрбиесіне ата-ана, әже-атасымен қатар араласып, ұстаздықты табиғи жағдайда үйреніп бойына сіңіреді. Сонымен балаға түсінік, сезім, қажеттілік өзі бала кезінен бастап тәрбиеленеді.

Жас нәрестс дүниеге келмес бұрын оның дене тазалығын, жан тыныштығын қалыптастыратын іс шара халықтың педагогикасының жазылмаған заңдылықтары барына көзіміз жетті. Бұл бала тәрбиесінің екінші шарты десе де болады.

Қамқор ене әдетте келін түскен кезде — ақ ұл немересі болу үшін оған ырымдап алаш сойылған малдың ұлтабарын жегізеді. Ал жүкті әйел болса, біреудің үйіне өз дастарханына апарған дәмді "Қыз тауып қоямын" деп жемейді. Егер жас келіншектің асқа тәбеті шаппай жиі лоқсып, құсып жүргенін байқаса, оны қазақтар "Жерік болу" деп атайды. Осы кезде оның әлдебір асқа тәбеті ерекше ауады да турады. Енесі ауыл әйелдерін шақыртып қонақ етеді. Осы кішігірім той "құрсақ шашу" делінеді. Бұл томалаққа жиналған аналар өз үйінен бір-бір дәм пісірім әкеледі. Оның себебі келіннің жерік асын тауып беру. Егер асы тапсырмаса, яғни "жерігі қанбаса" өзі босанғанша ішкен тамағын қуса береді, тамағы бойына сіңбейді.

Мұны халық "ит жерік болу" дейді. Ит жерік болып дүниеге келген сәбидің ес жиғанша ауызынан сілекейі ақкыш болады. Аяғы ауыр келінді түнде өзін далаға шығармау, жалғыз жатқызбау болған.

Баланың жан дүниесін тыныштықта сақтау үшін, келінді корқыныштан сақтау керек болған. Ол үшін, құрсақ шашу кезінде оң босағасына ақ шүберек байлап, кірген адамға айғай-шусыз жүруін байкатқан.

Жолбарыстан жүрегіне, аюдың өтіне, бүркіттің миына жерік болған әйелдерден болашақ алып батырлар, ерен ойшылдар туатындығы туралы көптеген аңыздар ел ішіндс әлі күнге дейін сақталған.

Енесі аяғы ауырған әйелдің мезгілімен тамақтануына баса көңіл бөліп, оған көбінесе ақтан жасалған тамақтарын береді. Жазды күні келіннің тәбетін ашу үшін ит жуасын береді. "Іштегі бала шымыр болсын" деген ниетпен құм сағыз таңталады. Мүмкіндіктері болса, тауда өсетін рауғаш, қымыздық теріп әкеп береді.

Рауғаштан жесе сәбидің көзі көреген, естігіш болады, ал қымыздық баланың тәбетін ашады.

Болашақ сәби еңбектей бастағаи кезде жар жағалап, бор жалап кесек жейтіні белгілі. Бүл сәби организмінде белгілі бір мөлшерде минералдардың жетіспеуінен болатындығы бүгінгі таңда ғылыми тұрғыдан да дәлелденген. Мұны аңғарған халқымыз ежелден сәби құрсақта жатқанда-ақ алдын-ала қам жасаған. Сондықтан судың бұрын иірім болған орнын тауып, осы жерден саздың иісі шығатын қайырым топырағын үйге қонды да, "баланың сүйегінің қалыптасуына керек, кейін бөтен бор іздемейді", деп мөлшерлеп жезігіп отырады.

Құрсақты әйелге көбіне жас сорпа ішкізіп, қызыл ірімшік жегізеді. Халық түсінігі бойынша ақ ірімшік жеген әйелді баласынын сүйнгі бос, ал қызыл ірімшік жеген ананың сәбиінің сүйегі берік болады.

Әйелдің жүкті кезінді ескертетін халықтық түсінікке негізделген мынадай ырымдар бар. Итке "кет" деуге болмайды, бұл толғақты ауырлатуы мүмкін, арқан есуге болмайды; әйелдер босанар үстіндс бала кіндігіне оралып қалуы мүмкін, тең буын қаптың аузын жабуға рұсат етілмейді, керіснше жаулы заттарды ашуға, буулы нәрселерді шешуге болады; түйе етін жеуге болмайды, бұлай етсе, жүкті келіншек баласын тоғыз ай емес, он екі ай көтеруі мүмкін. Тәжірибелі өнерлер алдын ала түсікті бодырмас үшін келіннің етегін бүріп қояды, шошынбас үшін түнде ешқашан жалғыз шығармайды. Келіннің мезгілі жақындаған кезде мейірбан анасы оған қара жерді басқызып, "Кеудесі түкті жер — Ана, күш бер, қуат бер!" деп жалаң аяқ жүргізеді.

Соныменн бірге сл ішінде жас келінді аға-апасы жетелеп апарып, жеті бұлақтың көзін аштыру, бұлаққа май құйып, тенге тастау, бастаудың басындағы әулиғ ағашқа ақ шүберек байлау секілді сенімдер де бар. Қариялар осындай іс-әрекеттер арқылы "сенің ата-бабаң осы жерден су ішкен, толғатқан кезде сені демеп, жебеп отырады" деп келіннің күпті көңілін орнына түсіреді.

Міне бұл тәрбиелік іс-әрскеттер ғасырлар бойы халық тәжірибесіне негізделумен қатар, адамның тыс құдіреті бар деп, ол құдіреттің бірі табиғат болып саналған. Сондықтан Жер, Күн, Ай, аң-жануарлар сезім күшіне айналып, өмірде қиындықты болдырмау, жеңу үшін табынып отырған. Халық сенімінің беріктігін бүгінге дейін сақталып келген наным сенімдерден байқауға болады.

Аталып өткен дәстүрлер бала тәрбиесіне алдын ала жөн салып, қалыптастыру кезеңі болса, бала дүниеге келерде қолданылып сақталатын көптеген ырымдар мен рәсімдері нәрестенің дүниеге келер кезін жеңілдетіп, алғашғы сәтінен аялауға арналған. Жарыс қазан, кебеже, қан сандықтардың аузын ашу, күмісті су әзірлеу — бұлардың бәрі де болашақтың алдып алу әрекеттері. Тағы да халық көрегендігінің дәделі.

Қазіргі медицина әрекеттерінің көбі халық тәжірибесінде өзінше сақталған. Ол әрекеттер жас нәрестенің дене тазалығы, ширақтылығы, жан тыныштығына қамқорлық жасауға арналған.

Тұзды суға, күмісті суға шомылдырып, мойнының уақтылы қатуын қадағалап, ырымын жасап, ауызданып, тамақтанып, құрғақ жатуын қадағалап – сәбидің физиологиялық заңдарын түсініп, біліп, өзіндік ерекше амалдар табуына әкелген.

Әрбір ескі қазақ ауылында екі қабат әйелдерді босандыруды машық қылған қолы жеңіл кемпірлер болған. Олардың ел ішінде "аққол ана" (яки қазіргі акушер) деп атайды. Аққол аналар кез келген келіншектің қай күні босанатынын басынан біліп отырған.

Бала дүниеге келісімен дауысты шығу үшін құйрығынан шарт еткізіп ұрады да кіндігін кеседі. Сәбидің кіндігін кескен әйел "кіндік шешс" аталады. Жарық дүниеге келген сәбмиі емізбестен бұрын, қайнатылған таза суға салынған қасқырдың немесе сыртының жүнінмен ауыздандырады. Көне түріктер өздерін қасқырдан жаралғанбыз деп, көк бөріні киелі санағаны белгілі.

"Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі тек туған ата-анасының ғана емес, бүкіл ауылдың қуанышы болып есептеледі, Міне осы күндері "шілдехана", "шілде күзет", "шілдехана күзет" өткізіледі.

Тойға жиналғандар сәбиге ізгі тілектерін білдіріп, ән айтып, ойын ойнап, көңіл көтереді. Мұнда жастар тек ойын-сауық құру үшін ғана жиналмайды. Ондағы мақсаты жаңа туған нәрестекні жын-перілерден қорғау үшін жиналатын болған.

Әйелдердің әл қуат жинап, белі бекіп кетуі үшін арнайы мал сойылып, қалжа беріледі. Жас сорпа ішккізліп, жас ел жегізу мақсатымен сойылған малдың семіз, күйелі болуы шарт. Бұл дәстүрдің сақталуы еш кешірімсіз жағдай деп бағаланады, сондықтан тілімізде "сені туған шешең қалжы жеді-ау" деп ренішпен айтылатын сөз сақталған.

Шілдехана сойылған малдың мойын омыртқасын босанған жас әйелге береді. Ол мойын омыртқаны опырмай, тек етін қолмен үзіп жеп, төрге іліп кояды. Ел ішінді жас баланың мойнының қатуы осы омыртқамен байланысты деген сенім бар. Шілдс күзеттің тағы бір мақсаты анаға аналық сезім туғызып, оған арнаулы күтім жасау жолы.

Қазақ елінде қалымтасқан дәстүр бойынша нәрестеге үш күннен қалмай ат қойылады. Мұсылмандықтың енуіне байланысты көп жерлерде ат қоюға да молда шақырылатын болған. Молда азан шақырып, нәрестенің құлағына аузын тақап, сәбиге қойылар атты үш рет сыбырлап айтады. Осыған байланысты тіліміздс "азан шақырып ат қою" тіркесі қалыптасқан. Ат қойған адамға ақы ретінде арнайы сыйлық дайындалады.

Кіндігі түскен баланы бес күннен бесікке салалы. Осы той томалаққа жиналған ауылдың корші-қолаң әйелдері шашуларын ала келкді. Баланы бесікке бөлеуден бұрын "тыштыма" ырымы жасалады.

Бесіктің түбек тесігі арқылы бауырсак, кәмпит және түрлі дәмдер жапа-тармағай астына тосылған алақандарға тасталады. Басқарушы 'Тышты ма?" деп сұрағанда жанкүйерлер іле шала "Тышты! Тышты!" деп шу ете түседі. Шашу әуелі ұл балаларға, кейін қыздарға беріліп, сол балалар сияқты тезірек жүгіріп кетсін деген ниетпен істеледі.

Әрбір жақсылықтың үнемі шашу шашумен қарсы алатын халқымыздың бұл дәстүрі — «бесік құт дарысн» деген асыл ниетпен туған рәсім 40 күн болғанша бөбекгі бір күн сумен, бір күн тұзбен, бір күн жұпар иісті шөппен кезекпе-кезек шомылдырады. Тұзды суға шомылып, тұзға піскен сәби шымыр болады әрі есейген соң денесі зақымданса "жарасы тез жазылады."

Тумақ үшін ең елеулі кезең қырқынан шығару, яғни шілдеханасын жасау. Қауіп қатерлі 40 күн өтіп, нәрестенің мойны қатқан соң ата-анасының көңілі орнына түседі. Осы сәтке дейін іштен туа алынбаған "сүт тырнағы" мен "қарын шашына" да тиіспейді.

Ұл баланың қырық күнге жеткізбей, 37 не 39 күнде, ал қыз баланы қырық күннен асырып 42 не 44 күндс қырқынан шығарады.

Бұл кәдеге шақырылған ауыл әйелдері ыдысқа 40 қасық су құйып, теңгелер салған суға баланы шомылдырып, сонан соң шашы мен тырнағын алады. Қарын шашын алғаи әйелге сыйлық беріледі. Бұл шашты шүберекке түйіп, тұмарша етіп баланың оң иығына қадайды. Тырнағын жерге көміп тастайды. Батыс Қазақстанда алынған шаштан тұмарша жасап бас киіміне, бесіктің арқауына қадаса, Семей, Карағанды облыстарында қарын шашын шүберекке орап сақтап қояды екен.

Бала шашын жерге тастамау, бас қадірін биік ұстау деп түсінілген.

Жалпы баланың шашын ешқашан ашық-шашық жерге тастамайды, адам аяғын баспайтын жерге көміп отырады. "Қарын шаштың қарғысы қатты болады" деген мақалдан осы көрінісі байқалады. Ата-бабамыз сәби қара құлақтанып қатарға қосылып кеткенше тіл-көзден қатты сақтаган. Жылын басын, үкіні, куміс тиындарды тесіп нәрестенің бесігіне, киіміне тұмар ретінде іліп қояды. Бұл табынушылық дүниелер әр жердің өзіндік сеніміне байланысты қолданылады. Марал тұяғы, мүйізі (Өскемен), қыран тұмсығы (Арқалық), үкі мамығы, (жазық далалы жерлерде), көзмоншақ (Оңтүстікте). Егер "көз тиді" деп секем алған жағдайда сол адамның үйінен бір нәрсесін әкеліп түтетеді.

Осылайша «қас күштердің беті қайтады, баланы тіл-көзден сақтайды» деген сенім болған. Әсіресе әлдебіреу нәрестеіе сұқтана қараса не "баланы балапанақтай екен" десе, ата-анасы дереу көңілдеріне алып, іле-шала оған «түкірту» ырымын жасатады. Сәбиге жұрттың назары түспеу үшін көзден тасалап, оған көбіне жаман-жәутік, ескі-құсқы кигізіп, бет-аузына әдейі күйе жағып қояды.

Баланың ақыл сезімін, күш қайратын алғашқы күндерден-ақ қалыптастыра бастаған. Әуелі физиологиялық дене тазалық сауатына көңіл аударған, оны негіз деп тапқандықтан болып отыр. Дені сау баланың жан тазалғын қадағалап алғашқы әрекет нәрестені бесікке салу дәстүрімен тығыз байланысты. Бала тәрбиесінің тағы – бесік.

Ол тек ұйықтау орны емес. Жел-құздан, мезгілсіз ластануынан сақтап, ойнайтын, қасына келген адамдардың үн дыбыстарын ажыратып алданып, уілдеп жұбататын. Айналасын арқауға байланған ойыншықтардың көріп алдынан, айналасын танитын, ең соңында бесік жырын тыңдап әсер алатын орын. Бесік жыры тек уату емес, арнау тілек айтып, арманын білдіртіп әуенге құлақ үйретіп, өзге баларадың құлағына ой салу. Бесік жырына талдау жасап, тәрбиелік мәнін атаған әдебиеттер баршылық.

Сонымен ақыл-ой мен сезім қалыптастырудың құралы – аялы алақан, жылы, ойлы сөз, сазды әуен екенін халқымыз ежелден түсініп, бұлжытпай орындап, түрлі салт-дәстүрмен, наным-сеніммен, ырым-жоралғымен жалғасып отырған.

Туғанына 2-3 ай өткеннен кейін-ақ нәресте айналасындағы дыбыстарға елеңдеп, әсерін сезіп, қабылдай бастаған. Келе-келе ана дауысынан өзге үн-дыбыстарды ажыратып, аңдай алатын дәрежеге жетеді. Жағымды ән-әуенін езу тартып шаттанады, әуезді ырғаққа елтіп, маужырап ұйықтап кетеді.

Сәби 5-6 айдан соң талпынап еңбектенуге бейімделе бастайды.

Осы кезден тез еңбектесін деген ниетпен анасы көрші-қолаңдарын жинап, «бауырынан табақ алу» ырымын жасайды. Әдетте бір табақ арнайы беріліп, талпынып тұрған баланың оңынан сол жағына қарай «тез еңбектеп кетсін» деп табақ жүгіртеді. Еңбектеуге әбден машықтанып алған нәресте 9-12 айлығында қаз тұрып жүріге талпынады. Сәби- тәй-тәйлап жүре бастаған кезде ата-анасы «балам тез жүріп кетсін» деген оймен «тұсаукесер» тойын жасайды.

Халық түсінік бойынша тұсауы кесілмеген бала сүріншек болады.

Бөбектің басқан қадамы құтты болсын, одан әрі жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіріп оның ата-анасы өзіне жақын адамдарды жинайды да, аяғы жеңіл, қадамың нық болсын деп, сыйлы адамға бөбегінің тұсауын кескізеді.

Баланың тұсауын ала жіппен, қойдың тоқ ішегімен араластырып есілген арқанмен кеседі. Тұсау кесушіге сый-сияпат көрсетіледі. Әке-шеше, ата-әже бұл рәсімді кіші-гірім той-томалаққа айналдырады. Тұсауы кесілген соң баланы ақ жайма не кілем үстінен ақ жол тілеп, жолы жұмсқк болсын деп жүргізіп, тиісті ырым жасайды.

Мысалы кесілген ала жіпті 2-ге бөліп айрық жолға лақтырады. Аяғын басқан сәбиге жақсылық тілеп, келетін ауыртпалық болса оны көп болып бөлісуге, жамандық келе жатқан жолынан екіге бөлініп сәбиден аулақ жүрсін деген рәсім. Ал ішекті табаққа салып таласа-тармаса жеп қою тиіс.

Осы рәсімге қатысушылар "тұсау кесу" жырын қосылып айтып, бөбектің алғаш кадам басқанына қуанады, ал бұл жәйт балада адамға деген жылы бауырмалдықтың, сезімдерін артып, ілтипат, инабат, имандылық қасиеттерін қалыптастыруға себепші болады.

Балалар жүре бастаған кезде оларды қыз болса шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны "тұлым" деп атайды. Қыз баласы 2-3 жасқа келгенде шашын түгелімен жібереді, ал ұл балаларға шекесіне шаш қояды. Мұны «айдар кекіл» - деп атайды. Айдар кекіл кішкене балаға сәнді де, жарасымды болады. Екі, үш жасқа толғанда ұстарамен алып отыратын болған.

Қазақ отбасында ер баланы ерекше қадірлеп тіпті оның алғаш рет атқа мінгенінде, бір жаққа жолашны жүргенін де алғаш шаруашылық жұмысына араласуында шашу шашып қуанышпен атап өтеді. Сондай үлкен тойлардың бірі сүндетке отырғызу тойы.

Жалпы баланы 4 жаспен 7 жас аралығында сүндетке отырғызады.

Қазақ халқында сүндетке отырғызу міндеті молдаларға тапсырылған.

Сүндетке отырғызылған балаға бір жеті уақыт ішінде күтім жасалынады. Осы кезде бала жалықпас үшін ата-анасы немесе тұған-туыстары мұсылман болуымен құттықтай отырып, отан сүйгіштікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу мақсатымен батырлар жырын, аңыздар, ертегілер айтып берген. Сүндеттің денсаулыққа, тазалыққа да пайдасы бар. Сонымен "көкпар" беріп ат шаптырып той жасаған.

Баланы қаршадай күнінен атқа мінгізіп үйрету тарихи замандағы казақ қауымының белгілі дәстүрі болса, ата-ана үшін үлкен қуаныш болған. Жас баланы салт атқа үйреткенде алғашқыда жәй ерден гөрі ашамайға мінгізіп жан-жағынан байлауды жиірек қолданады. Ашамайды өте жуас қолға тұратын жылқыға ертейтін де оған баланы мінгізіп, алғашқыда ауыл арасында жаяу жетектеп үйретеді. Ашамайға бірінші мінген балаға жақсы тілектер айтылып, шашулар шашылады. Бала әкесі жаттықтырушыға сыйлық беріп, сол күні баланың бірінші қадамына қуаныш кешін өткізсді. Бірер күннен соң бала тізгінді өз қолына алып, өз бетімен салт жүруге үйретеді. Кейін 7-10 жасында бәйгеге шабатын болады. 10-11 жасында асау"тайларды үйретуге жарайды.

Осындай әдет-ғұрыптардың бірі — "шідерге мінгізу", "бірнеше адам бас қосып балаға сен сенді азамат болдың, шаруаға ыңғайлы бол" деп бата беріп, алдына шідер тастап оған мінгізеді. Бұл ырым бала еңбекқор, малжанды, іске бейім болсын деп тілек білдіріп жасалынатын ырым. Шаруаға икемсіз жігіттерді "шідерге еңбектеп неме" — деп ұрысу содан қалған.

Ел арасында түсінік бойынша төмендегідей сын, ырымдар да кездеседі. Нәресте анасының омырауын тас қылып ұстап отырып емес, онда ол бала сараң болады, керісінше алақанын ашып алаңсыз емес, онда ол бала өскен соң мырза жігіт болады. Ер баланың көзін ашып ұйықтайтын әдеті болса, онда ол ержеткен соң бақытты жары сұлу болады; ал қыз балада осындай әдеттер болса, күйеуі көрікті болады; егер бала үнемі жастықтың үстінде ұйықтайтын болса, кейіп ел басқаратын кқсем болады, егер бүк түсіп ұйыктайтын болса, уайымшыл, қайғышыл болады, ал шалқасынан жатып ұйықтайтып болса, мінезі жайдары, ақкөңіл азамат болады, етпетінен ұйықтайтын болса, қызғаншақ, кейде ойшыл болады; ал аяқ қолын төрі жаққа созып, бей-жай ұйықтайтын болса, өскен соң төрт құбыласы тең кемеңгер, әрі батыр болады.

Бала бесік дәуірінде қалмайды, сүндет тойымен бала өміріндегі ата-ана қамқорын аяқтамайды. Бұл жасқа келгеншс ұл мен қыз баланың тәрбиесінде көп айырмашылық болмай, көген басындағы қозы-лаққа, бесіктегі іні-қарындасқа, сіңлісін тербетіп, ойнатып жұбататын болған. Ұл сүндетке отырғызылған соң ересек балалардың соңынан ілесіп, уызқағанақ жеуге, көктемде қозы бағу, бұзау қайтаруға, ошаққа оттық жинауға икемделініп үйретіледі. Қыз бала болса үй жинастыруға, өрмек жүргізуге, жүн тазалауға, тезек теруге, үлкендермен бірге жүріп, ине сабақтап, сауынға ыдыс апарып, үй мен сырттың жұмысына бірдей араласқан. Мұның бәрі еңбек тәрбиесі. Ал баланың ақыл-ойы мен сенімін тәрбиелеуге арналған қандай іс-әрекеттер болған.

Бала атаулының айналаны қабылдауына зейінді кезі 3 пен 10 жас аралығы.

Қазіргі педагогика мен психология ғылымдары бұл жайтқа айрықша назар аударып бұларға "жүз мың сұрақ неліктен деп сауал қоятын кезең" деп айдар тағып жүр.

Осы ерекшелікті әлімсақтап аңғарып ата-бабаларының төкпе ақындық пен сұңғыла жыршылық, айыр көмей шешендік пен төгілдірген күйшіліп секілді киелі өнерлерімізді ірге тасы бала санасында сәби шақта қалатынын ерекше ескеріп, осынау балдәурен балалық кезеңге айырықша мән берген.

Сондай-ақ қазақ халқы өз ұрпағын бесікке салғаннан бастап, оның ақыл-ойын ойдағыдай қалыптастырып ойлау-сөйлеу жүйесін дамыту жолында өзіндік әдіс тәсілдерді шебер пайдаланып отырған.

Халық осы мақсатқа орай мақал-мәтелдерді де, кісіні ойлантып, толғантатын даналық сөздер мен уағыздарды, жаңылтпаш, санамақтарды, шешендік толғаныстарды утымды пайдаланған. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» -дегендей көшпенді халық болса да ғылым-білімді дәріптеп, ақыл-ой тәрбиесінің негізі — терең ойлау мен пайымдау екендігін ұрпаққа жан-жақты ұғындырып отырған, әр отбасы өз баласының ойлау жүйесін дамыту үшін санамақтар мен жұмбақтардың түрлі аңыз-әңгімелер мен тақпактардың, өлең сөздердің тәрбиелік мәнін әр кез қатты ескерген.
2.2. Халық ауыз әдебиетінің мектепке дейінгі балалардың тәрбиелік маңызы

Халық педагогикасының үлкен бір саласы ауыз әдебиетінің этнопедагогикалық мәнін ашып, оны оқу-тәрбие ісіне пайдаланудың негізгі жолдарын бірнеше ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып қарастыруды жөн көрдім.



Балалар жырының тәрбиелік мәні.

Қазақтың халық педагогикасында балаларға арнап шығарылған арнау-тілек өлеңдері, сұрамақтар төрт-түлік туралы жырлар, тақпақтар ерекше орын алады.

Арнау-тілек өлеңдері табиғат құрылыстары мен жан-жануарларға, құстарға қызығу сезімін оятып, эстетикалық әсер беру үшін, баланың дүниетанымын арттыру мақсатында шығарылған. Көктемнің шығуы тырнаның келуіне байланысты, сондықтан тырнаны көрген балаға:

Тырна келді, тұр,

Түндігіңді тұр

Арқан тарт,

Сандық аш! - дегізеді. Халық жаңбыр жауғанда балалар:

Жау, жау жаңбыр,

Жау жаңбыр.

Арық суы мол болсын

Аққан бұлак көл болсын деп қуанады.

Мұндай жыр мезгілдеріне байланысты жырлар баланың табиғат танымдылығын артумен қатар, табиғатқа қамқорлық жасауға бейімделеді.

Ал "Бақа, бақа, балпақ", "Кім күшті?", "Кім айтар?" сияқты көлемді сұрамақ өлеңдер сұрау, жауап арқылы сөз жүйесін дамытып, баланың ой-өрісін өркендетеді. Еңбекке, баланың малға деген қамқорлығын көрсететін төрт түлікке байланысты өлендер:
Малды берсең қойды бер!

Ұлды берсең, бойды бер

Жұртқа ақыл салғандай

Ақылы артық ойлы бер!

Сойса, саны қалақтай,

Сауса сүті бұлақтай.

Ешкі басын үйіңді...
Даусы бар азандай,

Желіні бар қазандай

Сиыр бассын үйіңді...
Маң-маң басқан

Шудаларын шаң басқан

Төрт аяғын тең басқан,

Екі өркешін қом басқан

Түйе бассын үйіңді.
Өңкей ала шұбардан

Жал құйрығы шұбалған.

Жылқы бассын үіңіді —

Деп әрі тілек білдіретін, әрі малдың қасиетін білдіретін өлеңдер бар.

Әр отбасында айтылатын баланың туылғанннан бастап құлағында қалатын ән "Бесік жыры" болып саналады. Бұл жырда ырғағы бесіктің тербелісіне сәйкес қоңыржай әуен бөбектің сезім мүшелері арқылы оған сүйсінерлік әсер етіп, жан-жүйесін жадыратып жұбатады. Екіншіден баланың келешегіне үміт артып, тілек айтады. Үшіншіден, ата-ана айтқан тілектерді тілі шыққан балдырған жатттап, тәлім алады.

Бесік жыры мазмұнына қарай: шілдехана жыры, бесікке бөлеу жыр, жұбату және тілек айту деп топтауға болады.

Мысалы:

Мойнымдағы маржаным



Қорадағы мал жайым:

Бесігіңе жата ғой,

Тәтті ұйқыға бата ғой.

Бейбарс болсын есімің,

Құтты болсын бесігін.

Бата тілек (сенім арту):

Ала биең құлындап

Ала тауга сыймасын!

Қара биең құлындап,

Қара тауға сыймасын...

Ақылыңмен батыл бол,

Ағайынмен тату бол

Бағаналы таудай бол

Жағалалы қолдай бол!

Халық педагогиканың бұл саласы өз өрнектерімен әсер етіп, қазіргі көркем әдебиет нұсқаларымен дамып келеді.

Тұсау кесу. Бала тәй-тәй басып жүре бастаған кезде, тұсау кесу рәсімі жасалып, жыры айтылады:

Қаз-қаз балам, қаз балам

Қадам бассаң мәз болам

Тағы, тағы баса ғой,

Тақымыңды жаз балам,

Қаз баса ғой қарағым

Құтты болсын қадамың:

Алға қарай баса бер

Асулардан аса бер! —

Қадамын бір-екі басқан баланың тек тез жүріп кетсін деген ниетпен ғана емес, өмірде де ешқандай шалыс баспай, ешкімнің ала жібін аттамасын деп ала жіппен тұсауын кестіреді. Ала жіптің тағы бір мәнісі ақ түс - қуаныш, қара түс - қиындық деп түсініп, қуаныш пен қиындық бірге жүреді, осындай алма-кезек өмірде қиындықты жеңе білсін деген ниеттен туындайды.

Баланың тұсауын елге сыйлы адамға, сол кісі сияқты болсын деп кестіріп, сый-сыйапатын беріп, бұл рәсімді тойға айналдырады.

Жаңылтпаш — тіл ширату тәсілі. Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп дүнитанымын дамыту мақсатымен жаңылтпаштар ойлап тапқан. Көбінде кейбір балдар дыбыстарды айта алмайды. Тілін мүкістендірмей сөйлеу үшін жаңылтпаштар жаттатып, сөз қадірін білуге үйретеді.



  • Дегенде ой Тайқарбай,

Әй Тайқарбай,

Қойыңды май жусанға

Жай Тайқарбай.
Тіл алғаш Бек.


  • Тіл алғаш деп

Мактасақ біз Б

Біл алғыс деп, -

білімділікке тәрбиелеп, бүлдіршінге сүйіспешілік білдіреді.

Жаңылтпаш айтқызудың бірнеше жолы бар: әуелі бала жаттықтырушының айтқан жаңылтпашын жаңылмай, тез-тез айтуға үйренуі керек. Екіншіден бірнеше баланың жаңылтпаш айтудағы жаңылмай айту қабілетімен қатар, қанша жаңылтпаш білетінін білу үшін жарыс ұйымдастыра білу керек.


Санамақтың тәрбиелік мәні.

Санамақтарды халық, негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Ұйқастырып санау арқылы бала әрі сан үйренеді, әрі саіпа аты ұйқас затты танып біледі:

Бір дегенің - білеу

Екі дегенің - егеу.

Үш дегенің - үскі

Төрт дегенің - төсек.

Бес дегенің - бесік

Алты дегенің - асық.

Жеті дегенің - желке

Сегіз дегенің - серке.

Тоғыз дегенің - торқа

Он дегенің - оймақ.

Он бір қара жұмбақ.

Бастауыш мектепте күрделі санамақтарды айтып, олардың шешімдерін тез тапқан оқушыларға ұпай қою, баға беру ісі ұйымдастырылады. Мысалы:

Алмас, Асан келісті,

Алма жинап бөлісті.

Арасында бір алма

Айтыс болды бұларға:

Асан берсе, алмасы

Үштен бірі кем болар.

Алмас берсе, алмасы

Асанныңда тең болар.

Алма санап көріңдер

Екіге тең бөліңдер -

деген санамақтың шешімін бірден табу оңай емес. Ол үшін оқушы ойлануы керек. Демек ой шапшаңдығын дамытатын санамақтарды көп пайдалану керек.

Жұмбақтың дүниетанымдық тәрбиелік мәні.

Нақты бір зат туралы тұспалдап, бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, тұжырымдап шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін, халық ертеден-ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған:

Апаң, апаң

Ескі шапан,

Иір қобыз,

Жарық жұлдыз

(түйе)

Заман өзгерген сайын халық педагогикасы жаңа мазмұнды жұмбақтармен толыса береді:



Темір сияқты

Алып жирафты

Жұмсап көр енді

Үй сап береді

(көтергіш кран)

Жұмбақтар қара сөзбен де жасырыла береді.

"Отқа жанбас, суға батпас" (мұз)

Айтыс түріндегі жұмбақтарда кездеседі. Бір ақын өлеңмен жұмбақ айтса, екіншісі сол жұмбақтың шешуін өлеңмен айтады.




2.3. Мектепке дейінгі балалардың дүниетанымын дамытуда халық педагогикасы эдементтерін пайдалану әдістемесі

Мақалдар - накыл, өсиет түрінде айтылатын филисофиялық ой-түйіндері, сөз мәйегі. Мақал, негізінен, екі бөлімнен құралады. Бірінші бөлімде пайымдау, екінші бөлімде ой қортындысы айтылады.

Мәтелдер, тұжырым тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады. "Өлең сөздің патшасы", "Қызым саған айтам, келінім сен тыңда", "Мәтелдер де тура мағынада", "Қадіріңді білгенге жұмса" деп және ауыспалы мағынада "Тікен гүлін қорғайды" деп айтылады.

Қазақ халқы — сөз зергерлерінің аузынан шыққан мәтелдер мен мақалдарды үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне нарықтап пайлалану дәстүрге айналған. Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбірек қамтитын тақырыптары елдік, ынтымақ, бірлік туралы:

Туған жерге туыңды тік.

Өз елім - өлең төсегім

Отан - оттан да ыстық.
Батырлық, ерлік туралы:

Өжет адам өлімді жеңеді.


Қара бет болып қашқаннан,

Қайрат көрсетіп, өлген артық.


Өнер — білім туралы:

Өнерлі өрге жүзеді.


Білекті бірді жығады

Білімді мыңды жығады.


Төрт түллікке байланысты:

Мал өсірсең, қой өсір,

Өнімі оның кол-көсір.
Егіншілікке байланысты:

Жері байдың - елі бай.


Егін ексең тыңға,

Шықтым дей бер шыңға.


Адамгершілікке байланысты:

Жаман болса туысың

Туыспай-ақ құрысын.

Отбасында, мектептерде бала тәрбиесіне дайындық іс-әрекет, пікірлесу кезінде өнеге көрсетіп, өсиет айтып: ана тілін алмасаң - арың кетеді: әке — тірегің, ана - жүрегің; бірінші байлық - денсаулық; сабыр түбі - сары алтын; іс істесең, көзін тап; ашу — дұшпан, ақыл — дос; өмір - үлкен мектеп; білімнің басы бейнет, соңы - зейнет т.б. мақалдарды жиі айтып, оның мағынасын ашып, санасын арттыруға болады.


Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні.

Шешендік сөздер — ел құралып, халық қалыптаса бастағаннан бері халықтың өнеге тұтып, өмір тәжірибесіне пайдаланып келе жатқан, билер мен хандардың, ақындар мен шешендердің ел ағасы болған данышпандардың өткір ойшылдардың аузынан шыққан дуалы, өнегелі қисынды қасиетте сөздер.

Тарихта Тәуке хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтекс би, Сырым батыр тағы басқа белгілі адамдармен қатар, Жиренше шешен аңыздары және Досбол, Жидебай, Сауытбек, Қылышбай т.б. шешендердің аты белгілі.

Қазақ ауыз әдебиетіндегі шешендік сөздер мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш топқа бөлуге болады. Өлеңмен айтылған шешендік сөздер – термелі, қара сөзбен айтылғандары пернелі деп аталады. Арнаулы шешендік сөздср: әзіл-сықақ, сын баға алғыс, естірту, көңіл айту. Шешендік толғау: өсиет, насихат. Шешендік дау: жер дауы, жесір дауы, мал дауы, ар дауы. Мектепте шешендіктің мәнін жан-жақты ұғындыратын алуын түрлі әдеби жұмыстарды ұйымдастыруға болады; пікірталас, пікірсайыс, білім жарыстыру. сахыналық қойылымдар ұйымдатыру т.б. Мысалы: қазақ халқының шешен билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би -халықтың ұлттық бірлігін нығайтып, халықтығын сақтауға зор әсерін тигізген данышпан, шешен, ойшыл көсемдер. Солардың бейнелерін сахнада көрсетіп, сөздеріе өнеге етіп, оқушыларды даналыққа, әділдікке, имандылыққа, тілдік қорын молайтуға баули отырып тәрбиелеу, келешек ұрпағымыздың рухани байлығы.

Өмірді тек ертегі, өлеңдерден жаттап біліп өскен адам жоқ. Адамның күні адаммен деген, кон ішінде соған бағынатын зандылықтарды үйрену-өмір талабы. Олардың бірі-баланың инабаттылық, ізеттілік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Мінез-құлық тәрбиесі. Есту мен кору арқылы адам жақсыға жақындап, жаманнан жерініп өтеді. Жақсыны жүрісінен тануға болады дейді. Мінез-құлықты тіпті жүріс-тұрыстан да байқауға болады. Сондықтан оларды қалыптастыратын түрлі ережелер мен тиюлар болған. "Үйге жүгіріп кірме", ("асығыс шайтанның ісі"), "Қолыңды төбеңе қойма (Күн мен айдың қүдіретіне басыңды бүркеме)", "Босағаны керме" (үйге кірер несібеге кедергі болма) деген тиюлар бар. Ал, қыз балаға қырық үйден тыю дегедей, ол арқылы ел көрегендігін біледі. Жат жұртқа барғанда өз ауылының елшілік қызметін атқарады, соның әдептілігін қарап, барған жері халқының, ата-анасының көрегендігін байқайтын болған.

Сондықтан, қыз баланың отырып, тұруы, жүруі, жатысы бәрі қадағаланатын болған. Ол үшін жеті жасқа келгенде ұл мен қыздың тәрбиесіне бөлекше қарап, екеуінде өмірлік тәрбиесі мол қариялар өз қамқорлығына алып, арнаулы рәсімдер жасап, өмір мақсатын белгілеген. Осылайша күнделікті өмірден алынған ақыл-кеңестер баланың есінде ұзақ сақталады. Айтылғанды балалар жаттап алып: "Көп ойнаған бота от басады", "Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме", деген әжем деп қайталады. Ал, мал бағуға баланы бейімдейтін бірнеше арнаулы рәсімдер болған. Олардың бірі - "БӘСІРЕ".

Нағашы аулына қыдырып келген жиендеріне нағашы жұртшылық арнаған малын бәсіре деп атаған. Ежелден келе жатқан балаға деген қамқорлықты білдіреді, болашағына болысу рәсімі. Бала жастайынан өз еншісіне тиген малға ие болып, оның жем-суына, қыста орнының тазалығына басқалармен араласа көз салып жүреді.

Баланың кішкентай кезінен, меншіктік сезім оятып, саналы түрде өз болашағын ойластырып, асыраушы тәрбиелеу тек мақал-мәтелдер арқылы емес, тағы да арнаулы әрекеттер ұйымдастырған.

Шашыратқы тойында кішкентай балалар өз әліеше қой қайырып өз үлесін қосуға тырысқан. Неғұрлым шашыратқыны көп жесе, соғұрлым қой көп қозы табады деп сенген қазағым, балаларын шашыратқыға тойдырған.

Ұызқағанақ баланы мал бағуға қызықтырып, қозы бағу тол ісі екенін мойындатуға арналған сияқты. Көктем шыға, жер көктей қозыларды далаға шығарып, енесінен бөлек бағу қажет болған. Жас туған қозыны қадағалап бағып, апан сайда қалып, жел құмға ұшыратпай, ит-құсқа алғызбай аман сақтау бала міндеті. Ол үшін шыдамдылық, тапқырлык қасиет-қабілеттерді тәрбиелеу қажет болған.

Алғашқы рет қозы бағуға шыққан балаларға қой уызынан бүйен ішіндн пісірген уызы беріліп, табиғат қуанышы мен ересектер құрметіне араласу қуанышын қосқан. Бәйгеге қатысып, алтыбақан ауылының сыртынан үлкендердің өнер сайысын тамашалап бозбала, жігіт өссе, қыз баланың алдында тұрған өзіндік тәлім-тәрбие жолы болған.

Жеті жасар қыздың тұлым тұтар тойы өткізілген. Ендігі жерде қыз бала екенін мойындап, өзін икем жұмысқа дағдыланып, жүріс тұрысын жөнделген. Үстіне көйлек киіп, басына малақай киген. Үй сыпырып, өрмек жүгірткен.

Әкесі мен анасының қамқорындағы қыз бала ақыл, сенім қайратын ұштап, жетілген. Он үш жасқа толғанда қыз бала бойжеткен атанып, оң босағаға шығару тойын жасаған. Балалардың бәрі бірігіп жататын жерден төсегін бөлек шығарып, шымылдық тұтылады.

Бұл бойжеткенге енді тек қызым, қарымдасым, апам деп қана емес, қалыңдық деп бағаланатын кезі жеткенін арнайы атап, тәлім тәрбие жұмысы басталды дегені.

Ешкімгс ұстатпайтын белдік тағылып, намысын қорғауды, шолпы тағып жүріс тұрысын қадағалап, бияздылыққа, сыпайылыққа бейімделген. Осыларға қамқорлық жасап үйрету жеңгем тағайындалған айттырған қызды жеңгесімен бірге бөлек отау тігіп шығарып үй тауқыметіне үйретіп, жеке ошақ, шаңырақ иесі болу сезімін қалыптастырған.

Сонымен қатар қазақ халқы бала тәрбиелеу барысында үлкенді сыйлау, жеті атасын қадірлеу, айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болуын қадағалап, кімнің-кім екенін айтып түсіндіріп отырған.

Қорытынды
Сонымен, зерттеу базасында өтетін мәдени іс-шараларға шолу жасау барысында анықтағанымыз:


  1. Іс-шаралар балалардың жан-жақты дамуына бағытталған.

  2. Іс-шаралар мектем және мектептегі үмірмелермен бірлесе өтеді.

  3. Тәрбис жұмысына жетекшілік ететін ұстаздарға ғылыми негіздегі білім берілуде; олар білім жетілдіру курстарынан қазақ салт-дәстүрлерінен дәріс алуда.

  4. Оку тәрбие жұмысы халық педагогикасына сүйене өтуде.

  5. Бұл салада өтетін іс-шараларға балалардың өздері ізденіс жүргізіп, жерлігікті жерден салт-дәстүрлерді үлкендерден сұрап біліп, тұрмыс салтына енгізуде.

  6. Танымдық бағыттағы тәрбие жұмысы көбіне мектептегі тәрбие сағаттарының еншісі болып шықты.

  7. Мектеп пен мектеп үйірмелері бірлесе өткізетін іс-шаралар мейрам, қысқы, жазғы демалыс кезіндс өтетін ойын-сауықтар ұлттық педагогика негізіне сүйсініп, көбіне салт-дәстүрлер мен соларға негізделген әдістемелеріне сүйенген іс-шаралар екен. (Наурыз, "Көргенді елдің баласы", «Алтын сақа» т.с.с.)

  8. Халық педагогикасына — салт-дәстүрлерге негізделген іс-шаралардың балалар ақыл-ойын, сезімін, жігер-қайратын қалыптастырып дамытуға мүмкіндіктері мол екен.

Бала тәрбиелеу ісіндс халықтық педагогикасының үлгілі әдістерін қолдану мүмкіндіктерін қарастыруға арналған жұмыс аяктала келді. Бала тәрбиесін психологиялық заңдылықтарға сүйене отыру қажеттілігін және халық педагогикасының негізгі бағыттарын анықтай отырып: М.Жұмабаев, М.Әуезов, С.Мұқанов басқа да арнаулы әдебиеттерге талдау жасап төмендегідей қорытындыға келдім:

Бала тәрбиесі дене және жае тәрбиесі бағытына бөлінеді. Баланың дене тәрбиесі нәрестелік кезінен басталып, түрлі жаттығу, сылап-сипау, ауаға қыдыру, серуендету, шынықтырудан тұрады.

Теориялық, тұрғыдан баланың жан тәрбиесінің бағыт-заңдылықтарына жүгінер болсақ сыртқы және ішкі сезім әсерленуімен тұратынын анықтадық. Көру, қиял, ойлау қабілеттерін дамытатын түрлі әрекеттер анықталды. Олар сурет салу, әңгіме айту, музыка үйрену. Баланың мінезі-құлқын тәрбиелеу, қолөнерге баулу, ата тарихые игеру-тәрбие жұмысының тірегі.

Жоғарыдағы қағидаларға ескере отырып, ауыл қарияларымен дидарласып бала өміріне байланысты салт-дәстүрлер, оларды мектеп тәрбис ісіндс қолдану мүмкіндіктнрі анықталды. Бесікке салу, тұсау кесу сияқты кең табиғи рәсімдер толық жазып алынып, мектеп оқушыларымен бірге "Атамекен" бағдарламасын жүзеге асыру шараларын өткіздік. Олардың ішінде қолөнерді дамыту мақсатымен үйірме, ұлттык өнер дамытуға домбыра үйірмесі, тарихи ізденіс, топографиялық топ салт-дәстүрлерді жинақтап насихаттаумен айналысады. Осы іс-шаралардың нәтижесінде келген қорытындымыз:



  1. Танымдық іс-шараларды мектеп және мектеп үйірмесімен бірлесе өткізу.

  2. Танымдык іс-шараларды балалардың жан-жақты дамуына бағыттау.

  3. Тәрбие жұмысына жетекшілік ететін ұстаздарға танымды ғылыми негіздегі білім беру, оларға білім жетілдіру курстарында ұлттық дүниетаным жөніндн дәріс беру.

  4. Тәрбиелік жұмыс халық педагогикасына сүйене өткізу.

  5. Бұл салада өтетін іс-шараларға балалардың өздері ізденіс жүргізіп, жергілікті жерлердегі танымдық материалдарды біліп, тұрмыс салтына енгізу.



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Ана тілі - Аталар сөзі - ақылдың көзі № 11, 2001 ж.

  2. Ана тілі Болашақ ұрпақты халық педагогикасында тәрбиелеу. № 17, 2001 ж.

  3. Бастауыш мектеп – Салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні, №1,2002ж.

  4. Бастауыш мектеп – Тәрбиенің қайнар көзі халық педагогикасы № 3, 2000 ж.

  5. Бастауыш мектеп – Ұлттық өсиеттер мен даналық сөздер №8-9, 1999 ж.

  6. Болашақ – Мұхаммет Пайғамбардың тәрбие жайлы хадистері №20,2001 ж.

  7. Болашақ – Халық педагогикасы - тәрбие өзегі, № 6, 2000 ж.

  8. Болашақ – Халық педагогикасының оқыту тәрбиелеу үрдісіндегі орны.

  9. Мектепке дейінгі педагогика - А. Меңжанова А. 1999 ж.

  10. Педагогика – Р.М. Қоянбаев, Ж.Б. Қоянбаев А. 2000 ж.

  11. А. Құралов – Қазақы тыйымдар мен ырымдар А. 1998 ж.

  12. С. Қалиев – Қазақ тәлім -тәрбиесі А. 1995 ж.

  13. Қ. Жарықбаев – Әдеп және жантану А.1984 ж.

  14. Ұзақбаев С.А. – Қазақ этнопедагогикасы: тәлімдік тағылымдар.

  15. Қожахметова К.Ж.–Теоретико-методологические основы казахской этнопедагогики - А. «Ғылым» 1998 ж.






Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...