Мектепке даярлықты ұйымдастыруда ата-ана ықпалының психологиялық маңыздылығЫ



Дата09.09.2017
өлшемі82.5 Kb.
#19790
МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДА АТА-АНА ЫҚПАЛЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Стыбаева А.Ш., Тұрдалиева Ш.Т., Оралымбетова Г.Ү.

ТарМПИ., М.Х.Дулати ат. ТарМУ

Жалпы балалардың мектепке дейінгі шақтан мектептік өмірге көшуі –педагогика, психология ғылымында кеңінен қарастырылған мәселе болып отыр. Осы мәселені жан-жақты тексеріп, зерттеулер жүргізген ғалымдар В.С. Мухина, Е.Е.Кравцова, Т.М.Иванова, Л.А.Славина, И.В.Дубровина, В. Шаталов және т.б. Дубровина И.В. Олар мектептің 1-сыныбына даярлықпен келетіндер балаларды бала-бақшада жүйелі түрде үйретуден өткенін ұсынды. Алғашқы кезде қабылданған балалардың оқу үлгеріміне мектептегі бағдарлама да, мұғалім де әсер етпейді, яғни оның мектепке даярлығы әсері жоғары деген тұжырымын ұсынды. Осындай ғылыми тұрғыда дәлелденген тұжырымдарға сүйене отырып мектеп жасына дейінгі балаларды міндетті мектепалды даярлықта оқыту қажеттілігі туындайды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дейінгі сапалы білім бағдарламаларына қол жететіндігін арттыру нысандарының бірі мектепалды институт болады, ол балаларды балалар бақшасында жалпы білім беретін мектепте және отбасында мектепалды даярлануды барлық жерде ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Мектепалды институт - бұл мектепке дейінгі ересек жастағы, негізінен бұрын балалар бақшаларына бармаған балалар үшін оқу-тәрбиелі үрдісті мақсатты бағытта ұйымдастыру институты.

12 жылдық мектептің мектепалды даярланудың қызметі мыналар: балалардың тән сұлулығы мен психикалық саулығын сақтау әрі нығайту; балалардың интелектуал және тұлға ретіндегі дамуын қамтамасыз ету, олардың эмоционалдық салауаттылығы жөнінде қамқорлық; баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара қимыл жасау.

Жалпы мектепалды даярлықты дұрыс бағытта, сапалы жүргізуде мектеп, бала-бақша және отбасына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Отбасы баланы мектепалды даярлауды дербес, мектепке дейінгі ұйыммен немесе мектеппен бірлесіп ұйымдастыруды таңдауға хақылы. Отбасы мүшелері және т.б. тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген білімді дағдылар мен қарым-қатынастарды баланың меңгеруін, сондай-ақ, күш жігері мен психологиялық жағынан мектеп бағдарламасын игеруін қамтамасыз етуге міндетті. Бұл отбасының балаға деген үлкен қамқорлығы мен жауапкершілігі негізінде оңды нәтижеге жететіні сөзсіз.

Мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының мұғалімдері мен тәрбиешілері жан-жақты, жарасымды тәрбие мен сапалы да, саналы білім беру жолында жаңа жобалар мен тенологияларды қолдана алу, олардың тиімділігі мен қажеттілігін қарастыру, тәжірибеде қолданыс табу жұмыстарын жоспарлауы қажет.

Жалпы кеңестің ғылымда мектепке психологиялық даярлық мәселесін алғаш көтерген белгілі дидакт К.Д Ушинский болды. Ол мектептік оқуға дайын бала оқығысы келу тілегімен, іскерлігмен, ұзақ уқыт бойы зейінін шоғырландыра алу қабілетімен дағдыланған жағдайда баяу меңгерілетін нәрселерді жылдам игеретіндігімен сипатталады.

Елімізде баланы мектепке даярлау мәселесін зерттеумен айналысқан ғалымдардың бірі Б. Баймұратова «Балаларды мектепке даярлау» жөніндегі еңбегінде, ол жалпы мектепке даярлауды мектепке дейінгі кезеңнің басты мәселелері деген болатын. Яғни баланың тілін дамыту, сауатын ашу жұмыстары балаларға түрлі әңгімелер, ертектер оқып беруді бала-бақшадағы тәрбие үрдісі арқылы шешуді ұсынады [1].

Ал Қ.Т Шерьязданованың еңбектерінде баланың мектепке танымдық даярлығы аса маңызды дей келе, баланың мектепке даярлығын анықтайтын 5 бағытты ұсынды. Олар: танымдық қабілет, дене күшінің дамуы, оқуға ынта-ықыласы, көңіл-күйі, ерік сапаларының қалыптасуы деді [2].

Қазіргі заман бұрын-соңды болып көрмеген бәсекелестік заманы. Ел Президенті Н.Ә Назарбаевтың халыққа Жолдауының «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» деп аталуы түбінде жеңіске білімділер ғана жетпек [3]. Білім мен біліктілік диалектикалық бірліктегі егіз ұғымдар. Біліктілік бар жерде бедел де, күш те, береке де бар. Аз жылдар аумағында әлемдік қауымдастық қатарынан лайықты орынға ие болған мемлекетіміз үшін ендігі жерде жастарымыздың білімі мен біліктілігінің басқа елдерде мойындалуына, оң бағалауына жол ашу аса маңызды.

М.П.Оспанбаеваның «Мектепке психологиялық даярлық диагностикасынның ғылыми негіздері» атты еңбегінде «мектеп алды дағдарыс» кезеңіне сипаттама бере отырып, осы құбылысы көрінісінің алғашқы фазасы-баланың мектепке психологиялық даярлығының негізгі өлшемі деп тұжырымдаған. 6-7 жасар бала қоғамдық қатынастар негізінде өз орнын түсіне бастайды. Ол өзі үшін жаңа өмір мен әлеуметтік қатынастың мәнін ашады [4]. Бұл-үлкендер аса жоғары бағалайтын оқу әрекетімен байланысты және оқушылық қатынаспен байланысты. Осы жаңа орынды иелену тілегі қай кезде басталсада, баланың ішкі бағытының қалыптасуы оның өзіндік санасын түбегейлі өзгеріске ұшыратады.

Алайда мектеп оқушы болғысы келу тілегі мен оқуға байыпты көзқарас жеткіліксіз: мұнымен қоса осы тілек, осы қатынасқа ситуациялық себептерді бағындыра білу, сабақ үстінде өзін зейінді болуға көндіру, кейде жолықтыратын ережелердіжаттау, қиын есептің шешімін табанды түрде ойластыру қажет. Басқаша сөзбен айтқанда болашақ оқушыға өз мінез-құлқын, оның ішінде өзінің танымдық іс-әрекетін ерікті басқару, оны оқу міндеттерін шешуге бағыттап отыру қажет болады. Ал, мұның өзі балада шағын себептерді маңыздырақ тұрақты мақсаттар мен ниеттерге бағындыруға көмектесетін мотивтердің сатылы жүйесі қалыптасқанда ған мүмкін болады.

Баланың мектепке психологиялық дайындығын жетілдіру шаралары:


  • Ата-аналармен психологиялық ағарту шаралары. Дәріс, семинар түрлерінде мектепке психологиялық дайындығы мазмұныныдағы көңіл – күйі саулығының болашақтық дамуға әсері, әрі мектеп бағдарламасын игеруі тиіс. Дәріс нақты мысалдарды беліглейтін тәжірилер, көрнекіліктермен, осы заманғы озық техникалармен пайдалану мүмкіндіктерімен байыту болып отыр. Тақырыпты ата-аналардың сұраынстарына қарай таңдап, мәселелерді бір-бірімен байланыстырып, тізбек сипатта беріледі.

  • Психологиялық кеңестер жеке сипат алуы керек. Нақты мәселе бойынша берілетін кеңестер аса биязы, алдындағы адамның жүрегін жараламайтындай, көңіліне қаяу салмайтындау, мәселенің шешілуіне сендіре алатындай, кәсіби шеберлік деңгейде бағыт беріледі.

  • «Ашық әңгіме пікір таласы» - ортақ мақсат біріктірген ата-аналардың көңілдегі түйткілерін ортаға салып, бір-бірімен алмасуына мүмкіндік туғызу. Психолог тұжырымын басшылыққа алу нәтижесінде бала өмірін ұйымдастыруда оң нәтижелер берер шараларды қолдануы іске асырылады. Мұнда ескерілетін бір жайт – ата-ананың ескертуінсіз, келісуінсіз ешбір жайт сыртқа шығарылмайды.

  • Балалармен ұйымдастырылатын психогимнастика - бұл баланың көңіл-күй ахуалын реттеуге бағытталған арнайы жаттығулар кешені. Негізгі мақсаты – қарым-қатынас барысындағы кедергілерді жеңу, өзін және басқаларды түсіне білуін жетілдіру, өзін-өзі таныта білу мүмкіндіктерін жасау.

Ата–ана баланың мектептен келген кезде бірінші қызығушылығын «бағасына» аударатын болса енді бұл жүйеде «баға» үшін білім алу емес «білу, меңгеру, ұғынуға» негізделгендігіне ата – анаға түсіндіру қажет. Мұнда, «қанша алдың?» деген сұрақтың орнына «бүгін сен не үйрендің?» деген сұрақ туындауы қажет.

Сондықтан баланың мектепке психологиялық дайындығына ерекше мән беру қажет. Себебі баланың оқушы атағына ие болып, оның мектепке бейімделуіне үлкен ықпалын тигізетін ата-ана, тәрбиеші және т.б. ересек адамдар.

Мектепалды даярлық сатысын да атқарылатын міндеттердің басты шарты-баланың дамуындағы ілгерілік туралы ата-ана мен тәрбиешінің хабар алмасуы. Балаларды мектеп өміріне тарту бірлескен іс-әрекет барысында жағымды күй қалыптасуын қамтамасыз ету, ата-аналардың қанағаттануын негізгі көрсеткіштері мыналар:

- балалардың мектеп алды даярлық сабағына барғаннан кейінгі жағымды күй;

- балалардың педагогпен және құрдастарымен жақсы қарым-қатынасы деңгейімен қанағаттану;

- педагогикалық процес және оның жағымды бағасына ата-аналардың қызығушылығының пайда болуы;

- баланың өзіндік дамуын ерте бағдарлау қажеттігін ата-аналар сезінуі керек.

Мектептік оқуға қабылданар баланың психикалық процестерін, психикалық қасиетін және психикалық қалыбын, жаңа әлеуметтік орта мен жаңа жетекші әрекет түріне сай ықшамдып, тексеру барысында, әр баланың психикалық дамуы туралы құнды мәліметтер алынады. Бұл мәліметтер баланың психологиялық жағынан мектептке қаншалқты даяр екендігінен хабар беретін көрсеткіш болып табылады.



Балаларды мектепке психологиялық оқуға дайындау төмендегі міндеттерді шешті:

  1. Балалардың мектепке психологиялық дайындығын тексеруді бағыттар бойынша жүзеге асыру: танымдық даярлық; ықыластық даярлық; еріктік даярлық және көңіл-күй даярлығы.

  2. Мектепке психологиялық дайындықты анықтау бағыттары бойынша жүргізілген зерттеу көрсеткіштері негізінде дамтыу шараларын ұйымдастыру. Ол зерттеуге қатысқан балалардың, олардың ата-аналар мен тәрбиеші, ұстаздарының, мектеп, бала-бақша психологтарының және болашақ психолог-мамандардың қатысуымен жүзеге асады.

  3. Қазақ балаларының мектепке психологиялық дайындығын анықтауға мүмкіндік беретіндей диагностикалық құралдар топтамасын жасап, оларды этикалық ерекшеліктерге сай бейімдеу, жетілдіру жұмыстарын жүргізу.

Мектепке дайындық баланың мектепке баруға тақау жастағы үйлесімпаздығынан туындайтын кең де оңтайлы мүмкіндіктері арқылы жан-жақты тәрбиеленуі мен дамуын талап етеді, балалар оқу мен тәжірибе мәселелерін шешу үшін өзіндік білімін пайдаланатын болуға тиіс, танымдық әрекеттері мен ойлануы жеткілікті даму денгейіне көтерілген болу керек, психикалық процестері ырықты күйде болуы және оқу әрекетінің жеке бөліктерін менгерген болуға тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Баймұратова Б.Б. Сәбилердің сөздік қоры мен сөз игеру ерекшеліктері.- А, 1970. - 98 б.

  2. Шерьязданова Х.Т. Психологические основы профессиональной подготовки педагогов и психологов дошкольного образования: дис. ... д-ра. психол. наук: 19.00.07. – М., 2009. - 322 с.

  3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауы «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы. – А., 2008.

  4. Оспанбаева М.П. Мектепке психологиялық даярлық диагностикасының ғылыми негіздері. психол. ғ. канд. ... автореф.: 19.00.07. - Алматы, 2002. - 28 б.

  5. Айқынбаева Т.Қ. Білім беру жүйесіндегі 12 жылдыққа өтудің көкейкесті мәселелері. // Қазақстан мектебі, 2011.

  6. Тұрғынтаева Ү.Ә., Үлекова А.Т. Мектеп алды даярлаудың педагогикалық - психологиялық шарттары. – Тараз, 2007. - 90 б.


Аннотация

Мақалада бастауыш сынып оқушыларының өздігінен жұмыс жасауын қалыптастырудың тиімді жолдары қарастырылады.
Статья посвящена изучению проблемы влияния отношений родителей на подготовку детей к школному обучению.
The article is devoted to the study of the impact of problems in the relationship of parents to prepare children shkolnomu training.

Тірек сөздер

Мектепке дайындық, психологиялық дайындық, 12 жылдық мектеп, даму, қарым-қатынас, отбасы, ата-ана ықпалы, психогимнастика, танымдық қабілет, дене күшінің дамуы, оқуға ынта-ықылас, көңіл-күй, ерік сапалары.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді