«Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі» пәнінің оқу бағдарламасы Дайындық деңгейі

Loading...


Дата07.04.2020
өлшемі43.53 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

4-деңгейлі СМЖ құжаты

Оқу бағдарламасы

ПОӘК


Ф МР 042-1.01-2013-01

«Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі»

№ 1 басылым 2015



Педагогика факультеті

Музыкалық білім кафедрасы


«Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі» пәнінің оқу бағдарламасы

Дайындық деңгейі: бакалавр

Мамандық: 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»

Білім траекториясы: «Бала-бақшада педагог-тәрбиеші»

Курс : 3

Оқу түрі: күндізгі, сырттай

Семей


2015-2016 оқу жылы

Алғы сөз

1 ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

Құрастырған: «Музыкалық білім» кафедрасының

жұмыстың жетекшісі, п.ғ.к., доцент : Сұлтанова Н.К. ____________ 2015ж.

2 ТАЛҚЫЛАНҒАН

Кафедра отырысында бекітілген:


Хаттама № _1__ от «_28_»___08__ 2015 ж. «Музыкалық білім»

кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.: ______________ Бодауова Б.К.

3 КЕЛІСІЛГЕН

Педагогика факультетінің Оқу - әдістемелік Бюросының

отырысында бекітілген «___»___09_____ 2015 жыл. Хаттама № 1
Төраймы: ______________ Абишева Ш.Ш.
4 РЕЦЕНЗЕНТТЕР
_______________________________________________________________

(Аты-жөні, тегі., ғылыми дәрежесі, ұйымның аты)


5 БЕКІТІЛГЕН

Университеттің Оқу Кеңесінің отырысында бекітілген

« » 09 2015 жыл. Хаттама № 1


ОӘК төрайымы _________ Искакова Г.К.

6 АУЫСТЫРУ ЕНГІЗІЛДІ









Мазмұны


1.Түсінік хат

2.Пән құрылымы (модульдің)

3.Пән мазмұны (модульдің)

3.1 Микромодуль (блок) 1

3.2 Микромодуль (блок) 2

4. Пәннің оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтылуы (модульдің)

5. Материалдық-техникалық қамтылуы

1 Түсінік хат
Пәннің маңыздылығы

Жалпы бұл бұл пән «Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі» 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы бойынша жоғары оқу орының 3 – курс студенттерінің 5 семестріне, 3 кредит 135(сағат) яғни, іштей және сырттай оқитындарға арналған.

балалар бақшасында музыкалық тәрбие теориясын оқыту мәселелерін, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығы бойынша мұғалімдердің өз бетімен музыкалық білім алуға қажеттілікті қалыптастыру, алған білімдерін практикада қолдану, жалпы бала-бақшадағы топтардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, бейімділіктерін ескере отырып, музыкалық жұмыстардың әдістемелерін меңгеруге көмектесу. Өз тәжірбиелерін жинақтау үшін шығармашылық ізденуіне жағдай жасау.

Философия, музыкатану, психология және ғылымдармен үздіксіз байланыс студенттерге ұланғайыр көркемдік және философиялық жалпы қорытындылауға жүйелі түрде қарастырып, анализ бен синтезді байланыстыруға, зерттеу мәселелрді ьіртұтас түрде көруге, музыкалық білім берудің табиғатын тануға мүмкіндік береді. Болашақ мектептке дейінгі музыка мұғалімінің жас ұрпақ бойына ең алғашқы білім негіздерін сіңіретін, олардың дағдылары мен машықтарының дұрыс бағытта қалыптасуын қамтамасыз ететін, ізгілікті және отаншылдық қасиеттерге баулитын тұлға. Оқушылардың рухани мәдениетін қалыптастырудың негізгі компонентінің бірі эстетикалық тәрбие. Музыкалық эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі болып табылады. мектептке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне қойылатын талаптар, музыкалық қабілеттері, көркемдік-шығармашылық, музыка өнері және ерекшеліктері, музыкалық бейне, музыка тілі, музыкалық сөйлеу ұғымдарына сипаттамалары айтылады. Мектепке дейінгі балалардың сюжеттік-рольдік ойындары. Мектепке дейінгі балалардың драмалау ойындар. Мектепке дейінгі балалардың құрылыс ойындары. Дидактикалық ойындар-оқыту құралы.



Курстың мақсаты

Студенттерге мектепке дейінгі балалардың музыкалық іс-әрекетінің ерекшелігін, оның түрлері туралы білім беріп, ұйымдастыру дағдыларын, мектептке дейінгі ұйым тәрбиешілерін кәсіби-педагогикалық дайындауға бағытталған пәндердің бірі музыка тәрбиесі теориясы мен әдістемесін, эстетикалық-педагогикалық шеберлік негіздерін қалыптастыру .



Пәннің негізгі міндеттері

  • студенттердің пән мазмұны, оның бөлімдері, бағыттары туралы түсініктер алуларына мүмкіндік туғызу;

  • мектептке дейінгі балалармен музыкалық жұмыстың әдістемесін меңгерту;

  • музыкалық қызметке қажетті кәсіби педагогикалық сапасын қалыптастыру

  • балалар бақшасында музыкалық тәрбие теориясын оқыту мәселелері бойынша өз бетімен білім алуға қажеттілікті қалыптастыру;

  • балалар бақшасында музыкалық тәрбие теориясын оқыту мәселелері бойынша дәрежеде музыкалық білім берудің педагогикалық мәселелерін дұрыс ұғынуына мүмкіндік беру;

  • Музыкаға деген сүйіспеншілік пен құштарлықты тәрбиелеу. Бұл міндет баланың естіген шығармаларының мазмұнын тереңірек сезіп, түсінуіне көмектесетін музыкалық кабылдағыштығын, музыканы есте ұстау қабілетін дамыту жолымен шешіледі. Музыканың тәрбиелік ықпалы жүзеге асырылады.

  • Балаларды алуан түрлі музыкалық шығармалармен таныстырып, олардың музыкалық әсерлерін байыта беру керек.

Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуге тиіс

Білу керек :

Музыкаға деген сүйіспеншілік пен құштарлықты тәрбиелеу. Бұл міндет баланың естіген шығармаларының мазмұнын тереңірек сезіп, түсінуіне көмектесетін музыкалық кабылдағыштығын, музыканы есте ұстау қабілетін дамыту жолымен шешіледі. Музыканың тәрбиелік ықпалы жүзеге асырылады. Балаларды алуан түрлі музыкалық шығармалармен таныстырып, олардың музыкалық әсерлерін байыта беру керек.



Меңгеру керек:

Балаларды музыканың ең қарапайым ұғымдарымен таныстыру, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық-ырғақтық қимыл, балалардың музыкалық аспаптарында ойнау саласындағы дағдыларын дамыту, меңгеру қажет.



Игеру керек:

Алған әсерлері мен музыка жөніндегі ұғымдары негізінде музыкалық талғамы пайда болған балалардың алғаш көрінуіне жәрдемдесу керек, ол үшін алдымен олардың музыкалық шығармаларды таңдауына, содан соң бағалай білуіне игеру

Қолдана білу керек:

  • - Музыканың балаларға түсінікті барлық түрлерінде: ойындар мен хороводтарда характерлік образдарды беруде; үйренген би қимылдарын өздері тапқан жаңа үйлесімдерге пайдалануда; ойдан шығарған шағын әндер мен қайырымдарды айтуда шығармашылық белсенділікті дамыта беру керек. Сонда дербес, үйренген репертуарды күнделікті өмірде қолдануға деген инициатива мен талпыныс, музыкалық аспаптарда ойнауға, ән салып, би билеуге деген құлшыныс қалыптасады. Материалдарды жалпы қортындылауда зерттеулік әдістерді құру, алған білімдерін практикада қолдану

Түсіну керек:

- өз ойын ашық айта білу;

- тұлға ретінде қалыптасады;

- өзін-өзі бағалай біледі;

- өз ісіне жауапкершілікпен қарайды;

- ортақ шешімге келеді;

- еңбекке араласады;

- бірін-бірі сыйлайды, санасады;



- таңдап алған мамандығының әлеуметтік маңыздылығын.

Қалыптастыруы тиіс:

  • - музыкалық жұмыстардың әдіснамасында өзінің тәжірбиелерін жинауда творчестволық ізденуіне жағдай жасау;

  • болашақ музыка мұғалімінің жеке тұлғалық кәсіби-педагогикалық қасиеттерін тауып алуына көмектесу.

  • Семинар сабақтарында келесі іскерліктер қалыптасады:

  • музыкалық білім бердің педагогикамен байланысты философиялық, жалпы ғылыми және жеке ғылыми сипаттағы әдебиетіне кәсіби талдау жасау;

  • музыкалық білім берудің мазмұнына және процесіне, өздк қызметіне, оқушыларға жеке тұлғалық кәсіби рефлексияны білдіру.


Жалпы құзыреттілігі:

  • Коммуникативті: қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық және көпмәдениеттілік, көпэтикалық.

  • Технологиялық: педагогикалық иноватика, педагогикалық технология, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу және т.с.с.

  • Бақылаушы: педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық мониторингті іске асыру, бақылау-бағалау және т.с.с.

  • Ұйымдастырушылық-әдістемелік: оқу-инструктивті құжаттамалар, білім беру саласындаға нормотивті құжаттар,ағымдық оқу-ұйымдастыру құжаттары (дидактикалық, бақылау-өлшеу).

  • Бағдарламалық: пәндік, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік білімдер жүйесі.

  • Пәнаралық: педагогикалық интеграция теориясы саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық міндеттерді шешу барысында түрлі пәндер саласындағы білімдерді біріктірубіліктіліктері мен дағдыларын меңгеру, әлеуметтік серіктестікке және педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті болу.

  • Әлеуметтік: адам құқықтары саласындағы білімдерді меңгеру, бала құқығы мен мүддесін қорғау, кәсіби абырой мен педагог қадір-қасиеті, педагогикалық этика.

  • Дамытушылық: заманауи педагогикалық білімдерді меңгеру, жоғары кәсіби педагогикалық іс-тәжірибелерді игеру, жинақтау, тарату.

  • Креативтік: шығармашылық қызметтің теориялық негіздері, шығармашылық психологиясы саласындағы білімді меңгеру, стандартты емес альтернативті шешімдер таба білу.

Кәсіби құзіреттілік:

  • Білімдік (педагогикалық) қызмет саласында: оқыту, тәрбиелеу, қазіргі заманауи әдістері мен тәсілдері, сөйлесу мәдениеті, музыка мұғалімнің кәсіби қызметін жинақтай білу.

  • Эксперименттік-зерттеу саласында: музыкаға әуес жеке тұлғамен жұмыс жасауға, жалпы білім беру және ғылыми зертханаларда , мекемелерде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру барысында музыкадағы зерттеу жұмыстарының негіздерін білу. Музыка саласында компьютерлік технологияны қолдана білу.

  • Ұйымдастыру-басқару қызметі саласында: білім беретін және музыка мектептерінде сабақ, сабақтан тыс жұмыстар мен іс-шараларады ұйымдастыра білу, ұлттық, жалпы мерекелерді ұйымдастыра білу, көпшіліктің денсаулығын арттыру жұмыстарын ұйымдастыра білу, үйірмелердің түрлерінен жарыстарда төрешілік қызметін атқаруды игеру. білім берудің жаңа технологияларын игеру және практика барысында қолдана білу, оқыту мен үйретудің тиімді әдістерін таңдап, дұрыс қолдана білу,

  • Оқу-тәрбиелік қызмет саласында: сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, нақты тәрбиелік міндеттерді конструктивті шешудің әдістері мен тәсілдерін меңгеру, өз пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың оңтайлы әдістерін қолдану, сынып оқушыларымен ата-аналармен жақсы қарым-қатынас орнату.

Курстың пререквизиттері:

Музыка оқыту әдістемесі



Курстың постреквизиттері:

педагогикалық практика


2 Пәннің құрылымы
Пәннің жүктемелік құрамы іштей оқитындарға 3 кредит, 135 сағат құраса, Олардың: дәріс 30 сағат; практикалық -15 сағат; Қорытынды бақылаудың формасы жазбаша емтихан.

3 ОҚУ ПӘННІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ
3.1 Микромодуль (блок) 1: Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мазмұны мен құрылысы

3.1.1 Тақырып: «Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі пәнінің мақсаты және міндеттері».



  1. Музыка пәнінің алатын орны

  2. 2.Музыканың басқа пәндермен байланысы

  3. 3.Көркемдік-шығармашылық қабілеттері

3.1.2 Тақырып: «Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру және дамытудың теориялық негіздері».

        1. Балалар бақшасының педагогикалық ұжымы ата – аналармен музыка тәрбиесі мәселелері жөніндегі жұмысарын ұйымдастыру.

        2. Музыкалық сабақтар өтетін залдарды әзірлеу.

        3. Перспективалық және календарьлық жоспарлау–

3.1.3 Тақырып: Мектепке дейінгі ұйым педагогикалық үдеріс жүйесіне сипаттама



  1. Мектептке дейінгі балалрдың музыкалық қызметтерінің өзгешелігіне сипаттама, балалрдың музыканы танып, ажырата алатын жолдары

  2. Балалардың музыкалық қызметінің түрлері

  3. Мектепке дейінгі балалардың музыкалық шығармашылық мәселелріне Б.М.Теплов, Л.С. Выготскийлердің және т.б. көзқарастары

      1. Тақырып: Музыкалық өнер және көркемдік іс-әрекет мектептке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру және дамыту негіздері

  4. . Музыка өнері және ерекшеліктері

  1. Балалардың музыкалық және эмоциональды дамуының өзара байланысы

  2. Мектепке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің міндеттері мен негізгі мазмұны

3.2. Микромодуль (блок) 2: Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық іс-әрекет түрлері

3.2.1 Тақырып: Баланы дамыту тұжырымдамасы балалардың музыкалық іс-әрекет субъектісі ретінде

Музыка – адам мен ұрпақ арасындағы қарым-қатынас формасы, басқа адамды түсіну тәсілінің ерекшелігі және өзінің басқаға мәнерлеушілігі. Музыка ерекше қарым-қатынас мәдениеті, ерекше тілі. Музыкалылығы – адамның музыкалық тілін ерекше сезінуі, музыкалық тілінің ерекше стилі.



      1. Тақырып: Мектепке дейінгі музыкалық тәрбие беру және дамыту әдістемесі: диагностикалау, ұйымдастыру, өзара әрекеті

  1. түрлі музыкалық сауаттылығын меңгеру кезінде есту
    қабілетіне биіктік-ырғақтық қатынасының ұйымдастыру;
    - музыканың тақырыптық дамуын байқауы, нұсқауы және
    қорытынды бөлімдерін экспозициядан айыруы;
    - музыкадағы өзгерістерді білу - тақырыптық ұқсастығы,
    айырмашылығы, бағыттылығы және өзінің санасында тыңдалған музыканың бейнесі

      1. Тақырып: Музыкалық іс-әрекет түрлері: бала-тыңдаушы, бала-орындаушы, бала-шығармашыл

  1. Музыкалық білім беру мазмұны ретіндегі музыкалық репертуар

  2. 2. Адамға музыканың әсер етуі.

  3. 3.Музыкалық репертуарларды іріктеу арқылы музыкаға қызығушылығын қалыптастыру (Э.Григ, А.Хачатурян, Л.В.Бетховен, В.Моцарт, қазақ композиторлары М.Төлебаев, Қ.Қуатбаев, Ө.Байділдаев, И.Нүсіпбаев)

3.2.4 Тақырып: Балалрдың музыкалық іс-әрекетінің формасы

1. 1.Балаларға музыкалық тәрбие беруде музыкалық қызметтердің түрлері (Қабылдау, орындаушылық, шығармашылық)

2. Балалрдың музыкалық тәрбиесінің міндеттері

3. Музыкалық дидактикалық ойындар мен музыкалық оқу құралдарын талдау

1.Мектептке дейінгі балалардың музыыкалық қызметтерін ұйымдастырудың басты формасы – музыкалық сабақтар.

2. Музыкалық сабақтарының түрлерінің жалпылама сипаттамасы (жеке, топтық, фронтальдық)

3. Типтік сабақтар және оның құрылымының көп нұсқалығы, тақырыптық және кешенді сабақтар

3.2.5 Тақырып: Музыка жетекшісі: педагог тәрбиешілердің және ата-аналармен ынтымақтастықта болу.

1.Мектептке дейінгі балалармен музыкалық сабақтарды ұйымдастырудың шарттары

2. Мерекелік ертеңгіліктер және ойын сауықтар

3. Отбасында музыкалық тәрбие берудің ұйымдастыру және оның түрлері
Практикалық сабақтарының тізімі


Модуль 1. Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мазмұны мен құрылысы

Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі пәнінің мақсаты және міндеттері.

Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру және дамытудың теориялық негіздері

Мектепке дейінгі ұйым педагогикалық үдеріс жүйесіне сипаттама

Музыкалық өнер және көркемдік іс-әрекет мектептке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру және дамыту негіздері

Модуль 2. Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық іс-әрекет түрлері

Баланы дамыту тұжырымдамасы балалардың музыкалық іс-әрекет субъектісі ретінде

Мектепке дейінгі музыкалық тәрбие беру және дамыту әдістемесі: диагностикалау, ұйымдастыру, өзара әрекеті

Музыкалық іс-әрекет түрлері: бала-тыңдаушы, бала-орындаушы, бала-шығармашыл

Балалрдың музыкалық іс-әрекетінің формасы

Музыка жетекшісі: педагог тәрбиешілердің және ата-аналармен ынтымақтастықта болу.







Білім алушылардың өздік жұмыстарының тақырыптар тізімі
Тақырыбы 1-7 Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі пәнінің мақсаты және міндеттері.

Тақырыбы 8-14. Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру және дамытудың теориялық негіздері

Тақырыбы 15-21 Мектепке дейінгі ұйым педагогикалық үдеріс жүйесіне сипаттама Тақырыбы 22-28 Музыкалық өнер және көркемдік іс-әрекет мектептке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру және дамыту негіздері

Тақырыбы 29-36,5 Баланы дамыту тұжырымдамасы балалардың музыкалық іс-әрекет субъектісі ретінде

Тақырыбы 37-44 Мектепке дейінгі музыкалық тәрбие беру және дамыту әдістемесі: диагностикалау, ұйымдастыру, өзара әрекеті

Тақырыбы 45-52 Музыкалық іс-әрекет түрлері: бала-тыңдаушы, бала-орындаушы, бала-шығармашыл

Тақырыбы 53-60 Балалрдың музыкалық іс-әрекетінің формасы

Тақырыбы 61-67 Музыка жетекшісі: педагог тәрбиешілердің және ата-аналармен ынтымақтастықта болу.


4 Пәннің оқу-әдістемелік және хабарламалық ақпараттармен қамтамасыз етілуі


  1. Осеннева М.С. Безбородова Л.А. Методика музыкального воспитания младших школьников.-М.,2001

  1. Гогоберидзе, А.Г. Музыкальное воспитание детей раннего и дошкольного возраста : современные педагогические технологии .-Ростов н/Д,2008

  1. С85 Султанова, Н.К. Мектеп жасына дейінгі балаларға музыка пәнінен тақырыптық күнтізбелік жоспар: оқу-әдістемелік құрал / Н.К. Султанова, Семей: Интеллект, 2013.- 248 б.

  1. Гогоберидзе, А.Г. Теория и методика музыкального воспитания детей дошкольного возраста :учеб.пособие для вузов ..-М.: Академия,2007

  1. Педагогика ғылымы мен білім беру саласының өзекті мәселелері=Актуальные проблемы педагогической науки и сферы образования: Халық. ғылыми-тәжірибелік конф. материалдары, 23-24 ноября 2014 г.= Әл-Фараби атынд. ҚҰУ.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2014.- 303 б.

  1. Соснин, С.М. Музыкальные сказки [Ноты] :Для детей старшего дошкольного, младшего и среднего школьного возраста М,2004..

  1. Ветлугина Н.А. музыкальное воспитание в детском саду. М., 2008.

  1. Коренева, Т.Ф. Музыкальные ритмопластические спектакли для дошкольного, младшего и среднего школьного возраста В.2 Ч. Ч.2[Ноты].-М.:ВЛАДОС , 2002

  1. Гогоберидзе, А.Г. Теория и методика музыкального воспитания детей дошкольного возраста :учеб.пособие для вузов ..-М.: Академия,2007


Пәнді меңгеруге әдістемелік нұсқаулықтар мен кеңестер
Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар
Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру.

Міндеттері:

- әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;

- әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;

- пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету;

- курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.

Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді.

Дәріс - студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір–бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі.

Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.

Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады.


Оқытушы жетекшілігімен және білім алушының өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.

Міндеттері:

- дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету;

- теорияны практикамен байланыстыру;

- библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;

- алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу;

- психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру;

- зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;

- өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;

- ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.

Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.

Өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, таблица құру, реферат, коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау, аннотация жазу және т.б. Оларды орындау үшін оқу әдістемелік кешеннің мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.



Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер:


  1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

  2. Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында даялануға дағдылану.

  3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

  4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі оқытушылардан, кітапхана қызметкерлерінен ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

  5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

  6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

  7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.

Өздік жұмыс түрлері: ауызша; жазбаша; практикалық; теориялық; шығармашылық.

Өздік жұмысты орындау барысында ерік қалыптасады, жұмысқа қабілет, зейін, оқу еңбегі, тәртібі тәрбиеленеді.



Өздік жұмыс формалары: реферат орындау; конспектілеу; аннотация жазу; тезис орындау; ғылыми баяндамалар жазу және презентация, видео слайд т.б.

Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау.

Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын негізгі талаптар:



  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Сілтеме – бұл белгілі бір автордың ой-пікірін өз жұмысымызда пайдалансақ, онда оған сілтеме келтіреді, яғни ол әдебиеттің тізімін пайдаланғаны бойынша ретімен жазу.

Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау.

Цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі.

Аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау.

Рецензиялау - оқу материалы , кітап (жұмыс) туралы өз ойын қысқа жазу.

Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік –эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.

Реферат – ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылымдық түрде берілетін жұмыс.


5 Материалдық-техникалық қамтылуы


  1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің № 2 ғимаратындағы № 210, 402 дәрісхана.

  2. Модуль бағдарламасыен жұмыс, презентация, видео роликтер қолданылуы

  3. Семей қаласының № 6 «Нұрсәуле» бала-бақшасында практикалық жұмыс кезінде


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...