Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамыту



Дата08.01.2021
өлшемі17.47 Kb.

Мектеп жасына дейінгі балалардың

қиялын дамыту

Қиял дегеніміз - тек адамға тән, меншікті психикалық процесс. Жануарлар дүниесінде мұндай функция болмайды. Өйткені, қиял – адамның еңбек әрекетімен дамитын психикалық қызмет. Ол басқа да психикалық процестердің түрлері сияқты шындықты бейнелеп, болмыстағы оқиғалармен бірлікте пайда болып отырады. Қиял арқылы пайда болып отыратын жаңа бейнелер адамның білім қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді.

Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял – қоғамдық тәжірибені меңгерудегі алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз.

Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын – бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде баланың шығармашылық талабына кең жол ашылады. Бала өз қиялынан ылғи да бір нәрсені жасау, құрастыруға әрекет жасау нәтижесінде баланың ойлау белсенділігін күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді. Бала психикасының осы жағы да қиял тәрбиесінде есте болатын жай. Сонымен, мектепке дейінгі балалардың қиялының дамуына оның әлеуметтік ортасы, отбасындағы қарым-қатынас, ойын, білім, заттық іс-әрекеттер арқылы ықпал ету, онымен санасу, оны қызықтыратын барлық нәрселерге үлкен мән беріп, ықпал ету жатады. Бала дамуын балабақшада тәрбиешілер, үйінде ата-анасы үлкен назарға алуы тиіс.

Балабақшаға алғаш келген бала әр уақытта сөздік қоры аз, қоршаған ортаға бейімділігі төмендеу болады. Сол себепті баланы дамытуда көптеген дамыту сабақтарын өткіземін. Соның бір бөлегі ретінде баланың қиялын дамыту үшін «Менің қөңіл-күйім қандай», «Жаңа ертегі», «Сиқырлы дөңгелектер» «Қиял жалғасы» атты ойын түлерін оқу-іс әрекетінде жиі қолданамын.

"Менің көңіл-күйім қандай"

Балалар өз көңілдеріне сәйкес келетін суретті тауып атайды (көңілді - көңілсіз, қорқынышты, ренжулі, ... т.б.). Сол кездегі өздерінің көңіл-күйлерін баяндайды. Басқа суретегі көңіл-күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді.



"Жаңа ертегі"

Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынамын. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғасады.



"Сиқырлы дөңгелектер"

Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөңгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылады. Мысалы: құлақтарын үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығы мен мұрттарын сызып мысықтың бейнесін салады. Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздерін екі дөңгелек, тұмсығы мен аузын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтарды айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қиялы бойынша суретті толықтырады.



"Киял жалғасы"

Тәрбиеші ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек т.б.) Менің қиялым бойынша осы сызықтардан алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане, кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларынан толық сурет салып береді екен деп өз алдыларындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысын бірге талдайды.


Бұл ойындар арқылы біз баланың қиялын ғана дамытып қоймай оның тілін, ойлауын, қабылдауын дамытамыз. Тобымдағы балалар «Менің көңіл күйім қандай» ойынды алғаш ойнағанда өз көңіл-күйлерін жеткізе алмайтын, бірнеше ойыннан кейін балалар өзін-өзі бақылауға, бағалауға үйренді.

«Жаңа ертегі» ойын баланың танымдық, шығармашылық қабілетін арттырады. Балалар ойынның нәтижесінде еркін сөйлеуге, ойлап табуға қиялдауға үйрене бастады.



Сонымен қатар «сиқырлы дөңгелектер» ойыны баланың геометриялық пішіндерді тез есте сақтап қалуына көп септігін тигізді. Бұл ойынды балаларға тек дөңгелектер ғана емес басқа да фигураларды қатыстырып, күрделендірдім. Нәтижесінде балалар әр түрлі пішіндер, суреттер құрастырып үйренді.

Қорыта айтанда, мектепке дейінгі ұйым - бала дамуының, өсуінің, тәрбиеленуінің алғашқы баспалдағы екені бәрімізге мәлім. Бала тәрбиесі – күрделі процесс. Бала бойында көрінетін әртүрлі өзгерістер ең бірінші тәрбиешілердің көмегімен жүзеге асырылады. Сондықтан, тәрбиеші ретінде балалардың қиялын дамыту арқылы, баланы шығармашылыққа, ұшқырлыққа, ойлау процесінің жүйелі болуына тәрбиелейміз. Баланың дамуы, танымдық процестерінің қалыптасуы, қарым-қатынасының жүйелілігі - балабақшаларда оқыту барысында жүзеге асады.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде