Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы. Жас кезеңдері



бет2/2
Дата20.11.2021
өлшемі26.46 Kb.
1   2
Әлеуметтік:

  • Бірінші болғанды ұнатады;

  • Жарысқанды ұнатады;

  • Кейде женіліп қалғанда әдепсіз көрінеді немесе әділетсіз ережелерді ойлап табады;

  • Қандайда бір нәрселерді жасауға тырысады, шектеулерді тексереді;

  • Мақтауды жақсы көреді;

  • Жолы болмағанға қиналады;

  • Қанағат алуға деген үлкен қабілеттілік, сыйлықтарды жақсы көреді;

  • Бұйрық бергенді, сынағанды жақсы көреді;

  • Оны біреу ренжіткенде тез ашуланады;

  • Дос үлкен маңызға ие (жақсы дос болу мүмкін);

  • Мектеп өте маңызды қоршаған орта болғандықтан үйін алмастырады.

Тілдік:

  • Жұмыс жасағанды жақсы көреді;

  • Түсіндіргенді жақсы көреді. Айту және көрсету пайдалы;

  • Жұмбақтан тұратын әзілдерді жақсы көреді;

  • Жиі арызданады.

Танымдық:

  • Сұрақ қойғанды жақсы көреді;

  • Жаңа ойындар мен идеяларды жақсы көреді;

  • Бояғанды, сурет салғанды жақсы көреді;

  • Бәрін де дауыстап оқығанды жақсы көреді;

  • Нәтижесіне қарағанда өту үрдісін жақсы көреді;

  • Орындау қабілетіне қарамастан көбірек жасауға тырысады;

  • Драмалық ролді орындауға икемді келеді;

  • Сипат белгілері ерекше маңызды.


Көру және моторлық қабілеті:

Балалар тақтадан көп көшірмеу керек. Егер олардан өтінсе, олар бұл тапсырманы оңай шешеді, бірақ бұл тапсырма олар үшін қиын. Балаларға сөз арасындағы артықшылықпен жолдан шықпай жазу қиынға соғады. Көздерді бақылай алу оқуды тез үйретуге мүмкіндік береді.



Дөрекі моторлық қабілет.

Іскерлік шуға және белсенділікке тыйым салуға болмайды. Балалар көбіне тұрып жұмыс жасайды. Мұғалімдер жай жұмыс аясын кеңейту керек және сапасын көбейту мақсатындағы жұмыс көлемін шектеу керек.



Танымдық дамуы.

Ойынның барлық түрлері белгілі және пайдалы; ойындар, өлеңдер, жұмбақтар және оқуды жақсартады; Ойын арқылы оқыту, кітаппен және жаттығу арқылы оқытуға қарағанда беріктеу модель болып табылады. Шығармашылық белсенділіктің көрінуі. Бала ең алдымен Бояуды қолдана бастайды, бояйды, билейді, кітапты жаттайды,ән салады; Бала оның іс-әректін дұрыс бағалағанын және шығармашылық заттарды қолданарда дұрыс не дұрыс емес түрі жоқ екенінсезінуі тиіс. Қазіргі уақытта аздаған тәуелділік шығармашылық жағдайларға және болашаққа дағдыға қабілетті.



Әлеуметтік мінез құлық.

Мінез-құлықтың шектен шығуын түсіну керек, бірақ оған көп шыдауға болмайды. Тітіркенудің жарқ етуі еліктеу шағымдар, әңгімешілдік 6 жастағы баланың ересектермен қарым-қатынаста қолданылатын түрі болып табылады. Балалар өте сезімтал. Аздаған қолдау балалардың қиын жағдайдан шығуына жеткілікті, ал қатты сын оны қатты жаралауы мүмкін. 6 жасар балалар жарысқа қатысып жеңіп шығу және  бірінші болуға тырысады.

Педагогикалық жұмыста отбасындағы баланың ахуалына мән беру аса маңызды мәселе. Өйткені, ондағы ахуалы нашар болса,  баланы кемсітіп, зекіп, ұрып-соғып, қорқытып, оған сенімсіздік білдіртсе, оның жүйкесі тозып психикалық ауруға шалдығуы әбден мүмкін.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сонымен бірге логикалық ойлауын дамыту мәселесін шешу тәрбиешіге ауыр жүк артары сөзсіз. Сонымен бірге өмірлік іс-әректтерінің шеңберін кеңейту қабілеті өзін-өзі билеу еркі сапасының болған кезінде ғана қалыптасады. «Өзін-өзі билеу еркі» яғни қалыптасқан тұлғаның өзбетті өмір сүруге қабілетті жеке адам екендігін сезінуі дегенді білдіреді. Ал бұл сезінулер мектеп жасына дейінгі балардың мектепалды даярлық мекемелерде немесе жалпы білім беретін мектептерде қалыптасады.



Мектепте оқытуға баланың психологиялық даярлығы - мектепке дейінгі балалық шақ кезеңіндегі психикалық дамудың қорытындыларының бірі. Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. 
Ендігі жерде мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның денсаулығын нығайту, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мектепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады. А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады.Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады .
Д.Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады. Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде. Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.В.С. Мухина мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. Балаларға өздері үшін бір текті әрі тартымы шамалы іс-әрекетке зейін қою қиынға түседі,сонымен бірге ойын процесінде немесе әсерлі сезімге бөлерліктей тапсырмаларды шешерде олар едәуір ұзақ уақыт бойы ықыласты болып жүреді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады.Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Егер 6 жасар бала ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2, тіпті 3 сағат ойнай береді. Алайда, бұлай зейінді шоғырландыру – баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылығынан туындайды. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Оларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды. Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама қосымша нәтижесі болып табылады .Мектепке дейінгі жастағылардың ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске түсіруі – ес жұмысының бірден-бір түрі. Бала бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру жөнінде алдына әлі мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы тәсілдерді қолдануды білмейді.

6.Жаңа материал бойынша дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.Жаттығулар мен жағдаяттарды орындату.Жаттығулар жүргізу

7. Бекіту сұрақтары.

1.Нәресте жасындағылардың психологиясына сипаттама беріңіз?

2.Нәресте жасындағылардың дамуы?

3.Мектепке дейінгілерге сипаттама беріңіз?



4.Мектепке дейінгілердің іс-әрекеті?

8.Үй тапсырмасын беру. Нәресте мен мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы тақырыбын оқып келу.Терминдермен жұмыс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік