Мектеп атауы ғылыми жоба тақырыбы: «Жылқының әр түрлі тұқымдары» Ғылыми жетекшісі



бет2/7
Дата19.01.2023
өлшемі1.35 Mb.
#417409
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жылқы

Жоба өзектілігі: Жылқы малдың патшасын танымдық тұрғыдан зерттеу. 
Ғылыми жобаның деректік негізі: ғылыми жұмысты жазу барысында осы уақытқа дейін ғылыми айналымға тартылмай келген баспа сөз материалдары мен тарихи түрлі әдебиеттер, ғылыми зерттеулердің мәліметтері сұрыпталып алынды.
Зерттеудің болжамы: Зерттеу жұмысы жылқы малдың патшасы арқылы оқушылардың өзін өзі тәрбиелеуі және зияткер ұрпақтың қалыптасуына тарихи көмек. 
Зерттеудің кезеңдері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты әдеби-тарихи, жүйелі-сипаттамалық, баяндау, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Ғылыми жобaның ғылыми жaңaлығы:  Жылқы малдың патшасын танымдық тұрғыдан зерттелуі.


Кіріспе
Жылқы төрт-түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп. Жылқы баласы сүйкімді, әрі жүйрік болып келеді. Жылқы жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғар деп аталады. Жылқы сымбатты жануар. Қазақ халқының көшпенді өмір салтында, яғни, өркениетінде жылқының алатын орны айрықша. Жалпы халқымыз үшін жылқы қастерлі. Тіпті ер жігіттерге «ат жалын тартып мінген», «ат құлағында ойнайды» деп мақтау айтса – бұл шенді дәрежені білдірерліктей.
Жылқыны қолға үйрету үдерісі көшпелі өмірді едәуір жеңілдетіп, шаруашылықта маңызды рөл атқарды. Жылқы малының еті, қымызы азық болса, көлік ретінде қолдану өз алдына бөлек дүние.
Тарихта ежелден Қазақстан аумағы жылқыны қолға үйреткен мекен болғанын археологиялық қазбаларда дәлелденген. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б.з.д. 4-3-мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б.з.д. 2-мыңжылдық), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.д. 1-мыңжылдық – б.з. 2 ғ.) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.
Жылқыны түріне қарай жүк жылқысы (Владимир, Першерон жылқысы), мініс жылқысы (араб, ақалтеке), жазық дала жылқысы (Дон, Буденный, Қостанай, моңғол және қазақ жылқысы), тау жылқысы (кабардин, қарабақ, қырғыз, алтай жылқылары), солтүстік дала жылқысы (витский, эстон, якут жылқылары) болып ажыратылады. Дүние жүзінде жылқының екі жүз елудей түрі бар болса, Қазақстанда жылқының жиырмаға жуық түрі өсіріледі.
Ертеден өсіріліп келе жатқан қолтұқымның бірі – қазақ жылқысы. Оның «жабы» деп аталатын түрі де бар. Бұл тұқым көлік ретінде және еті мен сүтін пайдалануға өсіріледі. Олардың ерекше қасиеті – суық ауа райына төзімді. Жайылым, жем-шөп талғамайтын, мінуге көнбіс.
Деректерде алғашқы болып Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде қолға үйреткен деп көрсетіледі. Қазақ жылқыларының тұқымын қалыптастыру сол дәуірде басталып, мыңдаған жылдар бойы жалғасып келеді.
Көне тұқымдарының бір түрі – жабы Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола аймақтарында өсіріледі.
Дала тұлпарлары бүгінгі күнге дейін Қазақстанның мәдени мұрасының маңызды элементі.
Қазіргі уақытта қазақ жылқысының тұқымдары жоғарыда айтылғандай, мыңдаған жылдар бұрын жетіліп, уақыт өте келе басқаша тұрпатқа ие болып, әмбебап тұқымға айналды. Мінуге, арба, шанаға жегуге, ет-сүт өніміне пайдалану үшін өсірілетін жылқы еш кінәратсыз.
Қазақ жылқысы моңғол жылқысымен қатар Орта ғасыр соңында Еуразияның барлық дала бөлігін бағындырып, Батыста Карпатқа жеткен Алтын Орда әскері жауынгерлерінің көлік сапын құрады.
Тұқымның қалыптасуының бастапқы кезеңінде оған Орта Азияның, ең алдымен моңғол, түркімен және басқа да жылқы тұқымдары үлкен әсер етті. Кейінде қазақ жылқысы ең танымал асыл тұқымды сәйгүліктермен тұқымдастырыла бастады – араб, ақалтеке жән т.б. ХХ ғасырда қазақ жылқыларын жақсарту үшін ағылшын таза қанды тұқымын, Орловтың желісті жылқысы және Дон жылқысын белсенді түрде тарта бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
бекіту туралы
Зертханалық жұмыс
Жалпы ережелер
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қысқа мерзімді
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
рсетілетін қызмет
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
пайда болуы
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі
Жұмыс бағдарламасы