Мектеп №69 жалпы орта білім беретін мектеп Мұғалімнің аты-жөні



Дата10.06.2022
өлшемі19.7 Kb.
#267710
Байланысты:
7 қмж
703284, 1559840415

Мектеп

№69 жалпы орта білім беретін мектеп

Мұғалімнің аты-жөні

Ельшибаев Е.

Сынып

7 «А»













Күні

14.03.2022













Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

6-бөлім. Шытырман және команда құрушы ойындар. Баламалы ойын жағдайын құру

Сабақтың тақырыбы

Ойындар арқылы мәселелерді шешу дағдыларын жетілдіру. Спорттық және қозғалмалы ойындар. Волейбол ойыны: Шабуылдап соққан допқа қарсы секіріп біреулеп, екеулеп қолмен тосқауыл қою әдістерін үйрету.

Оқу мақсаттары

7.1.4.4 Қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын жақсарта білу
Спорттық ойын ережелерін және әдіс-тәсілдерін меңгеру

Сабақ мақсаттары

Қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындауды жақсарту үшін өзінің және өзгелердің біліктіліктерін бағалау

Бағалау критерийі

Өзінің және өзгенің қимыл-қозғалысының біліктілік сапасын анықтайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: қызықты және команда түзуші ойындардың шеңберінде өздерінің дағдылары мен түсініктерін сипаттай, талқылай және көрсете алады. Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: шабуыл, қорғаныс; адал ойын, өзара әрекеттестік, жарыс; кеңістікте бағдарлану; командалық жұмыс; тактика, стратегиялар; доппен және допсыз қозғалу; жүгіру, жылдамдықты, бағытты өзгерту; дриблинг, пас, допты беру.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- ойыншыны-қорғаушыны жеңудің үздік тәсілі қандай?
- команда ретінде есеп жүргізуге қалай тиімдірек қол жеткізуге болады?
- сендерге доптан тыс қозғалысты, сондай-ақ шабуылға шыққан кезде бір-біріңмен қарым-қатынасты жақсарту не үшін қажет?
- неліктен өз назарыңды бір ойыншыға бір рет шоғырландырған дұрыс немесе әрбір қарсыласты белгілеген жақсы ма?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.
Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.
Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.
Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.
Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.
Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім




САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың
басы



Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Бос ойын кеңістігі
Ойын алаңы, баскетбол доптары, бор

Сабақтың
ортасы



(С, Т) Ойыншылар екі командаға бөлінеді – «аңшылар» және «үйректер». «Аңшылар» сызықтан тыс шеңберге тұрады, ал «үйректер» шеңбердің ішіне орналасады. Белгі бойынша «аңшылар» «үйректерге» доп тигізуге тырысады. Олар шеңбердің ішінде жүгіріп және секіріп, доптан қашады. «Оқ тиген үйрек» ойыннан шығады. Ойын барлық «үйректер» өлтірілгенге дейін жалғасады. Содан кейін командалар рөлдерімен ауысады. Барлық «үйректерге» оқ тигізген «аңшылар» командасы жеңіске жетеді.

Ойын үлкен қарқындылықты. Ойыншылар ойын барысында жеткілікті жүктеме алғандықтарын қадағалау қажет. Сұраңыз: Сендер басқа команданы қалай ойыннан шығардыңдар? Сендер командаларың жақсырақ жұмыс істеуі үшін не істей аласыңдар? (мысалы, бір-бірімен ақылдасу, басқа команданың әлсіз тұстарын анықтап, «команданың әңгімелесуі» арқылы басқа команданы ойыннан шығару тәсілдерін талқылау.

(С, Т, Ф) Баскетбол қалқандары болмаса, ойын жеңілдетілген ережелер бойынша өткізілуі мүмкін. Алаң шартты түрде белгіленеді, қалқан мен баскетбол кәрзеңкесінің орнына биіктікте (орындықта) бір ойнышы тұрады. Оның міндеті – орнынан кетпей, лақтырылған допты қағып алу. Ойын баскетболдың жеңілдетілген ережелері бойынша жүргізіледі (ауттарсыз). Ойынның ұзақтығы – 5 минуттан екі тайм. Дәлдікті дамыту және қозғалыс үйлесімін жақсарту.

Баскетбол ойынындағы шабуыл жасау әдістерін көрсетіңіз. Шабуыл жасауда спорттық алдау тәсілдерді қолданыңыз, доппен қорғаушыларды алдап өту әдістерін орындап көрсетіңіз.
Дескриптор
- шабуыл жасау түрлерін орындайды;
- қимыл-қозғалыс түрлері арқылы алдау тәсілдерін көрсетеді.

Спорттық және қозғалмалы ойындар.
Волейбол ойыны:
Шабуылдап соққан допқа қарсы секіріп біреулеп, екеулеп қолмен тосқауыл қою әдістерін үйрету;

Сабақтың
соңы



Сабақты қорытындылау:
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия
-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға
Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?
_____________________________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы