Мейіргер ісінің тарихы мен философиясы. Медициналық этика, биоэтика және деонтология. Мейіргер ісі мамандық ретінде


Мейірбикенің моральді және проффесионалды қасиеттері



бет11/14
Дата14.09.2022
өлшемі62.64 Kb.
#290318
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Мейіргер ісі пәні бойынша Мейіргер ісінің тарихы мен философиясы тақырыбындағы дәріс материалы

Мейірбикенің моральді және проффесионалды қасиеттері:
Мейіргер ісі рөлі пациентті емдеу үдерісінде, әсіресе стационарда ауыр бағаланады. Дәрігер тағайындауын орындау, ауыр науқасқа күтім жасау, кейде ауыр көп манипуляцияларды жүргізу- бұл орта медициналық қызметкерінің тікелей міндеттері болып саналады. Мейірбике пациенті тексеруге, оны әр түрлі нәрселерге дайындауға қатысады, анестезист ретінде немесе жансақтау және шұғыл терапия бөліміндегі пациенттерге жедел көмек көрсету жұмыстарын атқарады. Мұның барлығы тек мейірбикенің біліміне немесе практикалық дағдыларына ғана жоғары талап қойылмайды, оның моральді бейнесін, ұжымда, пациенттер мен олардың туыстары алдында өзін ұстай алуын көрсетеді.
Пациентпен қатынас кезінде көбінесе жайсыз және ауыр ойлардан арылту керек, оның жазылуға деген сергектігі мен сенімін ояту керек.
Пациентер мейірбикелерден үнемі өздерінің диагноздары мен болжамдарын сұрайды. Қандай жағдай болмасын пациентке оның жазылмайтын ауруы, әсіресе қатерлі ісіктің бар екенін хабарламау керек. Болжамға қатысты болса, онда үнемі қолайлы жағдайда қатты сенімділік керек. Мейірбике пациентке дәрігермен келісілген мағұлмат береді.
Әр пациент өзіне қолжетімді түрде өзінің денсаулық жағдайы туралы ақпаратты алып отыруға құқылы, оған тексеріс нәтижесі туралы мәлімет, ауру туралы, диагнозы мен болжамы, емдеу тәсілдері, медицинада мүмкін болатын нұсқалар, емдеу жүргізудің салдары мен нәтижелері кіреді.
Пациенттің келісімінсіз оның денсаулығы туралы ақпарат берілмеуі керек. Егер пациент тосқауыл қоймаған болса, ауру дамуының сәтсіз болжамы жағдайында оған және оның отбасына мәдениетті түрде хабарлауы керек.
Пациент оның денсаулық жағдайына қатысты медициналық құжаттамасымен үздіксіз танысып отыруға және сол бойынша басқа мамандардан кеңес алуға құқылы. Медициналық көмекке жүгіну фактісі туралы ақпарат пациенті емдеу кезінде алынған пациентттің денсаулық жағдайы, ауру диагнозы және басқа да мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды.
Дәрігерлік құпияны құрайтын тұлғаларға оқу кезінде, профессионалды, қызметтік және басқа да міндеттерді орындау кезінде айқындалған мәліметтерді жариялауға жол берілмейді.
Пациенттің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтер мынадай жағдайларда жарияланады:

  1. Пациентті тексеру және емдеу мақсатында жағдайына байланысты өзінің ерік-жігерін білдіруге қабілетсіз кезде

  2. Инфекцияның аурулардың таралу қаупі туғанда

  3. Құқыққа қайшы іс-әрекеттер нәтижесінде пациент денсаулығына зиян келтіретін негіздің болу кезінде.

Пациенттер жиі кіші медицина қызметкерлерімен сөйлеседі және олардан қажетсіз ақпараттарды алады.
Міне, сол үшін мейірбике осындай әңгімелерді тоқтатып және сол уақытта медициналық этика мен деонтология принциптеріне қызмет етуші қызметкерді үнемі тәрбиелеу керек. Пациентті барынша оның жағдайын нашарлататын психологиялық зақымнан, ал кей жағдайларда емдеуден бас тартудан қорғау керек. Кей кездері пациенттер, ереже бойынша, ауыр жағдайда болмаса, тәртіпсіздік туындайды, емдеу режимі бұзылады, палаталарда шылым шегеді, спиртті ішімдіктер ішеді. Мұндай жағдайларда мейірбике әдептің бұзылуын тоқтатуға шешім қабылдау керек, дөрекілік емес қатаң тәртіп орнатады. Кейде пациентке өзіне ғана емес, басқа да пациенттерге қауіп тудыратынын түсіндіруі де жеткілікті.
Пациенттің жағымсыз жүріс-тұрысы туралы барлық жайтты дәрігерге хабарлап тұруы қажет.
Мейірбике дәрігердің нұсқауын мүлтіксіз орындауы қажет және тек қана дәрінің мөлшерін ғана емес ұзақтығын және жүйелігін нақты бақылауы қажет. Препаратты егу уақыты мен мерзімділігін белгілеуде, дәрігер олардың әсер ету ұзақтығын, басқа дәрілермен араласу мүмкіндігін есепке алады. Сондықтан бейберекеттік немесе қателік пациент үшін аса қауіпті болуы және қайтарымсыз салдарға әкелуі мүмкін.
Заманауи емдеу мекемелері жаңа диагностикалық және емдеу ақпараттармен жабдықталған. Медицина қызметкері тек қана сол немесе басқа аспап не үшін екенін ғана білмей, оны қолдана білуі керек.
Мейірбике ауыр қозғалыстары орындаған кезде ол осы үшін жеткілікті дайындалған болса және бір нәрсеге күмәнданса, тәжірибелі ұжымдастарынан көмек және ақыл сұраудан ұялмау керек. Дәл сондай мейірбике қандай қимылда болса да жақсы техникалы болса, бұл техникамен өзінен аз тәжірибелі ұжысына үйретуге міндетті. Адам денсаулығы мен өміріне қатысты болғанда өз-өзіне сенімділік, менмендік және тәкаппарлыққа кешірілмейді. Мейірбикенің міндетті қасиеті үнемі өзінің біліктілігін арттыруда білімін жетілдіруге, жаңа дағдыларды игеруге ұмтылуы керек.
Жоғары мамандандырылған және жауапты қызметкер қалыптастыруда маңызды рөл ойнайтын емдеу мекемесінің жалпы атмосферасы бұған мүмкіндік береді және жоғары моральді қасиет, гуманизм және науқас адамның еңбекке қабілеттілігін және денсаулығын қайта қалпына келтіре алу қабілеттілігін құрастырады.
Әр мейірбике өзін-өзі тану және өзін тәрбиелеуде өзін тану, өзінің артықшылықтарын білу, жұмыс стилі қандай және пациенттерге қалай әсер ететінін білу үшін ұзақ жолдан өту керек.
Білімді мейірбике өзін дамытуда, білімін орындауда үнемі қажеттілігін сынап отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде