Мейіргер ісінің тарихы мен философиясы. Медициналық этика, биоэтика және деонтология. Мейіргер ісі мамандық ретінде



бет1/14
Дата14.09.2022
өлшемі62.64 Kb.
#290318
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Мейіргер ісі пәні бойынша Мейіргер ісінің тарихы мен философиясы тақырыбындағы дәріс материалы


Мейіргер ісінің тарихы мен философиясы.
Медициналық этика, биоэтика және деонтология.


Мейіргер ісі мамандық ретінде
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 1944 жылы Ганноверде өткізген мейіргер ісі мамандары Конгресінде келесідей анықтама береді: Мейіргер ісі- бұл өнер мен ғылым, ол пациенттің денесін, ақылы мен ішкі дүниесін толықтай қамтиды, үйрету немесе тәсіл арқылы рухани және физикалық қолдайды, денсаулықты сақтауға ерекше назар аударады, сондай-ақ пациентке көмек көрсеткенде физикалық сияқты пациентке рухани және әлеуметтік қамқорлықты қосады және отбасы, қоғам немесе мүгедектерді медициналық қызметті іске асырады.
Кейінірек Халықаралық мойындауға ие болған тағыда бір «ескірмейтін» мейіргер ісі анықтамасын 1967 жылы американдық мейіргер, ұстаз, ағартушы, зерттеуші және лектор В.Хендерсон берді. Ол мейіргердің бірегей қызметі өз күшімен білімі және ерік-жігерімен адам денсаулығына жазылып кетуіне немесе өліміне қатысты істердің іске асуына пациент немесе дені сау адамға көмек көрсетуінде деп жазды. Осылайша ол тезірек тәуелсіздікке ие болды.
Алғаш мейіргер ісі анықтамасын аты аңызға айналған Флоренс Найтингейл (1820-1910жж) 1959 жылы шыққан «Күтім туралы жазбалар» кітабында пациенттің жазылып кетуіне ықпал ету мақсатында пациенттің қоршаған ортаны қолдану бойынша қалай әсер ететінін анықтады. Ф.Найтингейл денсаулыққа күтім көрсету дегеніміз – ауру кезіндегі адам жағдайына қолдау көрсету, ал пациентке күтім жасау – аурудан зардап шегушіге көмек. Ол алғаш рет мейіргер ісін дәрігерлік қызметтен мамандық ретінде бөліп алды және дәрігерлік білімнен , практикалық және ғылыми дайындықтан арнайы өзгешелікті талап етті. Оның идеясы, көзқарасы, үлкен сенімге ие болды және әлемдегі көптеген елдерге танылды. Заманауи зерттеушілер мейіргер ісі моделдерінің концертуальді теориясы ретінде Ф.Найтингейлдің еңбектерін қарастырады.
Найтингейл 1820 жылы 12 мамырда аристократ ағылшын отбасында дүниеге келген, шығу тегі итальян. Ол сол кезде тек ерлер алатын жеткілікті жан-жақты білімді алды. Зерттеушілер Ф.Найтингейлді оның талантты болғанын, оның қабілеті әр түрлі қызмет түрлерін іске асыруға жететінін атап айтады, бірақ оның таңдауы медицина болды.

Ф.Найтингейл 20 жасында өз қалауымен мейіргер болуды шешті, бірақ 33 жасында ғана өзінің арманына жетіп, мейіргер болды. ол ауруханада жұмыс істей жүріп, мейіргер дайындайтын мектептер керек екенін түсінді.


Флоренс 33жасында өзінің ұйымдастырушылық қабілетін және күтім бойынша біліктілігін жоғары деңгейде көрсететін жоғарғы Лондон қоғамымен ауру әйелдерге күтім көрсету мекемесінде суперинтендант қызметін атқарды.

Флоренс 1854 жылы қазанда Қырым соғысы кезінде, дала госпитальдарында жұмыс істеп өзін көрсетті. Оның госпиталь жұмысын ұйымдастыруы арқасында өлім деңгейі 49 дан 2% -ға төмендеді. Ол жараланушылардың тығыз орналасқандарын азайту үшін палаталар санын көбейтті. Ас үйлер мен кір жуатын орындарды ұйымдастырды. Флоренс – мейірімді мейіргер- пациенттердің жараларын физикалық тану емес, оларды рухани құтқару деп санады.


Ф.Найтингейлге 1856 жылы Англияға қайтысымен армиялық медициналық қызметті қайта құруға тапсырма берілді. Ауруханалар желдеткіш және канализация жүйелерімен жабдықталды, аурухана қызметкерлері міндетті түрде қажетті дайындықтан өтті, ауруханаларда статистикалық өңдеу жүргізілді. Аурудың алдын алу маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Найтингейл өзінің «Госпитальдар туралы жазбасында» госпиталь ісінің ұйымдастырумен санитарлық ғылым байланысын көрсетті.



Ф.Найтингейл Ұлыбританиядағы орта және кіші медицина қызметкерлерін дайындау жүйесін құрды. Ф. Найтингейл құрған мектеп медицина қызметкерінің басқарушы және педогогикалық шені дайындау модельдері болды. Ол мейірбикелік мектептерде мамандандырылған медицина мейірбикелердің сабақ бергенін көздеді, ал ауруханаларды басқаруға арнайы дипломы бар мейірбикелерді алды.
Ф.Найтингейл қызмет үдерісінде мейіргерлік көмектің дамуы үшін баға жетпес бірнеше еңбектер жазды. «Науқасқа қалай көмек көрсетілуі керек» деген кітабын сол кезде дәрігерлер жоғары бағалады, оқулық кітап ретінде есептеді. Ф.Найтингейл аурудың алдын алу , емдеуден жақсы деген ойды білдіретін бірнеше мақалалар жариялады.
«Мекемеде болу туралы кіріспе жазбалар» (1871) еңбегінде аурухана инфекция жұғу қаупі жоғары болғандықтан, үй жағдайында босану қауіпсізірек деген тұжырым жасады.
Мисс Флоренс өзінің өмірінде ауру кезінде барлық адамдарға бірдей көмек беру және ем көрсету бірдей құғығын қорғады. Ағылшын үкіметі оның медициналық көмекті дамытуда үлес қосқанын құнды бағалады және 1883 жылы Король Қызыл крестпен марапаттады.
1907 жылы Ф.Найтингейл «Қызметі үшін» жоғарғы марапаттардың бірі британиялық орденмен марапатталды.
1860 жылы 26 маусымда Лондонда Найтингейлдік қасиетті Фома ауруханасы жанында қайырымды мейірбикелер үшін сынақ мектебін ашты. Оны бітірген мейірбикелер Найтингейл антын берді.
«Мен Құдай алдында осы жиналыста салтанатты түрде:

  • Өмірімді адал өткізіп және мамандығыма адал қызмет етуге;

  • Зиян мен апат келтіретін істерден тартынуға, зиян келтіретін дәрілерді алмауға және саналы түрде оларды беруден тартынуға;

  • Мамандығымның деңгейін биіктетуге мен қолдауға барынша күшәмді салуға;

  • Практика барысында маған белгілі болған науқастардың отбасылық жағдайлары туралы мәліметтерді, барлық жеке мәселелерді құпияда ұстауға;

  • Қамқорлығыма сенім білдірген адамдарға өзімді арнап, дәрігердің жұмысына адал көмектесуге, ұмтылуға ант беремін».

«Күтім туралы жазбалар» еңбегінде Ф.Найтингейл мейіргер ісіне анықтама берді, дәрігер ісінен ерекшелігін көрсетті. Еуропа мен Америкадағы алғашқы мейірбике мектептерінде оқытылған теориялардан мейіргер ісі моделдерін құрды. Ф.Найтингейл е сімі қайырымдылық символына айналды.
1912 жылы Халықаралық Қызыл крест және Қызыл жарты ай лигасы Флоренс Найтингейл атындағы медаль шығарды. Әлі күнге дейін барлық әлем бойынша мейірбикелер үшін ең құрметті және жоғары награда болып саналады. 2 жыл сайын Қызыл крест Халықаралық комитеті оның туған күніне (12 мамыр) оның атындағы 50 медальді беруді ұйғарды. Бұл мейірбикелер үшін және Қызыл Крест белсенділері үшін жоғарғы марапат. Бұл медальдің ережесінде «мансаптың аяқталуы үшін емес, үздік қызметін ескеру және марапатталғандардың моральды сапасын ерекше мойындау үшін» деп жазылған.
1907 жылы АҚШ-та алғаш рет Колумбия университетінің мейірбикесі А.Нуттинг мейіргер ісінің ғылыми профессоры атағын алды. Осы жаңалықтан кейін университет кафедрасына белсенді қатысу кезінде мейіргер ісінің жаңа даму кезеңі және ғылыми негізі басталды. А.Нуттинг өз еңбегінде мейірбике науқасқа күтім жасау мен адамдардың денсаулығын қорғауда қорқыныштан арылумен байланысты екнін көрсетті. Көптеген адамдарда ауруханада ем алуына мүмкіндіктері жоқ, сондықтан үйде көмек көрсетуді қамтамасыз ету қажет және әрбір мейірбике екі бірдей пациент немесе әр түрлі пациенттердің бірдей қажеттіліктері болатынын есте сақтауы қажет. Демек, екі түрлі адамға бірдей күтім болмауы керек.
Бірте-бірте мейірбике тәжірибесі теориялық білімде, практикалық тәжірибеде, ғылыми пайымдарда және клиникалық ойларда негізделген жеке профессионалдық қызметке өзгере бастады. Мейірбике өзіне қажетті деңгейдегі көмек көрсетуге және олардың өміріне оптимальдысапсын қолдау және пациенттерге қайырымды болуға жауапкершілік алды (мейірбикелік күтім үйлерінде бақылау жүргізілді және қарттарға, созылмалы аурумен ауырған науқастарға және мүгедектерге күтім жасалды). Сондай-ақ үйде көмек көрсету ұйымдастырылды, тұрғындар үшін медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ететін кеңес беретін көмек қызметі құрылды, үкіметтік және қоғамдық топтардың мойындауына лайықты болды.
Өзгеру шегі бойынша мейірбике рөлінде жетекші мамандар осы ауданда мейіргерлік ісі статусын мамандық ретінде бекітуге талпынды. 1945 жылы сарапшылар тобы науқастарға күтім критерийлерін, 1915 жылы медициналық оқу мекемелерінде стандарт бойынша комиссия дайындаған, мамандықты анықтау үшін Д.Флекснер критерийлерін қолдана отырып әзірледі. Бұл критерийлеріне тек қана арнайы білімді қолдануды ғана емес, сондай- ақ саясат құруда дербестік және профессионалды қызметті бақылау кірді. Американдық мейірбике ассоциоциясы мейіргерлік істің мамандық ретінде қалыптаса бастауы, саясаттың әзірленуі мен анықталуы, стандартар мен нормалар, профессионалды қызметті реттеуші мәселелерімен айналысты. «Мейірбикелер кодексі» (1950, 1976 және1985 ж) профессионалды этика нормаларын ұсынады. «Науқастарға күтім» еңбегінде әлеуметтік саясат (1981 және1995ж) науқастарға күтім әлеуметтік контекстімен анықталуы, сондай-ақ практикалық мамандануы баяндалған. «Науқасқа көмек стандарттарында» (1973 және1991ж) мейірбике орындауға міндетті қызметтер жазылған.
1960 жылы Йелск университеті мейірбике мектебі пациенттік қажеттілігіне бағытталған, медициналық көмекті көрсетуге жүйелі тәсіл қажет болған мейіргерлік істі үдеріс ретінде қарастыру ұсынылды. ДДСҰ сарапшылар комиссиясы сол кезде-ақ мейіргерлік істі адамзаттық өзара қарым-қатынас тәжірибесі ретінде анықтады. Мейірбике осы анықтамаға сәйкес аурумен байланысты туындайтын пациенттердің қажеттіліктерін анықтай білуі қажет.
«Мейіргер ісі» ұғымы салыстырмалы түрде жақында ғана ресей медбикелері профессионалды тіліне енді. Алғаш рет бұл ұғым ресми түрде 1988 жылы енгізілді. Денсаулық сақтау саласында мамандықтар тізбектемесінде «Мейірбике» мамандығы «Мейіргер ісі» мамандығының орнын басты. Осыған байланысты мейірбике базалық дайындық «Мейіргер ісі негіздері» жаңа оқулық пәніне кірді.
Алғаш мейіргер ісін Ресейде және шетелде Г.М.Перфильева 1994-1995 жылдары салыстырды. Ол мейіргерлік істі – медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігінде тұрғындардың қажетілігін қанағаттандыру үшін айтарлықтай кадрлық ресурстармен және шынайы потенциалды мүмкіндіктермен денсаулық сақтау жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі деп санайды.
1987 жылы жаңа Зеландияда өткен Халықаралық мейірбикелер кеңесінде ұлттық өкілдер жиналысында келесідей мейіргерлік ісі анықтамасын бірауыздан қабылдады: мейіргер ісі денсаулық сақтау жүйесінде құрамдық бөлік болып табылады және денсаулықты күшейту, аурудың алдын-алу, физикалық және психикалық аурулары бар тұлғаларға сондай-ақ барлық жастағы еңбекке жарамсыз топтарға психоәлеуметтік көмек көрсетуді ұсыну бойынша қызметін өзіне қосады. Мұндай көмек медициналық ұйымдарда, үйлерде, қажеттілік бар барлық жерде көрсетіледі.
Осылайша, мейіргер ісі- бұл өзіндік мамандық, тек қарапайым дәрігердің нұсқаулығын орындаудан бөлек мейірбикенің қызметі айтарлықтай көп. Оларға пациенттерге көмек бойынша аурудың алдын-алу, денсаулықты сақтау, реабилитация және азабтың жеңілдеуі сынды негізгі міндеттер кіреді. Мейірбике менеджерлік, педогогтық және психолог лидерлік қабілеті бар тамаша басшы бола білуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде