Бірінші кезең – мейірбикелік зерттеу - Мейірбикелік тексеру екі әдіспен жасалады:
- Субъективті тексеру әдісі – пациенттен ол туралы жалпы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, жасы); олардың шағымдары мен сезім күйлерін; бейімделу реакцияларының болжамалы өзгерістері; науқастың қажеттерінің қанағаттандырылмаған жерлерін анықтау.
- Объективті тексеру әдісі – бұл науқастың қазіргі кездегі жағдайын білуге арналған бақылау. Оларға науқастың антропометриялық көрсеткіштері, сана-сезімінің күйі, қажеттіліктердің бұзылуы, бет-әлпеттің көрінісі, төсектегі жайы, тері қабаты мен көзге көрінетін шырышты қабықтардың күйі, дене температурасы, тыныс, пульс, артериальды қысым, физиологиялық қажеттіліктерін жүзеге асыру.
- Психологиялық - әлеуметтік жағдайды бағалау:отбасы жағдайы туралы мәлімет, аллергологиялық икемділік туралы, материалдық-тұрмыстық шарттар, науқастың ауруының ағысына байланысты жұмыс және басқа факторлардың шарттары, науқастың өмір салты туралы (хобби, діні, зиянды әдеттері, мәдениеттің ерекшеліктері) зерттеу;
Достарыңызбен бөлісу: |