Механикалық толтырым үшін ірілігі 150-200 мм дейінгі ұнғыма жұмыстары кезінде алынатын жыныстар пайдаланылады

Loading...


Дата14.04.2020
өлшемі17.42 Kb.
Жауаптар:

1.Толтырма материалы бірқатар талаптарды қанағаттандыруы керек. Ол әрі арзан, әрі тасымалдық қасиеті жеңіл, сонымен қатар үлкен шөгім бермейтіндей және өртқауіпі бойынша инертті болуы шартты. Кейде толтырма материалына қосымша талаптарда қойылады. Мысалы, қазба деңгейі төмендеуіне байланысты, оны бір қабаттан екінші қабатқа түсіргенде толтырма тапталып қалмауы керек. Кейде, толтырмамен бекітілген камералар арасындағы кендіңгектерді алу ұшін, материал тығыздалып, төзімділігін арттыруы қажет, осындайда оған цементтегіш зат қосылады. Толтырма материалдарында майлы бөлшектер болмауға тиісті.

Толтырма материалдары ретінде құм, ұсақталған тау жыныстары, жер үстіндегі үймелер, сорттап-жуылған жыныстар қалдығы, байыту фабрикаларының қалдықтары, қазандық және металлургия шлактары қолданылады.

Толтырма, материалдарды кенүңгір қазымкеңістігіне тасымалдау тәсілдері мен жағдайына байланысты, құрғақ төгілмелі, механикалық, қысымдық, сулы және қатаймалы болып бөлінеді.

Құрғақ төгілмелі толтырмалау ұшін аралас ірілікпен ұсақталған материал, киыршық құмтас, байыту фабрикаларының қалдығы, түйіршіктелген қождар ұсынылады. Осындай толтырма материалындағы сазды балшық қосындысы 15—20 пайыздан аспауы керек.

Механикалық толтырым үшін ірілігі 150—200 мм дейінгі ұнғыма жұмыстары кезінде алынатын жыныстар пайдаланылады.

Қысымдық толтырма үшін азтүрпілі, 5—60 мм дейінгі ірілікпен ұсақталған, сазбалшық қосындысы 10—15% аспайтын жыныстар пайдаланылады. Жекелеген кесектердің максималды өлшемі құбыр диаметрінің 1/3 бөлігінен жоғары болмауы керек.

Сулы толтырма үшін ең жақсы нәтижені ірітүйірлі құмдар мен байыту фабрикаларының соқталанбаған қалдықтарын пайдалану береді. 60-пайыздық кварцты кұмнан және 40% ірілігі 20 мм аспайтын ұсақталған жанғыш тастардан тұратын толтырма шихтасыда жақсы қасиеттерге ие. Осындай материалдардың жалпы шөгімі 6—9% аспайды.

Толтырма материалдарына байланысты қатты заттардың сұйыққа арақатынасы: құмдар үшін 1:0,75-тен 1:1-ге дейін; оданда ірі материалдар үшін 1:1,5-нан 1:2,5-ға дейін қабылданады.

Материалдар ірілігін арттыру кен қазбаларына су ағынын көтереді де олардың лайлануына әкеледі, сол сыяқты сутөкпе қондырғаларының жұмысын күрделендіреді.

Толтырма материалдары қазым кеңістігіне орналасқаннан кейін шөге бастайды. Шөгу коэффициентінің (%) шамасы келесідей деңгейде өзгереді:



  1. құрғақ төгілме толтырмалауда 20—25

  2. механикалық толтырмалауда 20—30

  3. қысымды толтырмалауда 10—15

  4. сулы толтырмалауда 5—10

Қатайма толтырма бірқатар құраушылардың- байланыстырушы, толтырылуға арналған заттар мен судың қосындысы. Төселгеннен соң бүтін массив жасап, қатаяды. Кейбір жағдайларда пластикалық және тасымалдық қасиеттерін көтеру үшін оның құрамына ұсақ ұнтақталған инертті және азактивті қоспаларды қосады.

Қатайма толтырма кенорындарын өте аз жоғалыммен қазып-өндіру мақсатында қолданылады. Сонымен қатар ол кенорнын ашық-жерасты бірлесіп қазу, бағалы кендерді озық алып, мардымсыздарын кейіннен қайталап қазу, үлкен тереңдіктегі тау соққыдан қауіпті, өртқауіпті кенорындарын қазу, сол сияқты қорғалатын объектілер мен суаттар астындағы кенорындарын қазу үшін пайдаланылады.


2.Толтырма материалдары жерастында, не болмаса жер бетінде дайындалады.

Жер астындағы толтырма материалдары. Кейде толтырма материалы тазалау кенжарының өзінде жасалынады. Бұндай материалдар өте жұқа кенорындарын алғанда, кенжарда жұмыс істеуге қолайлы кеңістік жасау үшін, олардың бүйір жыныстары алынып кеңейтіледі, ал алынған жыныстар толтырма материалдар ретінде қолданылады.



Ал, кейде, жерастында шығарылатын жыныстар толтырма жұмысына жетпеуі мүмкін, бұндай жағдайда ондай материалдарды жер бетінде дайындауға тура келеді. Ол үшін толтырма кариерлері ашылады және ондағы толтырма материалдарын ашық қазып алу әдістерімен өнімделеді.
3. Бекітпе - тау-кен бекітпесі — кеніштегішахтадағы кен қазбаларының төбесі мен қабырғалары опырылып құлап түспеу үшін, сондай-ақ, тау қысымын реттеу мақсатында қазба ішінде тұрғызылатын немесе тұтас орнатылатын тау-кен техника құрылысы. Кен қазбаларының түріне, оларда атқарылатын жұмыстың сипатына, пайдалану мерзіміне қарай бекітпелер уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Тұрақты бекітпе кенішшахта аймағындағы кенді түгел алып біткенше сақталады және олар өте берік, жоғары сапалы материалдардан (металлбетон) жасалады. Уақытша бекітпе кен қазу алдында дайындық үшін жүргізілетін, пайдалану мерзімі 2 — 3 жылдан аспайтын қазбаларда қолданылады. Пайдалану ерекшелігіне, түсетін қысымның сипатына байланысты бекітпе қайыспайтын, аздап иілетін, топсалы және құрастырмалы, түр-тұрпатына қарай — тік бұрышты, трапеция тәрізді, күмбезсақина тәрізді болады. Тау-кен бекітпелерінің материалдарына ағашбетонтеміртемірбетон пайдаланылады. Көмір шахталарында бекітпелер құрылымдық ерекшелігіне байланысты механикалық-жылжымалы,қалқанды болып келеді, ал атқарар қызметіне қарай — кенжармалық және шөктіргіш болады

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...