Мәдениеттану пәні жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады. Сондықтан да оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғалымдар саласына жатқызамыз



Дата20.05.2022
өлшемі34.05 Kb.
#256571
Байланысты:
Айман эссе
10-Дәріс (1), 11-Дәріс, 11-Дәріс

Эссе
Мәдениеттану пәні жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады. Сондықтан да оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғалымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану – мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет философияиясын қамтиды. Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстарымен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. Демек, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласында ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. Өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өміріндегі толып жатқан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Ал мәдени процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдерінің, атап айтқанда этнографтардың, әдебиетшілердің, социологтардың, психологтардың, тарихшылардың, демографтардың және тағыда басқа ат салысатынын ескерсек, мәдениеттанумен барлық ғылым саласының айналысатындығын аңғаруға болады. Шындығында да, мәдениеттануға осы уақытқа дейін түрлі ғылым салалары, атап айтқанда, антропологитя, психология, тарих, педагогика зор ықпал етті. Мәдениеттану пәнінің негізгі мәселесі аты айтылып отырғандай адамзаттың ерекше өмір сүру тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады. Бұл орайда мәдениеттанушылардың басты мақсаты – дүниежүзілік және ұлттық деңгейдегі тарихи-мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіре отырып, оларды болжай білу. Кеңес дәуірінде Қазақстанда Мәдениеттау пәні жүйелі түрде оқытылмай, гуманитарлық ғылымдар саласында өзінің нақты орнын таба алмады.
Зерттеу пәні- менің түсінігімше жаңа құбылысты, қасиетті, зерттеудің пәндік жағын бейнелейтін, сонымен қатар тәуелділікті анықтау үшін орындалатын, логикалық өзара байланысты абстрактілі түсініктерінің жиынтығы дер едім. Атап айтқанда зерттеліп отырған құбылыстың таралу үдерісі мен байланыс қатынастарының жиынтығын құрайтын аспектісі.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеліп отырған мәселенің және себеп-салдар байланыстарымен бірге заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну болып табылады. Құрылым жауабын іздейтін ғылымдағы сұрақ пен немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын құру болып саналады. Дәл осы мәселені дәл осы уақытта зерттеу не үшін қажет деген сұраққа жауап береді.Қандай нәтижеге жетуді көздеймін, қорытынды не болады деген сұрақтар төңірегінде құрылады.
Мәдениет адамды рухани қалыптастырады. Мәдениеттің бұл функциясы оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты. Жеке адам — өзі өмір сүріп жатқан қоғамның, нақтылай айтсақ, сол қоғам жасаған мәдениеттің туындысы. Қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдениет халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығын, адамның рухани ізденістерін, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандарын жинақтайды. Адамзаттың рухы, келбеті, еркі, бостандығы, тарихи санасы, жады, философиялық жүйелері, рәміздері, өмірлік сабақтары, діні, тілі, ділі, мұраты, бәрі мәдениетпен біте қайнасып жатыр. Мәдениет — материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін адамның өмірі мен әрекетін ұйымдастыру тәсілі, қоғам мен адамның тарихи даму деңгейі. Материальдық және рухани мәдениет жетістіктерінің жиынтығы мәдени игіліктерді құрайды. Оларға: техника мен құрал-жабдықтар, тұрмыстық мәдениет заттары, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар жатады. Мәдени игіліктердің ішіндегі ең елеулісі — көркем өнер. Көркем өнер — мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін факторлардың бірі. Көркем өнер адамды сұлулыққа ұмтылдырады.
Материалдық мәдениет: Материалдық мәдениет адам өмірінің материалдық аяда қол жеткізген жетістіктерінің жиынтығынан тұрады. Оған адамның биологиялық өмірін қамтамасыз етуге қажетті игіліктер — азық, киім, баспана, еңбек және қатынас құралдары т.б. жатады. Рухани мәдениет деп жеке адамның білім қорын, меңгерген ғылымын, ақылын, ойлау тәсілін, көркем өнерді игеруін, әлеуметтік- психологиялық біліктілігін айтамыз. Көркем әдебиет пен өнерді меңгеру, сұлулықты ажырата алу —жеке адамның руханилығының өлшемдері. Көркем әдебиет адамның эстетикалық талғамын, рухани және адамгершілік бейнесін қалыптастырады.
Менің түсінігімше «мәдениет дегеніміз — адамзат баласының ақыл-ойы, маңдай тері, қажырлы еңбегі, мұның бәрі зор қоғамдық сипатта көрінеді». Мәдениет — рухани байлық, ол ешқашан материалдық пайданың көзі болуға тиіс емес деп білемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы