«Мәдениет рәміздері және олардың мәдени коммуникациядағы рөлі мен маңызы» Орындаған: Адырбай Абылай



Дата20.11.2021
өлшемі137.32 Kb.

«Мәдениет рәміздері және олардың мәдени коммуникациядағы рөлі мен маңызы»

Орындаған:Адырбай Абылай

Тобы:108 А

Мамандығы:Жалпы медицина

Қабылдаған:Омарғазы Ерғали Ерғазыұлы


Алматы 2021

Мәдениет рәміздері

Антропогенез құпиясын ашуға қазіргі заман мәдениетінің түсініктері бойынша мәдениеттің пайда болуын түсінуге мүмкіндік беретін тұжырымдамалардың бірі рәміздік теория болып табылады.Рәміздік теорияны негіздеуде оның өзіндік ерекшеліктері мен әдіснамалық жолдарын анықтау маңызды; яғни рәміздердің мәдениеттің қалыптасу барысындағы рөлдері-мәдениет рәмізділігі. Бұл дегеніміз – ақпараттарды өңдеу,жүйелеу және ақпарат емес дүниені ақпаратқа айналдыру үдерісі ретінде мәдениетті белгілер және мағыналар жүйесі ретінде қарастыру және оның мәнін ашу. «Рәміздік формалардың философиясы» атты белгілі жұмыстың авторы Э. Кассирер, адамның осы әлеммен қарым-қатынасының рәміздік жолы жануарларға тән белгілік жүйелерден ерекшеленетінін айтады. Сигналдар физикалық әлемнің бір бөлігі болып табылады, ал рәміздер болса, автордың пікірінше табиғи не субстанционалды болмысының жоқтығынан функционалды құндылық болып табылады. Жануарлар өздерінің сезімдік қабылдау әлемімен шектеулі болып келгендіктен, олардың іс-әрекеттері тек сыртқы стимулдардан келетін тікелей реакциялармен байланысты болып келеді.

Әлия Масалимова.,Ақтолқын Құлсариева.,«Мәдени антропология» оқулығы 2013 жыл 17-18 бет;


Рәміздік тәртіптің қалыптасуы

бұл адамдардың белгісіздік және хаос жағдайынан шығу тілегі және оны тиімді әрі қолайлы қоғамдық қарым-қатынас шарттарына айналдыруға деген ұмтылысы.

шынайылықтың сегменттері немесе элементтер жиынтығы қажет, олардың арасында ортақ белгілері мен олардың негіздері бойынша басты ерекшеліктер жүргізіледі.

өзгерістер түрлері анықталып, жағымды, жағымсыз, нейтралды өзгерістері ажыратылады.

белгілі бір жағдайдың элементтерінің арасындағы сәйкестігінің, сонымен қатар өзге жағдай элементтері арасындағы сәйкестік шекаралары, осының нәтижесінде ерекшеліктер мен ұқсастықтар анықталады.

тиімді іс-әрекет пен қарым-қатынасты негіздейтін, анықталған ұқсастықтар, ерекшеліктер мен өзгерістерді біріктіретін элементтер арасындағы тұрақты байланыстар анықталады.


Мәдени коммуникациядағы рөлі және маңызы

  • Мәдениетті рәміздік іс-әрекет арқылы түсіндіру адамзат құбылыстарына коммуникациялық сипат беретін іс-әрекеттер мен операцияларды зерттеуге мүмкіндік береді.Бұл қасиет адамның түрлі деңгейдегі тәжірибелерінің элементтерін бір-бірімен байланыстырып, іріктеу қабілеттеріне негізделген. Адамның қоғамдық-мәдени өмірі формулаларда, бейнелерде, заттарда, мимикада, дене қозғалыстарында, интонацияларда,сөздерде кодталатыны белгілі. Сонымен қатар тұлғааралық коммуникацияның вербалды және вербалды емес түрінде, жазба мәтіндерде, эстетикалық нысандар саласында көрініс табады.Осыдан адамдар арасындағы өзара түсінік олардың туған тілді қаншалықты игеруіне және өзге де рәміздік салалардағы кодтарды қолдану біліктілігінен шығады. Рәміздердің қалыптасу және оларды қолдану үдерістері кодтар, трансформация,декодтау, вербалды және вербалды емес белгілік құрылымдар арқылы анықталады, сондықтан да осы біліктілікті игеру аса маңызды. Сонымен, рәміздік тұжырымдамаға сәйкес,мәдениет – рәміздік формаларда көрініс тапқан, адамдардың бір-бірімен коммуникация құруда, тәжірибе алмасуда, ортақ сенім және дүниеге көзқарас қалыптастырудағы кез келген маңызды объектілер мен сөздерді қамтитын мағыналар жүйесі.
  • Әлия Масалимова.,Ақтолқын Құлсариева.,«Мәдени антропология» оқулығы 2013 жыл 45-47 бет;

Қорытынды

  • Рәміз түсінігінің көптеген мағыналары бар. Ғалымдар арасында, әлі күнге дейін оның мағынасы мен табиғаты жөнінде белгілі бір келісім жоқ.Мәдениеттің рәміздік тұжырымдамасына сәйкес, мәдени құбылыстар, рәміздік құбылыстар, ал мәдениетті зерттеу рәміздер мен рәміздік іс-әрекеттердің мәнін ашу болып табылады.Ақпараттарды өңдеу,жүйелеу және ақпарат емес дүниені ақпаратқа айналдыру үдерісін мәдениет белгілері және жүйесі арқылы қарастыруды мәдениет рәмізділігі деп атаймыз.Оның негізгі,белгілі құрылымдарына вербалды және вербалды емес әдіс,трансформация,декодтау,кодтар деген сөздерді жатқызсақ болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік