Мәдени-әлеуметтік тип ғылымда қалыптасқан қағидаларды талдаудың нәтижесінен гөрі, өмір идеяларын жалпылаудың тәжірибесіне жақын

Loading...


Дата21.09.2021
өлшемі1.09 Mb.

Қазақ мәдениетінің типологиясы

Мәдени-әлеуметтік тип  ғылымда қалыптасқан қағидаларды талдаудың нәтижесінен гөрі, өмір идеяларын жалпылаудың тәжірибесіне жақын.

Қазақ мәдениеті – Түркі өркениетінің жалғасы, ең тұнық халі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел ретінде халықаралық аренада өз орнын алуы – бұл мәдениеттің мәңгіге сақталатындығының кепілдігі.

Егер қазақ мәдениетінің терең қойнауларына көз жіберсек, таңбалар айғақтарының мол екеніне көзіміз жетеді. Э.Кассирердің адам таңбалық ( символикалық ) жануар деген анықтамасының жаны бар. Өйткені, оның мәдениет әлемі – таңбалар дүниесі.


Қазақтың арғы ата – текткрінің бірі – сақ мәдениетінің негізгі арқауы “ аң стилі ” екендігі ғылымда дәлелденген қағида…. Оның пайда болу себептері ғасырлар тарихының құпиясы, алайда олардың тотем-магиялық бастаулардан шығатыны анық..Бұл стиль тек әшекейлі заттармен шектеліп қалмай, негізінен әр адамның әлеуметтік орнының рәмізі түрінде қоғамдық иерархиялық сатыға тығыз байланысты болды. Сондықтан басқа мәдени ортада олар түсінік таппай, өздерінің таңбалық және мағыналық ақпарат белгілерінен айырылып қалып отыр.

Мәдени идентификация (теңестіру) адамның, белгілі бір нақтылы мәдени ортада өзін-өзі сезіну деңгейіне байланысты. Адам туғанынан құндылықтар жүйесін, әдетте, сол күйінде дайын қабылдайды (отбасылық, топтық, этностық, мемлекеттік, өркениеттік тағы басқа). Еркін таңдау қабілеті тек шығармашылық типтегі адамдарға тән. Бұл ретте, әсіресе этникалық сананың тұрақтылығын, рәміздері (мифтері, аңыздары, мұраттары, қасиетті символдары, салттары тағы басқа) мен дүниетанымының өткен кезден сусындап тұратынын ескерген жөн


Архаизм— мәдениеттің өтіп кеткен сатыларын қайтадан қалпына келтіруге бағытталған талпыныс. Бұл типке зерттеушілер кейде «дәстүршілдік», «ортодокстық», «фундаменталиста», «партикулярлық» сияқты белгілерді де қосады. 

Архаистік мәдени тип заман өзгеріп, қалыптасқан өмір салты шайқалған өтпелі кезеңдерде ерекше байқалады. Ескі құндылықтар жүйесін қирату әр кезде уақыт сынынан өткен үйлесімді құндылықтарға жеткізе бермейді. Бұрынғыдан бас тарту кейде болашаққа емес, оның да алдында болған мәдени бітімдерді жаңғыртуға бағытталуы мүмкін.

Мәңгүрттік тип — дәстүршілдің қарама-қарсы бейнесі. Бірақ архаист өмірлік позицияны өз қалауымен қабылдаса, мәңгүрттік — сыртқы күштеудің нәтижесі. Мәдени жадыдан адам зорлық-зомбылықтың әсерінен айырылады. Әдетте Бұл отаршыл экспанцияның ассимиляциялау саясатынан туады.

Еуразиялық мәдени тип. Бұл типті негіздеуден бұрын, қазіргі кезде өтімді бір теория — С. Хантингтонның «Өркениеттер жанжалы» ілімінің бір қырын қарастырып өтейік. Бұл ілім бойынша әртүрлі суперөркениеттердің шекаралық аймағы тұрақсыздық пен жанжалдардың (конфликтердің) ықтимал ошақтары болып табылады. Ал Қазақстан өзінің геомәдени кеңістігі бойынша конфуцийлік және православиелік өркениеттердің ортасында орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...