Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско

Loading...


Дата04.05.2021
өлшемі77.35 Kb.

МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ



НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ

МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ







кафедра оБЩЕЙ ХИРУРГИИ с курсами

курс оториноларингологии

тЕСТ






«Оториноларингология» пәнінен

6 курс «Жалпы медицина» факультетіне

арналған тест сұрақтар

Пән Оториноларингология

Факультет 5В 130100- Жалпы медицина ВОП

Кафедра Оториноларингология

Курс 6-шы

Тәжірибелік сабақтар 30сағат /СРОП 15

СӨЖ 45 сағат

90 сағат


Құрастырушының аты-жөні ___________________Есеналиева Р.Н.

Курс меңгерушісінің аты-жөні ____________________ Есеналиева Р.Н.

Кафедра/курс отырысында «_02_»_09_20189ж. № 3 хаттамада талқыланды




2019/2020

001


Мұрын пердесінің гематомасы кезінде қанның жиналуы қай жерде болады (ненің арасында)?

A) Тері мен шырышты қабат арасында

B) Шырышты қабат пен шеміршек үсті бөлігінде

C) Шеміршек үсті мен шеміршек арасында

D) Шеміршек пен сүйек арасында

E) Сүйек үсті қабат пен сүйек арасында

002

17 жасар науқас мұрыннан жиі қан кету мен тыныс алудың қиындауына шағымданып ауруханаға түсті. Эндосопиялық тексеру кезінді мұрынжұтқыншақта тығыз консистенциялы түзіліс анықталды. Сіздің диагнозыңыз?



A) Аденоидтар

B) Мұрынжұтқыншақтың жасөспірімдік ангиофибромасы

C) Хоанальді полип

D) Мұрынжұтқыншақтың қатерлі ісігі

E) Полипозды риносинусит

003


Жедел мастоидит кезінде субпериостальді абсцесстің диагностикасы қандай?

A) Еміздік тәрізді өсіндінің терісінің қызаруы және инфильтрациясы, пальпация кезінде ауру сезімі

B) Құлақтың артқы қыртыс терісінің қызаруы және инфильтрациясы, пальпация кезінде ауру сезімі

C) Еміздік тәрізді өсіндінің тығыз консистенциялы шектеулі ісінуі

D) Еміздік тәрізді өсіндінің терісінің қызаруы және инфильтрациясы, ауру сезімі, флюктуация, пункция жасағанда қанның шығуы

E) Еміздік тәрізді өсіндінің терісінің қызаруы және инфильтрациясы, ауру сезімі, флюктуация, пункция жасағанда іріңнің шығуы


004

Тыныс алу мен жұтынуды қиындататын бадамша бездерінің физиологиялық гипертрофиясы. Сіздің емдеу тактикаңыз?

A) Бадамша бездерінің қойнауын (лакундарын) жуу

B) Бадамша бездеріне Люголь ертіндісін жағу

C) Лазерлі терапия

D) Ультрадыбыстымен емдеу

E) Тонзиллотомия
005

Мұрыннан венозды қанның жол ағысы:

A) Алдыңғы бет венасы

B) Көздік вена

C) Алдыңғы бет венасы, көздік вена, кавернозды синус

D) Сигма тәрізді синус

E) Мойындық вена
006

Алдыңғы бас шүңқыры торлы лабиринттің қай бөлігімен шектеседі:

A) Торлы пластинкасымен

B) Қағазды пластинкасымен

C) Негізгі қойнаудың алдыңғы қабырғасымен

D) Маңдай қойнауының төменгі қабырғасымен

E) Жоғарғы жақ қойнауының жоғарғы қабырғасымен
007

Егер екі бірдей терезенің қозғалғыштығы бұзылса ағзада қандай өзгерістер болады?

A) Кереңдік

B) Толық емес кереңдік

C) Дыбысты қабылдау қабілеті төмендейді

D) Дыбысты өткізу қабілеті төмендейді

E) Дыбысты қабылдаумен қатар дыбысты өткізу қабілеті бірдей төмендейді
008

Паратонзиллярлы абсцесстің емі:

А) Абсцессті ашу, антибактериалды терапия

В) Антибактериальды терапия

С) Абсцессті пункция жасау

D) Тонзиллэктомия операциясын жасау

Е) Тонзиллотомия операциясын жасау
009

Жедел ортаңғы отиттің бірінші кезеңіне тән симптом :

А) Құлақтағы ауру сезімі

В) Естудің төмендеуі

С) Естудің төмендеуі және құлақтың ауруы

D) Құлақтан ірің ағу

Е) Құлақ ауыру және ірің ағу
010

Жедел ортаңғы отиттің перфоративті сатысы кезіндегі негізгі симптом:

А) Естімеу

В) Кереңдік

С) Құлақтан ірің ағу

D) Құлақтан ірің ағу және кереңдік

Е) Ауру сезімі және құлақтан ірің ағу
011

Дабыл жарғағы мен ортаңғы құлақтың қызметінің мүлдем жойылуы неге алып келеді?

A) Есту қабілеті өзгермейді

B) Есту қабілеті жойылады

C) Есту қабілеті кішкене төмендейді

D) Есту қабілеті 60 дб-ге дейін төмендейді

E) Есту қабілеті 60 дб-ден жоғары көрсетішке төмендейді
012

Жабық мұрынмен сөйлеу қандай ауруларда кездеседі:

A) Жұмсақ таңдайдың параличі мен парезі

B) Жұмсақ таңдайдың жарығы

C) Қатты таңдайдың жарығы

D) Атрофиялық ринит

E) Гипертрофиялық ринит
013

Жұтқыншақ артқы абцессінің емі:

А) Амбулаторлы

В) Антибактериальды терапия

С) Абсцессті ашу, антибактериальды терапия

D) Физиоемдеу

Е) Абсцесске пункция жасау
014

Паратонзиллярлы жасуша бұл –

А) Жұтқыншақ арты кеңістіктік жасуша

В) Жұтқыншақ маңы кеңістіктік жасуша

С) Таңдай бадамша жасушасы

D) Жұтқыншақ көмей жасушасы

Е) Жұтқыншақтың бүйірлі жасушасы
015

Парацентезге көрсеткіш:

А) Аурудың жасы

В) Құлақтағы ауру сезімі, жоғарғы температура, бас ауру

С) Жоғарғы температура

D) Бас ауру

Е) Балалық шақта
016

Жедел мастоидиттің жергілікті белгілері:

А) Құлақ арты қыртысының аймағында гиперемия және инфильтрация, есту жолының шеміршекті бөлігінің тарылуы, іріңнің бөлінуі

B) Емізік тәрізді өсіндінің аймағындағы шектелген тығыз ісіну, есту жолы ашық

C) Емізік тәрізді өсінді терісінің гиперемиясы және инфильтрациясы, пальпация кезінде ауру сезімінің болуы, сыртқы есту жолының сүйекті аймағының артқы – жоғарғы қабырғасының төмен түсуі, құлақтан іріңнің ағуы

D) Құлақтың ауруының екінші күнінде емізіктәрізді өсіндіні пальпациялағанда ауру сезімінің болуы, құлақтан іріңнің бөлінуі

E) Сыртқы есту жолының сүйекті аймағының артқы-жоғарғы қабырғасының төмен түсуі, науқаста холестеатомалық эпитимпаниттің болуы
017

Мұрынның артқы бөлімінен қан кетуді немен дифференциялайды:

А) Жұтқыншақтан қан кету

В) Асқазаннан қан кету

С) Өңеш венасынан қан кету

D) Бауыр аурулары кезіндегі қан кету

Е) Бүйрек аурулары кезіндегі қан кету
018

Мұрын қуысында көп уақыт тұрған бөгде зат асқынуларға алып келуі мүмкін:

А) Созылмалы ринитке, синуситке, ринолитке

В) Созылмалы синуситке

С) Мұрын пердесінің гематомасына

D) Мұрын пердесінің абцессіне

Е) Ринолитке
019

Жұтқыншақ артқы абсцессінің асқынуы:

А) Паратонзиллит

В) Парафарингит

С) Лакунарлы баспа

Д) Аденоидит

Е) Медиастинит
020

Паратонзиллярлы абсцесстің асқынуы:

А) Медиастинит

В) Парафарингит

С) Лакунарлы баспа

Д) Сепсис

Е) Аденоидит
021

Отомикоз кезінде негізгі симптомдар қандай:

А) Құлақтың ауруы, сыртқы есту жолының қабырғасының инфильтрациясы, іріңнің бөлінуі

В) Қатты қышыну, есту жолының тарылуы (инфильтрация, гиперемия), түрлі- түсті бөлініс

С) Құлақтың ауруы, есту жолының дабылдық-шеміршектік аймағы қабырғасының шектелген инфильтрациясы

D) Құлақтың қышуы

Е) Есту жолының сүйекті аймағының тарылуы, құлақтың артқы бөлігінің терісінің инфильтрациясы
022

Созылмалы іріңді мезотимпаниттің негізгі симптомдары:

А) Құлақтың ауруы

В) Құлақтан ірің ағу

С) Дабыл жарғағынық тұрақты перфорациясының анықталуы

D) Естудің төмендеуі

Е) Ірің ағу, естудің төмендеуі, дабыл жарғағының перфорациясы
023

Мұрын сүйектерінің жабық зақымдалуы кезіндегі біріншілік көмек:

А) Қан кетуді тоқтату

В) Сынған сүйектерді қалпына келтіру


С) Фиксациялайтын таңғыш қою

D) Сынған сүйектерді қалпына келтіру, қан кетуді тоқтату

Е) Жоғарғы жақ қойнауына пункция жасау

024


Мұрын жарақаты кезінде қандай негізгі симптомдар мұрын қуысының жоғарғы қабырғасының зақымдануын көрсетеді:

A) Мұрыннан бас-ми сұйықтығының бөлінуі, маңдай тұсында ауырсыну сезімі

B) Іріңді бөлініс , бас ауру

C) Қан кету

D) Мұрынмен тыныс алудың қиындауы

E) Мұрынмен иісті сезуінің төмендеуі (гипосмия)


025

Жаралы-пленчатты ангина шақырылады:

А) Стрептококкпен

В) Вирустармен

С) Стафилококкпен

D) Веретен тәрізді таяқшамен

Е) Веретен тәрізді таяқшамен және ұрт спирохетасымен
026

Жаралы-пленчатты баспада дақ орналасады:

А) Бадамшаларда

Б) Доғаларда

В) Жұмсақ таңдайда

D) Бір жағында

Е) Екі жағында
027

Меньер ауруы кезіндегі классикалық үштікті симптомды атаңыз:

А) Жүрек айну және құсумен бас айналу, екі құлақтың естуінің нашарлауы, екі құлақта шудың естілуі

В) Жүрек айну және құсумен бас айналу, бір құлақтың естуінің нашарлауы, осы құлақта шудың болуы

С) Жүрек айну және құсумен бас айналу, бір құлақтың толығымен қайтымсыз естімеуі, осы құлақта шудың болуы

D) Бас айналу, лоқсу, құсу, екі құлақтыңда естімеуі, құлақта шу

E) Бас айналу, құлақта шу, естудің төмендеуі, құлақтан ірің бөліну

028


«Инфекциялық ауру, интоксикация, жарақаттар, жүрек-қантамыр патологиясы, ортаңғы құлақтың қабынуы» құлақтың мына ауруларының пайда болуына себепші:

А) Меньер ауруы

В) Лабиринтит

С) Есту нервтерінің невриті

D) Отосклероз

Е) Ортаңғы құлақ катары


029

Көмейдің негізін келесі шеміршек құрайды:

A) Қалқанша

B) Көмекей үстілік

C) Жүзік тәрізді

D) Шөміш тәрізді

E) Қалақ тәрізді
030

Науқас дене температурасының 37,5 ˚С дейін жоғарылауына және әлсіздікке,тамағының ауырғанына шағымданды. Екі күн бұрын суық тиіп қатты ауырған. Таңдай бадамшасы гиперемирленген және ісінген. ЖҚА – L-9,6 10* , ЭТЖ – 28 мм/ч.

Болжамалы диагноз:

А) Паратонзиллярлы абсцесс

В) Фолликулярлы ангина

С) Лакунарлы ангина

D) Катаральды ангина

Е) Жедел фарингит


031

Мұрын қойнауларының қабырғаларының сынуымен қатар шырышты қабатының

жарақаты болған кезде айқындайтын белгі:

A) Мұрынмен иісті сезуінің төмендеуі (гипосмия)

B) Мұрыннан қан кету

C) Мұрынмен иісті сезбеу (аносмия)

D) Эмфиземаның пайда болуы

E) Крепитация


032

Мұрыннан қан кетудің жиі себептері:

A) Гипертония, қан және қан жасаушы мүшелердің ауруы, тұмау, физикалық жүктеме, бауыр аурулары

B) Гипотония, жүрек ақаулары

C) Суықтану

D) Эндокринді бездің аурулары

E) Ылғалдылықтың жоғарылауы және дымдануы
033

Нәрестелерде қатпарасты ларингиттің дамуына қандай анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты:

А) Көмей тесігінің тар болуы және жалған дыбыс қатпарларынаң ісінуі

B) Көмей тесігінің тар болуы және қатпарасты кеңістігінде борпылдақ тіннің болуы

C) Шырыштың көп болуы және оның бөлініп шығынуының қиындауы

D) Шырышты қабатының қалыңдауы және оның сезімталдығының жоғарылауы

E) Ешқандай ерекшелік жоқ
034

Жедел ларингиттің белгілеріне тән:

А) Тамақтың ауыруы

В) Асфиксия

С) Дауыстың қырылдауы

D) Иіс сезудің бұзылысы

Е) Тыныс алудың бұзылуы

035


Қыртыс асты ларингиттің белгілеріне тән:

А) Күркүлдеген (лающий) жөтел

В) Мұрынмен тыныс алудың қиындауы

С) Құрғақ жөтел

D) Құсу

Е) Дауыс шықпау (афония)


036

Дабыл жарғағының зақымдануында негізгі емі:

А) Ұйыған қанды алып тастау

В) Құлақы тампонмен құрғату

С) Құлақты фурациллин ерітіндісімен жуу

D) Құлақты тазарту және құрғақ стерильді тампонды қою

Е) Құлаққа 3% борлы спирт тамызу
037

Меньер ауруының негізгі этипатогенетикалық факторын көрсетіңіз:

А) Су – тұз алмасуының бұзылуы, лабиринттің гидропсы

В) Ішкі құлақтың қантамырларының бұзылысы

С) Ішкі құлақтағы қабыну

D) Көмірсулар алмасудың бұзылысы

Е) Май алмасудың бұзылуы
038

Ортаңғы құлақтың созылмалы (мезотимпанит) ауруына тән шағым:

А) Құлақтан ірің ағу

В) Естудің төмендеуі

С) Құлақтың бітелуі және шуылдың естілуі

D) Естудің төмендеуі және құлақтан ірің ағу

Е) Естудің төмендеуі және шу
039

Жұтқыншағы зақымданған науқастың өңеш зонды мен трахеотомиялық түтікті алып тастауға қандай критерийлер бар:

A) Жергілікті қабыну үрдістерінің жоғалуы, трахеостомалық түтіктің жабық күйінде де тыныс ала алуы

B) Өздігінен тыныс алу

C) Жұтынған кезде ауырсыну сезімінің жоқ болуы

D) Жалпы қабыну үрдістерінің жоғалуы

E) Жергілікті қабыну үрдістерінің жоғалуы
040

Холестеатома дегеніміз не:

А) Полип

В) Бір-біріне қабаттасқан эпидермалдық массаның жиналуы және холестериннің бұзылуы

С) Микроорганизмдердіңбұзылуы

D) Грануляция

Е) Полип, грануляция
041

Риногенді менингиттің негізгі симптомы:

A) Бас ауруы

B) Менингиальды белгі

C) Жас ағу

D) Тахикардия

E) Брадикардия

042


Қандай ауруға тән: қызару, домбығу және көпіршіктердің болуы терінің кей жерінде іріңді аймақтар, қабыршықтар, мұрын қанаттары және жоғарғы еріннің қабынған-инфильтраттары:

A) Фурункул

B) Мұрын кіреберісінің тілме қабынуы

C) Экзема

D) Синуит

E) Озена
043

«Шапалақ» симптомы неге тән:

А) Көмейдегі бөгде зат

В) Көмей дифтериясы

С) Көмей жарақаты

D) Жедел ларингит

Е) Трахеядағы бөгде заттар


044

Көмей стенозына тән симптом:

А) Экспираторлы ентігу

В) Инспираторлы ентігу

С) Акроцианоз

D) Диффузды цианоз

Е) Чейн-Стокс типті тыныс алу
045

Науқас қарлыққан дауысқа шағымданады. Ларингоскопия кезінде: бұршақтың көлеміндей дөңгелек пішінді түзіліс сол жақ дауыс байламының шетінде бос кеңістікте орналасқан. Диагноз:

A) Полип

B) Пахидермия

C) Ісік

D) Ангиофиброма

E) Папиллома
046

Диагнозды анықтаңыз:

Науқас сол жақ мұрын қанатындағы фурункулдың іріңін сығып шығарғаннан бір күннен кейін жалпы жағдайы нашарлады. Қатты қалшылдау, терлеу, гектикалық температура, қатты бас ауруы пайда болды.Фурункул орналасқан мұрын қанатының айналасындағы жұмсақ тіндердің ісінуі және инфилтрациясы сол жақ ерінге және бетке таралған:

A) Мұрын фурункулы

B) Каверноздық синустың тромбозы

C) Полипозды риносинусит

D) Мұрын фурункулы, риногендік сепсис

E) Созылмалы гипертрофиалық ринит


047

Науқас сол жақ маңдайының және сол жақ беттің ауруына,бастағы ауырсынуға, мұрынның бітелуіне шағымданды. Риноскопияда сол жақ мұрын қуысының шырышты қабатының гиперемиясы, инфилтрациясы,мұрынның ортаңғы жолында іріңді бөлініс анықталады. Пальпация кезінде сол жақ жоғарғы жақ сүйек қойнауы аймағында және сол жақ қас үсті аймағында ауырсыну анықталады:

A) Мұрынның фурункулы

B) Кавернозды синустың тромбозы, риногенді сепсис

C) Созылмалы гипертрофиалық ринит

D) Созылмалы атрофиалық ринофарингит

E) Солжақтық гемисинуит
048

Отогенді синустық тромбоз кезінде қай синус зақымданады:

А) Сагитальды

В) Кавернозды

С) Сигма тәрізді

D) Жоғарғы тасты

Е) Көлденең
049

Отогенді іріңді менингитте ликвор қалай өзгереді:

А) Ликвор лайлы, қысымы жоғары, клетка және белок саны көбейген, қант пен хлоридтің саны көбейген

В) Ликвор түссіз, қысымы жоғары, клетка және белок саны қалыпты, тұрған кезде фибрин қабаты тұнады

С) Ликвор лайлы, қысымы жоғарылаған, клетка саны көбейген, пробиркада тұрған кезде фибрин қабаты тұнады

D) Ликвор түссіз, қысымы қалыптыға жақын, белок саны көбейген, хлорид және қант саны төмендеге

Е) Ликвор лайлы, қысымы жоғарылаған, клетка және белок саны көбейген, қант, хлорид саны төмендеген

050


Жедел мастоидит кезіндегі науқастың негізгі шағымдары:

А) Басының ауыруына

В) Іріңді бөліністердің көбеюі және емізікті өсіндідегі ауыру сезімі

С) Естудің төмендеуі

D) Іріңді бөліністердің көбеюі

Е) Бас айналу


051

Жылдам трахеотомияның абсолютті көрсеткіші:

А) Көмейдегі бөгде заттар

В) Көмей дифтериясы

С) Флегмонозды ларингит

D) Қыртыс астылық ларингит

Е) Асфиксия кез келген этиологиямен

052


Трахеотомия кезінде асқынулар болуы мүмкін:

А) Қан кету, тері астылық эмфизема,жүйке және қантамырлардың зақымдалуы

В) Қан кету, жара аймағында іріңді процессі, тері астылық эмфизема

С) Қан кету, тері астылық эмфизема, орталық эмфизема , өңеш жарақаты, шеміршек пен шырышты қабат арасына түтік қою

D) Қалқанша бездің, жүйке және қантамырлардың зақымдалуы, тері астылық эмфизема

Е) Тері астылық эмфизема және орталық эмфизема,қалқанша бездің және өңештің жарақаты


053

Көмейде бөгде заттардың болуына күдіктенгенде қандай біріншілік көмек жасаймыз:

А) Құсу рефлексін шақыру

В) Гормональды препараттарды енгізу

С) Рентгенография

D) Тез арада науқастың эпигастральды аймағынан басу, форсирленген тыныс шығару

Е) Антибактериальды терапия

054


Болжамды диагнозды анықтаңыз:

Науқас мұрынмен тыныс алудың қиындауына,мұрын аймағының ауруына, дене қызуының 37,5-ке дейін көтерілуіне шағымданады. Бұл симптомдар 3 күн бұрын мұрынға соққы алғаннан кейін пайда болды, мұрыннан қан кеткен.

Мұрын пердесі аймағындағы жұмсақ тіндердің инфилтрация есебінен мұрындық жолдар тарылған. Зондтау кезінде-инфилтрат ортасында флюктуация анықталды:

A) Мұрын пердедегі гематоманың іріңдеуі

B) Мұрын пердесінің қисаюы

C) Мұрыннан қан кету. Гипертониялық ауру

D)Мұрын сұйектерінің жабық сынығы, мұрыннан қан кету

E) Мұрын қуысындағы бөгде зат


055

Риногендік бас ішілік асқыну:

A) Сигма тәрізді синустың тромбозы

B) Кавернозды синустың тромбозы, мидың маңдай бөлігінің абсцессі

C) Перисинуозды абсцесс

D) Мидың шүйде бөлігінің абсцессі

E) Мишықтың абсцесі
056

Бас қаңқасына ортаңғы құлақтан инфекцияның жиі ену жолы :

А) Лимфогенді

В) Преформирленген (предшествущий)

С) Контактты (кариозды сүйек), преформирленген (предшествующий)

D) Лабиринттенген (ішкі есту жолы)

Е) Гематогенді
057

Отогенді менингит кезінде келесі неврологиялық симптом орын алады:

А) Бас ауруы

В) Шүйде бұлшықетінің ригидтілігі (тартылуы)

С) Кернинг симптомы

D) Төменгі Брудзинский симптомы

Е) Жоғарғы Брудзинский симптом
058

Кавернозды синус тромбозының симптоматикасы:

A) Шайнау бұлшықеттерінің тризмі

B) Бет нервінің невриті

C) Экзофтальм, қабақтың қызаруы және ісінуі, хемоз

D) Көріу нервінің невриті

E) Экзофтальм
059

Нағыз круп бұл-

А) Дифтериялық қабық пайда болуымен шартталған, көмей стенозы

В) Ісік пайда болуымен шартталған, көмей стенозы

С) Қабыну ісінуімен шартталған, көмей стенозы

D) Гипертрофикалық ларингитпен шартталған, көмей стенозы

Е) Жарақатанғаннан кейінгі тыртық, көмей стенозы
060

Көмейге шұғыл ота (операция) жасау керек кезінде қандай байламды кеседі:

А) Эластикалық конус

В) Черпалонадгортандық

С) Төрт бұрышты мембрана

D) Қалқанша-тіл астылық мембрана

Е) Коникалық байламдар
061

Симанов – Венсан баспасын қандай аурулардан ажырата білу керек:


А) Лакунарлы баспадан
В) Дифтериялық баспадан
С) Қан аурулары кезіндегі баспадан
D) Қатерлі ісіктерден

Е) Туберкулез, бадамшаның сифилитикалық асқынуларынан


062

Cептикалық жағдай, экзофтальм, екі жақтық хемоз, мұрынның және мұрын қойнауларының қабынуына байланысты қабақтың ісінуі болжауға мүмкіндік береді:

A) Сигма тәрізді синустың тромбозына

B) Кавернозды синустың тромбозына

C) Жоғарғы бойлық синустың тромбозына

D) Мидың абцесіне

E) Орбитаның флегмонасына
063

Аталғандардың қайсысы мұрын сүйегін дереу репозициялауға қарсы көрсеткіші болып есептеледі:


A) Жұмсақ тіндегі кенет ісік
B) Күрделі ми соққысы
C) Мұрын сүйегінің ашық сынығы
D) Сынған аймақтағы қатты ауру сезімінің болуы
E) Мұрын сүйегінің бірнеше бөлігінің сынуы


064

Мұрын пердесі гематомасының емінде қолданылады:

A) Мұрын қуысының алдыңғы тампонадасы

B) Ашу және дренаждау
C) Ашу және мұрын қуысының алдыңғы тампонадасы

D) Мұрын қуысының алдыңғы тампонадасы , пункция, сору

E) Физио ем

065


Отогенді менингитті қандай аурулармен дифференциялайды:

А) Туберкулезды менингитпен

В) Эпидемиялық цереброспинальды және туберкулезды менингитпен

С) Эпидемиялық цереброспинальды менингитпен

D) Мидың абцесімен

Е) Ми синусының тромбозымен


066

Мастоидитпен асқынған жедел ортаңғы отиттің емінде қолданылады:

А) Парацентез
В) Радикальды операция
С) Аттикотомия
D) Мастоидотомия
Е) Антротомия
067

Созылмалы іріңді ортаңғы отиттің негізгі симптомы:

А) Бастың айналуы
В) Бастағы шу және бас айналу
С) Дабыл жарғағының тұрақты перфорациясы және ірің ағуы (оторея)
D) Бас айналу және тепе - теңдіктің бұзылуы
Е) Тепе - теңдіктің бұзылуы және естудің төмендеуі
068

Көмейде дифтерия болса мына симптомдарды байқауға болады:

А) Қырылдау, афония, көмей стенозы,қарлыққан жөтел
В) Экспираторлы ентігу
С) Мойын бөлігінде ісік
D) Бүкіл дене ісігі
Е) Ларингоскопия кезінде көмей мембранасын көруге болады
069

Паратонзиллярлы абсцесстің клиникасында мына сипаттама жоқ:


А) Тамақтағы қатты ауру сезімінің құлаққа таралуы

В) Инспираторлы типтегі ентікпе


С) Ауызды ашқанда қиналу
D) Ісік және жұмсақ таңдай тінінің инфильтрация
Е) таңдай бадамшасының ауызжұтқыншақтың ортаңғы сызығына қарай жылжуы
070

Жасөспірімдік ангиофиброма қай бөлімнің ісігі болып табылады:


А) Көмей
В) Сыртқы құлақ
С) Негізгі бас қаңқасы
D) Мұрын жұтқыншақ

Е) Мұрын қуысы

071

Мұрын пердесі абцесінің емінде қолданылады:



A) Абцесс қуысындағы іріңді сору және пункция жасау

B) Ашу және дренаждау, қабынуға қарсы терапия


C) Антибиотикалық терапия
D) Гелий-неонды лазерді жергілікті қолдану
E) Мұрын қуысының алдыңғы тампонадасы
072

Мұрынның оң бөлігінен тыныс алу нашарлаған және жағымсыз иіс шыққан, . Ата-анасының айтуы бойынша бұрын мұндай байқалмаған, тек 5 күн бұрын пайда болған. Қарап тексерген жағдайда мұрынның шырышты қабаты инфилтрациялы, мұрынның оң жағынан иісті ірің болінеді,тыныс алуы қиындаған.Диагноз:

А) Полип

В) Бөгде зат

С) Ісік

D) Папиллома

Е) Ринит
073
Синуиттің асқынуы:
A) Мұрыннан қан кету
B) Бас қаңқа ішілік асқыну және ликвордың асқынуы
C) Ликвордың асқынуы және вазомоторлы ринит
D) Вазомоторлы ринит және мұрыннан қан кету
E) Көз ішілік және бас ішілік асқынулар
074

Жарақаттан немесе трахеостомадан кейін мойынның теріасты эмфиземасы кезінде ең тиімдісі:

A) Қысып байлаған таңғыш

B) Теріасты шелмайдың пункциясы

C) Тері жарақатын кеңейтіп ашу

D) Тері жарақатын тігу

E) Мойынға массаж жасау
075

1 жастағы нәрестеде дене қызуы жоғары, жұтынуы қиындаған, дауысы әлсіреген, тамағында ауыру сезімі, шартәрізді томпайған флюктуациялық ісінген, көп бөлігі жұтқыншақтың бір бөлігінде орналасқан:

А) Катаралды ангина

В) Паратонзиллярлы абсцесс

С) Жұтқыншақ артындағы абцесс

D) Гипертрофиялық фарингит

Е) Таңдай бадамшаларының гипертрофиясы

076


Науқас тамақтың, басының ауруына шағымданады. Фарингоскопия кезінде: бадамша бездерінің гиперемиясы және көбікшелі бөртпелер байқалады. Жергілікті лимфоаденит. Ерін жиегінде көбікті бөртпелер анықталады . Диагноз:

A) Фолликулярлы баспа

B) Тұмау

C) Катаральды баспа

D) Герпестік баспа

E) ЖРА
077

Құлақ ішілік ликворея – бұл қандай бас сүйектің сынуының белгісі:
А) Төбе сүйектің
В) Самай сүйек пирамидасының көлденең сынуы
С) Шүйде сүйегінің

D) Маңдай сүйегінің


+Е) Самай сүйек ұзынынан сынуы
078

Құлақтан қан кету ненің салдарынан болады :

А) Бас қаңқасының қосылған жерінің сынуы
В) Самай сүйек пирамидасының көлденең сынуы

С) Сырты есту жолының жарақаты немесе самай сүйек пирамидасының көлбеу (продольный)

сынуы
D) Отгематомалар

Е) Сыртқы есту жолындағы бөгде зат


079

Аутофония (өз дауысы өзіне естілуі) белгісі :

А) Сыртқы есту жолының экземасы

B) Есту жолының фурункулы

C) Отгематома

D) Жедел ортаңғы отитте

E) Тубоотит
080

Науқас мұрынымен тыныс алудың нашарлауына шағымданады. Қарап тексергенде мұрынның екі бөлігінен де жартысына дейін сұр түсті, тегіс бетті құрылым байқалған.

Диагноз:

А) Ангиофиброма

В) Пахидермия

С) Ісік


Д) Папиллома

Е) Полиптер


081

Шағымы: маңдайдың сол жақ бөлігінің ауырсыну сезімі, мұрынмен тыныс алудың қиындауы. Қарап тексергенде мұрынның екі бөлігінен де сұр түсті, тегіс бетті құрылым байқалады. Болжамалы диагноз:

А) Созылмалы іріңді гайморит

В) Созылмалы іріңді этмоидит

С) Созылмалы полипозды гаймороэтмоидит

D) Созылмалы іріңді гаймороэтмоидит

Е) Созылмалы іріңді фронтит
082

Мұрын қуысындағы бөгде заттардың ең қауыпты асқынуы:

А) Жедел іріңді отит

В) Жедел іріңді ринит

С) Бөгде заттарды аспирациялау

D) Мұрынмен тыныс алудың қиындауы

Е) Мұрыннан қан кету
083

Науқас құлақтағы қатты ауру сезіміне, қанды бөліністерге шағымданады. Қарап тексергенде: геморрагия. Диагнозы:

A) Тұмаудан кейінгі отит

B) Жедел ортаңғы отит

C) Катаральды отит

D) Жедел сыртқы отит

E) Туберкулезды отит
084

5-жасар балада дене қызуының жоғары көтерілуі және құлақ арты аймағының ісінуі байқалады. Қарап тексергенде: дабыл жарғағының субтотальды перфорациясы, көп мөлшерде иіссіз ірің байқалады. Диагнозы:

A) Жедел сыртқы отит

B) Жедел ортаңғы отит

C) Құлақтың тілмелік (рожалық) қабынуы

D) Антрит

E) Созылмалы ортаңғы отиттің асқынуы
085

Жоғарғы қабақтың ісінуі қай мұрын қойнауының асқынуына тән:

А) Жоғарғы жақ

В) Маңдай

С) Торлы

D) Негізгі

Е) Маңдай және торлы
086

Емшектегі баланың жедел риниттегі ерекшелігі, біреуінен басқасы:

А) Фарингиттің асқынуы

В) Температураның жоғарылауы

С) Орташа отиттің асқынуы

D) Терідегі бүршіктер

Е) АІЖ бұзылуы

087


Науқас құлақ естуінің нашарлауына, жағымсыз иісті іріңді бөлініске шағымданады. Қарап тексергенде: дабыл жарғағында көптеген перфорация байқалады. Диагноз:

A) Құлактың тілмелік (рожалық) қабынуы

B) Жедел ортаңғы отит

C) Туберкулезды отит

D) Созылмалы эпимезотимпаниттиң асқынуы

E) Қызылшалы отит


088

Науқас құлақтан іріңді бөліністеріне, құлақ қалқанының қалқаюына шағымданады. Қарап тексергенде сыртқы есту жолының сүйекті бөлігінің артқы-жоғарғы қабырғасының төмен түсуі, дабыл жарғағының перфорациясы, пульсациялық рефлекcі анықталады. Диагноз:

A) Жедел сыртқы отит

B) Жедел ортаңғы отит

C) Құлактың тілмелік (рожалық) қабынуы

D) Мастоидит

Е) Созылмалы ортаңғы отиттің асқынуы
089

Екі күн бойы науқас оң құлақтың бітелуіне және шаншып ауру сезіміне шағымданады, дене қызуы 37,8. Диагнозын қойыңыз:

A) Сыртқы есту жолының фурункулы

B) Ортаңғы отиттің асқынуы

C) Жедел ортаңғы отит

D) Мастоидит

E) Паратонзиллярлы абсцесс
090

Науқас басының ауруына, температураға, тамағының ауруына, тыныс алуының қиындауына шағымданады. Қарап тексергенде оң жақ бадамшаның алдыға және жоғары ығысуы анықталады. Артқы доғадан көмей үсті аймағына дейін ісіну байқалады. Диагноз:

А) Артқы төменгі паратонзиллярлы абсцесс

В) Алдыңғы төменгі паратонзиллярлы абсцесс

С) Фаринголарингит

D) Көмейдегі бөгде заттар

Е) Лакунарлы баспа
091

Мұрынның алдыңғы тампонадасы неше уақыт тұрады:

А) 10 сағат

В) 48 сағат

С) 12 сағат

D) 2 сағат

Е) 24 сағат
092

Жабық зақымдалу кезіндегі мұрын қойнауларының симптоматикасы:

А) Беттің жұмсақ тінінің қабынуы, R-граммада қойнаудың көрінісі төмендеу

В) Беттің жұмсақ тінінің қабынуы

С) Дене қызуының жоғарылауы

D) Мұрындағы полиптер

Е) Бастың ауыруы
093

Науқаста созылмалы эпимезотимпаниттің асқынуы. Құлақ түйініне басқанда жүрек айнуы және бас айналуы байқалады. Диагноз:

А) Лабиринтит

B) Жедел ортаңғы отит

C) Құлактың тілмелік (рожалық) қабынуы

D) Жедел сыртқы отит

E) Созылмалы ортаңғы отиттің асқынуы
094

Сыртқы құлақтан мөлдір сұйықтықтың ағуы қай құлақтың, қай бөлімінің жарақаттануына тән:

A) Сыртқы құлақтың

B) Құлақ қалқанының

C) Ішкі құлақтың

D) Ортаңғы құлақтың

E) Емізік өсіндінің
095

Отоскопиядан көреміз: пульсациялаушы рефлекс, дабыл жарғағының тесілуі, дыбыс өткелінің сүйекті бөлігінің жоғарғы артқы қабырғасының төмендеу тұруы. Сіздің тұжырымыңыз:

A) Жедел ортаңғы отит

B) Жедел мастоидит

C) Созылмалы отиттің асқынуы

D) Созылмалы мезотимпанит

E) Адгезивті отит
096

Науқас жылына 2-3 рет баспаға шағымданады.Анамнезінде пиелонефрит. Қарау барысында бадамшалары гипертрофияланған, борпылдақ, доғасымен жабысқан, лакунада сұйық секрет бөлінген. Диагноз:

А) Созылмалы тонзиллиттің компенсаторлы формасы

В) Созылмалы тонзиллиттің декомпенсаторлы формасы

С) Бадамша гипертрофиясының 2 сатысы

D) Гранулезды фарингит

Е) Парафарингит

097


Құлақтан 3 аптадан аса тоқтамай ірің ағуы тән:

A) Емізік тәрізді өсіндіде суйекті пластинкалардың бұзылуы

B) Субперостальды абсцесс

C) Экстрадуральді асбцесс

D) Емізік тәрізді өсіндіде сүйекті пластинкалардың бұзылуы және субпериостальды абсцесс
098

Нәрестенің бірінші жыл өміріндегі құлақ төмпешігін басқандағы «оң» симптомы ненің белгісі:

А) Антриттың

B) Тубоотиттың

C) Созылмалы ортаңғы отиттың

D) Мастоидиттың

E) Есту жолындағы фурункулдың
099

Емхананың қабылдау бөліміне демікпемен және үрген жөтелмен 4 жасар бала жеткізілді. Қарап тексергенде көмейдің шырышты қабатының гиперемиясы байқалады, қатпар асты аралығының ісігінен дауыс кеңістігі тарылған. Диагноз:

A) Шынайы круп

B) Катаральді ларингит

C) Жалған круп

D) Баспа


E) Папиллома
100

Ересек адамның құлақ төмпешігін басқандағы «оң» симптом ненің белгісі:

А) Есту жолының экземасы

B) Есту жолындағы фурункул

C) Тубоотит

D) Емізіктәрізді өсіндінің қабынуы

E) Отомикоз
101

Катаральді баспаның белгілері:

А) Бадамшаның шырышты қабатының гиперемиясы

В) Бадамшаның фолликулдарының іріңдеуі

С) Бадамшаның лакундарының іріңді жабындысы

D) Аранның ассиметриясы

Е) Жұтқыншақтың шырышты қабатының инфильтрациясы
102

Бас сүйекішімен қатынасатын сұйықтық:

А) Эндолимфа

В) Перилимфа

С) Кортиколимфа

D) Тін аралық сұйықтық

Е) Лимфа
$$$ 103

Бас сүйекішімен сұйықтық не арқылы қатынасады:

А) Кіре беріс су жолы

В) Ұлу су жолы

С) Эндолимфатикалық ағым

D) Утрикуло-сакулярлы ағым

Е) Эндолимфатикалық қапшық
104

Жартылай айналымды каналдағы вестибулярлы анализаторлардың ампулярлы рецепторлары тұрады:

A) Кіре беріс су жолы

B) Статикалық дақтар

C) Тірек жасушалары

D) Купулалы қылшықты клетка

E) Отолиттік мембрана
105

Құлақ анализаторларының дыбыс өткізгіш аппаратының анатомиялық құрылымы:

A) Құлақ қалқаны

B) Құлақ қалқаны және сыртқы есту жолы

C) Құлақ қалқаны, сыртқы есту жолы, құлақтың барабандық қуысы

D) Құлақ қалқаны,сыртқы есту жолы, дабыл жарғағы және есту сүйектерінің тізбесі

E) Сыртқы құлақ,ортаңғы құлақ және ішкі құлақтың Кортиев ағза бөліміне дейін
106

Науқас мұрын қанаумен және мұрын аумағындағы ісінумен түсті. Пальпация кезінде мұрын үстінде крепитация байқалады. Диагноз:

A) Мұрын сүйектерінің сынуы

B) Мұрын жарақаты

C) Эмфизема

D) Ангиофиброма

E) Гематома
107

4 жасар бала ентігумен және үрмелі жөтелмен жеткізілді. Қарау кезінде көмейдін шырышты қабаты қызарған,қатпар асты кеңістік ісінгендіктен дыбыс саңылауы тарылған. Диагноз:

A) Катаральді ларингит

B) Шынайы круп

C) Жалған круп

D) Баспа


E) Папиллома

108


Жалған круп кезіндегі байқалатын өзгерістер:

A) Морганиев қарыншасында

B) Шынайы дыбыс байламдары маңында

C) Қатпар асты кеңістікте

D) Жалған дыбыс байламдары маңында

E) Көмей үсті байламдары маңында


109

Дыбыс қабылдау аппаратына жататын анатомиялық құрылым:

A) Кортиев ағзасы

B) Есту нерві

C) Кортиев ағзасы, эндолимфа, есту нерві

D) Кортиев ағзасы, есту нерві

E) Кортиев ағзасы құрылымымен,8 жұп есту бөлімі,ми қыртысының есту аумағы
110

Науқас құлақтың қатты ауырғанына және қанды бөлінуге шағымданады. Қарағанда геморрагия байқалады. Диагноз:

A) Тұмаудан кейінгі отит

B) Жедел ортанғы отит

C) Катаральді отит

D) Жедел сыртқы отит

E) Туберкулезді отит
111

Науқас құлағындағы шуға және есту қабілетінің нашарлауына шағымданды. Қарау кезінде қоңыр тусті қатты зат байқалады. Диагноз:

A) Жедел сыртқы отит

B) Полип


C) Катаральді отит

D) Бұлықтың қатуы

E) Бөгде дене
112

Науқас ірінді бөлінумен қалтырауға шағымданады. Анамнезде бала кезінде созылмалы эпимезотимпанитпен ауырған. Отоскопия кезінде шеткі перфорация және иісті ірің байқалады. Диагноз:

A) Мидың абсцессі

B) Сигма тәрізді синустың трамбозы

C) Менигит

D) Холестеатома

E) Ісік
113

Науқас құлағынан іріңді бөлінуіне,бас айналуына және жүрісінің теңселуіне шағымданды. Анамнезінде ұзақ уақыт созылмалы эпимезотимпанитпен ауырған. Отоскопия кезінде шеткі перфорация және ірің байқалады. Қарағанда амплитудасы белсенді нистагм. Диагноз:

A) Мишық абсцессі

B) Сигма тәрізді синустың тромбозы

C) Менингит

D) Сепсис

E) Ісік
114

Науқас құлағынан іріңді бөлінуіне,бас айналуына және жүрісінің теңселуіне шағымданды. Анамнезінде ұзақ уақыт созылмалы эпимезотимпанитпен ауырған. Отоскопия кезінде шеткі перфорация және ірің байқалады. Қарағанда амплитудасы кішігірімді нистагм,басқанда бас айналуы күшейеді. Диагноз:

A) Мишық абсцессі

B) Сигма тәрізді синустың тромбозы

C) Менингит

D)Лабиринтит

E) Ісік
115

Науқас есту қабілетінің төмендеуіне және құлағындағы шуға шағымданады. Анамнезінде бала кезінде құлағы жиі ауырған. Отоскопия кезінде құлақ пердесі тыртықтанған, бірақ сақталған. Диагноз

A) Туботит

B) Нейросенцорлы саңырау

C) Адгезивті отит

D) Ортаңғы құлақ катары

E) Жедел отит
116

Науқас жылына 2-3 рет баспамен ауыратынына шағымданады. Анамнезінде пиолонефритпен ауырған. Қарағанда бадамша бездері ұлғайған, ыдыраңқы, доғаға жабысқан, лакундарында сұйық ірінді бөлім. Диагноз:

А) Компенсаторлы созылмалы тонзиллит

В) Декомпенсаторлы созылмалы тонзиллит

С) Бадамша бездерінің 2 дәрежелі гипертрофиясы

Д) Гранулезді фарингит

Е) Парафарингит
117

Мукоциллиярлы клиренс деген:

A) Мұрынды және оның қойнауларын тазалайтын жүйе

B) Ауаны ылғандандырғыш жүйе

C) Мұрынның шырышты қабатының және оның қойнауларының сіңіру қабілеті

D) Мұрын маңындағы кеуілжірлердің тасымалдаушы жүйесі

E) Мұрынның тыныс алу жүйесі

118


Остиомеатальді кешенді анатомиялық құрылымдар құрайды:

A) Ортаңғы мұрын кеуілжірінің алдыңғы бөлімі, ілмек тәрізді өсінді

B) Төменгі мұрын кеуілжірі және жартыайлы саңылау

C) Тортәрізді көпіршік, жартыайлық саңылау және ортаңғы мұрын кеуілжірінің алдыңғы бөлімі

D) Ортаңғы мұрын жолының барлық анатомиялық құрылымы

E) Ортаңғы мұрын кеуілжіріның алдыңғы бөлімі, ілмек тәрізді өсінді, жартыайлы саңылау, тортәрізді көпіршік


119

Көмейдің жедел тарылуына әкелетін кандай ауруда интубация жасауға болады:

A) Флегмонозды ларингит

B) Көмейдегі бөгде дене

C) Көмей үсті перихондриті

D) Көмей ісігі

E) Көмей дифтериясы және қайту нервінің параличі
120

Аденоидтардың емі:

A) Физиотерапия

B) Антибактериальді терапия

C) Сульфаниламидті терапия

D) Ұлғаюна байланысты

E) Хирургиялық ем
121

Мұрын қуысы иннервациясы жүзеге асады:

А) Иіс сезу жүйкесі

B) Көру жүйкесі

C) Тілжұтқыншақ жүйкесі

D) Кезбе жүйке

E) Үшкіл жүйке
122

Негізгі қуыстың қай қабырғасында табиғи өзегі (соустье) бар?

А) Алдыңғы

В) Артқы

С) Төменгі

D) Жоғарғы

Е) Бүйірлік
123

Үзеңгінің анкилозы қандай ауруға тән?

А) Меньер ауруына

В) Ортаңғы құлақтың катарына

С) Отосклерозға

D) Кохлеоневритқа

Е) Евстахеитқа
124

Балалық шақта қайсы қуыстың қабынуы жиі кездеседі?

А) Торлы лабиринт пен негізгі қуыстың

В) Торлы лабиринт пен маңдайлы қуыстың

С) Негізгі

D) Маңдайлық және жоғарғы жақтық

Е) Торлы лабиринт пен жоғарғы жақтық
125

Шағымдары: сол құлақтағы шу мен ауырсынуға.Кеше іріңді бөлініс пайда болып ауырғаны басылған,бірақ есту нашарлаған.Құлақты эндоскопиялық тексеруде: сыртқы есту жолында іріңді бөлініс.Дабыл жарғағы гиперемияланған,артқы-жоғарғы квадрантында перфорацияланған.Сіздің диагнозыңыз:

А) Жедел катаральды отит

В) Жедел туботит

С) Жедел іріңді отит

D) Адгезивті отит

Е) Сыртқы отит
126

Науқас жедел жәрдем каретасымен ауыр жағдайда түсті, периотты түрде құсу, сұрақтарға қиындықпен жауап береді. Оң құлағынан ірің бала кезінен ағады. Құлақты эндоскопиалық зерттеуде: оң жақтық сыртқы есту жолында ірің жағымсыз иіспен, дабыл жарғағының шеткі перфорациасы, грануляциалар көрінеді. Шүйделік бұлшық еттердің ригиттілігі айқын. Сіздің диагнозыныз:

А) Созылмалы ірінді отит, отогенді сепсис

В) Созылмалы ірінді мезотимпанит, мастоидит

С) Созылмалы ірінді эпитимпанит, холестеатома,

D) Созылмалы ірінді мезотимпанит, грануляциялар

Е) Созылмалы ірінді эпитимпанит, отогенды менингит

127.


Науқас жылына 2-3 рет баспамен ауыратынына шағымданады. Анамнезінде пиолонефритпен ауырған. Қарағанда бадамша бездері ұлғайған, ыдыраңқы, доғаға жабысқан, лакундарында сұйық ірінді бөлім. Диагноз:

А) Компенсаторлы созылмалы тонзиллит

В) Декомпенсаторлы созылмалы тонзиллит

С) Бадамша бездерінің 2 дәрежелі гипертрофиясы

Д) Гранулезді фарингит

Е) Парафарингит


128

Лакуналарда казеозды тығындардың болуы тән:

А) Лакунарлы баспаға

В) Некротикалық баспаға

С) Созылмалы тонзиллитке

D) Жедел ларингитке

Е) Дифтерияға
129

Маңдай қуысының мукоцелесі көру ағзасы жағынан қандай өзгеріске алып келеді?

А) Соқырлық

В) Жас ағу

С) Көру нервінің парезі

D) Көз алмасының төменге және сыртқа ығысуы

E) Көз алмасының жоғарыға ығысуы
130

Науқас ЛОР-стационарға мынадай шағымдармен түсті: мұрындық тыныс алудың қиындауы,әлсіздік.Алдыңғы риноскопияда бозғылт-сұр түсті қозғалатын құрылымдар анықталады,жалпы мұрын жолында іріңді бөлінділер.Диагнозды қойыңыз

А) Полипозды риносинусит

В) Аспиринды триада

С) Гипертрофикалық ринит

D) Хоанальды полип

Е) Төменгі мұрын кеуілжірінің гипертрофиясы
131

Науқас 17 жаста,ЛОР-стационарға периодты түрде қансырау,а шағымданып түсті.Қарап тексергенде мұрын қалқанының оң жаққа қарай қисайған,,бірақ тыныс алу екі жақтанда нашарлаған.Тікелей емес риноскопияда домалақ құрылым табылған,мұрын жұтқыншақтың жо,ар,ы бөлігін алып тұратын қою қызыл түсті.Диагнозды қойыңыз:

А) Жасөспірімдер ангиофибромасы

В) Аденоидты вегетациялар

С) Мұрын жұтқыншақтың лимфоэпителиомасы

D) Хоанальды полип

Е) Мұрынжұтқыншақтың склеромасы
132

Науқас ЛОР-дәрігерге мынадай шағымдармен түсті: жұтынған кезде ыңғайсыз сезімге,шашалуға,жұтқыншақта бөгде зат бар сияқты сезімге.Мұндай дискомфорт жағдай соңғы жылы ғана мазалап жүр.Соңғы екі аптада жоғарыдағы шағымдар күшейе түскен.ЛОР-ағзаларды қарағанда: мұрын қалқанының солға қарай ығысуы,тыныс алудың қиындауы,ол науқасты мазалмайды.Аңқасында бүйір жастықшалары қалыңдаған,жұтқыншақтың артқы қабырғасында лимфалық тіндер аралшықтары гиперплазияланған,жұтқыншақ шырышы бозғылттау.Таңдай бадамщалары үлкеймеген,қақтар және тығындар жоқ.Диагноз қойыңыз:

А) Бүйірлік және гранулезды фарингит

В) Атрофиялық фарингит

С) Катаральды ангина

D) Фарингомикоз

Е) Созылмалы тонзиллит өршусіз кезеңі
133

Науқаста проф.тексеру кезінде таңдай бадамшалары бетінде тығыз тығындар анықталған.Тілдің түбірін қарағанда тіл бадамшасы аймағында сондй құрылымдар табылған.Тығындар конус тәрізді,шырышты қабат бетіне шығып тұрады,қиындықпнн алынады.Диагнозды қойыңыз:

А) Жұтқыншақ туберкулезі

В) Созылмалы тонзиллит

С) Фарингомикоз

D) Фолликулярлы баспа

Е) Мононуклеарлы баспа
134

Науқас ЛОР-дәрігерге мынадай шағымдармен қаралды: периодты түрде мұрын бітелуге,мұрын жарақатын алғаннан соң пайда болған.Науқас шағымдарын тереңдеп түсіндірді: гере оң жақ қырымен жатсам,оң жақ мұрным бітеледі,егер сол жағыма жатсам сол жақ мрным бітеледі.риноскопияда: мұрын қалқаны оңға қарай қисайған,мұрын жолы оң жақта тарылған,төменгі мұрын кеуілжірлері аздап гиперемияланған,мұрын шырышы бозғылт-қызғылт түсті.Диагнозды қойыңыз:

А) Медикаментозды ринит.

В) Маусымдық атопиялық ринит.

С) Жылдық аллергиялық ринит.

D) Вазомоторлы ринит, мұрық қалқаны қисаюы

Е) Гипертрофиялық ринит.
135

Үңгірлі (пещеристого) синус тромбозының симптоматикасы ?

А) Шайнау бұлшықеттерінің тризмі

В) Бе жүйкесінің невриті

С) Көру жүйкесі невриті,экзофтальм,көз алмасының қозғалмауы яблока

D) Экзофтальм, бет нерві невриті

Е) Шайнау бұлшықеттерінің тризмі, көз алмасының қозғалмауы
136

Ісінген бөгде заттарды алып тастаудын алдында не істеу керек?

А) Сутегі асқын тотығы тамызу

В) Су тамызу

С) Спирт тамызу

D) Перманганат калияның ерітіндісін тамызу

Е) Пенициллин тамызу
137/

Гаймор қуысын тесу жүргізіледі:

А) Жоғарғы мұрын жолы

В) Ортанғы мұрын жолы

С) Төменгі мұрын жолы

D) Жалпы мұрын жолы

Е) Жоғарғы және ортанғы мұрын жолы
138

Кандай аурулар кезінде мұрын кеуілжіріне ультрадыбыстық дезинтеграциясы:

А) Жедел суық

В) Катаральді жедел суық

С) Балалар жасының ринофарингит

D) Созылмалы атрофиялық суық

Е) Созылмалы гипертрофиялық ринит
139

Мандай қыстың асқынбаған мукацеле кезіндегі риноскопиялық көрініс :

А) Мұрын шырышының ісінуі

В) Ортаңғы кеуілжірдің гиперторфиясы

С) Тән өзгерістер жоқ

D) Мұұрын қуысы полипі

Е) Ортаңғы кеуілжірдің гиперторфиясы
140

Маңдай қуысы мукоцелесі кезінде ,оның алдын алуда хиругтың рөлі қандай?

А) Ортаңғы кеуілжірді алып тастау

В) Жоғарғы кеуілжірді алып тастау

С) Маңдай-мұрындық канал жасау

D) Төменгі конхотомия

Е)Маңдай қуысыт ашу
141

Мукоцелені алып тастауға сөзсіз көрсеткіш:

А) Бет скелетінің деформациясы

В) Қуыстарда құрылымдар пайда болуы

С) Қуыстарда іріңнің пайда болуы

D) Қуыстар қабырғасында тесіктер пайда болуы

Е) Бас ауруы

142


Аэросинуситтің емі:

А) Антибиотиктер

В) Сульфаниламидтар

С) Физиотерапия

D) Мұрынға тамыр тарылтатын дәрілер

Е) Физиотерапия + антибиотиктер


143

Аэросинуситтер профилактикасы:

А) Жедел тұмауды емдеу

В) Созылмалы тұмауды емдеу

С) Мұрын қуысының полипын емдеу

D) Баспаны емдеу

Е) Физиоем
144

Жедел ортаңғы іріңді отиттің екінші кезеңінде отоскопияда қандай өзгерістер анықтауға болады?

А)Дабыл жарғағының гиперемиясы мен ісінуі,оның ісінуі

В) Құлақтан ірің ағуы

С) Дабыл жарғағының тыртықтытануы

D) Дабыл жарғағының тартылуын

Е) Дабыл жарғағының тотальды перфорациясы
145

Қуыстардың кистовоидты созылуы көру ағзасына қалай әсер етеді?

А) Соқырлық пайда болады

В) Жас ағады

С) Көру нервіінің параличі

D) Көз алмасының ығысуы

Е) Диплопия
146

Тікелей емес ларингоскопия кезінде қандай құрылымдар көрінбейді?

А) Көмей қақпақшасы

В) Жалған байламдар

С) Нағыз дауыс байламдары

D) Мұрын жұтқыншақ

Е) Көмей саңлауы
147

Науқас ЛОР-дәрігерге мынадай шағымдармен қаралды: кезеңді түрде мұрын бітелуге, мұрын жарақатын алғаннан соң пайда болған.Науқас шағымдарын тереңдеп түсіндірді: егер оң жақ қырымен жатсам,оң жақ мұрным бітеледі,егер сол жағыма жатсам сол жақ мұрным бітеледі.Риноскопияда: мұрын пердесі оңға қарай қисайған, мұрын жолы оң жақта тарылған,төменгі мұрын кеуілжірлері аздап гиперемияланған,мұрын шырышты бозғылт-қызғылт түсті.Диагнозды қойыңыз:

А) Медикаментозды ринит.

В) Маусымдық атопиялық ринит.

С) Жылдық аллергиялық ринит.

D) Вазомоторлы ринит, мұрын қалқаны қисаюы

Е) Гипертрофиялық ринит.
148

Маңдай қуысында қандай патологияда диплопия пайда болады?

А) Катаралды фронтитте

В) Жедел іріңді фронтитте

С) Созылмалы іріңді фронтитте

D) Маңдай қуыстың мукоцелесі

Е) Маңдай қуыстың муклцелесі узурамен
149

Аэросинусит немен сипаталады?

А) Мұрын шырышының қабынуымен

В) Қуыстардың шырышты қабатының қабынуы

С) Мұрын қуыстарының шырышының ісінуі

D) Мұрын қосалқы қуыстарының шырышының ісінуі және сұйықтық бөлінумен

Е) Қуыстарда сұйықтық болуы
150

Аэросинуситтің негізгі симптомдары:

А) Қуыста ауырсыну

В) Бас ауыру

С) Мұрындық тыныстың бұзылуы

D) Зақымдалған қуыста кенеттен ауырсыну және қысым анықталады

Е) Маңқалық (гнусавость)
151

Созылмалы тонзиллиттің жергілікті белгілері:

a) Алдыңғы таңдай доғаларының шеті қызаруы

b) Бадамша бездерінің ұяшықтарының кеңеюі

c) Тамақтың артқы қабырғасының қызаруы

d) Бадамша бездерінің ұяшықтарынан казеоздық тығынды бөліністер

e) Тамақтың шырышты қабатының құрғауы
152

Көмейдің екі жақты салдануының (паралич) ең жиі себептері болып табылады:

А) Вирусты инфекциялар

В) Қалқанша безіне жасалған оталар

С) Өңешке жасалған оталар

D) Көмей қатерлі ісігі

Е) Өңеш қатерлі ісігі

153


Эпитимпаниттің отоскопиялық белгілеріне жатады:

a) Холестеатоманың болуы

b) Дабыл жарғағының орталық перфорациясы

c) Құлақтан сасық иісті іріңнің бөлінуі

d) Дабыл жарғағының шеткілік перфорациясы

e) Пульсация сезіммен бірге құлақта ауырсыну пайда болуы


154

Меньера ауруының ұстамаларының симптомдары болып табылады:

a) Басының айналу

b) Есту қабілетінің төмендеуі

c) Жүрегінің айнуы және құсу

d) Көру қабілетінің төмендеуі

e) Құлақтан сасық иісті іріңнің бөлінуі
155

Лабиринттің сүйекті капсуласы қанша бөліктен тұрады:

A) Бір

B) Екі


C) Үш

D) Бес


E) Алты
156

Полипозды риносинусит жиі келесі аурумен қатар жүреді және патогенетикалық байланыста болады:

A) Жүректің ишемиялық ауруы

B) Ревматизм

C) Созылмалы гастрит

D) Бронхиалды астма

E) Созылмалы пиелонефрит
157

Гипертрофиялық ринит кезінде ненің бұзылуы себебінен ортаңғы құлақта қабыну процессі дамиды?

A) Тыныс алудың

B) Ортаңғы құлақтың қандануының

C) Есту (евстахий) түтігінің функциясының

D) Ортаңғы құлақтың лимфа жүйесінің

E) Лимфоидті тіннің қорғаныш қызметінің (мұрын-жұтқыншақ)
158

Ортаңғы құлаққа кіретін анатомиялық құрылымдар:

A) Үңгірлі дене, үңгірлі дененің кіреберісі және емізік тәрізді өсіндінің жасушалары

B) Ұлу, ұлудың кіреберісі және жартылай иірімдері

C) Евстахий түтігі және дабыл қуысы

D) Емізік тәрізді өсіндінің жасушалары

E) Евстахий түтігі, дабыл қуысы, емізік тәрізді өсінді
159

Мұрынның қай қосалқы қуыстарының пневматизациясы туыла дамыған:

A) Маңдай қуысының

B) Жоғарғы жақ қуысының

C) Торлы сүйек жасушаларының

D) Сына тәрізді сүйек қуысының

E) Барлық мұрыннның қосалқы қуыстарының
160

Гипертрофиялық риниттің хирургиялық емінің қай түрі физиологиялық емес:

A) Төменгі мұрын қалқандарының конхотомиясы

B) Төменгі мұрын қалқандарының бос тесуі

C) Латероконхоплесия

D) Төменгі мұрын қалқандарының шейверлі вазотомиясы

E) Төменгі мұрын қалқандарының лазеродеструкциясы
161

Науқас жоспарлы хирургиялық ем алу үшін госпитализацияланды. Мұрынды эндосопиялық қарау кезінде анықталды: мұрын пердесінің қисаюы, мұрынның төменгі қалқандарының алдыңғы бөлігі гипертрофиялық өзгерген. Мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенографиясында патологиялық өзгерістер жоқ. Сіздің іс – әрекетіңіз:

A) Төменгі мұрын қалқандарының вазотомиясымен бірге септопластика

B) Вазотомия мен латероконхоплексия

C) Төменгі мұрын қалқандарының конхотомиясы

D) Септопластика

E) Төменгі мұрын қалқандарының вазотомиясы
162 Науқаста созылмалы іріңді-полипозды пансинусит және мұрын пердесінің қисаюы. Сіздің іс – әрекеттеріңіз:

A) Мұрын қуысының полипотомиясы

B) Септопластика

C) Полисинусотомия және септопластика

D) Гайморотомия және септопластика

E) Жоғарғы жақ қойнауының пунциясы


163

Қайталанатын немесе созылмалы синуситті емдегенде неге назар аудару керек және емдеу тактикасы қандай:

A) Мұрын қойнауларының сағаларының (соустье ) обструкциясы, остеомеатальды жүйенің обструкциясының ерте коррекциясы

B) Аллергиялық ринит, осы ауруды терапиялық емдеу әдістері

C) Мұрын кірпікшелерінің қызметінің бұзылуы, иглорефлексотерапия

D) Мұрынның шырышты қабатының ісінуі, мұрынның төменгі қалқандарының вазотомиясы

E) Мұрыннан қан кету, мұрын пердесінің шырышты қабатын сылып тастау
164

Домалақ терезенің мембранасының қозғалғыштығы бұзылса ағзада қандай өзгерістер болады?

A) Кереңдік

B) Дыбысты ауалық өткізу дәрежесі төмендейді

C) Дыбысты есту қабілеті өзгермейді

D) Дыбысты сүйектік өткізу дәрежесі төмендейді

E) Дыбысты қабылдаумен қатар дыбысты өткізу қабілеті бірдей төмендейді
165

Паратонзиллярлы абсцесстің белгілері:

А) Тілді қозғалтқанда ауыру сезімі

В) Тамақтың бір жағында қатты ауру сезімі және жұтынудың қиындауы

С) Тілді басқан кездегі ауырсыну сезімі

D) Құлақтағы ауру сезімі

Е) Жұтынғанда тамақтың ауру сезімі
166

Ашық мұрынмен сөйлеу қандай ауру кезінде кездеседі:

А) Гипертрофикалық ринит

В) Мұрын пердесінің қисаюы

С) Мұрын пердесінің гематомасы, абсцессі

D) Аденоидты вегетация

Е) Жұмсақ және қатты таңдайдың жарығы
167

Лабиринттің құрамына не кіреді, атап өтіңіздер:

A) Ішкі құлақ

B) Ұлу


C) Кіреберіс

D) Жартылай иірімді каналдар

Е) Ұлу, кіреберіс және жартылай иірімді каналдар

168


Отолитті аппарат қайда орналасқан?

A) Құлақ лабиринтінің кіреберісінде

B) Дабыл қуысында

C) Есту түтігінде

D) Жартылай иірімді каналдарында

E) Ұлу, кіреберіс және жартылай иірімді каналдарында


169

Нистагм қандай мүшенің зақымдалуының белгісі

A) Дыбысты өткізгіш сүйекшелерінің

B) Вестибулярлы аппараттың

C) Есту аппаратының

D) Дабыл жарғағының

E) Дабыл қуысының
170

Есту анализаторының орталық бөлігі қайда орналасқан

A) Дабыл қуысында

B) Ұлуда


C) Сыртқы есту жолында

D) Жартылайшардың (мидың) самайлық бөлігінде

E) Есту түтігінде
171

Сыртқы есту жолының лимфа түйіндері қай лимфа жолдарына құйылады:

а) Құлақ қалқанының алдында орналасқан лимфа түйіндеріне

b) Есту түтігінің астында орналасқан лимфа түйіндеріне

c) Еміздік тәрізді өсіндіде орналасқан лимфа түйіндеріне

d) Желкелік лимфа түйіндеріне


172

Сыртқы мұрынның лимфа тамырлары қай лимфа түйіндеріне бағыт алады?

A) Жақасты аймаққа

B) Желкелік аймаққа

C) Терең орналасқан мойын лимфа түйіндеріне

D) Бұғанаастылық лимфа түйіндеріне

E) Желкелік және жақастылық лимфа түйіндеріне
173

Дабыл куысына инфекция тараудың жиі жолы:

А) Жарақаттан (қысым әсерінен)

В) Тубогенды

С) Гематогенді

D) Сыртқы есту жолы арқылы

Е) Ретроградты
174

Торлы сүйектің перпендикулярлы табақшасы құрады:

A) Мұрын пердесінің барлық сүйектік бөлігін

B) Мұрын қуысының латеральді қабырғасын

C) Мұрын пердесінің жоғарғы бөлігін

D) Сына тәрізді қойнауының алдыңғы қабырғасын

E) Жоғарғы жақ қойнауының медиальді қабырғасын
175

Евстахиев түтігі қандай қызмет атқарады:

А) Вентиляциялық

В) Дренаждық

С) Қорғаныштық

D) Резонаторлы

Е) Вентиляциялық, дренаждық
176

Тіл бадамшасының баспа белгілері:

А) Тіл қозғалысы кезінде ауыру сезімі

В) Тамақтың бір жағының ауыруы

С) Тілді басқанда және жұтынғанда ауыру сезімі

D) Ауырсыну сезімінің құлаққа және тіске таралуы

Е) Жұтынған кездегі ауру сезімі
177

Жұтқыншақтың артқы аймағының жалғасы:

А) Артқы көкірек аралық

В) Алдыңғы көкірек аралық

С) Парафарингеальды аймақ

D) Бадамшаның аймағы

Е) Паравертебральды аймақ

178


Мишықтық нистагм мен лабиринттік нистагм арасында қандай айырмашылық бар?

A) Ірі көлемді

B) Аз көлемді

C) Ротаторлы

D) Ауыратын жағына бағытталған

E) Сау жағына бағытталған


179

Жұтқыншық арты абсцессі қай жаста жиі дамиды:

А) 0 жастан 3 жасқа дейін

В) 1 жастан 3 жасқа дейін

С) 3 жастан 5 жасқа дейін

D) 5 жастан 10 жасқа дейін

Е) Кез келген жаста
180

Трахеотомия жасау кезінде пайда болған тері астылық эмфиземаны жою үшін сіз не істейсіз?

A) Үлкен диаметрлі трахестомиялық түтікті салу

B) Эмфизема аймағындағы теріні үлкен инемен тесу

C) Қосымша тігіс салу арқылы трахеяның кесілген көлемін кішірейту

D) 2-3 терілік тігісті алып тастау



E) Шұғыл торакотомия



Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...