Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі


Қазақстан Республикасында салықтардың атқаратын қызметтері, олардың түрлері



бет8/38
Дата02.01.2022
өлшемі2.82 Mb.
#19837
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
1. 2 Қазақстан Республикасында салықтардың атқаратын қызметтері, олардың түрлері
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

Салықтардың мынадай негізгі қызметтері бар:



  • фискалдық

  • реттеушілік

  • бақылаушылық

Салықтардың бірінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызмет. Бұл қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери, қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бюджеттің кіріс көзін құрайтын негізгі қаржылық көздер – салықтар. Салық өндірістің дамуына барынша өз ықпалын тигізіп, өндірушілердің ынтасын арттыруға жағдай жасауы қажет.

Салықтардың екінші маңызды қызметі ол, реттеушілік қызметі.

Реттеушілік қызметі салық механизмі арқылы іске асырылады. Оның ішіндегі негізгі тетіктер салық ставкалары мен салық жеңілдіктері. Салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймай, сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге аысруы қажет. Әрине салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін олардың басқа да экономикалық тетіктерімен тығыз байланыста болуы керек.

Салық мөлшерін көбейту мақсатында салық ставкаларын шектен тыс жоғары деңгейде белгілеу өндірістің тоқтауына, өндірушінің өз ісіне деген ынтасын жоғалтуына әкеліп соғатыны көптеген ғалымдар еңбектерінде тұжырымдалып, дәлелденген. Мысалы, табыс салығын салғанда, салық ставкасының деңгейі 35-40 пайыздан аспауы қажет.[7]

Салық механизмін, оның ішінде салық ставкаларының деңгейін зерттеген ғалымдардың тұжырымдары мынаны дәлелдейді.


  • егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50% -нан асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына әкеліп соқтырады;

  • егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50%-ы аралығында болса, онда жай ұдайы өндіріске әкеледі.

  • егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40%-ы мөлшері аралығында болса, онда ұлғаймалы ұдайы өндіріске әкеледі.

Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығының қазіргі кездегі ставкасы 30%, ал ауылшаруашылығындағы өндіріс орындары үшін 10%.

Шаруашылық субъектілер мен халықтар табысының бір бөлігін мемлекеттің орталықтандырылған қаржы көздеріне айналдыру салықтардың ұдайы өндірістегі қызметін көрсетеді.

Бұл қызметтің іс-әрекетінің көлемін жалпы ішкі өнімдегі салықтардың алатын үлес салмағы арқылы көруге болады.

Салықтардың келесі негігі қызметі ол бақылаушылық қызметі, яғни салықтық бақылау.

Салықтардың бақылаушылық қызметі арқылы салық механизмінің қызмет етуінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына бақылау ісі жүргізіледі, салық жүйесі мен бюджет саясатын жетілдіру жолдары қарастырылады. Салықтық бақылауды тиімді жүргізу арқылы салықтық тәртіпті қатаң сақтау, салық төлеушілердің заңға сәйкес төлейтін салықтары мен алымдарын толық және уақытылы бюджетке төлеп отыруы қамтамасыз етіледі.

Салықтардың түрлеріне келетін болсақ, қазіргі кезде Қазақстан Республикасында олардың 9 түрі бар, сонымен қатар бұлардың құрамына 2005 жылдың 1-ші қаңтарынан салықтың тағы бір түрі енгізілді. Бұл – экспортқа шығарылатын шикімұнай мен газ конденсатына рента салығы болып табылады.

Елімізде осы аталған салық түрлерінің алатын орны өте зор, өйткені олар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі қаржылық көзі болып табылады.

Салық ісін тиімді ұйымдастыру мақсатында салықтарды белгілі топтарға бөліп жіктейміз.

Салықтарды мынадай ерекшелік белгілері бойынша жіктейміз:


    1. Салық салу объектісіне байланысты;

    2. Қарауына қарай;

    3. Салық салу органына байланысты;

    4. Экономикалық ерекшелігіне байланысты;

    5. Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай;

Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі.

Тікелей салықтар тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.

Тікелей салықтарға мынадай салықтар жатады:


  • корпорациялық табыс салығы;

  • жеке табыс салығы;

  • жер салығы;

  • көлік құралдарына салынатын салық;

  • мүлік салығы;

  • жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық;

  • әлеуметтік салық.

Жанама салықтарды тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады.

Жанама салықтарға мыналар жатады:



  • қосылған құнға салынатын салық;

  • акциздер;

Бюджетке түскен соң қолданылатын белгісіне қарай салықтар жалпы және арнайы болып жіктеледі.

Жалпы салықтар бюджетке түскен соң, жалпы мақсатта жұмсалады.Оған корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және т.б.

Арнайы салықтар бюджетке түскен соң, алдын ала белгіленген нақты шараларға жұмсалды. Мысалы, көлік құралдарына салынатын жол қорын құруға жұмсалады.

Салық салу органына байланысты салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінсе, экономикалық белгісіне қарай табысқа салынатын салық және тұтынуға салынатын салық болып жіктеледі.

Табысқа салынатын салықтар салық төлеушінің кез келген салық салынатын объектісінен түсетін табысынан алынады. Олардың санатына мына салықтар кіреді: табыс салығы, пайдаға салынатын салық.

Тұтынуға салынатын салықты салық төлеуші тауар немесе қызмет құнын төлеген кезде төлейді. Оған қосылған құнға салынатын салық пен акциздер жатады.

Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақтылы және дербес болып бөлінеді.

Нақтылы салықтар салық төлеушінің салық салынатын объектісінің сыртқы белгісіне қарай салынады. Оған жер салығы, мүлік салығы жатады.

Дербес салықтар салық төлеушінің салық салынатын объектісінен алатын табыс мөлшеріне байланысты салынады. Оған корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы жатады.

Енді салықтарыдың негізгі түрлеріне толығырақ тоқталып өтейік.




Каталог: userdata -> users -> user 21
user 21 -> Стилистика және оның проблемасы
user 21 -> Ұлттық идея – Қазақ МҰраты Х.Әбжанов
user 21 -> Әок 323 (001) (574) фараби трактаттарындағы білім, ТӘрбие және адамгершілік —гуманизм мәселелері
user 21 -> Қазақ тілі – мемлекеттік тіл Іс қағаздарының түрлері Іс қағаздарының қызметтері
user 21 -> «Статистика» пәнінен дәрістің қысқаша конспектісі
user 21 -> Отбасы дамуының тарихы, зерттеу әдістемелік негіздері
user 21 -> Сиыр малына қатысты қазақ тіліндегі тұРАҚты сөз тіркестерінің этнолингвистикалық сипаты м. Б. Шойманова
user 21 -> Диплом жұмысы «Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе» Орындаған: 090240 «Халықаралық құқық»
user 21 -> Педагогика тарихыныњ єдіснамалыќ негіздері жєне басќа ѓылымдармен байланысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді