Көксу ауданы бойынша Салық Комитетінің негізгі бөлімдері:
-
Салық әкімшілдігін өңдеу және қабылдау бөлімі.
Бұл бөлімнің бастығы өз қызметкерлері және бөлімнің атқаратын қызметтері үшін жауап береді. Бөлім бастығы әр қызметкерге өзінің атқаратын жұмысын тапсырады. Бұл бөлімде төрт бас салық инспекторы, екі жетекші салық инспекторы, бір маман жұмыс істейді.
Әрбір салық инспектор өз қызметі және участогы бойынша жауап береді. Мысалы: жетекші салық инспекторы патент берумен айналысады, бас салық инспекторы ауыл шаруашылық қожалықтары мен өз округі бойынша, басқа бас салық инспекторы тек заңды тұлғалармен жұмыс істейді. Бұл бөлімде салық төлеушіні салық есебіне бірыңғай тіркейді. Бірақ бұның алдында кәсіпкер мемлекеттік тіркеуден өту үшін алым төлеу керек.
Салық әкімшілдігін өңдеу және қабылдау бөлімі мемлекеттік қызметкерлерден және заңды тұлғалардан декларация қабылдау, күәлік беру, СТН, патент беру, басқа салық түрінен төлеушілердің тіркелуі және есебі туралы кітап жүргізеді.
-
Достарыңызбен бөлісу: |