Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі


Кесте-10 2005 жылы Алматы облысының бюджетіне түсетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер



бет32/38
Дата02.01.2022
өлшемі2.82 Mb.
#19837
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
Кесте-10 2005 жылы Алматы облысының бюджетіне түсетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер.

Төлемнің аты

Болжам

Нақты түскені

%-ға орындалды.

Ауытқуы

(+;-)

Заңды тұлғ-ң корп.таб.салық

3533547,0

4002708,8

113,3

469161,8

ҚҚС барлығы

17146845,0

17751374,5

103,5

607529,5

Өнд.ішкі тауар ҚҚС

6752568,0

7063836,7

104,6

311268,7

Импорттық тауар-ң ҚҚС

10394277,0

10690537,8

102,9

296260,8

Кеден төлемдері

6830048,0

6482431,5

94,9

-347616,5

Импорт тау. акциздері

178814,0

299275,8

167,4

120461,8

РБ-ке түсетін салықтық емес түсімдер

178814,0

299275,8

167,4

120461,8

РБ қорытындысы

27805812,0

28706805,3

103,2

900993,3

Төлем көзіне салық сал.табыс

2507598,0

2588437,6

103,2

80839,6

Төлем көзіне салық салынбайтын табыстар

317915,0

336057,9

105,7

18142,9

Кәсіптік қызм-н айн-н азамат-н алынатын ЖТС

117975,0

124146,0

105,2

6171,0

Әлеуметтік салық

6356531,0

6419650,0

101,0

63119,0

Заңды тұлғ-ң мүлік салығы

1261053,0

1343310,5

106,5

82257,5

Жеке тұлғ.мүлік салығы

97848,0

104984,0

107,3

7136,0

Жер салығы

266110,0

289920,2

108,9

23810,2

Заңд.тұлғ.көлік салығы

94155,0

103408,6

109,8

9253,6

Жеке тұлғ.көлік салығы

405848,0

444508,3

109,5

38660,3

Біртұтас жер салығы

34868,0

41150,5

118,0

6282,5

ЖБ-ке барлық акциздер

5053930,0

5170389,6

102,3

116459,6

Ішімдік өнімдеріне акциздер

803661,0

859881,1

107,0

56220,1

Темекі акциздері

4152500,0

4202717,2

101,2

50217,2

ЖБ түсетін салықтық емес түсімдер

226832,0

268404,8

118,3

41572,8

ЖБ қорытындысы

18855197,0

19506525,1

103,5

651328,1

Салықтар мен табыстардың қорытындысы

46661009,0

48213330,4

103,3

1552321,4

Қайнар көзі: Алматы облысы Салық комитетінің есебінен

Диаграмма №5



Алматы облысы бойынша 2005 жылғы жылдам есебі бойынша 2004 жылмен салыстырғанда бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер көлемі артты. Алматы облысының бюджетіне түсетін салық және басқа да міндетті төлемдерінің түсу көлемін 10-кестеден көруге болады.

Мемлекеттік бюджетке түсетін салықтар және міндетті төлемдерді жинау жоспары 103,3%-ға орындалды, болжам бойынша бюджетке 46661009,0 мың теңге түсуі керек, ал нақты түскені 48213330,4 мың теңге болды. Өткен жылмен салыстырғанда бюджетке 11232893,6 мың теңгеге артық түсті және өткен жылға қарағанда өсу темпі 101,3%-ды құрады (өткен жылы 36980436,8 мың теңге түсті).

Республикалық бюджетке болжам жасалды және ол 27805812,0 мың теңгені құрады, ал нақты түскені 28706805,0 мың теңге, яғни жоспар 103,2%-ға орындалды.

Ал жергілікті бюджет бойынша болжам 18855197,0 мың теңге, ал нақты түскені 19506525,1 мың теңге болды, яғни жоспар 103,5%-ға орындалды.

Алматы облысы бойынша мына салық түрлерінің үлесі артты, олар: ішкі өндіріс тауарларының ҚҚС-14,7%, кеден төлемдері-13,4%, әлеуметтік салық -13,3% құрады.

Өткен жылмен салыстырғанда салықтар мен төлемдердің мына түрлері бойынша ақша қаражаттар көп мөлшерде түсті. Олар: ҚҚС-ғының барлығы 17754374,5 мың теңге, салық салынатын табысы бар жеке табыс салығы 2588437,6 мың теңге, жер салығы 289920,2 мың теңгені құрады.


  • Заңды тұлғалардан алынатын корпоративті табыс салығы болжам бойынша 3533547,0мың теңге түсуі керек, ал нақты түскені 4002708,0 мың теңге, яғни болжам 113,3%-ға орындалды;

  • Ішкі өндіріс тауарларына салынатын ҚҚС-ң болжамы 171468845,0 мың теңге, ал нақты түскені 17754374,5 мың теңге, яғни болжам 103,5%-ға орындалды;

  • біртұтас жер салығы 34868,0 мың теңге құрады, ал бюджетке түскені 41150,5 мың теңге, яғни болжам 118,0%-ға орындалды.

Алматы облысы бойынша 2003-2005 жылдар аралығында бюджетке төленетін салықтар мен міндетті төлемдердің түсу динамикасы



Төлемнің аты

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

Салықтар мен табыстардың қорытындысы

3761035,6

36980436,8

48213330,4

Диаграмма №6




2.2 Көксу ауданы бойынша 2002-2005 жылдардағы бюджетке түскен салық түсімдеріне экономикалық талдау.
Қазақстан Республикасындағы салық төлеу міндеттемесі азаматтардың конституциялық міндеттемесіне енгізілген. Қазақстан Республикасының Конституциясында тек қана салық төлеу емес, сонымен бірге алымдар және басқа да міндетті төлемдер туралы айтылған.

Салық салу ісін ұйымдастыруда және іске асыруда негізгі жұмысты аудан бойынша салық комитеттері жүргізеді десек артық болмайды.Көксу ауданы бойынша салық комитеті мынадай бөлімдерден құралған:



  • салық әкімшілдігін өңдеу және қабылдау бөлімі;

  • салық аудиті бөлімі;

  • салықты мәжбүрлі түрде өндіріп алу және қосалқы салықтар бөлімі;

  • заңгер бөлімі;

  • есеп жүргізу және ақпараттық технология бөлімі;

Енді, Көксу ауданы бойынша Салық Комитетінің жалпы ережелерін және әрбір бөлімнің негізгі қызметтері мен міндеттерін қарастырып өтейік.

Салық Комитетінің атқаратын қызметтері:



  • өз аумағындағы салық заңдарының сақталуын, бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бақылауды жүзеге асырады;

  • салық комитетінің салықтық есебінде тіркелген салық төлеушілердің аудитін және мониторингін жүзеге асырады;

  • салық заңдарын қолдануына байланысты салық төлеушілердің арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді;

  • салық заңдарының бұзылуы бойынша өтініштің қатынастың және басқа да ақпараттың тексерулерін жүргізеді;

  • барлық деңгейлердегі бюджетке түсетін салықтар мен төлемдердің, алымдардың қортындысы бойынша белгіленген тәртіпте есептемені жүзеге асырады;

  • кадрлар квалификациясын жоғарлату мақсатында іс-шаралар ұйымдастырады.

Салық Комитетінің негізгі міндеттері:

  • салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің барлық деңгейлердегі бюджеттерге толық және уақытында түсуін қамтамасыз ету;

  • табысты кеміту немесе жасыру мақсатында салық төлеуден және басқа да төлемдерден жалтаруға жол бермеу;

  • бюджетке салықтарды төлемеу және басқа да қаржылық міндеттемелерді мемлекет алдында орындамауына байланысты фактілерді анықтау;

  • салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, уақытында салық заңдарының өзгеруі жөнінде салық төлеушілерге ақпарат беру;

Салық Комитеті ұйымының қызметі.

Комитетті төраға басқарады. Салық Комитеті тікелей Алматы облысы бойынша Салық Комитетіне бағынады және жергілікті атқарушы органдарға кірмейді. Салық Комитетінің төрағасы салық комитетінің жұмыстарын басқарады, ұйымдастыруды және қойылған міндеттердің орындалуы мен функциялардың іске асуына жауап береді. Комитетті қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан бөлінеді.

Салық Комитетінің құрылымы штат кестемен тығыз байланысты. Салық Комитеті 4 бөлімнен тұрады. Оларға: аудит бөлімі, есеп жүргізу және ақпараттық технология бөлімі, салықты мәжбүрлі түрде өндіріп алу және қосалқы салықтар бөлімі, салық әкімшілдігін өңдеу және қабылдау бөлімі.

Штат кесте 25 адамнан тұрады. Басшылық-2 адам: төраға және төраға орынбасары; бөлім бастығы-4 адам; бас салық инспекторы-9 адам; жетекші салық инспекторы-5 адам, маман-5 адам.

Көксу ауданы бойынша Салық Комитетінің барлық бөлімдері салық комитетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Салық Комитеті өзінің қызметтерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жүзеге асырады.

Салық Комитетінің Заң актілеріне сәйкес мынадай құқықтары бар:



  • салықтарды есептеуге және төлеуге байланысты барлық жеке және заңды тұлғалардың ақшалай құжаттарына, бухгалтерлік кітаптарға, есептемелерге, сметаға, ақшалардың толықтығына, бағалы қағаздарға және басқа да құжаттарға тексерулер жүргізуге құқығы бар;

  • салық заңын, салық санкцияларын және айыппұлдарды бұзған ұйымдардың лауазымды тұлғаларына және азаматтарға Заңға сәйкес белгілі бір іс-шараларды қолдану;

  • салық заңын бұзған жағдайда салық комитеті құжаттарды, ақшалай және материалдық қаражаттарды алуға құқылы.

  • бюджетке төленетін салық және басқа да төлемдерді төлеу бойынша ұйымдар мен тұлғаларға салықтық жеңілдіктерді ұсыну;

  • салықтарды, айыппұлдарды, пеняларды уақытында төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасының Салық Заңына сәйкес, ұйымдардың және азаматтардың жылжитын және жылжымайтын мүліктерін, ақшаларын есептеп алу.



Каталог: userdata -> users -> user 21
user 21 -> Стилистика және оның проблемасы
user 21 -> Ұлттық идея – Қазақ МҰраты Х.Әбжанов
user 21 -> Әок 323 (001) (574) фараби трактаттарындағы білім, ТӘрбие және адамгершілік —гуманизм мәселелері
user 21 -> Қазақ тілі – мемлекеттік тіл Іс қағаздарының түрлері Іс қағаздарының қызметтері
user 21 -> «Статистика» пәнінен дәрістің қысқаша конспектісі
user 21 -> Отбасы дамуының тарихы, зерттеу әдістемелік негіздері
user 21 -> Сиыр малына қатысты қазақ тіліндегі тұРАҚты сөз тіркестерінің этнолингвистикалық сипаты м. Б. Шойманова
user 21 -> Диплом жұмысы «Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе» Орындаған: 090240 «Халықаралық құқық»
user 21 -> Педагогика тарихыныњ єдіснамалыќ негіздері жєне басќа ѓылымдармен байланысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы