Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі


Ресей Федерациясының салық жүйесі



бет27/38
Дата02.01.2022
өлшемі2.82 Mb.
#19837
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38
Ресей Федерациясының салық жүйесі

Ресей Федерациясының салық жүйесінің құрамы және оның құрылымын құрайтын салықтар мен басқа да салықтық нысандағы төлемдердің түрлері тікелей және жанама салықтар, сондай-ақ заңды тұлғалардан, жеке тұлғалардан, заңды және жеке тұлғалардан алынатын салықтар болып бөлінеді. Жанама салықтарға мұнай, газ, көмір, бензин және т.б. өңдеу және кен байыту өнімдері түріндегі өндірістік тауарлар мен спирт, арақ және басқа алкоголь өнімдері, темекі өнімдері, сыра сияқты кең сұранысқа ие тауарлардан қосылған құнға салынатын салық, саудаға салынатын салық, акциздер, кедендік төлемдер-кедендік тарифтер жатады.

Банктердің, сақтандыру ұйымдарының, басқа да шаруашылық субъектілерінің пайдаларына салынатын салық, дивидендтік сомалардан, яғни капиталдан алынатын салық, мүлікке салынатын салық, ресурстық және экологиялық салықтар, жануарлар әлемінің объектілерін пайдаланушыларға салынатын салық, заңды тұлғалардан алынатын тікелей салықтар болып табылады.

Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы , жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, мұралардан және сыйға тартудан алынатын салық, лицензиялық және тіркеу үшін алымдар жеке тұлғалар төлейтін тікелей салықтар болып саналады. Ал заңды және жеке тұлғалардан алынатын салықтар ретінде курорттық салықты, жарнамаға салынатын салықты, аумақтарды дамытуға салынатын салықты, жер, су, экологиялық және орман салықтарын, шетел валютасын, бағалы қағаздарды, алтын кұймаларын сатып алуға салынатын салықты атап өтуге болады.

Енді, осы Ресейдің салық жүйесіне берген қысқаша сипаттаманы нақтыландыру мақсатында, оның негізін құрайтын элементті салықтар жүйесін қарастырып өтеміз.

Ресей салықтары жүйесі федералдық салықтар мен алымдар, регионалдық (аймақтық) салықтар мен алымдар және жергілікті салықтар мен алымдар сияқты үш деңгейден тұрады.

Федералдық салықтар мен алымдарға: қосылған құнға салынатын салық; акциздер; ұйымдардың пайдасына (табыстарына) салынатын салық; капиталдан түсетін табыстарға салынатын салық; жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы; мемлекеттік баж; кедендік баждар мен кедендік алымдар; жер қойнауын пайдаланғаны үшін алынатын салық; мемлекеттік әлеуметтік бюджеттен тыс қорларға алынатын жарнамалар; минералдық-шикізат базасын қалпына келтіру үшін алынатын салық; көмірсутектерді өндіруден түскен қосымша табысқа салынатын салық; жануарлар әлемінің объектілерін және су биологиялық ресурстарын пайдалану құқығы үшін алынатын алым; орман салығы; экологиялық салық; федералдық лицензиялық алымдар жатады.

Регионалдық салықтар мен алымдар ретінде ұйымдардың мүлкіне салынатын салық; жылжымайтын мүлікке салынатын салық; жол салығы; көлік салығы; саудадан алынатын салық; ойын бизнесіне салынатын салық; регионалдық лицензиялық алымдар белгіленген. Жер салығы, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, жарнамаға салынатын салық, мұраға немесе сыйға салынатын салық, жергілікті лицензиялық алымдар жергілікті салықтар мен алымдарға жатқызылған.

Ресей Федерациясының Конституциясы, Ресей Федерациясының Салық кодексі, «Ресей Федерациясының салық органдары туралы» РФ Заңы, «Ресей Федерациясының мемлекеттік салық қызметі туралы» РФ Президентінің Жарлығы, РФ салықтар мен алымдар жөніндегі Министірлігінің бұйрықтары мен хаттары Ресей Федерациясы аумағындағы салық органдары жүзеге асыратын салықтық қызметтердің нормативтік құқықтық базасы болып табылады. Осыған орай, Ресей Федерациясының салық органдарының құрылымы мынадай құрамда көрініс тапқан: РФ Салықтар мен алымдар жөніндегі министірлігі; Салықтар мен алымдар жөніндегі министірліктің Федерация субъектілері бойынша басқармалары; Салықтар мен алымдар жөніндегі министірліктің регионалдық инспекциялары; Салықтар мен алымдар жөніндегі министірліктің аудандар бойынша, қалалардағы аудандар бойынша және аудандарға бөлінбейтін қалалар бойынша инспекциялары; Салықтар мен алымдар жөніндегі министірліктің ауданаралық инспекциялары.



Каталог: userdata -> users -> user 21
user 21 -> Стилистика және оның проблемасы
user 21 -> Ұлттық идея – Қазақ МҰраты Х.Әбжанов
user 21 -> Әок 323 (001) (574) фараби трактаттарындағы білім, ТӘрбие және адамгершілік —гуманизм мәселелері
user 21 -> Қазақ тілі – мемлекеттік тіл Іс қағаздарының түрлері Іс қағаздарының қызметтері
user 21 -> «Статистика» пәнінен дәрістің қысқаша конспектісі
user 21 -> Отбасы дамуының тарихы, зерттеу әдістемелік негіздері
user 21 -> Сиыр малына қатысты қазақ тіліндегі тұРАҚты сөз тіркестерінің этнолингвистикалық сипаты м. Б. Шойманова
user 21 -> Диплом жұмысы «Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе» Орындаған: 090240 «Халықаралық құқық»
user 21 -> Педагогика тарихыныњ єдіснамалыќ негіздері жєне басќа ѓылымдармен байланысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді