Мазмұны: Кіріспе І тарау Жоңғар Алатауына



бет3/6
Дата18.11.2021
өлшемі101.5 Kb.
1   2   3   4   5   6
1.2. Жоңғар Алатауының геологиялық құрылымы және

пайдалы қазбалары.

Жоңғар Алатауы өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу кезінде магмалық жыныстар енгенде және шөгінді жыныстар метаморфтанғанда (түрі өзгеру), рудалар мен түрлі минералдар пайда болады. Қатпарлы-жақпарлы Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань, Алтайтаулары, Сарыарқа, Мүғалжар қатты бұзылып, күшті жемірілген сайын рудаға бай, теренде жатқан тау жыныстары жер бетіне жақындап, кейде тіпті жер бетіне шығып қалған бөлігі де кездеседі. Әдетте, бұзылған ескі таулардан рудалы қазбалар кені көптеп табылады. Платформалы аймақтарда пайдалы қазбалар беткі шөгінділерде де, қат-парлы негізінің метаморфталған жыныстарында да кездеседі. Шөгінді жыныстардың тау етегі иіндерінде көбінесе бейрудалы қазбалар қалыптасады. 1919-1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Жоңғар Алатауының геологиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Жоңғар Алатауының аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер қойнауында Менделеев кестесіндегі 99 элемент кездеседі, 70 элементтің мол қоры барланған және оның 60-тан астамы ендіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашыл уының маңызы зор. Сарыбай темір кен орнын 1948 жылы ұшқыш М. Суртутанов ашты. Ұшақ кен үстінен ұшқанда, темір аномалиясының әсерінен тұсбағдар тілінің кенет ауытқығаны ұшқыштың көңілін аударды. Көп ұзамай өте сирек кездесетін темір кені ашылды. Мұндағы кен жоғары сапалы және оның құрамындағы темірдің мөлшері 50-60%-ды құрайды. Шөгінді жыныстардан пайда болған рудалар Қостанай облысындағы Әйет және Лисаков кен орындарында кездеседі. Руда 30 м тереңдіктен ашық әдіспен өндіріледі. Кеннің құрамында таза темір 37-42%-ды құрайды. Темір кенінің шағын кен орындары Қарағанды (Кентөбе, Карабас, Атансор), Солтүстік Қазақстан облыстарында бар.

Марганецтің ең ірі кен орындарына Орталық Қазақстандағы Атасу және Жезді жатады. Марганец кендері Ұлытау, Сарыарқа, Қаратау, Маңғыстау өңірлерінде де табылады.

Хромит кен орындарының 99%-ы Мұғалжар тауларында кездеседі. Кемпірсай және Доң тобына жататын кен орындары жоғары сапалы рудалармен әйгілі. Қазақстан хромит кенінің барланған қоры мен жылдық өндірілетін мөлшері жөнінен дүние жүзінде екінші орынға шықты. Олар тоттанбайтын болат қорытуға қажет. Хром әлемнің 40 еліне шығарылады. Хромит кендері Костанай, Шығыс Қазақстан облыстарында да ашылды. ТМД елдеріндегі хромиттің 97%-ы Қазақстанда өндіріледі.

Никелъдің едәуір қоры Мұғалжар таулы ауданында үгілген тау жыныстары қыртысында қалыптасқан. Никельдің 40-тан аса ірі кені Ақгөбе облысындағы Кемпірсай кен орнының үгілу қыртысындағы Бұрақтал кеніштеріне де шоғырланған. Костанай облысындағы Аққара, Ақтау кендерініңқоры мол, сапасы жоғары. Никель кен орындары Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында да бар.

Қазақстанда алюминийдің негізгі шикізаты - боксит. Негізгі кен орындары Сарыарқаның солтүстік-шығысыңда –Ақмола және Торғай ойысында (Амангелді торабы). Бұлардағы боксит қоры онша көп емес. Сондықтан құрамында глиноземы бар басқа шикізат көздерін (нефелин рудасы, Екібастұз көмірінің қалдығы) пайдалану жолдары іздестірілуде. Қазақстан алюминий өндіру жөнінен ТМД елдері арасында алдыңғы орындардың бірін алды.

Қазақстанда мыс рудасының аса бай қорлары бар. Мысты құмтастардың ең ірі кен орны - Жезқазған. Жезқазған кен орны ТМД бойынша бірінші, дүние жүзінде екінші орында. Қазақстан мыс ендіру жағынан дүние жүзінде жетінші орында. Өнімнің 92%-ы шет елге шығарылады.

Мысты кен орындарының ірілері - Қоңырат, Бозша-көл. Бұлардағы мыс ашық әдіспен қазылып алынады, бірақ рудада металл мөлшері аз.

Полиметалдар кеніне қорғасын, мырыш, мыс қоспалары, алтын, күміс т.б. металдар жатады. Қорғасын мен мырыштың ең бай кен орындары: Кенді Алтайдағы Риддер, Зырян т.б. Мұндағы кендерде металл көп. Полиметалл кен орындары Жоңғар Алатауындағы Текелі және Қара-таудағы Ащысай мен Мырғалымсайда бар.



Соңғы жылдарда қорғасынның бай кен орындары Орталық Қазақстанда (Қызылеспе, Қасқаайғыр т.б.) барланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік