Мазмұны Кіріспе 1- тарау. Қазақ философиясы тарихындағы Шәкәрім Құдайбердіұлы



бет1/14
Дата24.04.2022
өлшемі273.5 Kb.
#225288
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
-dip -shakarim-qudayberdiulynyn-filosofijasyndagy-adamtanu-bagyttary


Мазмұны


Кіріспе


1- тарау. Қазақ философиясы тарихындағы Шәкәрім Құдайбердіұлы
мұрасының орны.
1.1. Шәкәрім дүниетанымы қалыптасуының тарихи-мәдени негізі.
1.2. Шәкәрімнің адам ілімінің философиялық-териялық өзектері.
2- тарау. Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адамтану бағыттары.
2.1. Табиғат, құдай және адам.
2.2 Шәкәрімнің ар білімі.
2.3 Ұждан


Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Бүгінгі күні халқымыздың рухани мәдениетінің тарихына, әсіресе оның гуманистік және ұлттық көріністеріне деген қызығушылық пен ынта бұрын болып көрмеген дәрежеде өсіп отыр. Өткеніміздің прогрессивті философиялық дәстүрін оқып үйрену қоғамдық сананың даму заңдылықтарын тануда қазіргі теориялық ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде маңызы өте зор.


Жан-жақты жетілген адам мәселесі бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда өзінің маңыздылығын жоймаған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біз соңғы уақытқа дейін “коммунистік манифесте” негізделген принциптер бойынша, коммунизмнің моральдық кодексі бойынша, адамның социалистік идеалына, яғни жеке тұлғаның мүддесі қоғамдық мүддеге тәуелді болу принципі тұрғысынан тәрбиеленіп, соны идеал тұтып, бар болмысымызды соған сәйкестендіре өмір сүрдік. Соңғы жылдары елімізде, Кеңес өкіметі кеңістігінде, жалпы дүниежүзіндегі түбегейлі өзгерістерге байланысты бұрынғы құндылықтар өзінің мән-мағынасын жойса, жаңа құндылықта әлі бой көтере алған жоқ. Тек саяси- әлеуметтік немесе экономикалық емес рухани өмір тұрғысынан да транзиттік өтпелі кезең жағдайында өмір сүріп жатқан біздің еліміз үшін болашақты, алдағы мақсат- мүддені айқындау соған жету үшін белгілі бір әлеуметтік идеал моделінің түрін жасау арқылы адамдарды тәрбиелеу,олардың мүмкіндігінше, бүгінгі күн талабына сәйкес келетін жан-жақты жетілген адамды, немесе ұлы Абай айтқандай “Толық адамды” тәрбиелеу қазіргі Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да адамшылық абырой-қасиетті қалпына келтірудегі күресте Адамды, тұлғаны өз ұжданының бастапқылығын, тазалығы мен тұнықтылығын сақтауға шақырған Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты ойшылдарымыздың пафосы мен философиялық концепциясы зор көмек берері сөзсіз.
Ұлтымыздың қоғамдық-философиялық ойы тарихында терең із қалдырған қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлының творчествосы энциклопедиялық білімділігімен, философиялық-теориялық ізденістеріндегі новаторлық әрекет-сипатымен ерекшеленеді. Алдыңғы қатарлы озық идеяларға сүйене отырып, Шәкәрім адамилық бастаманың шешуші ролі бекітіле көрсетілетін философиялық, этикалық міндеттерді осы тұрғыдан қайта қарастыруды талап ететін бірегей гуманистік ілім жасады.
Егемендікке қол жеткізген тәуелсіз мемлекетіміздегі қоғамдық- тарихи, әлеуметтік-саяси жағдайларға байланысты болып жатқан үрдіс өзгерістер барысында туындап жататын қайшылықтарды шешу, өз жолын, өз идеяларын нақтылау мен дамыту, дүниетанымдық қағидаларымызды айқындау, ұлттық сананың өсуі,мәдениетің қайта өрлеуі, халықтың рухани бастауларға көңіл және үзіліп қалған идеялық жалғастылықты іздеп толықтыру, жаңа қоғамымыздағы жеке адамдардың нақтылы әрекеттері мен қоғамдық ойларын жаңылмай саралау кезеңінде дүние бақытты және үйлесімді болуға тиіс және болады деп сенген, бірақ ол заман әрбір адам өзіндегі “нәпсі кеселін” жойып бүкіл адамзат тағдырына немқұрайдылықпен қарауды қойғанда ғана орнайды деп болжаған Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық ілімі, оның ішінде өзін- өзі іздеу және тануға, іштей түлеу, ширығу және дамуға құрылған бірегей адам концепциясы маңызды да ерекше жаңалық, терең де соны толықтыру болмақ. Өйткені қандай да болмасын, жаңа қоғамның сапалық жаңалығы, оны қалыптастырудағы жетістіктер сайып келгенде сол қоғамдағы әрбір тұлғаның имандылық жағынан жетілдіруімен өлшенеді. Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адам мәселесін зерттеудің актуалдығын біз осыдан түйеміз.
Шәкәрім көзқарасындағы адам мәселесі шығыс пен батыс философиялық ілімдерін қатар қарастырып, керектісін алған синкретикалық сонылығымен [] қазақ қоғамының ΧΙΧ ғасыр аяғы мен ΧΧ ғасыр басындағы рухани және болмыстық ерекшеліктерін бейнелеуімен қазақ ұлттық философиясының антропологиялық дүниетанымының іргетасын қалап тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан