Мазмұны: I. Кіріспе і-тарау



бет4/5
Дата19.01.2023
өлшемі115 Kb.
#417430
1   2   3   4   5
Байланысты:
М.Отемисулы поэзиясы
1 !9-ТЖБ Математика 6-сын қаз (pdf.io), 4a стат отчот, Экология және өмір қауіпсіздігі КЭД, БББ сырты 2023, Ұлттық құндылықтар, ЖОБА 1201-31 Шынар-Мерей, Морфология, Екпин, Проект ОП 2019-20

ҚОРЫТЫНДЫ


Махамбет Өтемісұлы – батырлық даңқын ақындық қуаты арттырған тұлға. Оның әдебиет пен ел тарихындағы орны ерекше. Оның шығармаларын жауынгерлік жыр үлгісі деп қабылдау дәстүрге айналған. Махамбет поэзиясының негізгі тақырыбы – жергілікті қанаушылар мен патша отарлаушыларына қарсы күрес. Оның жырларының ішкі болмысы көркемдігі сан тарап өлеңдерінің басты сипаты - ерлікті мадақтау.
Жалпы, қазақ поэзиясында қоғамдық оймен қатар, алғаш рет бұқаралық мүдде Махамбет поэзиясы арқылы көрініс тапты. Мұның басты себебі – Махамбет поэзиясы шаруалар көтерілісінің негізінде, соның тікелей әсерімен туды. Махамбет көпшілікті екі жікке – қара халыққа және ел билеуші әкімдерге бөліп қарады. Ол ел билеушілерге қарсы күрескен қазақ еңбекшілерінің арман –ойын, мұң-тілектерін жырлады. Махамбет батыр болып, тек қана қылыш-найзамен жауға шапқан жоқ, ол өзінің жалынды өлеңдерімен де дұшпанын найзада түйреп, езуші халықтың ой- сезімін оятты. Бұл жолда оның өлеңдері таптырмас күшті құралдардың бірі болды.
Махамбет тілге шебер ақын. Ол өзіне дейінгі ақындардың шешендігін, халық даналығын игерген сөз ұстасы.
Ақын жырларында екі бейне үнемі көпшіліктің көз алдында тұрады: ол Исатай мен ақынның өз бейнесі. Махамбет жырлары арқылы Исатай батырдың бүкіл болмысын, тарихи тұлғасын, өшпес бейнесін танып, халық сүйіспеншілігіне бөленген ардақты тұлғасын танимыз. Ал ақын өлеңдерінде неше алуан бейнелі безбенді сөздермен өзінің де тарихтағы асқаралы бейнесін жасап кеткен Махамбет поэзиясында Исатай бейнесі – шоқтығы да, көркемдігі де бөлек бейне. Мұнда ақын жыраулық поэзия тәсілдерін қандай шығармашылық шеберлікпен меңгеріп, жекешіл поэзия деңгейіне алып шыққанын аңғаруға болады. Махамбет Исатайдың тарихи ерлігінің құнын түсірмей, шынайы ерді елі үшін туған қасиетін мақтанышқа бөлей жырлайды. Исатайдың ерлігін, қажыр-қайратын кең түрде жырға қосқан ақын. Исатай қайтыс болғанда да жоқтау жырларын шығарып, өз қайғысы мен халық қасіретін үндес жеткізеді.
Осы арқылы Махамбет өз бейнесін ерді ардақтаған халықтың болмысын көрсетеді. Ақынның мақсат-тілегі, ыза-кегі, мұңы хандар мен сұлтандарға арнаған өлеңдерінде де байқалады. Шын мәніндегі биік пафос, өр мінез танылады.
Ақын поэзиясында көркемдеуіш, бейнелеуіш тәсілдер мол. Яғни, айқынау, ауыстыру, теңеу, символ, психологиялық параллелизм өз орнына дәл пайдаланылған. Сол сияқты, ақынның сөз қолданысында қиыннан қиыстырылған сөз саптаулары мен қолдану кезінде мағынасы кеңейіп, түрлене қолданылған сөз орамдары бар.
Поэзияға жан бітіретін көркемдік ойдың қуаттылығы, сезімнің оттылығы поэзиялық шығармада содан басқа ой бейнелілігінің, көркемдігінің мәні ерекше. Әр сөздің мазмұн-мағынасымен бірге ырғақ-әуезділік, әсірелеу, көркемділік, шарттылық, поэзияға өзінше сипат береді.
Махамбет поэзиясының көркемдігі – оның тіл, сөз, ырғақ әуезділігінің табиғи үндесуінде. “Тек көкірегін басарға, өлең айтып, толғау емес, ” уытты , отты сөз айту. Өлең сөзбен халыққа пана болу, күш-қайрат беру.
Ақын поэзиясының көркемдігін жинақтай келе, мынадай басты ерекшеліктерін бөліп алуға болады:

  • Махамбет өлеңдері сол кездегі дәуір поэзиясына эпикалық кеңдік, реалистік нақтылық, қуатты пафос әкелді;

  • ақын өзіне дейінгі жыраулар поэзиясындағы толғау жанрын өрістетіп, нақыл-ғибрат, дидактикалық сипат арнау өлең үлгілерін тереңдетті.

  • Поэзиямыздың ұзақ тарихында шын мәніндегі адам тұлғасын бейнелеп, оны қоғамдық-әлеуметтік жағдаймен өмір шындығымен үндестірді.

-Ақын өзіне дейінгі көркемдік тәсілдерді дамыта пайдалану арқылы мәңгілік автопортретін сомдады.
Ақын жырларының көркемдігі еш көмескіленбей, өшпей сақталатыны ақиқат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет