Мазмұны: I. Кіріспе і-тарау


І-тарау 1.1. Тарихи тұлға және көркем бейне



бет2/5
Дата19.01.2023
өлшемі115 Kb.
#417430
1   2   3   4   5
Байланысты:
М.Отемисулы поэзиясы
1 !9-ТЖБ Математика 6-сын қаз (pdf.io), 4a стат отчот, Экология және өмір қауіпсіздігі КЭД, БББ сырты 2023, Ұлттық құндылықтар, ЖОБА 1201-31 Шынар-Мерей, Морфология, Екпин, Проект ОП 2019-20
І-тарау
1.1. Тарихи тұлға және көркем бейне
Тарихқа табан тіреп, өткенмен есептесіп отыру болашақты ойлайтын адамға парыз болмақ. Ерте есейген еңселі елдер мен тамырын тарихтың терең қойнауларынан тартқан тағылымды жұрттың қай-қайсысы да өткенге ой көзімен қарап келген. Өткенді ойлау өткенмен ойнаудан сақтандырады. Яғни, кешегіні ойлау – кемел келешекті ойлау деп таныған жөн.
Әр халықтың тарихи көшінде жылдар жылжып, ғасырлар ауысса да, топ бастайтын мәңгілік рухани құндылықтар болады. Ұлы далада күрескер ғұмырын, қуанышын да, қасіретін де, кейінгі ұрпағы бас иетін бар қасиетін де, поэзия тілімен жеткізіп келген қазақ халқы үшін сөз өнері, ең басты құндылық болуы заңды.
XVIII ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың алғашқы кезінен бастап, қазақ поэзиясында қоғамдық тұрмысты, оның көзге ұрған кемшіліктері мен қайшылықтарын, адам мінезіндегі артық-кем сипаттар мен олардың арасындағы теңсіздік, әділетсіздік пен алауыздық жайларын суреттеуге нақты бетбұрыс жасалды. Поэзияның бұл дәуірде соншалықты кең қанат жайғаны Атырау, Ойыл өңірі, Сыр, Есіл, Нұра, Жетісу, Қаратау мен Ұлытау, Тарбағатай мен Шыңғыс баурайынан байқалған ақындар легінен байқалады. Зерттеуші пікірін алға тартсақ, “жер-жерден шыққан ақындар ақындық өнер, шешендік мектебін жасады. Осы таланты мен дүниетанымы әр дәрежедегі ақындардың тұтас еңбегі поэзияны өнер биігіне қарай көтере , есейте түсті. Оның көркемдік сапасын жаңа сатыға жеткізді, шын мәніндегі жазба әдебиет туып дамыды. Осының бәрі әдебиеттің қоғамдық орны мен рөлін, салмағы мен күш-қуатын әрдайым арттырып отырды.”, – деп М.Мағауин түйіндеу жасайды.
ХІХ ғасыр поэзиясын үш кезеңге топтайтын болсақ, соның алғашқы кезеңі 30-40 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңге тән қасиет – бұқараның билік иелеріне бағытталған ызасы мен кегі, содан туындаған өршіл де күресшіл поэзия. Бұл поэзия Махамбет сынды ердің жалынды жырларын туғызып, кейінгі дәуірлерге өзектесіп, жалғасын тауып жатты.
Күрескер ақын Махамбетке тән сөз өнерінің тамыры өз тегінен тамыр тартса керек. Махамбеттің атасы Құлмәлі би, батыр, шешен адам болса, әкесі Өтеміс Айшуақ, Бөкей дәуіріндегі беделді билердің бірі болған. Махамбеттің ақындық, шешендік дарыны елге ерте мәшһүр болады. Ол жастайынан батыр, палуан, мерген, домбырашы, ақын болады. Біраз уақыт хан баласы Зұлқарнайынмен бірге тәрбие алады. Сол кезден–ақ үстем тап зєбірін көріп өскен Махамбет олармен ымыраға келмейді. Мұның соңы тарихқа “Махамбет-Исатай қозғалысы” деген атпен қалған көтеріліске ұласады.
Өз кезінде “Елімді иесіз деймісің, ерімді киесіз деймісің,” – деп Үмбетей жырау айтқандай, аталы жұртымызда, айбынды елімізде киелі ерлер баршылық. Сондай-ерлердің бірі – Исатай Тайманов.
Исатай – тарихи тұлға, оны қалың халықтың дәріптегенін тап басып білуі, сөзге беріктігі, істегі қаһармандығы, қажымас қайраттылығы сияқты ізгі қасиеттері, оның басқалардан шоқтығы биік, беделі жоғары болуына негіз болса, Махамбеттің жалынды жырларында оның көтеріліс көсемі, батыр да ақылды, халық үшін туған ер ретінде жырлануы- оның бөлекше жан екендігін айқындай түсті. Әсіресе, “Тарланым” өлеңінде:
Кермиығым, кербезім,
Құландай ащы дауыстым,
Қырмызыдай ажарлым,
Теңіздей терең ақылдым, – деп ерге лайық тұлғасын келістіре келе:
Таудан мұнартып ұшқан тарланым,
Саған ұсынсам қолым жетер ме, - деп батыр бейнесін биіктете түседі. Сол сияқты ақын Исатайды “Жауды көрсе жапырар аруақты ерге”, “Қара ұлымен дос болған, хан ұлымен қас болған, дұшпанының қанына ақ алмасын суырған батыр ағаға”, “Қабырғасын сөксе де, қанын судай төксе де қайыспайтын қара нарға” теңеп, Исатайдың өн бойындағы жақсы қасиеттерді емірене жырлайды.
Қазақ өлеңінің ұлттық сипатын арнайы қарастырған зерттеуші
Б. Кәрібозұлы ұлттық мінездің өлеңде ақын тұлғасымен байланысты болатындығын айта келе: “Тау – биіктіктің өлшемі. Өлең өнеріміздегі тау бейнесінің яки, биіктіктің белгілі дәрежеде адам мінезін қалыптастыруға әсері барын мойындасақ, биіктік ұғымының ұлттық мінезге де өлшем болатынына да ден қоямыз. Тау – биіктіктің, теңіз-тереңдіктің символы” – дейді.
Махамбет поэзиясын зерделегенде оның екі түрлі сипаты көзге түседі. Халық бостандығын жырлағанда, Махамбет көбіне романтизм стилінде байқалатын сарындағы асқақ поэзияның ақыны болды. Халық қозғалысын, Исатай бейнесін ол толғау жырына тән прогресті романтизм сипатында береді. Ал хандық құрылысқа келгенде, ол сатирик ретінде көрінеді.
Халық пен ханды Махамбеттей өткір шендестірген поэзия оған дейін болған емес.
Өзінің “Ереуіл атқа ер салмай”, “Соғыс”, “Толғау” дейтін өлеңдерінде Махамбет, Исатай қозғалысының өрлеу үстіндегі суретін береді. Онда елді азаттық күресіне үндеу, халық пен батырлар ынтымағын жырлау басым. Көтеріліс жеңіліс тапқан соң, ақын енді Исатай бейнесін, оның халық бостандығы үшін бас берген ерлігін басым жырлайды. Зерттеуші М. Мағауин бұл турасында мынадай ой айтады: «Көтеріліс басылған соң Махамбет өнернамасы жаңа арнаға түседі. Жәңгір хан жасағымен, патша әскерімен арада болған ұрыстардың шынайы суретін жасаған ақын, көтерілістің жеңіліске ұшырауын халық басына түскен қаралы күн деп ұғады, ал бұқара ұйытқысы Исатайдың өлімін орны толмас қазаға балайды. Исатайды азалап шығарған жырларында Махамбет халық көтерілісі басшысының асқақ бейнесін тұлғалап қана қойған жоқ, жұртын сүйген, жеке басының мүддесінен ел мүддесін жоғары қоя білген азамат қандай болу керектігін көркем бейнелейді».
Ақынның жиырмаға тарта жыр-толғауларында Исатай бейнесі ашылады. Мәселен, “Мұнар күн”, “Тайманның ұлы – Исатай”, “Тарланым”, “Бағаналы терек”, сияқты әрі серпінді, әрі мұң мен шерге толы өлеңдер. Ал он шақты өлеңінде батыр ағасының рухы көрінеді. Олар “Исатай деген ағам бар”, “ Кел, кетелік”, “ Әй Махамбет жолдасым”, “Мінкен ер”, “Қызғыш құс”, “Есіл ер”.т.б.
Махамбеттің Исатайға арнаған жырларының көпшілігі батыр қаза тапқаннан кейін шығарылған. Ақын тірі кезінде батырды көп дәріптемеген. Қайтыс болғаннан кейін оның рухы мен бейнесін халық санасынан өшірмеуді ойлап, өлеңдер арқылы оның елі үшін, туған ер екендігіне мәңгі ескерткіш орнатқандай.
Исатай мен Махамбет – тарихи тұлғалар. Ханға қарсы шаруалар көтерілісін ұйымдастырған, ханға халықтың кегін оятқан қас батырлар. Олар бұрынғы шектен шыққан қысымшылыққа шыдамады. Талай айтқан талап-тілектері аяқ асты болғандықтан, көтеріліске шықпауға шаралары қалмады. Өздерінің бұл жөніндегі нақты мақсат-жоспарлары бар екендігін, Махамбет өлеңдерінде байқатып отырды. Бұған байланысты көсемдік пен батырлық, әрине Исатайдың басшылығымен болған еді.
“Соғыс” деген өлеңінде:
Исатайдың ол күнде,
Ақтабан аты астында,
Дулығасы басында,
Зығырданы қайнайды, - деп соғыс басталғанға дейінгі Исатай бейнесін береді. Бұл жерде оның бейнесі эпостық жырлардағы жауына тас түйін болып дайындалған батырларды елестетеді.
Одан кейінгі шайқас үстіндегі кейпі “толғай-толғай оқ атқан”, “он екі тұтам жай тартқан, қабырғасын қақыратқан, тебінгісін тесе атқан” тұрғысында суреттеледі. Осы жүректілігімен Исатай сарбаздарын шабуылға ұйымдастыра білді.
Өз өлеңдерінде Махамбет өзіне басшы болған ер Исатай бойындағы мінді де айтпай кете алмайды. Хан ордасын шаба келіп, ханға талабымызды орындасын деп хабар салғанда, хан он күн ойлануға рұқсат сұрайды. Махамбет мұны орындамау керектігін айтқанда, Исатай құлақ салмайды. Бұған жасақ ішінде наразылықтар туып, он күн ішінде қол тарап кетіп, оларды дер кезінде жинап үлгермейді. Исатай мерт болған соң, Махамбет “Әй, Махамбет, жолдасым” деген Исатай монологын шығарады. Ақын Исатайға көп кінә тақпай, сыздықтатып қана жеткізеді. Махамбет “батыр аңғал” деген халық даналығын айтып, Исатайды таза кейіпте алып шығады. Батыр жіберген қателікті тіке айтпай, оны монолог арқылы батырдың өзіне мойындату, кішіге тән ізеттілікті ағасына бағытталған құрметті көрсетеді. Сөйтіп:
Қанша айтсаң да болмадым,
Сөзіңе құлақ салмадым,
Бұрала біткен емендей,
Қисық туған сорлы ағаң, - деп кінәні өзіне айтқызады. Жау жағы күннен күнге күшейіп, соңында елді Исатайдан айрылу қасіреті басқандығын ақын көп жырында қабырғасы қайысып отырып жырлайды. Махамбеттің мұңға толы жыры – Исатайдан айрылған халықтың мұң-қайғысы. Ақын жырлары сол халық тартқан қасірет айнасы. Махамбет толғауларында тарих көрінісі бар екендігін айтқан зерттеуші Қ. Жұмалиев оның шығармасындағы басты орынды тарихи бейне – Исатай алатындығын атайды.
Махамбет толғауларында Исатай бейнесі ертегінің алып батырындай ерекше. Ақын өлеңге бейнелеу, үдетудің небір белгісін бере отырып, Исатайдың өмірдегі шындық қалпын, қасіреті мен мұңын, өткір, ұшқыр қалпы мен тосылған, таусылған шақтарын аса бір шынайылықпен өзгеше шеберлікпен жеткізе білген.
Махамбет Исатайдың тарихи ерлігінің құнын түсірмей, шынайы, елі үшін туған ер, жерге деген махаббат пен мақтанышқа бөлеп жырлайды.
Махамбеттің Исатайды жоқтаған жырларының әрқайсысында батыр әр алуан қырынан көрінеді. Батырды халық санасында мәңгілік тұлға етіп қалдыруға ерекше құлшыныспен, шабыттана жырлайды. Исатайдың қайтыс болған күні он сан байтақ үшін қаралы күн, мұнар басқан күн екендігін айтады. Исатайдан айрылған елдің енді ештеңені қажет етпей, тіршілік дүниесінен түңілгендей күн кешкенін аңғарамыз.
Исатайдың толыққанды бейнесін беруде “Тарланым” өлеңінің орны ерекше. Мұнда ақын, ерекше шабытпен төгілген. Батырды қайта тірілткендей баламалардың бірінен екіншісін асырады. Батырдың сырт тұлғасы ғана емес, ішкі сырын, қайтпас қайсар мінезін, ақылы мен өнерін, жауға деген айбарын, ашуын, ел ішіндегі беделін көтере жырға қосады. “Арыстан еді – ау Исатай, бұл пәнидің жүзінде, арыстан одан кім өткен” деп ерекшелейді.
Қазақ әдебиеті тарихында Баймағамбет пен Исатайға қатар жыр арнаған ақын – Шернияз Жарылғасұлы. Ол Исатай бастаған көтерілістің үгітшісі ретінде танылып, кейіннен Баймағамбет сұлтанның қудалауына түседі. Сөйтсе де, Исатаймен жолдас болған кезін аңсап, Махамбет ақынмен қатынасын үзбеген.
“Қазақ әдебиетіне Шернияздың әкелген бір жаңалығы – ол ертеден келе жатқан импровизация өнерін, кемелдендіре, жетілдіре түсіп, оны өзіне қарсыласушылардың мін-кемістіктерін, оғаш мінездерін көрсетуге, әжуә етуге шебер пайдалана білген мысқылшы”. Ақын халық арасында кең жайылған айтыс түрін Баймағамбет сұлтанмен кездесуінде кең пайдаланған. Ақын өзін таныстырғанда да “Байеке, танымасаң танытайын, мен едім Исатайдың Шерниязы” дейді. Сөйтіп, Баймағамбеттің басына бірқатар кінә тағады. Соның ең үлкені – Исатайға қатысты.
Кешегі Исатайдай есіл ерді ,
Орысқа ұстап бердің тіл білмеген, – деп енді қайтіп Исатайдай ер тумайтынына өкініш етеді.
Махамбет пен Шернияздың Баймағамбетке жыр арнауында айырмашылық бар. Өткір тілді, өжет мінезді Махамбет Баймағамбетке ойын, тіке, тура, өткір жеткізіп, Исатайдың қол бастаған ерлік, қаһармандығын сан алуан сипатта көрсетеді. Шернияз Баймағамбетке айтар кінәсін, қателігін астарлап, тұспалдап, жеткізсе, Исатайды тек батыр ретінде ғана емес, “өзіне мал беріп, отау тігіп берген” еңбегін яки, адам ретіндегі тұрмыстық қатынастағы мінез-қасиетін де тілге тиек етеді. Мәселен:
Кешегі Исатайдың арқасында,
Ие едім, ен дәулетке басыбайлы, – деп жомарттығын, қамқорлығын жырға қосады. Махамбет поэзиясында Исатайдың қаһармандық тұлғасы, жан-жақты сомдалады.
“Ер бір рет, ез мың рет өледі” – дейді халық. Ер де, ез де адам баласы. Солай бола тұра олардың болмысы бір – бірінен өзгеше. Ер де пенде, бірақ ол өмірдің бір сәтінде, қорқыныштан үркуден, өлімнен жоғары көтеріліп, тәуекелге бел байлайды, айтқанынан қайтпайды. Мұндай қайсар жандар “өлімнен ұят күшті”, “жаным-арымның садағасы”, деген қағиданы ту етіп ұстайды. Өлім, үрей– қорқыныш сезімдерін санаға, сенімге, ар мен сертке бағындырады. Ата дәстүрін жалғап, бір күндік пәни жалғанның қызығы мен шыжығынан бас тартқан мұндай жандар өз қарекетін, мақсатын ұлттық мүдде тұрғысынан өлшейді.
Махамбет қанды шайќас, тынымсыз күрес үстінде өткен өмірімен көне жыраулар жүрген жолды қайталады. Оның өлеңдері қазақ лирикасын сапалық және көркемдік жаңа бір белеске көтеріп кетті. Өлеңнің азаматтық белсенділігі артты. Сыршылдық, азаматтық сипаты күшейді, кейіпкердің даралық қасиеті бедерлене түсті.
Ақын поэзиясында үш адам тұлғасы сомдалған. Олар – ақынның өз бейнесі, Исатай батыр тұлғасы және Баймағамбет сұлтан. Соның ішінде өз бейнесі мен Исатай тұлғасы дараланған. Өлең -толғауларында ақын өз “менін” қайталап, айта отырып, өз тұлғасын Исатай бейнесімен қоса өріп, толықтырып отырған. Түйіндей келгенде, Махамбет поэзиясында адам тұлғасының бейнеленуінің мынадай ерекшеліктерін байқадық.
- Махамбет өз бейнесін, күрескерлік тұлғасын сол кездегі қоғамдық – әлеуметтік орта жағдаймен соғыс, жорық, оның мақсат-талабымен үндестірген. Ақын өлең - толғауларындағы пафос, өршілдік немесе мұң-нала мен ыза-кек тек көпшіліктің бұқараның арман-тілегімен астасып жатыр;
- хан мен сұлтанға арнаған жырлары арқылы өзінің күрескерлік рухын, езгі және әділетсіздікпен ешқашан ымыраласпайтын мінез сипатын ашып, нақты көзқарасын берген;
- ақын поэзиясындағы Исатай бейнесініњ берілуі Махамбеттің түпкі ой-мақсатымен үндесіп жатыр. Екі күрескер тұлға болып, бірін-бірі толықтырып жатады.
Қазақ поэзиясындағы Махамбет пен Исатай тұлғасының шын мәніндегі мінез-қасиеті, болмыс– бітімі толық ашылған бейнелер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
бекіту туралы
Зертханалық жұмыс
Жалпы ережелер
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қысқа мерзімді
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
рсетілетін қызмет
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
пайда болуы
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі
Жұмыс бағдарламасы