Мазмұны: I. Кіріспе і-тарау



бет1/5
Дата19.01.2023
өлшемі115 Kb.
#417430
  1   2   3   4   5
Байланысты:
М.Отемисулы поэзиясы
1 !9-ТЖБ Математика 6-сын қаз (pdf.io), 4a стат отчот, Экология және өмір қауіпсіздігі КЭД, БББ сырты 2023, Ұлттық құндылықтар, ЖОБА 1201-31 Шынар-Мерей, Морфология, Екпин, Проект ОП 2019-20



Мазмұны:
I.Кіріспе
І-тарау
1.1. Тарихи тұлға және көркем бейне
ІІ-тарау
2.1. М.Өтемісұлы жырларындағы ақын автопортреті
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


КІРІСПЕ
Әдебиет халықтың ар-ұжданының көркемдік бейнесі екендігі, оның эстетикалық, танымдық мұрат-мақсаттары, ең алдымен әдебиеттен көрінетіндігі қашаннан айтылып келеді. Бір халық пен екінші халықтың арасында дәнекер болатын, оларды өзара табыстыратын бір-бірін ақ ниет, шын көңілден құрметтеуге үндейтін, рухани теңестіретін өнер екені белгілі. Оның ішінде әдебиеттің көтерер жүгі, атқаратын қызметі ерекше.
Әдебиет тарихы – халық тарихы. Әдебиетті халықтың ой-сана өсуінің, халықтың рухани дамып, кемелденуінің көркемдік тарихы дейміз. Өйткені жалпы алғандағы азаматтық ой-сананың оянуы да, шарықтап өсуі де алдымен сол халықтың әдебиетінде көрініс табады.
Қазақ халқының тарихында батырлығымен де, ақындығымен де есімі ардақталатын тұлғалардың бірі – Махамбет Өтемісұлы.
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік қайшылықтар Махамбет – Исатай бастаған шаруалар көтерілісін туғызса, Махамбет поэзиясы сол көтерілістің байрағы, ұраны болды.
Махамбет поэзиясы өзіне дейінгі өлең мен жырдың, толғаудың қалыбына сыймаған, мейлінше жаңа мағына мен мәнге ие, көркемдігі жоғары дүние болды. Ақынның әрбір жыры өткір, сұсты, тегеурінді болып келеді. Өлең толғауының әрбір жолына, сөзіне әлеуметтік жүк артып, салмақ саз беріп, оның поэзиялық қуаты мен нәрлілігін арттырды, әсерлілігін күшейтті.
Махамбеттің ақындық қуаты, өлең өрімі, тіл кестесі жайлы қазақ әдебиеттану ғылымында әріден сөз болып келе жатыр. Мәселен, Х. Досмұхамедұлы, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, Х. Сүйіншәлиев, Р. Сыздықова, М. Мағауин, Қ. Өмірәлиев, Б. Аманшин, Қ.Сыдықов тағы басқа зерттеушілер Махамбет поэзиясын өлең үлгісі, сөз қолданысы, ұйқас, дәстүрлі жыраулық поэзиямен сабақтастық тұрғысынан қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет