Математикалық есептерде Maple жүйесін қолдану



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата23.11.2022
өлшемі1.76 Mb.
#362796
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
Математикалық  есептерде Maple жүйесін қолдану
10 ЖМБ жаңарт(1)


!
KAZ
RUS
Мақал мәтелдер
02.12.2014
Математика
Математикалық есептерде Maple
жүйесін қолдану
Елбасы Н.Назарбаевтың 2011 жылғы Қазақстан 
халқына арналған «Болашақтың іргесін бірге 
қалаймыз» атты жолдауында [1] 
үдемелі индустриялық — инновациялық 
дамубағдарламасының басты мақсаттары ретінде 
ғылымды дамытуға айрықша мән берумен 
бірге,экономиканы қарқынды дамытуға мүмкіндік 
туғызатын ауқымды ғылыми — техникалық 
проблемаларды шұғыл шешу мәселесі күн 
тәртібіне қойылды.
Олай болса, қазіргі ғылыми — техникалық
төңкерістің жетістіктерін өмірге ойдағыдай енгізу
үшін қоғамдық — экономикалық, жаратылыстанулық 
және техникалық ғылымдардың өзара бірігуінің 
қарқынды даму процестерін зерттеп, оның
заңдылықтарын ашу қажеттілігі бой көрсетуде.
Осындай заңдылықтардың бірі 
ретінде,алдымен,ғылым мен техниканың барлық 
салаларын түгел қамтып, олардың жүйелі дамуына 
үлкен әсерін тигізіп келе жатқан басты бағыт 
ретінде математикаландыру процесін айтқанымыз 
жөн.
Осыдан 400 жылдай бұрын табиғатты зерттеуші 
ұлы ғалым Галилео Галилей математиканың 
барлық ғылымдардың ортақ тілі екендігін 
ерекше атап көрсеткен, сөйтіп «Философия – ұлы
Табиғатта жазылған дүние, оның беттері 
әрқашан және әркімге ашық. Бірақ оны,оның 
тілін және жазылған таңба — символдарын
меңгерген адам ғана түсіне алады.Бұл ұлы кітап
математика тілінде жазылған, ал оның таңбалары –
математикалық формулалар» — деген болатын.
Оның ғасырлар асып бізге жеткен бұл 
көрегендігін кейінде басқа көптеген ғалымдар 
да растады.
Математика әлдеқашан дүние танудың сапалық 
жақтарын зерттейтін физика,химия,
биология,астрономия сияқты ғылымдардың 
күнделікті қолданатын зерттеу құралына 
айналғаны қазіргі кезде еш дау тудырмас 
ақиқатқа айналып отыр [2].
Білім беруді ақпараттандыру үдерісінде
компьютерді оқу процесінде қолдану білім беру
жүйесін реформалаудың негізгі буынының бірі
болып саналады. Қазіргі қоғамның қажеттілігіне сай
оқытудың әдісі мен қалпын, білім берудің мазмұнын
түбірімен өзгерту компьютердің мүмкіндігін
пайдаланбай жүзеге асыру мүмкін емес деп
есептелінеді.
Қазіргі күндері білім беру саласы мен ғылыми —
зерттеу жұмыстарында туындайтын 
математикалық есептерді шешіп — зерттеуге
компьютерлік математиканың бағдарламалық
жүйелері кеңінен қолданылуда. Соңғы жылдары 
қалыптасқан компьютерлік математика жаңа 
ғылыми бағыт ретінде компьютердің көмегімен 
математикалық есептеулерді визуализация жасап 
диалогтық режимде орындайтын теориялық,
әдістемелік, ақпараттық және бағдарламалық 
құралдардың жүйесі ретінде анықталады. Бұл 
салаңың құрамындағы Exsel, MathСAD, MATLAB,
MuPAD, Derive, Mathematika, Eureka, Maple және т.б. 
жүйелер жетіле келе математиканың дербес 
ақпараттық технологиялық аппаратын құрап,
көптеген есептердің үйреншікті аналитикалық 
жолдан тезірек, аз уақыттың ішінде жеткілікті 
дәлдікпен шешімдерін алуға мүмкіндік 
беруде.Бүгінгі күндері Қазақстанның білім беру 
салаларында ақпараттандыру процесі қарқынды 
жүруі себепті, бұл салаларда қолданыстары 
тиімді және қажеттілігі жоғары компьютерлік 
математиканың бағдарламалары туралы мәліметті
Internet жүйесіндегі Amazon сайтында 
(www.amazon) көптеп кезіктіруге болатынын 
ескертеміз.
Есептеу математикасы мен экономиканың қуатты 
жабдығы ретінде құрылған Exsel жүйесінде 
рационал, тригонометриялық, логарифмдік,
дәрежелі өрнектердің сандық мәнін есептеп 
табуға, бөлшек – рационал, иррационал,
логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулерді, көп 
белгісізді сызықтық не сызықтық емес 
теңдеулердің жүйелерін шешуге болады. Maple 
компьютерлік бағдарламасында алгебралық,
тригонометриялық, логарифмдік және көрсеткіштік 
теңдеулер мен теңсіздіктерді, олардың түрлі
жүйелерін шешудің автоматтандырылған жүйесі 
жасалған. Сондықтан бұл бағдарлама мектеп 
математика курсында теңдеулер мен 
теңсіздіктерді шешуді оқытуда мұғалім мен
оқушылардың сабақ уақытын барынша ұтымды 
пайдалануына мүмкіндік береді.Шынында да,
мысалға, белгісіздері екі немесе үш абсолют 
шама таңбалары астында берілген теңдеу не 
теңсіздікті аналитикалық жолмен шешу 
қаншалықты көп уақыт алатыны белгілі белгілі.
Бағдарламалық Maple жүйесін математика 
есептерін шешуге қолдану барысында 
оқушылардың іс — әрекетке ынта — ықыласы 
арта түсетіні, бұл бағдарламалық жүйені 
оқушылардың білімін бақылауға қолдану 
мүмкіндігінің жоғары екендігі, ҰБТ – ге дайындық 
барысында бұл жүйені оқушы — талапкер өзін –
өзі бақылау құралы ретінде қолдана алатындығы 
және бұл жүйеде геометриялық күрделі 
кеңістіктік бейнелерді (денелерді) салу және
оларды қозғалысқа (анимациялау) түсіру 
әлдеқайда жеңілдейтіндігі анықталды[3].
Maple-дің негізгі символдық күші жүйенің ядросы
болып табылады. Ол жүздеген базалық функциялар
мен алгоритмдерді қамтиды. Сонымен қатар онда
операторлар, командалар және функциялардың
негізгі кітапханасы сақталған.
Жүйенің енгізілуі әдеттегідей негізгі меню
көмегімен іске қосылады: Пуск Maple11. Сонымен
қатар, бұл жүйені ярлыкқа шерту арқылы да
енгізуге болады. Енгізудің екі әдісінде де алдымен
уақытша түрлі-түсті терезе ашылады. Содан соң
барып жүйенің жұмыс терезесі ашылады.
Жүйелерінің жіктелуінен кейін (оның операторлары
мен функцияларын пайдалану арқылы) онымен
жұмыс жасауды бастауға болады. Өрнектердің
соңындағы (;) белгісі оның нәтижесінің экранға
шақырылу керектігін көрсетеді. Ал (:) белгісі бір
жолдағы бірнеше өрнекті ажыратушы ретінде
қолданылуы мүмкін. Меню жолының астындағы
басқару және форматтау панелінде орналасқан
батырмаларды қолдану көптеген қолданушыларға
осы жүйеде жұмыс істеуге өте тиімді.
Maple терезесі Windows терезесі секілді 
төмендегі қатарлардан тұрады:тақырып жолы,
негізгі мәзір, кұрал – саймандар қатары және 
жұмыс үстелі.
Сурет 1
Жоғарыдағы 1-суретте Maple11 
бағдарламасындағы тақырып жолы, негізгі мәзір 
және құрал – саймандар қатары көрсетілген.
Негізгі меню жолының функциялары:
File (Файл) – мұнда файлдармен жұмыс істеуге 
арналған командалар орналасқан.
Edit (Түзету) – мәтінді өңдеуге арналған 
стандартты командалар орналасқан.
Viev (Түр) – Maple терезесінің құрылымын
басқаратын командалар тізімі.
Insert (Кірістіру) – кірістіру қызметін атқаратын 
командалар тізімі.
Format (Формат) – құжаттарды безендіруге 
арналған командалар тізімі.
Windows (Терезе) – бір беттен келесі бетке өту 
қызметін атқарушы.
Help (Анықтамалық) – Maple туралы толық 
анықтамалықтың жинағы.
Maple жүйесінде математикалық графиканың әр
түрлі варианттарын іске асыруға болады. Мұнда
декарттық кординаттар жүйесінде немесе полярлық
координаттар жүйесінде сызылатын қарапайым
функциялардың графиктерінен бастап ең күрделі,
әртүрлі фигуралардың қиылысуы нәтижесінде келіп
шығатын графиктерді де сызуға болады.Сонымен
бірге әр түрлі теңдеулерді шешудің графиктік тәсілі
де көрсетіледі.
Maple жүйесінде бірнеше функциялардың
графиктерін қатар сызу мүмкіндігі бар. Мұндай
жағдайда графиктерді бір-бірінен ажыратып көрсету
үшін оларды әр түрлі стилде сызуға болады. Бұл
мүмкіншілікті мысалы, графиктерді экранға немесе
қағазға шығарғанда пайдалануға болады.
Maple жүйесінде графиктерді салу үшін
операторы пайдаланылады. Ол мынадай түрде 
беріледі:
Бұл жерде f — функция немесе функция өрнегі, х –
функцияның өзгеру облысын сипаттайтын 
айнымалы, v — функцияның өзгеру облысын 
сипаттайтын міндетті емес айнымалы, о —
параметр немесе график салудың стилін 
анықтайтын параметр (функция графигінің 
жуандығы, түсі, кескіні, ондағы белгілер және т.б.).
Функция графигін сызған кезде сызықтың өзін,
сызудан бөлек графиктің кейбір қасиеттерін де
қоса анықтау керек болады. Мысалы: осьтердің 
координаттарын , сызық типін және түсін т.б. Бұл
үшін графика параметрлерін қолдану керек
болады[3].
Сонымен, Maple – компьютерлік математиканың 
қуатты, әрі жан – жақты дамыған әмбебап жүйесі.
Maple – білім мен техниканың, ғылымның әр түрлі 
салаларындағы математикалық есептерді 
автоматты түрде шешуге арналған компьютерлік 
математиканың кең тараған жүйесі болып 
табылады[4].
Maple жүйесінде математикалық графиканың әр
түрлі варианттарын іске асыруға болады. Мұнда
декарттық кординаттар жүйесінде немесе полярлық
координаттар жүйесінде сызылатын қарапайым
функциялардың графиктерінен бастап өте күрделі
функциялардың және әртүрлі фигуралардың
қиылысуы нәтижесінде шығатын графиктерін сызуға
болады.
Математикада түріндегі функциялық тәуелділіктер
көп қолданылады. Бұл функциялардың графиктері
әдетте жазықтықтағы нүктелерін тізбектеп 
тұтастыру нәтижесінде сызылады. Демек, график
сызу үшін сызықтық интерполяциялау
пайдаланылады. Егер нүктелер саны жеткілікті 
дәрежеде өте көп болса, онда графиктің жуықтап
сызылғаны білінбейді.
Функция графигін сызған кезде сызықтың өзін
сызудан басқа графиктің кейбір белгі – қасиеттерін
де көрсету керек болады. Мысалы үшін, осьтердің 
атауларын, сызық типін және түсін т.б. Бұл үшін
графика параметрлерін қолдану керек болады.
Maple жүйесінде параметрлері көрсетілмей, тек
функциялық атауымен берілген функциялардың 
графиктерін де салу мүмкіндіктері қарастырылған.
Мысалға, функцияларының графиктерін салу 
үшін, берілген функциялардың атауларын Maple 
жүйесінде жазып, пернетақтадан «» пернесін 
бассақ жеткілікті.
Maple жүйесінде бірнеше функциялардың
графиктерін бір жазықтықта сызу мүмкіндігі бар.
Мұндай жағдайда графиктерді бір-бірінен ажыратып
көрсету үшін, оларды әр түрлі стильде сызу қажет.
Бұл мүмкіншілікті мысалы, графиктерді экранға
немесе қағазға шығарғанда пайдалануға болады.
Егер графикті сызған кезде параметрін
пайдалансақ, онда сызықтың түрлері параметрінің 
көмегімен:
немесе — график нүктемен шығарылады;
немесе — график тұтас сызықпен шығарылады.
атты параметр жәрдемімен график сызықтарының
әртүрлі түстерін таңдауға болады.
Мысалы, мынадай түстерді таңдау (25) мүмкіндігі 
бар:
Кесте 2
Бірнеше қатпарлы пластинкалардың графигін бір
жерде шығару мүмкіндігі қарастырылған. Мұндай
графиктерді сызу үшін функциялардың аттары
жазылып, олардың аргументтерінің өзгеру
интервалы көрсетіледі[10,11].
Maple жүйесінде графиктерді салу үшін
операторы пайдаланылады. Ол мынадай түрде 
беріледі:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені