Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және негізгі түрлері

Loading...


бет1/3
Дата05.05.2021
өлшемі24.47 Kb.
  1   2   3

8. Математикадан сыныптан тыс жұмыстар, оны өткізу әдістері 
 
         8.1  Математикадан  сыныптан  тыс  жұмыстардың  мақсаты, 
мазмұны 
                және негізгі түрлері.  
         8.2  Математикадан факультативтік жұмыстар
 
         8.1  Математикадан  өткізілетін  сыныптан  тыс  жұмыстар  –  жалпы  білім 
беретін  мектептердегі  оқу–тәрбие  процесінің  маңызды  құрамдас  бөлігі. 
Математикадан 
жүргізілетін 
сыныптан 
тыс 
жұмыстардың 
негізгі               
мақсаты  –  оқушылардың  математикаға  деген  қызығушылығын  арттыру, 
шығармашылық  қабілеттері  мен  дербестіктерін  жан–жақты  дамыту. 
Сонымен  бірге,  оқушыларды  өзіндік  және  ғылыми–зерттеу  жұмыстарының 
ең қарапайым дағдыларын үйретуге баулуға жол ашу.  
         Сыныптан  тыс  жұмыстардың  маңызды  міндеттері:  а)  оқушылардың 
танымдық  белсенділігі  мен  пәнге  деген  ынтасын  қалыптастыру;                          
б)  математикалық  білімдерін  тереңдету;  в)  дүниеге  ғылыми  көзқарастарын 
кеңейту болып табылады.  
    Математикадан  жүргізілетін  сыныптан  тыс  жұмыстарды  мазмұны 
жағынан екі топқа бөлуге болады.  
         1. Бағдарламадағы материалды қосымша өту.  
         2.  Математиканы  ерекше  қабілетпен  қызығып  оқитын  оқушылармен 
жүргізілетін жұмыстар.  
    Бірінші бағыт әр түрлі себептермен білім деңгейі, біліктілігі төмендеген 
оқушылармен  жүргізіледі.  Мұндай  оқушылармен  дайындық  мүмкіндігінше 
жүйелі  түрде,  әр  оқушыға  нақты  көмек  ретінде  болуы  керек.  Оның  негізгі 
мақсаты  математика  курсы  бойынша  оқушы  білімі  мен  дағдарысындағы 
кемшіліктерді дер кезінде жою.  
    Екінші  бағыты  математиканы  ынтамен  оқитын  оқушыларға  арналады. 
Ол төмендегідей мақсаттарға жауап береді.  
1)
 
оқушылардың математикаға қызығушылығын тудырып дамыту;  
          2) бағдарламалық материал бойынша оқушының білім көлемін кеңейту 
және тереңдете оқыту;  
          3)  оқушылардың  ғылыми  зерттеушілік  сипаттағы  дағдарысы  мен 
математикалық қабілетін дамыту;  
4)
 
оқушылардың жеке өзіндік ойын дамытып жетілдіруге тәрбиелеу.  
     Мұндағы 
мақсат 
– 
оқушылардың 
дүниетанымын 
кеңейту, 
шығармашылық қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерге тәрбиелеу.  

 
72 


Математикадан 
сыныптан 
тыс 
жұмыстардың 
негізгі 
түрлеріне: 
математикалық  үйірме,  математикалық  апталық,  математикалық  кеш, 
математикалық 
сайыс, 
викториналар, 
конкурстар, 
математикалық 
олимпиадалар, көңілді математиктер клубы, т.с.с жатады.  
         Математикалық  үйірмелер  -  сыныптан  тыс  жұмыстардың  ең  негізгі 
түрі.  Оларға  математикаға  қызығатын  және  бейімді  оқушылар  ерікті  түрде 
қатысады.  Математикалық  үйірмелер  арқылы  оқушыларға  бағдарлама 
көлемінде және математикалық қосымша мәселелерінен де түсініктер беріп, 
олардың білімін жан–жақты кеңейтуге болады. Үйірме жұмысы алдымен кең 
тынысты  шараларды  жүзеге  асыруға  бағытталуы  тиіс,  сонда  ғана  ол 
оқушылардың  ынта  –  ықыласын  толық  қанағаттандыра  алады.  Үйірме 
жұмысын  негізінен  теориялық  және  практикалық  бағыттарды  жүргізуге 
болады. Теориялық бағыттағы үйірме жұмысы мұғалімнің немесе оқушының 
белгілі тақырып бойынша әңгімесін, баяндамасын қамтып, аптасына бір рет 
жүргізіледі.  Әрбір  жұмыстың  ұзақтығы  1-1,5  сағаттан  аспағаны  дұрыс. 
Практикалық  бағыттағы  үйірме  жұмысында  әр  түрлі  мазмұндағы  есептерді 
шешіп, 
мектеп 
және 
ауданаралық 
олимпиадаларға 
даярланады. 
Оқушылардың  қызығушылығын  арттыру  мақсатымен  ойын  есептерін, 
логикалық  есептерді  және  практикалық  мазмұндағы  есептерді  көбірек 
шығарған  жөн.  Математика  үйірмесіне  көптеген  талаптар  қойылады. 
Үйірмеде  берілген  білім  оқушылардың  ой-өрісін  арттыратындай,  жоғары 
сыныптарда математиканы оқып үйренуіне көмектесетіндей дәрежеде болуы 
керек.  Үйірме  сабақтары  барынша  жүйелі,  қарапайым,  қызықты  және 
ғылыми  болуы  тиіс.  Үйірмеде  оқушылар  ерікті  түрде  пікір  алмасып,  өз 
ойларын жасқанбай ортаға салулары қажет.  
         Математика үйірмесінің мазмұны мына мәселелерді қамту керек.  
- жалпы білім беретін теориялық бағдарламалар; 
- математика тарихынан хабарлар;  
- ұлы математиктердің өмірі мен қызметі;  
- қызықты, логикалық және тарихи есептерді шығару;  
- қиынырақ есептер шығару (стандарт емес есептер);  
- қолданбалы есептер қарастыру;  
- математикалық кеш өткізуге дайындық жүргізу;  
- оқушыларды математика жөніндегі жаңа әдебиеттермен таныстыру.  
         IV-VIII  сыныптардағы  үйірме  жұмыстары  мен  математикалық  кештер 
оқушыларға  ерекше  қиындық  келтірмейтіндей,  олардың  ғылымилығынан 
гөрі қызықтылығы басым болуы керек.  
         Сыныптан  тыс  жұмыстардың  маңызды  түрлерінің  бірі  –  математика 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...