«Математика пәнін тереңдетіп оқу»элективті курс бағдарламасы Түсінік хат



бет1/4
Дата14.09.2022
өлшемі79.31 Kb.
#290396
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
«Математика п нін тере детіп о у» элективті курс ба да
Силлаб КЭД 15-16


«Математика пәнін тереңдетіп оқу»элективті курс бағдарламасы
Түсінік хат
Бұл курстың бағдарламасы математиканы тереңдетіп оқитын сыныпқа арналған бағдарламаны негізге ала отырып жасақталған. Бағдарлама математика курсында негізгі деп есептелетін төрт тараудан тұрады
Берілген курс оқушыларға бағдарлама бойынша математикадан білімдерін жалпылауға, кеңейтуге және тереңдетуге бағытталған. Сонымен қатар математикалық объектілердің бірегейлігін, жоғары абстрактілігін көруге мүмкіндік береді және математиканы өмірде, техникада, өнерде, практикалық қызметте, тұрмыста қолданудың зор мүмкіндіктерін көрсетеді, дұрыс шешімді табуда, әртүрлі есептерді соның ішінде тұрмыстағы есептерді шешудегі логиканы қолдануға үйретеді (профильдердің техникалық, гуманитарлық және басқа түрлерінің таңдауына дайындау).. Ол математиканың базалық курсын кеңейтеді және оқушыларға математиканың практикалық құндылығын сезінуге, өздерінің математикалық қабілеттерін тексеруге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, аталмыш таңдау курсы мектеп бағдарламасында көрсетілген маңызды математикалық білім мен дағдыларын жетілдіруге және дамытуға әсер етеді, математикадан мүмкіндіктерін бағалауға және болашақтағы оқу бейінін дұрыс сезініп таңдауға көмектеседі.Ұсынылып отырған курс бұрынғы алынған бағдарламалық білімдер жүйесінің дамуы болып табылады.Оқыту нәтижесінде оқушылар күрделі есептерді шығаруды және қиындығы әртүрлі есептермен бірге олимпиада деңгейіндегі есептерді де шеше білуге міндетті болады. Бағдарламаға енгізілген сұрақтар олимпиадаға және әртүрлі математикалық сайыстарға қатысу үшін дайындық жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар курс мазмұны әрбір оқушыға оқу-танымдық үдеріске белсенді түрде енуге және функционалдық сауаттылықтарын нығайтып, өзін-өзі жоғары деңгейде көрсетуге бағытталады.
Таңдау курсының сабақтарын дайындау және өткізу кезінде оқушылардың өзін-өзі анықтау үдерісіне әсер ету үшін және оларға өзін-өзі бағалау деңгейін төмендетпей, өзіне дұрыс баға беруіне көмектесу жұмыстары ұйымдастырылады.Сабақ жеке немесе топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады. Сабақтарды жүргізу технологиясында оқушыларға өтілген материалдың қаншалықты игерілгенін тексеруге мүмкіндік беретіндей өзін-өзі тексеру кезеңдері болады. Қорытынды бақылау түрі курс тақырыбы бойынша болуы мүмкін.
Математиканы оқытудағы басты мақсаттарға жетуге есеп шығару - басты қызметші болып табылады. Сондықтан математика сабақтарының жарты уақыты есеп шығаруға арналады. Қиындығы жоғары есептерді шешуге көп көңіл бөлінеді. Есептер шығару кезінде экономикамен пәнаралық байланыс айқын көрінеді, бұл оқушылардың оқу мотивациясын көтеруге, математикалық сауаттылықтарын нығайтуға мүмкіндік береді.
Курстың мақсаты:

  • мектеп курсы бағдарламасы бойынша математика пәнінен алған білімдерін шыңдай отырып, оны практикада, яғни есеп шығаруда тиімді қолдана білуге үйрету

  • математикалық сауаттылығын нығайту арқылы құзіреттілік деңгейлерін көтеру;

  • есептерді шығара отырып, өмірде туындайтын көптеген мәселелерді шешу үшін алған білім және біліктілік қабілеттерін анықтау және қолдануға дағдыландыру.

Курстың міндеті:

  • оқушының теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысымен ұштастыру арқылы есепті шешу тәсілдерін жетік меңгеру мүмкіндігін тудыру

  • өздігінен жұмыс атқару дағдыларын дамыту; берілген тақырып бойынша оқушыларға өздігінен есептер құрастыру мен оларды шығаруға мүмкіндік беру;

  • оқушыларды математика ғылымының түрлі даму кезеңдерінде жинақталған құндылықтарға қатыстыру;

  • Оқушыларға экономикалық сауаттылық негіздерін беру;

  • Оқушылардың математикалық іс-әрекетке қабілеттерін дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде