Математика мұҒалімінің КӘсіби-педагогикалық дайындығЫ


ОҚУШЫНЫ ҚАРАПАЙЫМ ЖӘНЕ ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР АРҚЫЛЫ ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ

Loading...


бет4/9
Дата14.04.2020
өлшемі0.56 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2. ОҚУШЫНЫ ҚАРАПАЙЫМ ЖӘНЕ ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР АРҚЫЛЫ ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ

2.2 . «Математиканы оқытудың жаңа технологиялары» арнайы курсының мақсаттары мен міндеттері
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» (29 бап) атты халыққа жолдауында егемендік алған мемлекетіміз, экономикалық, әлеуметтік және саяси өркендеуі үшін алдымен отандық білімнің дамуын, білім беру ұйымдарында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс жүзеге асырылу керектігі айтылды.

Математик мұғалімдердің әдістемелік құзырлылығын қалыптастыруда «Математиканы оқытудың жаңа технологиялары» арнайы курсы, оқыту технологияларының мұғалімнің мектеп оқушыларына сапалы білім, білік және дағдылар қалыптастыруында алатын орны мен рөлін түсіндіреді. «Математиканы оқытудың жаңа технологиясы» арнайы курсында оқушылардің бұрын алған білімдері, біліктері және дағдылары бір жүйеге келіп шоғырланады және оларға әдістемелік құзырлылықтың технологиялық компоненті қалыптасады. Бұл оқу үдерісінің практикаға бағытталуының маңызды педагогикалық шарты болып табылады.



«Математиканы оқытудың жаңа технологиялары» арнайы курсының мақсаттары мен міндеттері. «Әдістемелік құзырлылық» ұғымының түсініктік аппараты. Мұғалімнің кәсіби әдістемелік құзырлылығын қалыптастырудың теориялық моделі. Педагогикалық технологияның құрылымы. Педагогикалық технологияға қойылатын талаптар. Математика сабағында дамыта оқыту технологиясы. Проблемалық ахуал туындату. Эвристикалық іс-әрекетті ұйымдастыру жолдары. Бағдарланған оқыту технологиясының ерекшеліктері және түрлері. Оқу дискуссиясы. Нақты практикалық ситуацияларды талдау. Модульдік оқыту технологиясы. Ақпараттық теле-қатынастық технологияны математиканы оқытуда қолдану. Қашықтықтан оқыту. Жүйелеу және қорытындылау сабағын компьютердің көмегімен интерактивті тақтаға жүргізу. Негізгі қағидалар. Математиканы оқытудың Шаталов технологиясы. Тірек конспектін құру. Оқыту мен тәрбиелеуде оқушылардың денсаулық сақтау технологиясы. Коммуникативті- шығармашылық технологиясы.

Курстың мақсаты:

«Математиканы оқытудың жаңа технологиялары» – арнайы курсының негізгі мақсаты – болашақ мұғалімдерді жалпы білім беретін әр түрлі бағыттағы мектептерде математика сабағында қазіргі педагогикалық технологияларды таңдау және тиімді қолдану біліктілігімен қаруландыру

Курстың міндеттері:

1) оқушылардің математиканы оқытудың жаңа технологияларын меңгеру арқылы болашақ мұғалімдердің әдістемелік құзырлылығын қалыптастыру;

2) оқушылардің математиканы оқытудың жаңа технологиялары бойынша негізгі теориялық білімдерін, практикалық іскерліктерін қалыптастыру;

3) оқушыларді ұйымдастырушылық қабілеттерге, коммуникативтік қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу;

4) оқушыларді ақпараттық теле-қатынастық білімдермен, практикалық дағдылармен қаруландыру;

5) педагогикалық ой өрісінің дамуына көмектесу.

Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі курсын меңгерудің нәтижесінде оқушылар математиканы жалпы білім беретін әр түрлі бағыттағы орта мектептерде оқытуды ұйымдастыру жолдарын білу керек.



Курстың саясаты оқытушының курсты оқыту барысында, студентке қоятын талаптар жүйесі.

Төменде ұсынылатын талаптар тізімі көрсетілген:



барлық тапсырмаларды уақытында, сапалы орындау;

– себепті жағдаймен қатыспаған сабағын қайта тапсыру;

– оқу үдерісіне белсенді қатысу, сабақты жібермеу, сабаққа кешікпей келу;


  • сабақ үстінде ұялы телефонды қолданбау және т.с.с.

Академиялық этика ережесі: тәртіп сақтау; тәрбиелік; адамгершілік; шыншылдық; жауапкершіліктің болуы.

Бағалау критерийі

Қорытынды бағалау: ағымдық бақылау – 30; аралық бақылау – 30; емтихан – 40. Қорытынды бағалау төмендегідей формула бойынша есептелінеді:

(1)

мұндағы:



- қорытынды бақылау;

– ағымдық бақылау бағасының сандық эквиваленті;

– аралық бақылау бағасының сандық эквиваленті;

Е – емтихан бағасының сандық эквиваленті.

Математиканы оқыту үдерісінде өтілетін сабақтың мазмұнына, түріне байланысты дәстүрлі оқыту әдістері де және инновациялық оқыту әдістері де қолданылатыны мәлім. Дәстүрлі технологияның артықшылығы: оқушылардың күрделі материалды түсінуіне ыңғайлы, оқу-тәрбие үдерісін тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Дәстүрлі технологияның кемшіліктері: оқу үдерісінде жекелеу және саралауға мүмкіндік жоқ, оқушылардың ойлау мүмкіндігін дамытуы төмен. Сондықтан, барлық қолданылып жүрген оқыту технологияларынан, дамытып оқыту технологияларының артықшылығы мол деп есептейміз. Денсаулық сақтау технологиясын оқыту технологияларының барлық түрлерімен біріктіріп (интегралдап) қолдану керек.

Тұлғаның дамуына мұғалімнің әсері мол. Біз педагогикалық институтта болашақ математика мұғалімдерін дайындау үдерісінде оларды дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беріп, оқушыларге қажетті шарттар жасау арқылы олардың әдістемелік құзырлылығын қалыптастыруды мақсат қойып, мамандыққа дайындау жұмысын нәтижелі түрде жүргізсек, болашақ маманды қалыптастыру мәселесі шешіледі деп ойлаймыз.

В.Г. Афанасьев, «адам организмі өзі өмір сүріп отырған ортамен үнемі қарым-қатынаста болатын біртұтас дамитын жүйе», - деп анықтайды [234]. Қазіргі күні оқушының өзі ойлауына, өзі шешім қабылдауына, тұлға ретінде өзін-өзі дамытуына жағдай жасау мақсатымен оқу үдерісіне кредиттік технология енгізілін отыр. Оқушылардің өз бетімен жұмыс істеуінің маңыздылығы белгілі болғанмен, оны ұйымдастыру бүгінгі күнге дейін көкейкесті мәселе. Кредиттік жүйені енгізудің артықшылығы мол болғанмен, көп дайындықты қажет ететін жұмыс болды. Оқытудың кредиттік жүйесінде оқушылар өздік жұмыстарын міндетті түрде кітапханада және электрондық почта жүйесінде орындайды. Мұндай жұмыстың негізінде болашақ мұғалім өз-бетімен жұмыс істеуіне, өзін-өзі дамытуына және бұрынғы жиналған білімдерін шығармашылықпен қолдануларына үлкен мүмкіншілік туады. Бұл жағдайда студент ЭЕМ ның алдында көп отырады да, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі кемиді, яғни коммуникативтік қасиеттің қалыптасуы шегініп қалады.

Дамыта оқыту технологиясының негізін қалаушылар В.В.Давыдов , Л.С. Выготский , Л.В.Занков , Е.Н. Кабанова-Меллер , Ю.М.Шуба , Д.Б.Эльконин , И.С.Якиманская және т.б.

Адам психикасының дамуының мәдени және тарихи теориясының негізін қалаушы Л.С. Выготский «баланың дамуында, оның ішінде интеллектісінің дамуында, оқыту мен тәрбиелеу ілесе жүреді», – деп есептеді. Л.С.Выготский «педагогика өткенге емес, келесі күнге баланың дамуына бағытталу керек», – деді. Сонда ғана оқыту үдерісінде адамды дамытуға болатынын көрсетті.

Л.В.Занковтың зерттеулеріне дейін, Л.С.Выготскийдің идеялары оқыту дидактикасы мен практикасында қолданысы болмады. Л.В.Занков бастауыш сыныптарда, оқыту барысында педагогикалық эксперимент жүргізу арқылы, оқыту тиімділігін көрсету арқылы оқушылардың дамуын жеделдетуге болатынын көрсетті. Бұл идеяны жүзеге асыру барысында бірнеше жаңа дидактикалық принциптер құрылды. Ол дидактикалық принциптер ішінде қиындықтың жоғары деңгейінде оқыту принципі шешуші рөл атқарады.

«Қиындықтың орташа мөлшерін» жоғарылату баланың рухани күшін ашып, бағыт береді. Егер оқу материалы мен оны оқыту әдістері оқушыларға ешбір кедергі тудырмаса және ондай кедергіні жою қажеттілігі болмаса, баланың дамуы төмен болады.

Сондықтан қиындықтың жоғары деңгейінде білім беру мазмұнын таңдап құру қажеттілігі туындайды. Оқу материалы кеңейтіледі және тереңдетіледі. Оқушылардан алдымен теориялық білім, одан кейін практикалық білік пен дағды талап етіледі.

Л.В.Занков бағдарламалық материалды жоғары жылдамдықпен оқыту керек. Өтілген материал бірнеше рет қайталанса және сабақ бірсарынды жүргізілсе қиындықтың жоғары деңгейінде оқытуды жүзеге асыру мүмкін еместігін айтты.

Дамыта оқыту технологиясын Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов және олардың оқушылары құрды. Олар оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі әрекеттер жүргізуді негіздеді.

Дамыта оқыту технологияларының идеяларын жүзеге асыру барысында оқушылардың ақыл ойын дамыту, болашақ мұғалімдерді дамыту арқылы тұлға ретінде қалыптастыру және олардың өзін-өзі дамыту жолдарын В.Дудников В , С.Б. Елканов , Е.Н. Кабанова–Меллер , М.В. Кларин , И.А. Колесникова , Н.В. Корепанова, М.Хакимзянова, О.И.Щербакова , Құлжанбекова Ғ.Қ. А.М. Саранов , В.П. Симонов , А.В.Хуторский , Н.Р. Юсуйфбекова , және т.б. зерттеді.

Дамыта оқыту технологиясының дидактикалық идеясына оқушылардың рефлексиясы – ойлауға құлшындыру жатады. Рефлексия – оқып үйрену барысында оқушының әрекетін, әдіс тәсілдерінің мағынасын түсінуін қамтамасыз етеді.

Рефлексияда өзін-өзі бағалауға үлкен мән беріледі. Қазір мектептерде дамыта оқыту тхнологиясының идеяларын тәжірибелі оқытушылар қолданып жүр. Дегенмен, дамыта оқыту технологиясының кейбір жәйттері жұмыс барысында, қиындықтар туғызады. Оқушылардың барлығын жоғары жылдамдықпен, қиындықтың жоғары деңгейінде оқыту мүмкін емес.

Жеке адамның дамуына, оның өмірінің және іс-әрекетінің шарттарына қоғамдық орта әсер ететіні мәлім. Жеке адамға психикалық қасиеттер дайын күйінде берілмейді, оның іс-әрекеттерінің нәтижелерінде келеді. «Даму» терминінің қазіргі түсінігі бірден қалыптасқан жоқ. Ғалымдар көпке дейін бұл терминді баланың ойындағы, адамның жас ерекшеліктеріне байланысты психикасындағы өзгерістерді білдіретін таза психологиялық термин деп түсініп келді. Қазір дамуды адамның жас ерекшеліктерін ескергенде қабілеттерінің және физикалық, рухани күштерінің жаңаруы мен өзгеруінің біртұтас үдерісі деп түсінеміз.

Бүгінгі таңда математика қоғам өмірінде үлкен рөл атқаратыны мәлім. Математика – адамның ақыл-ойын, сана-сезімін, ойлау қабілеттерін дамытатын бірде бір құрал. Сондықтан да математиканы дамыта оқыту күн тәртібінде ең бірінші тұрған мәселе.

Адамзаттың даму үдерісі өз еркіне жіберілсе, даму баяу жүрер еді. Ал бала кезінен адамның ашылмаған табиғи қабілеттерін оятса және ол қабілеттерді дамуға бағыттаса, даму үдерісі жылдам жүреді. Ал, ойлау қабілеттері дамыған оқушы, өз бетімен ізденіске, заттар мен құбылыстарды зерттеуге құлшынады. Осылайша дарындылықтың көзі ашылады [4-286].

Дамыта оқыту қазіргі педагогикалық үдерісінің негізгі және қажетті элементі. Кеңестік педагогикада дамыта оқыту, тәрбиелеп оқыту дидактикалық қағидасына енгізілген еді.

Қазіргі кезде математиканы оқытуда негізгі дидактикалық қағидалардың бірі – дамыту қағидасы екенін негіздеуге болады.

Біріншіден, адамзаттың даму үдерісі өз еркіне жіберілсе, даму баяу жүрер еді. Ал бала кезінен адамның ашылмаған табиғи қабілеттерін оятса және ол қабілеттерді дамуға бағыттаса, даму үдерісі жылдам жүреді.

Екіншіден, математика адамның ақыл-ойын, сана-сезімін, ойлау қабілеттерін дамытатын бірде бір құрал.

Үшіншіден, ойлау қабілеттері дамыған оқушы өз бетімен ізденіске, заттар мен құбылыстарды зерттеуге құлшынуы. Осылайша дарындылықтың көзі ашылады.

Міне, осы себептер математиканы оқытуда негізгі қағидалардың бірі – дамыту қағидасы екендігін және бұл аталған қағиданы тәрбиелеу қағидасынан бөліп, жеке-дара қою керектігін дәлелдеп отыр.

Оқыту әдістемесінің тарихы да осы қорытындыға дәлел. И.Г.Песталоццийдің (1825) «Аққу әні» еңбегінде «элементарлы білім теориясы – адамзатқа табиғи берілген негіздерін, қабілеттерін қалыптастыру және дамыту» делінген [5-287, 339 б.]. «Адам жаратылысындағы адамның жүрегі, адамның ақылы, адамның іскерлігі - әрқайсысы өзін-өзі дамытуға еріксіз ұмтылады. Бұл табиғаттың мәңгі өзгермейтін заңдары. Көз көргісі, құлақ-естігісі, аяқ-жүргісі, қол-ұстағысы келеді. Жүрек сезгісі, сүйгісі келеді. Ми ойлағысы келеді». Табиғаттың өзі адамды талаптануға, еңбектенуге, ойлауға, дене шынықтыруға және сезім мүшелері мен қабілеттерін дамытуға мәжбүр етеді. Тек оқу ғана адамды дамытады. Оқушының ақыл-ойының дамуы оқыту үдерісінде жүзеге асады. «Элементарлы білім беру идеясы адамды жан-жақты гармоникалық дамыту талабынан шыққан» [6-288, 415 б.].

Сонымен, математиканы дамыта оқыту технологиясы математиканы оқыту барысында оқушылардың ақыл-ойын, өз-бетімен нәтижелі ойлауын, инттелектісін дамытып, дендері сау, өнегелі адам қалыптастыруды жүзеге асырады. Дамыта оқыту технологиясын қолданғанда үш түрлі күш қатар дамиды. Олар: бала денесі, өнегелілік, ақыл-ой. Егер үш түрлі күштің бірі дамымаса, адамның ақыл-есі дұрыс дамымаған дейміз. Естілік, парасаттылық баланың денесінің өсуі, өнегелілігі, ақыл-ойы қатар гармоникалық түрде даму нәтижесінен туады. Қоғамдағы әрбір адам парасатты яғни зерделі дамыған болса, қоғам да жан-жақты дамуы сөзсіз.

Дамыта оқыту технологиясын қолдануда оқушының дамуының бір-біріне тығыз байланысты үш компоненті болып отыр. Олар:

1) дененің өсуі яғни денсаулық;

2) өнегелілік;

3) ақылдылық (ақыл-ой).

Дененің өсуі дененің тазалығына, денсаулықтың дұрыстығына байланысты. Өнегелілік адамның адамгершілік қасиеттеріне, ішкі мәдениетінің жоғарылығына байланысты. Дені сау адамның көп жүріп, көп көріп, көп оқып өнеге алуына, ішкі мәдениетін өсіруіне мүмкіндігі бар. Дені сау, өнегелі адам оқуға, ізденуге құштар. Оқып ізденудің арқасында ақыл-ой дамитыны сөзсіз. Олай болса дамыта оқыту принципі мынандай үш мақсатты жүзеге асырады:

1) денсаулықты сақтау арқылы дененің өсуін қамтамасыз ету;

2) өнегелілікті тәрбиелеу және дамыту;

3) ақыл-ойды дамыту [4-286].

Бүкіл адамзаттың дамуы – дамыта оқытуға тікелей байланысты болып отыр. Осыған орай дамыта оқытуға үлкен көп мән беріп, мектеп денсаулық, өнегелілік, ақыл-ой секілді үш күшті қатар гармоникалық түрде дамытса, болашақта эстафетаны инттелектісі жоғары, парасатты азаматтарға береміз.

Сонымен, дамыта оқыту технологиясын қолдануда төмендегідей міндеттер қойылады:

1. Дене өсуіне көңіл бөлу, денсаулық сақтау:

а) сынып бөлмесінің тазалығын сақтау;

ә) бөлменің ауасын жаңартып отыру;

б) бел омыртқаның қисаймауы үшін оқушының отырысын үнемі қадағалау;

в) көздің саулығына мән беру т.б.

2. Өнегелілікті тәрбиелеп дамыту:

а) мәдениеттілік тәрбиелеу;

ә) қазақтың бұрынғы ұлттық қасиеттерін оқушылар бойына дарыту себебі, сол ұлттық қасиеттер. (зор мәдениеттілік, тазалық, тәртіптілік, инабатылық, төзімділік, нәзіктік, үлкендерді сыйлау т.б.)

б) зейін қойып тыңдай білу, ешкімді сөз сөйлеп тұрғанда бөлмеу, сұраққа толық жауап беру, математикалық объектілердің анықтамаларын бергенде сөйлемді дұрыс құру;

в) жауаптың дәлдігі, дұрыстығы арқылы шыншылдыққа, адамгершілікке, сұлулыққа тәрбиелеу;

3. Ақыл-ойды дамыту:

а) оқушылардың математикалық қабілеттерін дамыту:

математикалық материалды қабылдай білу;

логикалық ойлау қабілеттін дамыту;

математикалық объектілерді, қатынастарды, амалдарды талдап қорыта білу;

математикалық есте сақтау қабілетін дамыту;

ойлау үдерісінің икемділігін дамыту;

б) оқушылардың жаңа білімге құштарлығын тәрбиелеп, оны толық және тиянақты меңгерулерін қадағалау;

в) алған білімдерін қолдана білуге бағыттау;

г) өздігімен нәтижелі ойлау зердесін дамыту;

д) ізденушілік қабілеттерін дамыту.

Бұл талаптарды Ұлы Абайдың:

«… Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз,..», – шумағындағы сөз тізбегі де берілген. Шынында, талап қойып еңбектенудің арқасында ақыл-ой дамиды. Ақылы терең азамат азға қанағат тұтып, өз еліне еңбек етіп, халқына рақымшыл болады. Біздің қоғамның да түп мақсаты осындай азамат тәрбиелеу.

Сонымен, мектепте сабақты дамыта оқыту технологиясымен жүргізудің мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Біз нақты түрде болашақ математика мұғалімдеріне дамыта оқыту технологиясын математика сабағында қолдануды қалыптастырдық.,

Математика сабағында оқушыларды жұмысқа жұмылдыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатымен мұғалім оқытудың тиімді түрлері мен әдістерін таңдайды.

Проблемалық ахуал мен проблемалық оқыту әдісінің айырмашылығы бар. Ол мынада: кішігірім проблемалық аухалдар сабақты басқа тәсілмен жүргізіп жатқанда да «миға шабуыл» жасау үшін бір сабақта бірнеше рет қойылуы мүмкін. Ал, проблемалық оқыту әдісінде оқушылардың алдына, шешу уақыты бір сабақты қамтитын, ірі проблемалық аухал, сұрақ не есеп түрінде беріледі. Осы жағдайда, сабақ толығымен проблемалық оқыту әдісімен жүргізілді делінеді. Оқушы бұрыннан белгілі әдістер арқылы мақсатына жете алмаған жағдайда, терең ойлану, іздену үдерісі басталады, танымдық ізденімпаздыққа қажеттілік туады. Сол мезетте мұғалім оқушылардың ойларын бағыттап, ізденістерін басқарып отырады.

Сонымен, «проблемалық оқыту – математикалық білім беру үдерісінде мұғалімнің жетекшілігімен, оқушылар алдына қойылған проблемалық ахуалды өз беттерімен шешіп, жаңа білім алуды көздейтін, мазмұны мен құрылымы бойынша оқытушы мен оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін жинақтайтын оқыту технологиясы».

Проблемалық ахуалдар қоюдың 20 - дан астам жолдары бар. Практикада М.И.Махмутов проблемалық ахуалдар туындайтын төмендегідей шарттарды көрсетті:

1) оқушылар өмірде теориялық түсініктеме қажет ететін құбылыстармен және фактілермен кездескенде;

2) оқушылармен практикалық жұмыс ұйымдастырғанда;

3) өмірдегі құбылыстарды талдау барысында;

4) жорамал жасағанда;

5) жаңа фактілерді талдап, қорытынды шығарғанда;

6) фактілерді, құбылыстарды, объектілерді салыстырғанда;

7) зерттеуге нақты тапсырма берілгенде және т.б.

Проблемалық оқыту әдісімен жүргізілетін сабақтың схемасы:

1. Проблемалық ахуал туындату.

2. Проблема қою.

3. Проблемадағы сипатталған ахуалды зерттеу.

4. Қойылған проблеманы шешу:

а) проблеманы талдау және оны шешудің тиімді жолын табу;

ә) проблеманы шешуге қажетті мәліметтерді жинақтау;

б) проблеманы шешу жоспарын құру;

5. Проблеманы шешу және оның дұрыстығын негіздеу.

6. Проблеманың шешу жолын және нәтижесін зерттеу.

7. Проблеманы шешу нәтижесінде меңгерген жаңа білімді практикада қолдану.

8. Қойылған проблеманы кеңейту және жалпылау мүмкіндіктерін қарастыру.

9. Проблеманың шешімін зерттеу және басқа тиімді шешу жолдарын іздеу.

10. Жүргізілген жұмысты қорытындылау.

Проблемалық ахуал оқушылардың ой-өрісінің мүмкіндігіне сай, олардың оқуға ықыласын дамытатындай болу керек. Проблемалық іс-әрекеттің үш негізгі түрлері бар. Олар: проблемалық түсіндіру, ізденіс әрекеті және өз бетімен зерттеу әрекеті. Бірінші «проблемалық түсіндіруде» жаңа материалды оқытушы өзі түсіндіргендіктен, оқушылардің танымдық ізденімпаздығының қалыптасу деңгейі төмен болады. Оқытушы проблема қойғанмен, ғылыми ойлауға өзі бағдарлап, шешу жолын көрсетіп береді. Бұл жағдайда оқушылар тек ғылыми ізденіске қатысушылар рөлін атқарады. Екінші «ізденіс әрекетінде» арнайы сұрақтардың көмегімен проблеманың дербес мәселелерін оқушылар өздігімен талдап, оған шешім іздейді. Үшінші «зерттеу әрекетінде» оқушылар қойылған проблеманың шешімін толығымен өздері іздеп табады. Оқушылар шешімін табуда қиналған жағдайда, оқытушы қосымша ақпарат береді. Проблемалық ахуалды қойып және оны шешіп үйренген оқушылар өздерінің кәсіби құзырлылығын сезініп, педагогтық және зерттеушілік жұмысқа талпынысы пайда болады.


2.2 Эвристикалық оқыту технологиясы
Енді эвристикалық оқыту технологиясына тоқталайық. Эвристика – жаңа ғылыми пән. Философия, кибернетика, психология және педагогика ғылымдар мамандары эвристиканы әрқайсысы өз тұрғысынан анықтайды.

Кибернетиктер эвристиканы есеп шығаратын машинаның не адамның жұмысының тиімділігін жақсартуға байланысты әдістер мен тәсілдер деп санайды.

Психологтар эвристиканы шығармашылық ойлануды зерттейтін психологияның бір бөлімі деп анықтайды. Педагогтар эвристиканы есеп шығарудың тәсілдері мен әдістері туралы ғылым саласы деп түсінеді.

Философтар «эвристикалық» терминді жаңалық ашу ережелері мен тұжырымдарына жатқызады. Дегенмен, эвристика – психологияның шығармашылық ойлау туралы ілімінің негізі. Эвристикалық іс-әрекет деп адамды қоршаған объектілердің белгісіз заңдылықтарын зерттейтін және жаңалықтарын ашатын ойлаудың түрін түсінеміз.

С.Ш.Шохор-Троцкий «Геометрия есеп түрінде» деген кітабында «геометрияны оқушыларға дайын күйінде беруге болмайды. Геометрияны өз еңбегіңмен ұғынып білу керек», - деді.

В.В. Репьев «эвристикалық оқыту әдісі дегеніміз – оқушылар алдына проблеманы, есеп не теорема түрінде қойып, тиімді сұрақтар арқылы сол проблеманы шешуге келтіру», - деді.

Келтірілген анықтамаларды талдай келе, біз «эвристикалық оқыту – жаңа бір ақиқатқа өздігімен жету ізденіс жолында, математикалық қабілетті, табандылықты қажет ететін және оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын оқу технологиясы», - деп анықтама бердік.

Эвристикалық оқытуды қолдану жолдарын Ю.Н.Кулготин , Ю.М. Кулюткин және т.б. көрсетті. Зерттеушілер эвристикалық әдісті есеп шығарудың ең тиімді, сенімді әдісі деп түсінеді. «Эвристикалық» термині екі жағдайда қолданылады. Бірінші жағдайда стандартты емес қиын есепті шешуге әкелетін адамның эвристикалық іс-әрекеті болса, екінші жағдайда қалыптасқан эвристикалық арнайы әдістер мен тәсілдерді басқа қиын есеп шығарғанда қолдану.

Америка математигі Д.Пойа «эвристиканың мақсаты жаңалық ашуға әкелетін ережелер мен әдістерді зеттеу». Жаңалық ашу үшін біріншіден қабілет, екіншіден жаңалық ашу жолында ойыңа жаңа идея келгенше табандылықпен ізденіс жүргізу қажет. Д.Пойа есеп шығарудың төмендегідей схемасын береді:

I. Есептің берілуін түсіну.

II. Есеп шығарудың жоспарын құру.

III. Жоспарды жүзеге асыру.

IV. Есептің табылған шешімін зерттеу.

Есепті шығарып отырған адам мынандай сұрақтарға жауап бере білу керек:

1. Не белгілі?

2. Не берілген?

3. Есептің шарты қандай?

4. Бұрын бұл есепке ұқсас есеп кездесті ме?

5. Бұл есепке жақындау есеп бар ма? Ол есепті қолдануға болар мекен?

Математик, оған бір мәселе туралы мағлұмат айтқанды жақтырмайды, ол не нәрсенің ақиқатына өзі жеткісі келеді. Сол ақиқатқа адам эвристикалық жолмен жетеді.

Н.А. Извольский «Комбинациялық жұмыс» деген еңбегінде «оқытудың ең негізгі мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» екеніне тоқталып және «1 ден 100ге дейінгі сандар» тақырыбына мынандай жаттығулар келтірді:

1. Бірінші қосынды белгілі болса, қосу амалын орындамай екінші қосындыны қалай табуға болады?

а) 23+11+9=43

7+19+21=


б)11+13+17+18+8=68

19+17+13+11+12=



2. Қосындыны қалай тез табуға болады:



Аңыз бойынша, Үндінің Сирам атты ханзадасы (VI ғасыр) шахматты ойлап шығарған адамға калаған нәрсеңді берейін деп айтыпты-мыс. Сонда ол адам шахмат тактасының бетіндегі 1-кавадратқа бидайдың 1 дән, екіншісіне 2 дән, үшіншісіне 4 дән т.с.с.әрбір келесі квадрат үшін оның алдын-дағысынан екі есе көбейтіп сұрапты. Оның осыншама «мардымсыз» тілегіне таң қалған ханзада беруге риза болыпты. Шахмат тақтасының бетіндегі барлық 64 квадратқа тиісті бидайдың дәнін есептей келгенде, ондай сыйлықты бере алмайтын болып шыққан. Шынында да, берілетін бидай дәнінің саны мынаған тең:

Егер осынша бидайды жер бетіндегі барлық құрлыққа тегістеп жайса, онда оның қалыңдығы 9 мм шамасында болар еді.

Осы қарастырылған есеп оқушыларға тапсырма ретінде беріледі. Мұғалім бұл жағдайда эвристикалық оқыту әдісін қолданып, оқушылардың математикаға қызығушылықтарын тәрбиелейді. Келесі сабақта есептің тарихына тоқталған жөн. Біз лабораториялық сабақтардың барлығын математиканы оқытудың эвристикалық технологиясымен жүргізгенде, оқушылардің шығармашылық, ізденімпаздық, зерттеушілік қабілеттері дамыды.

Мәселен, бағдарламаланған оқыту технологиясы арқылы оқушылардің өздігімен жұмыс істеу қабілетін дамытуды келтірейік. Ашық білім кеңістігінде тұлғаның өзін-өзі дамыту және өзін-өзі ұйымдастыру біліктілігін меңгеруіне оның өздігімен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру қажет. Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауда оның өзін-өзі дамыту және өзін-өзі ұйымдастыру біліктілігін қалыптастыру мақсатында бағдарламаланған оқыту технологиясын қолдандық. Оқушылар МОТӘ курсының практикалық және зертханалық сабақтарында оқу материалын блокқа бөліп, бағдарлама құру арқылы өздері де өздігімен жұмыс істеді және оқушылардың өзбетімен жұмыс істеулерін ұйымдастыруға дайындалды. Бағдарламалап оқытуда оқылатын материал блокпен беріліп, әрбір блоктан кейін оқушылардың меңгергендік деңгейі бағаланып отырылады. Материал кітапта не компьютердің мониторында беріледі. Оқушы жаңа материалды өзіне ыңғайлы желіспен оқиды. Алдыңғы блоктағы материал меңгерілгеннен кейін ғана келесі блокқа көшеді. Егер компьютермен оқытса, қазіргі компьютерлік ойындар секілді, оқыту сәнді, көрнекі безенген, дыбысталған яғни әуенмен жүргізіледі.

Оқушыларге таратылған тапсырмада әрбір тақырып блокқа бөлініп, тапсырмалармен және бақылау сұрақтарымен берілген.

Бағдарламалап оқытудың ерекшеліктері мынандай:

1) Бағдарламалап оқыту әдісі оқытуды жекелеп жүргізу қағидасына негізделген. Оқу материалын оқушылардың өздігімен меңгерулері жүзеге асады. Оқушылар оқу құралы бойынша өз бетімен оқып үйрену үшін бар қабілетін, ақыл-ойын жұмсайды. Оқу құралында оқушыларға қажетті бар теориялық материал, оқушы ойланып шешімін табатын тапсырма, сұрақтар келтіріледі.

2) Оқу материалы оқып үйренуге ыңғайлы бірнеше шағын бөліктерге (кадрларға) бөлініп беріледі.

3) Әрбір бөліктің (кадрдың) соңында, оқушылардың қаншалықты меңгергендерін тексеретін сұрақ қойылады.

4) Оқушы жауабының дұрыстығын бірден оқу құралындағы эталон жауаппен салыстырып тексеріп отырады. Осылайша өз-өзіне бақылау жасау жүзеге асады. Ішкі кері байланыс оқу үдерісін өзін-өзі басқарудың негізгі факторы екені мәлім. Егер, оқушының жауабы эталонмен сәйкес келсе, ол оқушы бағдарлама бойынша ілгері жүреді. Жауап қате болған жағдайда, оқушы оқу материалымен жұмыс жасап, қатесін тапқаннан кейін ғана келесі блокқа (кадрға) көшеді [20-303].

Бағдарламалап оқыту әдісі осы келтірілген талаптардың әрқайсысы біртұтас орындалуын қажет етеді.

Бағдарламалап оқыту әдісіне арналған оқу құралдарында оқу материалы екі түрлі тәсілмен беріледі. Олар: сызықты бағдарламаланған оқу материалы және тармақтап бағдарламаланған оқу материалы.

Сызықты бағдарламалауда, оқушы оқу материалын оқып меңгергенде алдыңғы кадрға берген жауабына байланыссыз келесі кадрға көше береді. Оқушыларға бірдей материал беріледі. Олар бір-біріне тәуелсіз өз-бетімен жұмыс жасайды. Сыныптағы оқушылардың дайындықтары, қабілеттері әр түрлі болғандықтан, әр оқушы өзіне тән жылдамдықпен жұмыс істейді.

Оқу материалын бағдарламалаудың тармақталған тәсілінде оқушы алдыңғы кадрға жауап бере алмаса келесі кадрға көше алмайды. Бұл жағдайда оқушы оқу құралында берілген қосымша теориалық материалмен жұмыс жасап қатесін түзегеннен кейін ғана ілгері жылжиды. Осылайша, оқушылардың жеке ерекшеліктері ескеріледі.

Сызықтық және тармақталған қағидаларға сүйеніп жасалған бағдарламалап оқытудан басқа, оқытудың Шеффилддік технологиясы бар. Шеффилдтік бағдарламалап оқытудың технологиясын ағылшын психологтары шығарған. Оқу материалы оқушылардың жас ерекшеліктеріне және тақырыптың ерекшелігіне байланысты әр түрлі көлемді блоктарға бөлінеді. Әрбір проблемалы блокты орындау оқушылардан зерделі жұмысты (жалпылау, дәлелдеу, түсіндіру, тексеру) талап етеді. Оқушылардың бұл технологиясы оқушылардың тақырыптағы қалдырылған бос орындарды толтыру, жауапты таңдау, олардың білімдерін толықтыру мақсатымен ұйымдастырылады.

Бағдарламалап оқытуда оқу материалы бағдарланып компьютерге енгізіліп те беріледі. Бағдарлама оқытудың дидактикалық мақсатына байланысты әр түрлі қызмет атқарады. Олардың түрлері:

1. Оқушыларға ақпарат беретін ақпараттық бағдарлама.

2. Оқушылардың білімін тексеріп, бағалайтын емтихан алушы бағдарлама.

3. Оқушылардың білімін бекіту мақсатын іске асыратын өткен материалды қайталайтын репетитор машиналар.

4. Оқушылардың практикалық іскерліктерін қалыптастыратын жаттықты-рушы бағдарламалар және т.б.

Сызықты бағдарламалап оқытудың үзіндісі келтірілді [16-297].

Алгебрада «Арифметикалық квадрат түбір» (8 сынып) тақырыбы бойынша жүргізілген сабақтың элементінің үлгісі:

Есеп: Ауданы 225 см2 квадраттың қабырғасын табыңдар.

Шешуі: Квадраттың қабырғасын x-деп белгілесек, x2 = 225 теңдеуінің бірінші шешімі 15. Екінші шешімі -15. Есептің шартына оң түбірі ғана сәйкес келеді. Яғни, квадраттың қабырғасы 15 см.

Есеп шығару барысында біз х2 = а, (а-кез-келген сан) түріндегі теңдеу алдық.

Егер а < 0 болса, онда х2 = а теңдеуінің шешімі жоқ.

Егер а = 0 болса, онда х2 = а теңдеуінің – жалғыз шешімі бар.

Егер а > 0 болса, онда х2 = а теңдеуінің екі шешімі бар.

Жоғарыдағы есепте 15 және -15 сандары 225 санының квадрат түбірлері.

1- мысал. Теңдеуді шешіңдер:

а) 0,3 х2=1,2. ә) -0,2 х2=1,8.



х2 = 4 ...

х1 = 2

х2 = -2. (шешімі жоқ)

Сонымен, а санының квадрат түбірі деп квадраты а санына тең санды айтады.

Санның теріс емес квадрат түбірі – арифметикалық квадрат түбір.

Анықтама: а санының арифметикалық квадрат түбірі деп квадраты а-ға тең теріс емес санды айтады.

Арифметикалық квадрат түбірді деп белгілейді. квадрат түбір не радикал белгісі. (radix-латын сөзі, түбір) түбір астына жазылған өрнек түбір астындағы өрнек деп аталады.

деген жазуды «а санынан алынған арифметикалық квадрат түбір» деп оқылады. Кейде қысқаша «а санының квадрат түбірі» дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мерзімді жоспар
білім беруді
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
мектепке дейінгі
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...