Математика мұҒалімінің КӘсіби-педагогикалық дайындығЫ


Математикалық білімнің дамуының педагогикалық алғы шарттары

Loading...


бет3/9
Дата14.04.2020
өлшемі0.56 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Математикалық білімнің дамуының педагогикалық алғы шарттары

Математика мұғалімін кәсіби дайындауда білімнің дамуының тарихын, әлемдік білім кеңістігіндегі және мемлекетіміздегі білім беру саласындағы өзгерістерді болашақ мамандарға жете түсіндіріп, олармен кәсіби дайындық жүргізуді қамтамасыз етудің мәні зор. Математикалық білімнің дамуының педагогикалық алғы шарттарында адамзат қоғамы даму тарихында алдыңғы буын білімдері мен тәжірибелерін кейінгі буынға қалдырып отыратыны айқын көрінеді.

Елімізде әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты барлық саладағы мамандар терең математикалық дайындықты қажет етіп отырған кезде, білім беру мен тәрбиелеу жүйесінің қажеттігін әлеуметтік және тарихи педагогикалық алғы шарттардан да көруге болады.

Қазіргі кезде кәсіби білім берудің мақсаты – өз ісін жетік білетін, құзырлы, жауапты, өз мамандығы бойынша үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын әлемдік стандарт деңгейіндегі маман дайындау. Бұл мақсат жоғары педагогикалық оқу орындарында болашақ математика мұғалімінің әдістемелік дайындығы әлеуметтік маңызды мәселе екенін көрсетіп отыр. Мамандардың кәсіби дайындығын қалыптастыру мәселесі соңғы жылдары терең зерттеліп отыр. Ғылыми зерттеулердің бір бағыты кәсіби дайындықтың мағынасын ашуға арналған. (Д.Л.Кудрявцев, Н.В.Кузьмина , А.К.Маркова , Дж. Равен , Н.С.Розов , Л.М. Устич , М.А. Чошанов , және т.б.). Кәсіби педагогикалық дайындықтың жеке компоненттерін қалыптастырудың тәсілдерін зерттеумен Т.Г. Браже , А.А. Вербицкий , Т.А.Крючкова , Н.В. Кузьмина , А.К. Маркова , С.Г.Молчанов , А.М. Новиков , А.И.Щербаков айналысқан. Кәсіби педагогикалық дайындаудағы жеке пәндердің мүмкіндіктерін Ю.К.Бабанский , В.И.Байденко , Н.А.Банько , Б.С.Гершунский, О.А.Малыгина , А.А.Столяр , А.В.Хуторской және т.б. зерттеген. Кәсіби-педагогикалық дайындықтың жеке компоненттерін қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктерін О.Т.Абдуллина , Адольф , Г.С.Алферова , А.А.Вербицкий , М.В.Кларин , В.Я.Ляудис және т.б.зерттеген. М.В.Кларин және басқалар кәсіби-педагогикалық дайындықтың жеке құрамдарын қалыптастырудың педагогикалық үдерісін зерттеген.

Болашақ мұғалімдерді дайындауда техникалық құралдарды қолданудың психологиялық аспекттерін ашуда Л.С.Выготскийдің , П.Я.Гальперин мен С.В.Кабыльницкаяның , В.С. Гершунскийдің , В.В.Гузеевтің , В.В.Давыдовтың , А.Н.Леонтьевтің , Л.С.Рубинштейннің , Г.К.Селевконың , Э.Стоунстың және басқалардың еңбектерінің әсері мол болды. Қарастырылып отырған проблеманың дидактикалық сұрақтарын Ю.К.Бабанскийдің , А.П.Ершовтың , А.Н.Капитанская, Г.Г.Левитастың , Н.Н.Михайлова , А.А.Столярдың т.б. зерттеген.

Мемлекетті өркендетуде білім беру мен тәрбиелеу жүйесінің қажеттігін, тарихи алғы шарттардан да көруге болады. Платон «Мемлекет туралы» трактатында мемлекетті өркендету үшін, алдымен оқыту және тәрбиелеу жүйесін құру қажеттігін айтты. Платонның тұжырымдамасы бойынша қоғам үш топқа бөлінді: шаруалар, тәртіп сақтаушылар, философ басшылар. Тұғыр бойынша тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің мақсаты, әрбір топ өз міндетін дұрыс орындай білуін қамтамасыз ету болды. Мәселен, тәртіп сақтаушылар алдымен дене шынықтыру, гимнастиканы, кейін оқу, жазу, математика пәндерін оқып үйренеді. Бұл сабақтар поэзия мен музыканы оқуға дайындық ретінде өтіледі. Философ басшылар ең жоғарғы білім алады. Олар осы пәндердің барлығын оқып үйренгеннен кейін, қосымша диалектиканы оқиды. Сонымен, Платон қоғамның үш тобындағы барлық мүшелері оқу, жазу, математика пәндерін оқып үйренулеріне үлкен мән берген.

Платонның педагогикалық көзқарастары оның шәкірті, математиканы «дәлелді-дедуктивтік ғылым» ретінде анықтаған Аристотельдің (б.э.д ІVғ.) еңбектерінде жалғасын тапқан. Аристотель математиканың логикалык іргетасын қалаған ғалымдардың бірі. Ол өзі ұйымдастырған, сол кездегі Грецияның басты ғылыми орталығы болып саналған мектеп-лицейде шәкірттерімен бақ ішінде серуен құрып жүріп, сабақты «әңгіме» түрінде жүргізеді екен. Әлемнің «бірінші ұстазы» сол кездің өзінде «оқушылар мен мұғалім өзара түсіністік қарым-қатынаста білімдерімен, тәжірибелерімен алмасуын жүзеге асырған. Біз оны қазір интерактивті оқыту дейміз. Аристотельдің математикалық идеяларын оның «Аналитика», «Этика», «Логика» еңбектерінен көруге болады.

Танып білу әдістері ежелгі грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотельдердің еңбектерінде келтірілген. Сократ алғаш рет оқыту және тәрбиелеудің «сұрақ-жауап» әдісін практикада қолданды (Сократтық әдіс). Бұл әдісте оқытушы сұрақтарды біртіндеп қойғанда, оқушылар жауабын ойланып беріп отырады, нәтижесінде дұрыс тұжырымға келеді. «Сократтық әдістің» мәні осы уақытқа дейін жойылған жоқ. Жапониялық әдіскер ғалым, профессор (Moriya Seiji) Мория және оның оқушыларымен, Киото қаласының педагогикалық университетінде болашақ математика мұғалімдерін кәсіби дайындау жұмыстары бойынша тәжірибе алмасу іс-сапарымда, олардың Сократтың «сұрақ-жауап» әдісін аса тиімді қолданатынын көрдім. Бұл әдісті қазір жиі қолданылып жүрген «эвристикалық» және «проблемалық» әдістердің «ата тегі» деуге болады. Математиканы және математика педагогикасын дамытуда Демокрит, Платон, Аристотель, т.б. гректің ұлы ойшыл философтарының еңбектерінің маңызы зор болды.



Арифметикадан және алгебрадан дүние жүзінде ең алғаш оқулық жазған дарынды математик әрі астроном Әбу Абдолла Мухамед ибн Мүса әл-Хорезми әл-Мәджухи еді. Бес тілді еркін білген Хорезми Бағдатта аға ғалым ретінде танылған. Хорезмидің даңқын дүние жүзіне жайған, есімін тарихта мәңгі қалдырған математикалық шығармалары: «Үнді есебі бойынша қосу мен азайту кітабы» және «Әл-жебр мен әл-мүкабала есебі жөніндегі қысқаша кітап». Біріншісінде арифметика, екіншісінде алгебра баяндалған. «Әл-жебр» деген сөз алгебра деген сөзге айналған. Ал "әл-мүкабала" деген сөз «келтіру, қарама-қарсы қою». Мұндағы ''әл-жебр" деген сөз теңдеудің екі жағын да оң болатындай етіп, оның бір жағында тұрған теріс таңбалы мүшені екінші жағына көшіру үшін жүргізілетін амалды көрсетеді. Ал, "әл-мүкабала" деген сөз теңдеудің екі жағында тұрған бірдей мүшелерді шығарып тастау керек деген мағынаны білдіреді. Сонда "әл-жебр"сөзінің мағынасы оқыту әдісін көрсетіп тұр [1-220].

Білім беру жүйесін дамытудағы педагогикалық және психологиялық ғылымдарының атқаратын рөлін қазақ халқының педагогикалық ойшылдарының тарихына үңілгенде де байқалады. Педагогикалық теория мен практиканың қайнар көзі қазақ халқының ұлттық тәрбие дәстүрлерінен, көне түркі жазба ескерткіштерінен, әл-Фарабидің педагогикалық идеяларынан басталады.



Ғылыми зерттеу жұмысының әдіснамалық құрылымын «Ғылымдардың шығуы жөнінде» трактатында алғаш көрсеткен ғалым Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) болды. Ол Аристотель еңбектерін зор зейін қоя зерттеген. Шығыс ғалымдары мен философтарына түсінікті болу үшін, оларды грекшеден араб, парсы тілдеріне аударып, кемеңгерлік пайымдаулар жасайды. Осы ғаламат еңбегі үшін ол «шығыс Аристотелі» немесе «екінші ұстаз» деген атақ алады. Сол дәуірдің ғалымдары оның ғылыми-философиялық трактаттарын, астрономия, музыка, математика, ботаника, физика, химия, медицина жайлы еңбектерін құныға окыды [2-221].

Педагогиканың философиядан бөлініп жеке ғылым болуы ұлы педагог Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) атымен байланысты. Ол алғаш рет балаларға ата-анасының әлеуметтік жағдайына, жынысына, діни көзқарасына байланыссыз жалпыға бірдей білім беру идеясын тұжырымдады және сынып-сабақтық жүйені енгізді. Ян Амос Коменскийдің идеялары осы уақытқа дейін құндылығын жойған жоқ. Оның ұсынған оқытудың қағидалары мен әдістері, оқыту түрлері педагогикалық теорияның алтын фондына енді [3-222]. Біз жалпы білім беретін мектептерді гуманитарлық, математикалық және т.б. деп бөлгенде оқушыларды жан-жақты дамыту мүмкіндігі кемиді деп ойлаймыз. Мәселен, аса математикадан дарынды оқушыларды конкурс арқылы тоғызыншы сыныптан бастап математиканы тереңінен оқытатын мектептерде оқыту өте орынды және оқытудың бұл жүйесі нәтижесін көрсетіп келе жатыр. Ал, әсіресе, қалалы жерде екі мектептің бірінде математикалық сынып ашып, қосымша жүргізілетін сағаттарға ата-аналарға қаржы төлетіп оқытқан дұрыс емес. Сол мектепте дарынды, бірақ ақылы оқуға қаражаты жоқ оқушының жағдайы ескерілмей қалады. Ал, қазір математиканы тереңінен оқитын мектептері мүлдем жоқ, жаппай жалпы білім беретін мектептері ғана бар Жапонияның оқушылары халықаралық деңгейде математикадан жоғары көрсеткішке жетіп жүр емес пе? Ян Амос Коменскийдің балаларға ата-анасының әлеуметтік жағдайына, жынысына, діни көзқарасына байланыссыз жалпыға бірдей білім беру идеясы бүгінгі күні де дұрыс деп санаймыз. Себебі, болашақ ақынға да, болашақ юристке де, дәрігерге де, қызметінде кездесетін әр түрлі мәселелерді шешуге логикалық ойлай білу (математика) қажет. Болашақ математик ұлы Абайдың, ұлы Пушкиннің т.б. өлеңдерін не қара сөздерін жатқа айтып отырса, оның көркі емес пе? Сондықтан «сегіз қырлы, бір сырлы» болашақ азамат, барлық пәндерді қажетті деңгейде оқытып үйрететін жалпы білім беретін мектептерде тәрбиеленуге тиіс. Тек оқушыларды кәсіби құзырлы мамандар оқыту керек.

Б.Б.Комаровскийдің «Орыс педагогикалық терминологиясы» монографиясындағы пәндік-тақырыптық жіктеуінде (классификациясында) мұғалімге және оның іс-әрекетіне байланысты бөлімі жоқ. Ондаға қысқаша мәліметтерден (X - XVII ғ.ғ.) XII ғасырда Киев мемлекетінде «сауаттылық шеберлері» балаларды оқуға, жазуға, құдайға сиынуға үйреткен. XV ғасырда Москва мемлекетінде «мұғалім» деген сөз тұрмыста қолданыла бастаған (мұғалім кәсібі, үйде оқытатын мұғалім). Алғаш рет 1554 жылы «мұғалім» термині «Стоглаваның оқыту және училище туралы шешімінде» қолданылған. В.Луцкий мектебінің уставында (1624 г.) мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар келтірілген. Онда мұғалім «дін тәртібін ұстаушы, ақылмен пішіп кесетін, ұстамды, ...» болу керек делінген [4].

Педагогикалық білім пайда болғанға дейін мұғалім дайындығы болмаған. XVIII ғасырдың аяғында Ресейде мұғалімнің кәсіби дайындығына мемлекеттік талаптар қойылып, оның біліміне байланысты құқықтық жағдайы заңдастырылды. Қоғам дамуының әр түрлі деңгейлерінде мұғалімнің міндеттері, функциялары, рөлі, орны және кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар өзгеріп отырды. Жоғарыда келтірілген деректерден ғалымдар, педагогтар негізінен соңғы он бес жылда кәсібилікті ұғым ретінде қарастырып, зерттеулеріне қолданып жүргенін көрдік.

Ресейде 1703 жылы Л.Ф.Магницкий (1660-1739) «Арифметика-сандар туралы ғылым» деген оқулық жазған. Алдыңғы қатардағы француз ойшылдары Д.Дидро (1713-1784), К.Гельвеций (1715-1771), П. Гольбах (1723-1789), Ж.Ж. Руссо (1712-1778), швейцарлық педагог И.Г. Песталоцци (1746-1827) тұлғаны қалыптастыруда тәрбие мен ортаның рөлін көрсетті.

ХХ ғасырда орыс педагогтары П.Ф.Каптерев (педагогикалық үдеріс туралы ілім), С.Т.Щацкий (әлеуметтік педагогика), Н.К.Крупская (сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру), А.С.Макаренко (ұжым туралы ілім), Л. В. Занкова және Д.Б.Эльконин (дамыта оқыту теориясы), П.Я.Гальперин (ақыл ойды кезеңмен қалыптастыру теориясы), И.Я.Лернер және М.Н.Скаткин (білім мазмұны және оқыту әдістері), Ю.К.Бабанский (оқу үдерісін оптимизациялау теориясы) оқыту және тәрбиелеу теориясын толықтырды [5].

60 - 70- жылдардағы педагогика теориясы және тарихы оқу құралдарында (Н.И. Болдырев, Н.К. Гончаров, Б.П. Есипов, Ф.Ф. Королев, Г.И. Щу­кина, Т.А. Ильина, И.Т. Огородников, И.Е. Шварц, Н.А. Константинов, Е.Н. Медынский, М.Ф. Шабаева) «кәсібилік» термині кездеспейді. Одан бұл ұғымның жалпыға белгісіз ұғым екенін көреміз. Тек Г.И. Щукина мен Т.А. Ильинаның еңбектерінде педагогикалық шеберлік және мұғалімнің таланты жеке ұғымдар ретінде қарастырылады.



В 80-ші жылдары «кәсіби» сөзі «кәсіби білім», «кәсіби дайындық», «кәсіби құзырлылық», «кәсіби тұғыр», «кәсіби ойлау», «кәсіби бағыттылық», «кәсіби өзін-өзі дамыту» сөз тіркестіктерінде қолданыла бастаған.

А.М. Мищенко, Л.И. Мищенко, Е.Н. Шиянованың «Педагогикалық білімнің мазмұнын қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері» монографиясында «кәсібилік» ұғымы толық зерттелген. Бұл авторлар 30-шы жылдары мұғалімнің іс-әрекетіне оның кәсіби қызметі деңгейінде талаптар жүйесі қойылып негізделген, - деген қорытындыға келді. 70-ші жылдары мұғалім тұлғасының моделі, кейін, педагогикалық білімнің мақсаты мен мазмұнының біртұтастығын көрсеткен мұғалім тұлғасының профессио-граммасы модель түрінде құрылған [6]. Қазіргі жағдайда педагогикалық ғылымда мұндай мұғалім мамандығы мен оның іс-әрекетін байланыстыратын сөз тіркестері көп қолданылады.

Онымен қатар қазіргі уақытта «педагогикалық кәсібилік» терминінің ғылыми түсініктемесі И.Д.Багаева, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, Л.М. Митина, А.И.Ми­щенко, З.И.Равкин, И.П.Раченко, Е.И.Рогов, В.Я.Синенко, В.А.Сластенин және т.б. педагогикалық білімді зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде беріледі. 70-ші жылдардан бастап, В.А.Сластениннің еңбектерінде құрылған, мұғалімнің кәсіби дайындығының теориясы осы күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Қазақстанның педагогикалық ғылымының негізін Н.Құлжанованың педагогикалық тақырыпқа жазған кітаптары (1923) және С.Қожахметовтың (1930), Ш.Қоқымбаевтың (1937), Т.Тәжібаевтың (1939) т.б. диссертациялары құрайды [7].

А.Е. Абілқасымова (оқытудағы белсенділікті арттыру), В.В. Краевский , В.И.Крупич, И.Я. Лернер , М.Н. Скаткин т.б. (ғылыми және саналылық қағидаларды жүзеге асыруды), Н.Д.Хмель , Т.И.Шамова , И.С.Якиманская (оқушыларды өз бетінше білім алуға дағдыландыру) т.б. зерттеу нәтижелерін оқу пәнінің құрамына енгізіп, оқыту мақсатын жүзеге асыруда қажетті құрал болып табылатынын дәлелдеген.

Кәсіби педагогикалық құзырлылықтың мағынасын ашуға Н.В.Кузьмина , А.К.Маркова , Н.С.Розов , В.Чипанах, Г.Вайлер, Я.Лефстед , және басқалардың ғылыми зерттеулері арналған.

Болашақ математика мұғалімін дайындау жөніндегі Ресей ғалымдары А.Г.Мордкович , А.А.Столярдың , Н.А.Терешин және т.б. еңбектері бар.

Болашақ математика мұғалімдерін дайындау мәселесі біздің елде, Бидайбеков Е.Ы. (Развитие методической системы обучения информатике специалистов совмещенных с информатикой профилей в университетах РК) , Т.О.Балықбаев (Теоретико-методологические основы формирования студенческого контингента вузов), С.М.Кеңесбаев (Жоғары педагогикалық білім беруде болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білуге дайындаудың педагогикалық негіздері) , Қ.Г.Қожабаев , Е.Ө.Медеуов (Теоретико-методологичечкие основы проектирования стандарта среднего математического образования Республики Казахстан) , А.Н.Нұғысова (Болашақ математика мұғалімдерін оқушылардың есеп шығару білігін қалыптастыруға дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері) , Д. Рахымбек (Болашақ математика мұғалімін оқушылардың логико-методологиялық білімдерін жетілдіру жұмысына дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері) , О.С Сатыбалдиев (Болашақ мұғалімдер даярлайтын жоғары педагогикалық оқу орындарында математикалық анализ курсын оқытудың әдістемелік жүйесі) , Б.Д.Садыков (Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі) [8], С.Е.Шәкілікова (Дидактические основы создания учебно-методического комплекса по математике для базовой школы) [9], және т.б. ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында әр қырынан зерттелген.

Кәсіби дайындық мәселесін Б.Кенжебеков , Ш.Құрманалина , Г.Ж.Менлибекова, С.И.Ферхо , Н.Р.Шаметов тағы басқалар зерттеп, жоғары педагогикалық оқу орындарында болашақ мамандардың кәсіптік дайындығын жетілдіруге үлестерін қосты.

Мемлекетімізде 1980 жылдарда басталған қайта құру қоғамдық өмірдің барлық әлеуметтік жақтарын қамтыды. Білімдегі қайта құру педагогикалық ойлауды өзгерту. яғни авторитарлық педагогиканы демократиялық педагогикаға бағыттау болды. Демократиялық педагогика негізінде жастарды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдірудің мағынасы:



  • адам тұлғасын оқу-тәрбие үдерісінің базалық компоненті деп мойындау, яғни тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудің объектісі мен субъектісі деп қабылдау;

– адамдар арасындағы өзара сыйластық пен сенім, адамгершілік негізіндегі қарым-қатынас;

– оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда әрекетті тұғыр;

– адамға өзін танытуға, өздігінен әрекет жасауға жағдай жасау.

Біздің мемлекетіміз әлеуметтік экономикалық қарқынға сай дамуында және әлемнің қарқынды дамып келе жатқан бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіруінде білім мен ғылым ең маңызды рөл атқаратыны ақиқат. Бүгінгі қалыптасқан білім жүйесінде, мамандардың кәсіби құзырлылық деңгейі мәселесінде кемшілік аз емес. Сондықтан, жоғары педагогикалық оқу орындарының алдына қойылатын мақсат: ғылым мен білімді жоғары сапалы деңгейге көтеру үшін мамандардың құзырлылығын арттыру және стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер енгізу болып отыр.

Қазақстанда білім беруді реформалаудың, нормативтік-құқықтық базасы жасалды, «Білім беру туралы», «Жоғары білім беру туралы», «Ғылым туралы» заңдар мен Үкімет қаулылары қабылданды. Тұңғыш рет 1993 жылы ғалымдардың, ел басқарушылардың және практиктердің үлкен тобы «Білім беруді мемлекеттік қолдаудың Ұлттық бағдарламасы» жобасын, 1996 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін реформалаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» жобасы әзірленді. 2000 жылы ҚР Президентінің үкімімен білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын анықтайтын 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған «Білім беру» Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді, «Қазақстан Республикасының білім туралы заңы» (2002ж.) қабылданды, «Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарда білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (2004 ж.) бекітілді. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсанындағы №735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленген. Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттерін және оны іске асыру тетіктерін айқындайды, әрі Қазақстан Республикасының заңнамасына, білім беру жүйесін басқару мен қаржыландыруға, құрылымы мен мазмұнына, кадр саясатына және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар әнгізу үшін негіз болып табылады. Жалпы білім беретін мектептегі реформалардың шетелдік тәжірибесі оқытудың мерзімін 12 жылға дейін ұзартуды, жоғары сатыдағы оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кәсіби оқытуды бағалау жүйесін енгізуді көздейді. 2008 жылғы 1 шілдеде Президенттің жарлығымен 2008-2012 жылдарға арналған техникалық және кәсіби білім берудің Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Елімізде әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты болашақ инженерлер, биологтар, экономистер, социологтар және т.б. мамандар терең математикалық дайындықты қажет етіп отырған кезде, педагогикалық оқу орындарының қабырғасындағы математика мұғалімін кәсіби дайындығын жоғары деңгейге көтеру үшін шаралар жасауымыз қажет. Себебі, мұғалім мектеп қабырғасынан бастап адамның жеке тұлға болып қалыптасуына бірден бір бағыт беретін жетекшісі екені белгілі.

2007 жылдың 28 ақпанында «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізілу керектігі» айтылды [10].

Білім беру саласы әрбір жеке адамға қатысы бар әлеуметтік институт болып табылады. Сонымен бірге ол жалпы мемлекеттік мәні бар қызмет атқарады, өйткені бүгінгі әрбір оқушы, студент, тыңдаушы ертеңгі ел тағдырын шешуші. «Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде қалыптасады. Бүгінгі мектеп оқушылары ертең елдің иесі болатын, елді басқаратын азаматтар» [11]. Білім беру жүйесі қоғамдық қатынастар өзгерілуіне байланысты даму жолында. Сол себепті бүгінгі таңда оқу-тәрбие үдерісінде жеке тұлғаның мүдделерін және қажеттерін ескеретін оқытудың жаңа технологияларын қолдану талап етіледі. Болашақ жеткіншектерге білім беру және оларды тәрбиелеу мақсаттарын жүзеге асыруда мұғалімдер дүниежүзілік және отандық педагогика мен психология ғылымдарының жетістіктеріне сүйенеді.

Математикалық білімнің дамуының тарихи алғы шарттарында адамзат қоғамы даму тарихында алдыңғы буын білімдері мен тәжірибелерін кейінгі буынға қалдырып отыратынын көрдік.

Сонымен, математика мұғалімін кәсіби дайындауда оның әдістемелік құзырлылығын қалыптастыру, еліміздің болашағы – жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеуге қажет, ұстаздың кәсіби дайындық деңгейін анықтайтын ұғым болғандықтан, ол мемлекет, қоғам, жоғары педагогикалық оқу орындарының үйлестірілген іс-қимылдары арқылы жүзеге асырылады.

Мектептегі математикалық білімнің міндеттері мен мазмұнына қысқаша тоқталайық. Мемлекетіміз жан-жақты өркендеуі үшін алдымен отандық білімнің дамуын талап етіп отыр. Қазір еліміздің орта мектептерінде білім беруден бастап, жоғарғы оқу орындарында мұғалімдер дайындау сапасын жетілдіру ісі қолға алынуда. Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Орта білім алу міндетті. Орта білім үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей болып табылады және жалпы, кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беруді қамтиды. Орта білім берудің міндеттілігі мен оған қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін мемлекет орта білім беру ұйымдарының сақталуына және дамуына жәрдемдеседі. Жалпы білім беру үш сатылы: бастауыш (I-IV сыныптар), негізгі (V-IX сыныптар) және жоғары (X-XI (XII) сыныптар). Математика орта білім берудің барлық сатыларында оқылады. Кез-келген білімді, оның ішінде математиканы, меңгеруге, баланың қасиеттері мен қабілеттері ерте бес жасқа дейін қалыптасатыны мәлім. Олай болса, баланы жастан, мектепке дейін тәрбиелеу мен оқытуға үлкен мән берілген жағдайда ғана, математикалық білім сапасы қажетті деңгейге көтеріледі. Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді. Осыған байланысты қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түсті. Математиканың ғылыми теориялық әдістерімен бірге практикалық қолданыстарының да ауқымының кең екені мәлім. Ғылым мен техниканың даму қарқыны, экологиялық процестерді басқару теориялары күннен-күнге математикалық сипат алып отыр.

Қуатты электрондық есептеуіш техникаларының пайда болуы, олардың өндірісте кең көлемде қолданылуы, техниканың экономикалық процестерді басқаруға араласып отыруы математиканың, басқа ғылымдар секілді, жоғары қарқынмен даму үстінде екенін көрсетеді. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруде жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіктеріне сай болуды талап етіп отыр. Осыған орай, математиканы оқыту мазмұны, оның жалпы білім берудегі орны және рөліне көзқарас өзгерді.

Мектеп оқушыларының математика ғылымынан мағлұмат алып, математикалық әдістерді меңгеріп, математикалық ойлауын дамытуға міндетті түрде қажет деп саналатын математикалық білім таңдап алынады. Математика оқу пәнінің мазмұны төмендегі себептермен өзгеруі мүмкін.

1) Оқыту мақсатының кеңеюі қоғамның дамуы және оның техникалық- экономикалық қажеттерінен байланысты мектеп оқушыларының дайындығына қойылатын талаптар өзгеруіне байланысты математиканың мазмұны ғана емес, оқушылардың математикалық білім, білік және дағдыларының деңгейіне де әсер етуі.

2) Математика ғылымының үздіксіз дамуы, математиканың ішінде жаңа пәндердің пайда болуы оқу материалының мазмұнын жаңарту қажеттігі.

3) Қоғам даму процессінде оқушылардың жалпы даму тенденциясы балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін анықтап оқу материалының мазмұнын ертерек оқу қажеттігі.

4) Педагогика ғылымдарының дамуы, математика әдістемесінің дамуы, оқытудың озат жетістіктерін енгізу, сабақ беруді жеңілдетуі;

Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектепте математикадан оқу бағдарламасы бойынша математика I-IV, V, VI сыныптарда, алгебра VII–IX сыныптарда, алгебра және анализ бастамасы X-XI сыныптарда, геометрия VII–XI сыныптарда оқытылады. Бірақ, мектеп математика курсының осылайша бөлінуі шартты түрде алынған. Мысалы, жалпы білім беретін орта мектептің «математика» пәнінде V, VI сыныптарында арифметика, бастапқы алгебра, қарапайым геометриялық ұғымдар мен салулар қарастырылады. «Геометрия» курсы VII-XI сыныптарда оқылады. «Алгебра және анализ бастамасында» арифметика, алгебра, математикалық анализ, аналитикалық геометрия, комбинаторика, статистика тараулары бар, т.с.с.

Мектеп курсы математикасында, математиканың әр түрлі тарауларының бірігуі оқулыққа қойылған талаптардың салдары. Атап айтқанда:

1) Оқулықта «математиканың» негізі толық, түсінікті түрде берілу керек;

2) Сабақты жүйелі түрде оқытуды қамтамасыз ететін, оқулықтағы матема-тиканың әр түрлі тарауларының арасында белгілі бір байланыс болу керек.

Қоғам талабына сай математикалық білімге барлық мамандықтардың әлеуметтік сұранысы артып, мектептегі математикалық білімнің міндеттері мен мазмұнына өзгерістер енгізіліп отыр. Математикалық білім беру стандартына сай негізгі мектептегі математика курсының мазмұны төмендегідей өзекті тақырыптарды қамтиды: «Сан және өрнек», «Теңдеу және теңсіздік», «Функция», «Геометриялық фигуралар және оларды өлшеу». Негізгі мектепте көрсеткіштік, логарифмдік, дәрежелік, тригонометриялық функцияларды оқып үйренеді. Оқушылар аталған функцияларды өмірмен тығыз байланыстырып оқып үйрену арқылы математика туралы практикалық қажетті мәліметтерді жинақтап, математикалық білімді жоғары сатыда жалғастыруға мүмкіндік алады.

Негізгі мектептің математика курсына қарапайым математика негіздерімен қатар бүкіл әлемдегі білім беру жүйесінде кеңінен қолданылатын стохастика элементтері енгізілді. Мектеп тәжірибесіне ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтерін енгізу мектеп мұғалімдерін қосымша дайындауды талап етеді.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде мектеп оқушылары ақпараттық теле-қатынастық құралдар арқылы өз бетінше білім алады. Сондықтан мектеп оқушылары ЭЕМ-мен және оның құрылғыларымен, ақпараттық технология құралдарымен жұмыс істей білуге дағдыландырылады.

Мектеп математика курсындағы ғылымның әр түрлі тарауларының бірігуі оқулыққа қойылған талаптардың салдары. Атап айтқанда: 1) Оқулықта қазіргі ғылымның негізі толық, түсінікті түрде берілу керек; 2) Сабақты жүйелі түрде оқытуды қамтамасыз ететін оқулықтағы ғылымның әр түрлі тарауларының арасында белгілі бір байланыс болу керек.

Математиканы оқытудың маңызды міндеті барлық оқушыларға математикалық даярлықтың кепілдік деңгейін қамтамасыз ету болып табылады, ол оқушылардың болашақта таңдап алатын мамандықтарына байланыссыз.

Математиканы оқытудың жалпы білім беру, дамыту, практикалық, тәрбиелік мақсаттары бар.

Математиканы оқытудың жалпы білім беру мақсаттары:

а) оқушыларға нақты құбылыстарды ұғындыратын математикалық әдістерді меңгеруге көмектесу;

ә) оқушыларды математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне үйрету. (қарапайым, айқын, толық, анық және т.б.);

б) оқушыларға, оқу үдерісінде және өзіндік танымдық іс-әрекеттерінде қолдануға қажетті математикалық білім, білік, дағдыларды меңгерулеріне көмектесу;

в) логикалық математикалық тіл мен ойлауды, оның ішінде кеңістіктегі көзқарас пен кеңістіктегі ойлауды дамыту;

г) математикалық ұғымдарды қалыптастыру және ұғымдардың анықтамасын, заңдардың оқылуын, теорияның негізін оқыту;

д) теоремаларды дәлелдей білуді, күрделі есептер шығаруды және проблемалық ахуалдарды шеше білуді үйрету;

е) оқушылардың математиканың рөлін түсінуін қамтамасыз ету.

Математиканы оқытудың дамыту мақсаттары:

а) оқушылардың математика ғылымына қызығушылықтарын дамыту;

ә) оқушылардың математикалық қабілеттерін дамыту: (математикалық ақпаратты қабылдау, сандық және кеңістіктік қатынастар сферасында логикалық ойлау қабілеті, математикалық объекттерді, қатынастарды, амалдарды тез және кеңінен қорытындылай білу қабілеті, математикалық талдаулар үдерісін және оларға сәйкес амалдар жүйесін оралтып жүргізу және оралған құрылыммен ойлау қабілеті, математикамен айналысқанда ойлау үдерісінің икемділігі, ойлау үдерісінің бағытын тез және еркін өзгерте білу кабілеті, шешімнің айқындығына, қарапайымдылығына, үнемділігіне және тиімділігіне тырысу, математикалық есте сақтау қабілеті, ақыл-ойдың математикалық бағыты).

б) оқушылардың оқу және ғылыми әдебиеттермен өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс жасай білулерін дамыту;

в) өз бетімен нәтижелі ойлау интеллектісін дамыту;

г) ізденушілік қабілеттерін дамыту.

Орта мектепте математиканы оқытудың тәрбиелік мақсаттары:

а) математиканың қоғамдағы алатын орны туралы және оның, ғылымның басқа салаларының дамуына байланысты дамитыны туралы мағлұматтарды қалыптастыру;

ә) оқушылардың диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыру;

б) оқушыларды қоғамдағы құбылыстарды дұрыс талдауға бағыттау;

в) оқушыларды адамгершілікке, табандылыққа, отанын сүюге, төзімділікке, шыншылдыққа, еңбекке, жауапкершілікке, әсемдікке тәрбиелеу;

г) оқушылардың математиканы оқуға қызығушылықтарын, математика ғылымына, математик ғалымдарға сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу;

д) математикалық мәдениеттілік тәрбиелеу.

Практикалық мақсаттарға оқушыларды:

а) алған теориялық білімдерін есеп шығарғанда, басқа пәндерді оқып үйренгенде қолдануға;

ә) алған білімдерін өз бетімен толықтыруға;

б) математикалық құрал-жабдықтарды, ақпараттық теле-қатынастық технологияны қолдануға;

в) оқулықтар және ғылыми әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеуге;

г) ғылыми-зерттеу әдістерін математиканы оқып үйренгенде қолдануға үйрету жатады.

Болашақ мұғалімді жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың жалпы білім беру, дамыту, практикалық, тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асыра алатындай кәсіби дайындық жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
республикасы білім
жалпы конкурс
Барлы конкурс
ызмет регламенті
дістемелік сыныстар
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
мерзімді жоспар
Республикасы кіметіні
Мектепке дейінгі
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
санды жиынты
дебиеті маманды
білім беруді
мектепке дейінгі
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
облысы бойынша
алауды тапсырмалары
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
Конкурс жариялайды
теориялы негіздері
ырыпты жоспар

Loading...