Математика мұҒалімінің КӘсіби-педагогикалық дайындығЫ


Математик мұғалімді әдістемелік қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері

Loading...


бет2/9
Дата14.04.2020
өлшемі0.56 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1.4 Математик мұғалімді әдістемелік қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері
Педагогика ғылымының тарихынан мұғалімнің іс-әрекетінің нәтижелілігі және тиімділігі оның кәсіби шеберлігінің қалыптасу деңгейіне байланыстылығы мәлім. Ғылым жаңа білімдермен толықтырылып отырғанда ғана дамиды. Ол білімнің ақиқаттығы зерттеу әдіснамасына байланысты болады. Әдіснама (грек сөзі methodos зерттеу немесе таным жолы, теория, ілім және logos сөз, ұғым): 1) теориялық және практикалық іс-әрекетті құру және ұйымдастыру әдістері мен қағидалар жүйесі; 2) ғылыми танып білу әдісі туралы ілім; 3) белгілі бір ғылым саласында қолданылатын әдістер жиынтығы [19].

В.А.Сластенин «Әдіснама – жоғары педагогикалық білімнің құбылыстары мен процестерін зерттеудің кілті», деді [17, б. 6]. Қазіргі ғылымда «әдіснаманы ғылыми танымдық іс-әрекетті құру қағидалары, түрлері және тәсілдері туралы ілім» деп түсіну керек [17, б.З].

В.И.Загвязинский әдіснамаға мынандай анықтама берді: «Әдіснама – ғылыми талдау талаптарын жүзеге асырудың нақты тәсілі және ғылыми зерттеудің құралы, басқарушы қағидасы рөлін атқаратын теориялық білім жүйесі» [20, с.9].

Э.Г.Юдин әдіснамалық білім құрылымында: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми және технологиялық компоненттерін алады [21].

«Педагогика әдіснамасы – табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы. Құрылым, әдістерді логикалық ұйымдастыру және педагогикалық шындықтың құралдары, педагогикадағы ғылыми танымның қабілеттері мен пішіндері туралы ілім» [22].

Сонымен, педагогика ғылымының әдіснамасы – педагогикалық іс-әрекетті танып білудің және жаңартудың әдіс-тәсілдері, түрлері, қағидалары туралы ілім.

Білім беру саясаты кез-келген ел саясатының құрамдас элементі, тұлғаның іргелі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің аса маңызды құралы болып табылады. Ол елдің білім беру әлеуетін дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, оларды мемлекет пен қоғамның үйлестірілген іс-қимылдары арқылы жүзеге асыруды кепілдендіреді. Білім беру саясаты арқылы әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму қарқынын арттыру ғана емес, сонымен қатар қоғамды ізгілендіру үдерісі мен оның мәдени деңгейінің өсуі де қамтамасыз етіледі [23].

Дүниеде болып жатқан бар жақсылық та, бар жамандық та, ақыл-оймен, ғылыммен жасалады. Мәселен, космосты игеру, компьютерлік технологияны өмірдің бар саласында қолдану, адам баласын қырып жоятын қару ойлап табу, адамды апаттан алып қалу және т.б.

Осы себеппен ғылымды тек жақсы ниеттегі, халқын сүйетін, адамгершілігі зор, адал, еңбекқор адамға үйрету керек.

Арам ниетті адам ғылыммен айналысса, қоғамға зиянын келтіретіні туралы Шәкәрім Құдайбердиев былай деген:

«Шын залымға берме ғалым, ол алар да оқ қылар,

Қаруым дер, кісі атып жер, ол ғылымды хая етер.

Дүниені дүзетуші hәм бұзушы бір ғылым,

Әрі залым, әрі ғалым ел түбіне сол жетер» [24].

Сонымен, тек білім мен ғылым ғана рухани салада апатты түрде етек алып жатқан теріс үдерістерді талқандай алады. Жоғарғы адамгершілік мұраттар мен өмірлік басымдылықтарды қайта жаңғыртып, үздіксіз молайтуда түпкілікті тарихи рөл атқаруға білімнің ғана шамасы келеді.

Әдіснамалық білім құрамы философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми және технологиялық төрт деңгейден тұрады. Әдіснаманың барлық деңгейлері бір-біріне бағынышты күрделі жүйе.

Танымның жалпы қағидалары мен ғылымның тиянақты аппараты әдіснаманың философиялық деңгейін құрайды. Бұл деңгейде болмысты жаңарту мен дүние тануды анықтайтын кез-келген әдіснамалық білімнің мазмұндық негізі жүзеге асады. Қазіргі кезде әр түрлі ғылымдардың әдіснамасы болатын бірнеше философиялық ілімдер бар. Педагогикада экзистенциализм, неотомизм, неопозитивизм, прагматизм, диалектикалық материализм т.б. секілді философиялық ілімдерді білеміз.

Кәсіби-педагогикалық білім берудің негізгі міндеті оқушыларге педагогикалық мәселелерді шеше білуді үйрету. Педагогикалық мәселелерді шеше білу дайындығы пәндік білімнен басқа әдіснамалық білімге негізделген. Әдіснамалық білімнің жалпы ғылыми деңгейінің негізін көптеген ғылым салаларында қолданылатын ғылыми тұғырлар құрайды.

Әдіснаманың жалпы ғылыми деңгейі эерттеушіге өзінің жұмыс істеу заңдары және құрылымы бар жүйелерді өмірдің құбылысы ретінде қарастыруға келтіретін практикаға бағыт береді. Жүйелік тұғырда компоненттердің әрқайсысы жеке-жеке қарастырылмай, бір-бірімен байланыста, қозғалыста және даму барысында қарастырылады. Жүйенің бір компоненті өзгерсе басқа компоненттері де өзгереді. Сондықтан жүйенің құрамындағы элементтерінде жоқ интегративті жүйелік қасиеттерді және сапалық сипатын анықтауға болады.

Тұлғаның дамуының негізі, тәсілі және шешуші шарты – іс-әрекет. Cондықтан математика мұғалімін кәсіби дайындауда оның әдістемелік құзырлылығын қалыптастыру мәселесін зерттеуде және практикада тұлғалық, іс-әрекеттік тұғырларды қолдандық. Адамның табиғаты, оның іс-әрекетіне қарағанда кең, көп қырлы, күрделі болғандықтан, педагогикалық оқу-тәрбие жұмысында диалогтік тұғыр пайдаланылады. Сұхбаттық тұғыр адамның үздіксіз шығармашылық даму және өзінің жақсы қасиеттерін, қабілеттерін саналы түрде тәрбиелеп жетілдіру секілді жағымды мүмкіндіктеріне сенімнің негізінде антропологиялық тұғырды қолдану арқылы құрылады. Тұлғаның белсенділігі мен өздігінен жетілу қажеттігі бөлек қарастырылмайды. Бұл қасиеттер диалогтік принципте құрылған басқа адамдармен қарым-қатынас жағдайында дамиды. Сұхбаттық тұғыр, тұлғалық және әрекеттік тұғырлармен бірігіп гуманистік педагогиканың әдіснамасының мәнін құрайды. Жоғарыда айтылған әдіснамалық қағидалар мәдениетнамалық тұғырмен байланыста жүзеге асады. Бұл тұғырды мәдениетті адамның іс-әрекетінің ерекше тәсілі ретінде түсінеміз. Ол іс-әрекеттің универсалды сипаттамасы ретінде белгілі бір іс-әрекетке бағыттайды және әлеуметтік гуманистік бағдар береді. Сонымен, мәдениетті меңгерген тұлға шығармашылық іс-әрекеттің тәсілдерін де меңгеретініне сенуге болады.

Адам баласы нақты әлеуметтік мәдени ортада тұрады және оқиды, белгілі бір этносқа жатады. Осыған байланысты мәдениетнамалық тұғыр этнопедагогикалық тұғырға көшеді. Осы ауысуда жалпы адамдық, ұлттық қасиеттер бірлігі жеке адамды «тұлға» ретінде айқын көрсетеді.

Педагогикалық үдерісті құруда және жүзеге асыруда ескеретін және тәрбиенің нысаны ретінде қарастырылатын адам туралы барлық ғылымдарды жүйелі пайдалану антропологиялық тұғыр болады. Жоғарыда келтірілген тұғырлар елеулі білім мәселелерін біртұтас диалектикалық бірлікте талдауға және ол мәселелердің иерархиясын орнатуға мүмкіндік жасайды.

Әдіснаманың үшінші деңгейі – нақты ғылыми деңгей. Ол арнаулы ғылыми пәнде қолданылатын зерттеудің қағидалары мен әдістер жүйесі. Нақты ғылымның әдіснамасына сол аймақтағы ғылыми танымның ерекше мәселелері және жүйелілік тұғыр немесе педагогикалық зерттеулердегі моделдеу секілді әдіснаманың жоғары деңгейіндегі мәселелер енеді.

Зерттеудің әдістемесі мен техникасы әдіснаманың технологиялық деңгейін құрайды. Бұл деңгейде, алғашқы өңделгеннен кейін ғылыми білімге енгізуге болатын (адам баласының тәжірибесіне ғана негізделген) материал алу қамтамасыз етіледі. Қазіргі педагогикалық зерттеулерде жүйелілік, кешендік, біртұтастық, тұлғалық, іс-әрекеттік, тарихи, сапалық, сандық, феноменологиялық, мәндік тұғырлар қолданылады.

Психологиялық ғылым, психологиялық теория мен практиканың үздіксіз байланысын ашатын сана мен әрекеттің біртұтастық әдіснамалық қағидасын зерттеп шығарды. Аталған қағида А.Н.Леонтьев [25], С.Л.Рубинштейн [26], А. А.Смирнов [27], Қ.Жарықбаев [28] және басқа да психологтардың еңбектерінде қарастырылды. Адам психикасы қызмет барысында (еңбек, оқу, ойын және т.б.). көрінеді және қалыптасады. Адам санасы өзінен өзі айқын қалыптаспайды, ол алдымен оқу мен еңбек үдерісінде белгілі бір қиыншылықты жеңіп, жаңа жетістікке жету барысында қалыптасады.

И.П.Раченко мұғалімнің кәсібилігін біртұтас педагогикалық іс-әрекет жүйесінде және педагогикалық жұмысты ғылыми ұйымдастыру тұрғысынан қарастырады. Ол төмендегідей «аса маңызды үш кәсіби талаптар келтіреді: 1) балаларды, өз пәніңді, мамандығыңды сүю; 2) кәсіби сауаттылық; 3) функционалды құзырлы болу» [41, б.9]. Ол өзінің «Интегративті педагогика» кітабында маман болу үшін педагогикалық жұмысты ғылыми ұйымдастыруды меңгеру қажет екеніне тоқталады.

Н.Д.Кучугурова «болашақ математика мұғалімінің кәсіби әдістемелік дайындығын оқушылардің кәсіби маңызды білім, білік, дағдыларды және әлеуметтік-мәдениеттілік тәжірибені математикалық білім арқылы жеткізетін және оның дамуына, өзін-өзі дамытуына жағдай жасайтын тұлғалық қасиеттер қалыптасқандығының белгілі бір деңгейіне жеткендігі», – деп анықтайды [42, б.162].

С.И.Высоцкая мұғалім тұлғасын қалыптастырғанда біртұтастық тұғырды қолданып, кәсібилікті жоғары педагогикалық оқу орындарында мұғалімдерді дайындау мақсаты ретінде қарастырады [29, б.19].

Соңғы кезде практикаға жаңа педагогикалық технологиялар енгізілуіне байланысты кәсібилік ұғымның компоненті ретінде «кәсіби дайындық» ұғымы қолданылып жүр. Мәселен, В.В. Сериков кәсіби дайындықтың төмендегідей мінездемесін береді: «өз әрекетін негіздей білу, ішкі кәсіби мотивация негізінде өзін іске жарату, білім беру мен тәрбиелеудің авторлық моделінің негізінде мақсат қою және оған жету, қабылдаған шешімдеріне жауапкершілік және т.б.» [30, б.233].

Болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығы О.А. Абдуллинаның [43], С.И. Архан­гельскийдің [31], Е.П. Белозерцеваның [32], Н.В. Кузьминаның [33], М.М. Левинаның [34], В.А. Сластениннің [35], Л.Ф. Спириннің [36] және т.б. еңбектерінде теориялық негізделген. СИ. Архангельский [31], Ю.К. Бабанский [3], Т.А. Ильина [37], В.В. Краевский [38], И.Я.Лернер [39] жұмыстарында оқушылардің дидактикалық дайындығының мазмұнын, дидактика мен пәндік әдістемені интеграциялау негізінде, жүйелік тұғырды пайдаланып анықтаған.

Математика мұғалімін кәсіби дайындауда оның әдістемелік құзырлылығын қалыптастыру мәселесін зерттеудің әдіснамасы ғылыми зерттеуді және практикалық жұмысты қалай жүргізу керектігін көрсетеді.

Ғылыми зерттеу барысында педагогиканың теориялық және практикалық жетістіктерін қолдана отырып, математика мұғалімін кәсіби дайындауда оның әдістемелік құзырлылығын қалыптастыру моделін жасау үшін төмендегідей келтірілген қағидалары басшылыққа алдық:



  1. ішкі объективті заңдардың, қарама-қайшылықтардың, нәтижелі себепті байланыстардың әсерінен дамитын педагогикалық құбылыстардың дұрыстығына сүйену;

  2. педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттеуде біртұтастық тұғырды қолдану;

3) құбылысты оның даму үдерісінде басқа құбылыстармен байланыста зерттеп тану;

  1. кез-келген ғылыми мәселені шешу мақсатында зерттеу әдісін таңдағанда бір емес бірнеше бірін-бірі толықтыратын әдістердің кешенін қолдануды негізге алу;

  2. зерттеу әдістері зерттеу пәнінің мәніне сәйкес болу керек;

  3. даму үдерісін өзіне тән ішкі қайшылықтары бар қозғаушы күш және қайнар көзі болатын өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру;

  4. оқу-тәрбие үдерісінде экспериментті, сыналып отырғандарға кесел келтірмейтіндей, өнегелілік ережесінен аспайтындай жүргізу.

Жүргізілген талдау зерттеліп отырған ұғымның мәнін түсінуге мүмкіндік жасады. Сонымен, зерттеудің әдіснамалық тұғырларын жалпылай келе, болашақ мұғалімнің әдістемелік дайындығын қалыптастыру мәселесін зерттеудің әдіснамалық тұғырлары ретінде біртұтастық, тұлғалық, құзырлық тұғыр, мәдениетнамалық, іс-әрекеттік, ақпараттық, жүйелілік тұғырлар алынды. Болашақ мұғалімдердің әдістемелік дайындығын қалыптастыру мәселесін зерттеуге қажетті әдіснамалық тұғырлар 4-кестеде келтірілген.

Жоғары педагогикалық оқу орындарының тәжрибесінде, қандай курс болмасын, оқушылармен қарым-қатынасқа, оқу жұмысының әдістері мен құралдарын таңдауға бірдей талап қойылады. Сондықтан педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде барлық курстарды, оның ішінде математиканы оқытқанда қойылатын дидактикалық қағидалар зерттеліп дайындалған. Педагогикалық қағидалар: 1) оқыту мақсатын кеңейту үшін; 2) педагогикалық үдерісті тиімді жүргізудің ұстанымы ретінде; 3) болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын қалыптастыруды ұйымдастыру және оның мазмұнын, әдістерін, құралдарын, түрлерін және олардың арасындағы байланысты таңдап алу үшін; 4) математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын белгілі бір ережемен дамыту заңдылықтары ретінде қолданылады.

Оқу-тәрбие үдерісінде мектептің алдына қойылған белсенді, саналы, жан-жақты дамыған жастарды тәрбиелеу және оқыту мақсаттарына сай жүргізетін математика мұғалімі қызметіне де бірдей талаптар қойылады.

Болашақ математика мұғалімі математиканы оқыту әдістемесі жүйесінде төмендегідей дидактикалық қағидаларға сүйену керек екендігі белгілі:

1) математиканы оқытудың ғылыми қағидасы;

2) математиканы оқытудың дамыту және тәрбиелеу қағидасы;

3) математиканы оқытудың көрнекілік қағидасы;

4) математиканы оқытудың саналылық және белсенділік қағидалары;

5) білімді берік, орнықты меңгеру қағидасы;

6) математиканы оқытудың жүйелілік қағидасы;

7) математиканы оқытудың түсініктілік қағидасы және т.б.
Кесте 4 − Болашақ мұғалімдердің әдістемелік дайындығын қалыптастыру мәселесін зерттеуге қажетті әдіснамалық тұғырлар



Әдіснамалық тұғырлар

Болашақ мұғалімдердің әдістемелік дайындығын қалыптастыру

Тұлғалық (Қ Жарықбаев, Н.В.Кузьмина,А.К.Маркова, Л.М.Митина)

Тұлғаны субъект ретінде қабылдау. Тұлғаның өзіндік ерекшелігі. Тұлғаның жеке қасиеттерін аша білуге және дамытуға бағыттау

Біртұтастық (Н.Д. Хмель, К.С. Успанов, Е.П. Нечитайлова, Л.В. Никитенкова, Г.Т. Сманова)

Кәсіби іс-әрекет барысында тұлғаның сапалық қасиеттерін біртұтас қалыптастыруға бағыттау

Мәдениетнамалық (Е.В. Бондаревская, И.А. Новик, Ш.Т. Таубаева, Н. Д. Хмель)

Тұлғаның қалыптасқандығы, дамығандығы, білімділігі адамдар арасындағы қатынастың мәдениеттілігі нәтижесі болуы

Іс-әрекеттік (Т.Тәжібаев, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев)

Тұлғаның өздігімен мақсат қоя білуі, іс-әрекетті жоспарлауы, орындауы, нәтижеге жете білуі


Құзырлылық тұғыр

(Г.С. Адольф, А.К. Маркова, Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенин, В.И. Загвязинский, Э.Г. Юдин, И.П. Радченко, Н.Д. Кучугурова, С.И. Высоцкая, В.В. Сериков)



Дайындықтың мазмұнын және жекеленген білім алу бағытын құруға жағдай жасау керектігі, өздігімен білім алу әрекетін белсенділендірудің қажеттігін мойындатуы және ауыспалы әлеуметтік шарттарда конструктивті әрекет жасауға мүмкіндік жасауы

Ақпараттық (Е.Ы. Бидайбеков, С.М.Кеңесбаев, Ж.А. Қараев, К.Аганина, Б.Г.Гершунский, В.А.Скибицкий, В.А.Садовничий, Т.А.Сергеева, Е.С.Полат, А.М.Матюшкин, О.И.Агапова, О.А.Кривошеев)

Тұлғаның ақпараттық сауаттылығын, өздігімен білім алуын және өзіндік дамуын қамтамасыз ететін ақпараттық телекоммуникативтік технологияларды колдана білуі

Жүйелілік (А.Байтұрсынов,

Н.Д.Хмель,)

Тұлғаның кәсіби дайындығын жүйелі түрде ықпал ету арқылы жүргізу. Компоненттер дамуында, қозғалысында бір-бірімен тығыз байланыста болуы

Болашақ математика мұғалімінің әдістемелік дайындығын қалыптастырудың негізгі қағидаларын анықтау үшін М.Н.Скаткиннің төмендегідей педагогикалық қағидалар жүйесі қарастырылды:

– тәрбиелеу және дамыта оқыту;

– оқытуды өмірмен байланыстыру;

– жүйелі және біртіндеп оқыту;

– оқытушының жетекшілігімен саналы және белсенділікпен оқыту;

– ұжыммен оқыту және оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру;

– көрнекілік және теориялық ойлауды дамыту;

– оқытудың нәтижелілігі және оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;

– оқытудың ғылымилық және түсініктілік [40].



Педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ математика мұғалімі кәсіби дайындық үдерісінде:

1) мектеп математика курсының мазмұнын;

2) педагогикалық мәселелерді шешуді;

3) математиканы оқытудың әдістерін;

4) математиканы оқытудың тәсілдерін;

5) математиканы оқытудың инновациялық түрлерін;

6) математиканы оқытудың жаңа технологияларын;

7) математиканы оқытуда жаңа ақпараттық теле-қатынастық технологияларды және т.б. меңгерулері қажет.

Болашақ математика мұғалімі келтірілген талаптар жүйесін меңгеру үшін, олармен жоғары педагогикалық оқу орындарының білім беру стандартындағы педагогикалық, психологиялық, математикалық курстарды дидактикалық оқыту қағидалары бойынша оқыту арқылы теориялық және практикалық дайындық жүргізіледі.

Болашақ математика мұғалімінің әдістемелік дайындығын қалыптастырудың педагогикалық қағидалары ретінде М.Н.Скаткиннің оқыту қағидаларын толығымен алып, оған студент тұлғасының дамуы үшін психологиялық жағдай жасау және математиканы оқытудың инновациялық түрлерін, жаңа технологияларын және ақпараттық теле-қатынастық технологияларды меңгеру қағидалары қосылды.

Болашақ математика мұғалімінің әдістемелік дайындығын (БММӘД) қалыптастырудың негізгі қағидалары:


  1. болашақ математика мұғалімін тәрбиелеу және дамыта оқыту;

  2. оқытуды өмірмен байланыстыру;

  3. оқушыларді жүйелі және біртіндеп оқыту;

  4. оқытушының жетекшілігімен саналы және белсенділікпен оқыту;

  5. оқушылардің жеке ерекшеліктерін ескеру;

  6. көрнекілік және теориялық ойлауды дамыту;

  7. оқытудың нәтижелілігі және оқушылардің шығармашылық қабілетін дамыту;

  8. оқытудың ғылымилығы және түсініктілігі;

  9. студент тұлғасының өзін-өзі дамуы үшін психологиялық жағдай жасау;

  10. болашақ мұғалімдердің оқытудың инновациялық түрлерін меңгеру;

11) студенттің математиканы оқытудың жаңа педагогикалық және ақпараттық теле-қатынастық технологияларын меңгеру қағидасы.

Математиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің дидактикалық қағидалары мен болашақ математика мұғалімінің әдістемелік дайындығын қалыптастырудың негізгі қағидаларымен ара қатынасын, бір-бірімен байланысын “1-2, 6-3, 4-4, 8-1, 8-7“ көруге болады.

БММӘД қалыптастырудың негізгі қағидаларына түсініктеме берілді:

1) Болашақ математика мұғалімін тәрбиелеу және дамыта оқыту қағидасы оқушыларге өмірге көзқарастарын, адамгершілік және кәсіби педагогикалық қасиеттерді қалыптастыру мақсатымен әрбір студентті тұлға ретінде дамуының қажеттігін көрсетеді. Ол оқыту мен тәрбиелеудің байланысының объективті заңдылықтарына негізделген. Болашақ мұғалімдерді оқыту барысында тәрбиелеу нәтижесі, оқытудың студенттің дамуына әсері және бұл үдерістің бағыттылығы оқыту мақсаттарына, әдістеріне, ұйымдастуру түрлеріне және оқытушы тұлғасына байланысты. Дамыта оқыту қазіргі педагогикалық үдерістің негізгі және қажетті элементі. Математиканы оқыту үдерісінде дамыта оқыту, оқушылардың ақыл-ойын, өз бетімен нәтижелі ойлауын, интеллектісін дамыта отырып, оларды тәрбиелейді.

Педагогикалық, психологиялық, математикалық курстарды оқыту үдерісінде дамыта оқыту қағидасы болашақ мұғалімнің болашақ мамандығына, математикаға ықыласын және оның математикалық қабілеттерін дамытуды жүзеге асырады.

Математикалық курстарды оқыту үдерісінде оқушылардің диалектикалық- материалистік көзқарастарын қалыптастыруды мақсат қойып, жоспарлы түрде жүргізу барысында табиғи құбылыстар мен қоғам өміріндегі құбылыстарды дұрыс түсінулеріне бағыттап отыру керек.

Егер, математикалық курстарда оқушылардің математикалық қабілеттері дамыса, білімдеріне жаңа білім қосылса, табандылығы мен тапқырлығы қалыптасса, онда студенттің дамығаны және тәрбиеленгені болып табылады.

Сонымен, педагогикалық, психологиялық, математикалық курстарда оқушылардің білімге құштарлығын, болашақ мамандыққа қызығушылықтарын арттырып, алған білімдерін саналы меңгеруге, оны практикада қолдануға, өз бетімен толықтыруға және өздерін ұлттық тағылым қағидаларына, адамгершілікке сай тәртіпті, өнегелі ұстауларына тәрбиелеу тек әдістемелік құзырлы оқытушының қолынан келеді.

2) Оқытуды өмірмен байланыстыру қағидасының негізі – таным теориясы. Оны оқытуда (мазмұнында, әдістерінде, ұйымдастуру түрлерінде) жүзеге асырудың психологиялық және педагогикалық маңызы зор. Таным теориясы болашақ мұғалімдердің өмірге көзқарастарын қалыптастырады, олардың санасында оқу іс-әрекетінің маңыздылығын арттырады және алған білімдерін практикада қолдануды қалыптастырады. Болашақ мұғалімнің жарқын тұлғасын өмірмен байланыстырып оқытудың маңызы зор. Оқытудың өмірмен байланыстыру қағидасында, оқытушы педагогикалық, психологиялық, математикалық курстардың оқу материалын өмірмен байланыстырып жүргізеді.

3) Оқытудың жүйелілік және біртіндеп оқыту қағидасы:

а) қарапайымнан күрделіге;

ә) көріністен ұғымға;

б) белгіліден белгісізге;

в) білімнен білікке, одан дағдыға көшуді білдіреді.

Оқытушы бұл қағиданы жүзеге асыру барысында жоғарыда келтірілген тізбектің әрқайсысы оқушылардің алған білім мен біліктерін толықтыруға әсерін тигізеді.

4) Оқытушының жетекшілігімен саналы және белсенділікпен оқыту қағидалары. Жоғары педагогикалық оқу орындарының негізгі мақсаттарының бірі – саналы және белсенді тұлға қалыптастыру. Оқушыларге педагогикалық, психологиялық, математикалық курстарда алған білімдерін саналы қабылдап, мағынасын түсініп, қолдана білулерін үйрету керек.

Белсенділік қағидасын жүзеге асыру үшін төмендегідей талаптар қойылады:

а) жаңа тақырыпты өткен материалмен байланыстыру;

ә) өтіліп отырған материалдың теориялық және практикалық мағынасын айқындау және оның білім жүйесінде алатын орнын көрсету;

б) жаңа тақырыптың қолданбалы жерлерін көрсету;

в) оқушыларды олардың өмір тәжірибесіне, интуициясына байланысты оқып-үйренуге жұмылдыру;

г) жаңа ұғымдарды моделдер көмегімен түсіндіру, яғни «қабылдау, түсіну» - «елестету» - «ұғым» баспалдағымен жұмыс жүргізеді;

д) оқытушы педагогикалық, психологиялық, математикалық курстарды

оқыту үдерісінде оқушыларді жаңа тақырыпқа қызықтыратын ұтымды әдіс қолданып, студент білімді өз бетімен алатындай, өзіне жаңалық ашатындай

етіп сабақ ұйымдастырады.

5) Оқушылардің жеке ерекшеліктерін ескеру қағидасы. Топтағы оқушыларді бір ұжым ретінде барлық оқушылардің белсенді жұмыс істеулерін тәрбиелеу қажеттігін білдіреді және әрбір студенттегі бұрыннан қалыптасқан жақсы қабілеттерін дамытып оқыту үшін оқу материалын және оқыту әдістерін әрбір студенттің жеке ерекшеліктеріне икемдеп жүргізіледі. Болашақ мұғалімдерді ұжымдық және жекелеп оқытуды ұтымды жүргізу оқыту мақсатына жетуге жағдай жасайды.

6) Көрнекілік және теориялық ойлауды дамыту қағидасы. Көрнекілік оқушылардың жаңа материалды жақсы қабылдауына, мағынасын түсінуіне және оны талдап қорытуына әсер етеді. Сабақтың әр кезеңінде көрнекілік әр түрлі міндет атқарады. Оқушылар заттың сыртқы қасиеттерін зерттегенде, олар затты не оның кескінін жан-жақты карау арқылы жаңа білім алады және теориялық ойлап белгілі бір теориялық тұжырымға келеді. Егер, дидактикалық мақсат заттың қасиеттерінің арасындағы байланыс пен қатынастарды айқындау, түсіну болса немесе ғылыми ұғымдарды қалыптастыру болса, онда көрнекілік тек сол байланыстарды түсінуге тірек болып, сол ұғымдарды нақты, көрнекі түрде кескіндейді және теориялық ойлауды дамытады.

Сонымен, заттың сыртқы көрінісінен немесе бейнесінен оның қасиеттерін зерттеп анықтауға болады және сол заттың қасиеттерінің арысындағы байланысты зерттеу арқылы теориялық ойлау арқылы жаңа ұғымды айқындауға болады.

Көрнекілік қағиданы жүзеге асыратын арнайы құрал-жабдықтар мен көрнекіліктерге: геометриялық фигуралардың моделдері, кестелер, диафильмдер және кинофильмдер жатады. Моделдердің кескіндері, кестелер, сызбалар мен суреттер проекциялық тетіктердің көмегімен көрсетіледі. Көптеген көрнекіліктер өндірісте дайындалады. Көрнекілік қолданудың рецепті жоқ. Мәселен, оқушыларды геометриялық жаңа ұғыммен таныстырғанда, аналитикалық геометрия сабақтарында оқушылардің кеңістіктегі көзқарасын қалыптастыруға геометриялық фигуралардың моделдерін пайдаланған дұрыс. Кейінгі сабақтарда нақты көрнекіліктен абстрактілі көрнекілікке көшу керек. Онда геометриялық фигураның жазықтықтағы сызбасы қарастырылады.

Оқушылар, зертханалық сабақтарда, есеп шығаруға байланысты көпжақтар, айналу денелері, макеттер және т.б. көрнекі құралдар жасайды.

Оқытушының көрнекі құралдар «номенклатурасында» қолдан жасалатын көрнекіліктер көп болады. Сонымен, математиканы оқытуда төмендегідей көрнекі құралдар және техникалық құрал жабдықтар (ТҚЖ) қолданылады: а) модельдер және макеттер; ә) кестелер; б) диапозитивтер (слайдтар), кодограммалар; в) диафильмдер; г) кинофильмдер; д) кодоскоп т.б.

Көрнекі құралдарға әр түрлі есептейтін және өлшейтін приборлар да жатады. Соңғы кезде компьютерді пайдаланып жаңа сабақ түсіндіру және компьютердің көмегімен оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру мүмкіндіктері мол. Сондықтан жоғары педагогикалық оқу орындарында оқушыларді компьютерлік технологияны қолдана білуге дайындаудың маңызы зор.

7) Оқытудың нәтижелілігі және оқушылардің шығармашылық қабілетін

дамыту қағидасы. Оқытудың нәтижелілігі – оқушылардің білімді берік, орнықты меңгеріп, оны баяндамаларды, рефераттарды, курстық және дипломдық жұмыстарды өз бетімен орындау үдерісінде қолдану және шығармашылық қабілетін дамытуды ұйымдастыру. Оқытудың заңдылығы және Педагогикалық жоғары оқу орнының мақсаты – орнықты, берік білім беру яғни болашақ мұғалімдердің алған білімдерін есте сақтап, шығармашылық қабілетін дамыта алатындай және практикада қолдана алатындай етіп оқыту.

Оқыту үдерісінде оқушылар тек жаңа білім, білік, дағдыға ие болып қана қоймай, оларды бекітеді, нығайтады және толықтырады. Оқытудың нәтижелілігі және оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту қағидасын жүзеге асыру үшін оқытушы: а) өтілген материалды қайталауды ұйымдастырады; ә) оқушылардің білімі мен біліктерін мезгілінде тексеріп, кемшілігін толықтырып отырады; б) оқушыларге берілетін есептер мен жаттығулардың жүйелілігіне көңіл аударады; в) оқушылардің жауабы айқын және қысқа болуын дағдыландырады; г) өздігімен жұмыстар ұйымдастырады және т.б.

8) Математиканы оқытудың ғылымилық және түсініктілік қағидасы. Математиканы оқытудың ғылыми қағидасы математиканы оқытудың мазмұны мен оны оқыту әдістері қазіргі жағдайдағы математика ғылымының деңгейі мен талаптарына, міндетті түрде, сай келуін қамтамасыз етеді.

Сонымен, оқытудың ғылымилығы, оқушылардің санасына қазіргі уақытта ғылыми деп танылған деректер мен ұғымдарды қалыптастыру деп білеміз. Математиканы оқыту үдерісінде ғылымилық қағида әрдайым қатысады. Оқытушы, математикалық ұғымдарға дәл анықтама бергенде, оқушыларден анықтама мен теореманы ажырата білулерін талап еткенде, белгілі бір тұжырымды толық дәлелдеуге үйретуде ғылыми қағидаға сүйенеді. Математиканы оқытудың түсініктілік қағидасында оқушылардың жас айырмашылығы мен ерекшеліктері ескеріледі. Өтілетін материал мазмұны мен көлемі жағынан «қол жетерліктей» түсінікті болу керек. Қолданылатын әдістер оқушыларді өз қабілеттеріне сенетіндей және оны дамытатындай болу қажет.

9) Студент тұлғасының өзін-өзі дамытуы үшін психологиялық жағдай жасау қағидасы болашақ мұғалімді кәсіби дайындауда оның болашақ мамандығын жоғары деңгейде меңгеруіне психологиялық дайындығын қамтамасыз етеді. Болашақ мұғалім жоғары педагогикалық университет қабырғасында жасалған психологиялық жағдайда өзін-өзі дамыту құралдарын меңгерсе, өзінің келешекте педагогикалық даму жолын жоспарлай алады.

10) Болашақ мұғалімнің оқытудың инновациялық түрлерін меңгеру қағидасы болашақ мұғалімдерді оқытудың дәстүрлі түрлерін жаңа мазмұнмен және оқытудың инновациялық түрлерін қолданудың қажеттігін көрсетеді. Математиканы оқытуда АТТ технологиялар қолданылуына байланысты оқытудың жаңа түрі – қашықтықтан оқыту түрі енгізілді. Бұрыннан белгілі зертханалық сабақты электрондық оқулықтың көмегімен жүргізу, яғни оқытудың дәстүрлі түріне жаңа мағына бергенде ол инновациялық оқытудың бір түріне айналады. Проблемалық практикалық сабақты интерактивті тақтада жүргізу де оқытудың инновациялық түрі.

Мәселен, интернет қорында 5-7 cынып оқушыларына информатика мен математиканы қашықтықтан оқыту «Дамытатын вариативті информатика және математика» элективті курстың бағдарламасы берілген. Курстың мақсаты мен міндеттері: оқушылардың математика мен информатикаға қызығушылықтарын дамыту; математикалық қабілеттері мен АТТ құзырлылығын айқындау және дамыту; нақты математикалық біліммен және АТТ-мен қаруландыру; алгебра, геометрия, информатика курстарын саналы меңгеруді және әр түрлі есептерді математикалық және ақпараттық тілге аудара білуді үйрету; математикалық талдаулардың әсемдігін және олардың практикада қолданысын көрсету; информатикаға, математика және физикаға байланысты мамандықтарға бағдарлау және оқушының жалпы мәдениетін қалыптастыру. 5, 6, 7- cыныптың кез-келген оқушысы негізгі мектептегі сабақтарымен қатар өзінің математикалық деңгейін және АҚТ құзырлылығының деңгейін көтеру үшін кез-келген тоқсанның басында осы курсқа қосылып қашықтықтан оқуына болады.

11) Студенттің оқытудың жаңа педагогикалық және ақпараттық теле-қатынастық технологияларды меңгеру қағидасы қазіргі күні ақпараттық білім берудің жаңа сатысы – ақпараттық теле-қатынастық технологияларды (АТТ) қолданудың рөліне байланысты. Болашақ маманға қажет білім көлемі күннен күнге артып отыр. Бұрыннан белгілі оқытудың дәстүрлі тәсілдері мен әдістері жоғары дәрежелі кәсіби маман дайындауда жеткіліксіз болды. Бүгінгі күні математиканы оқытудың жаңа технологияларын және есептеу техникасын тиімді қолдану мемлекеттік мән алып отыр.

Оқытудың жаңа технологияларын және АТТ-ны меңгеру қағидасы болашақ мұғалімдерді жаңа технологияларды және қазіргі есептеу техникасын қолдана білетін біліммен және іскерлікпен қаруландыру қажеттігін көрсетеді. Осыған байланысты математика мұғалімін кәсіби дайындауда оның жаңа технологияны және АТТ-ны қолдану біліктілігін қалыптастыру жұмысы жаңа қарқынмен жүзеге асыру қажет. Білімге АТТ-ны енгізу адамзаттың ғасырлар бойы жинаған білімі мен технологиялық және әлеуметтік тәжірибесін ұрпақтан ұрпаққа, адамнан адамға беруді тездетеді. Оқытудың жаңа технологиялары және АТТ білім мен оқытудың сапасын жақсартып, адамды қоршаған ортаға, әлеуметтік өзгерістерге тез және табысты икемденуге жағдай туғызады. Әрбір адам қажетті білімді бүгін алуына болады. 050109- «Математика» мамандығы бойынша оқу жоспарларын және жұмыс бағдарламаларын талдау арқылы болашақ математика мұғалімінің әдістемелік дайындығы негізінен «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» курсында және «Математиканы оқытудың жаңа технологиялары», «Математиканың инновациялық әдістері» арнайы курстарында жүргізіледі. Әрине, бұл курстар әдістемелік дайындықтың технологиялық компонентін қалыптастыруға жеткіліксіз.

Сонымен, оқытудың жаңа технологиялары мен АТТ -ны білімге тиімді және батыл енгізгенде, АҚ мен қазіргі қоғамның талаптары бойынша жүргізіліп жатқан дәстүрлі білім жүйесін реформалау үдерісіне сай, білім жүйесін құруға болады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мерзімді жоспар
білім беруді
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
мектепке дейінгі
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...