Математика мұҒалімінің КӘсіби-педагогикалық дайындығЫ

Loading...


бет1/9
Дата14.04.2020
өлшемі0.56 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


МАЗМҰНЫ






Кіріспе

3

1

МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ




1.1

Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық қалыптастыру бағыттары

5

1.2

Кәсіби-педагогикалық дайындықтың негізгі компоненті

7

1.3

Әдістемелік құзырлылық ұғымдары

10

1.4

Математик мұғалімді әдістемелік қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері

14


1.5

Математикалық білімнің дамуының педагогикалық алғы шарттары

26


2

ОҚУШЫНЫ ҚАРАПАЙЫМ ЖӘНЕ ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР АРҚЫЛЫ ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ




2.1

«Математиканы оқытудың жаңа технологиялары» арнайы курсының мақсаттары мен міндеттері

37


2.2

Эвристикалық оқыту технологиясы

44

2.3

Тізбекті және логикалық есептерді шығаруды оқытудың әдістемесі

53





ҚОРЫТЫНДЫ

70




ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

71












Кіріспе
Өзектілігі. Қазіргі заман талабына сай ҚР “Білім заңын” іске асыру мақсатында жалпы орта білім беру мекемелері оқыту процесін оқушылардың талап-тілегі, қабілеттілігі және қызығушылығын, қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму қарқынының сұраныстарын қанағаттандыратындай етіп қайта құруда. Бұл мәселе оқытуды дифференциациалау тұжырымдамасында айқындалады. Оқытуды дифференциациялау мектепті барлығын бірыңғай оқытудың қажеттілігінен босатады, жүктеменің шамадан тыс артуын болдырмайды, оқушылардың жеке ерекшеліктерін, кәсіптік ниеттерін және қызығушылығын ескереді.

Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы - өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру міндеті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-маңызын түсінеді. Әлемдегі озық, бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына еніп, өркениетті елдермен иық тіресе тұру міндеті, сайып келгенде, еліміздің ертеңгі азаматтарының қолында.

Қазақстан Республикасында білімді дамыту туралы мемлекеттік заңында білім сапасын арттыруға және әлемдік деңгейде бәсекелесе алатын мамандар дайындауға міндет қойған. «Тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтындай маман болатындай деңгейге көтерілу» үшін оқушылардың қызығушылығын, тез ойлай алатын, қабілеттілігін арттыру оқытудың негізгі мәселесі болып қалады.

Мақсаты. Жалпы орта мектептерде математиканы оқытуда оқушылардың құзіреттілігін қалыптастырудың әдістемелік жүйесін жасау және математикалық, логикалық есептер арқылы оқушының ойын дамытуды оқу үрдісіне ұсыну.

Міндеті. Жалпы орта мектептерде математиканы оқытуда оқушылардың құзіреттілігін қалыптастырғанда, оқушының білімі тереңдеп және пәнге деген қызығушылығы артып, оның кәсіби бағдар алу мәселесі оңай шешілер еді. Зерттеудің мақсатына, пәніне және ғылыми болжамына сәйкес келесі міндеттерді шешу қажет деп саналады:


  • жалпы орта мектептерде математиканы оқытуды ұйымдастырудың қазiргi күйiне талдау жасау;

  • жалпы орта мектептерде математиканы оқыту мазмұнын және көлемін анықтау және логикалық есептерді шығару арқылы ойлау қабілеттілігін арттыру әдістерін жасау.

Зерттеу нысаны. Жалпы орта мектептерде математиканы оқытуда оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру арқылы оқушыларға математикалық білім берудің деңгейін көтеру және математикалық, логикалық есептер арқылы оқушының ойлау қабілеттілігін көтеру..

Бүгінгі күні жоғары мектептің негізгі мақсаты – мамандығы бойынша әлемдік стандарт деңгейіне сай нәтижелі жұмыс атқара алатын білікті кәсіби құзырлы мамандар дайындау.

Адамды қоршаған әлеуметтік ортаны білмей адамды түсіну қиын. И.Т.Шацкий «адамды қалыптастыруда оның тегін қуаламай, ол тәрбиеленетін және қалыптасатын әлеуметтік және экономикалық ортаны қарастыру керек», – деп есептеді. Шынында, ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік мұралар, әдет пен салт-дәстүрлер, нормалар тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.

Бүгінгі күні жоғары мектеп сынмен ойлайтын, мәдениет нормалары, демократиялық құндылықтары, этикалық қағидалары қалыптасқан, жаңа дәуірдің мамандарын еңбекке дайындауы қажет. Жұмыс берушілер кәсіби білім мен біліктен басқа маманның ауызша және жазбаша хабарласып, қарым-қатынас жасай білетін, командада жұмыс істей алатын, тапқыр, жауапкершілік және ұйымдастырушылық қабілеті бар, шығармашылық тұрғыда үнемі білімін жетілдіретін маманды құндайды.

Мұның өзі болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындығынң мазмұнын жаңарту мәселесіне әкеп тірейді. Болашақ маманды дайындау мәселесі қоғам дамуының барлық кезеңдерінде өзектілігін жойған емес. Себебі адамзаттың дамуының әр сатысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері өзгеріп отырады да, мамандарды дайындау мәселесіне де жаңа талаптар туындап отырады.

Құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты мен міндеті, әдістері, ғылыми және практикалық маңызы қысқаша көрсетілген.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде болашақ мұғалімді кәсіби дайындаудың теориялық-әдіснамалық негіздері, мұғалімнің кәсібилік ұғымы, мұғалімнің кәсіби-педагогикалық қалыптастыру бағыттары мен әдістемелік дайындық қалыптасуының негізгі құраушысы, болашақ мұғалімді кәсіби дайындауда оның әдістемелік қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері келтірілген.

Екінші бөлімде математика мұғалімінің әдістемелік дайындығы тіралы, мұғалімге қойылатын кәсіби маңызды талаптары, математика мұғалімінің математикалық, логикалық есептерді шығаруда педагогикалық алғы шарттары, оқушының аталған есептер арқылы ойлау қабілеттілігін арттыру әдістері тұжырымдалды.

Дипломдық жұмыс соңында қорытынды келтірілген және қолданылған әдебиеттер тізімі берілген.




  1. МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ


1.1 Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық қалыптастыру бағыттары
Адамды қоршаған әлеуметтік ортаны білмей адамды түсіну қиын. И.Т.Шацкий «адамды қалыптастыруда оның тегін қуаламай, ол тәрбиеленетін және қалыптасатын әлеуметтік және экономикалық ортаны қарастыру керек», – деп есептеді [1]. Шынында, ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік мұралар, әдет пен салт-дәстүрлер, нормалар тұлғаның қалыптасуына әсер етеді. Октябрь революциясынан кейінгі педагогика, тәрбие мен білімнің әлеуметтік мәнін анықтайды. Бұл дәуірдің ғалымдары әлеуметтік ортаны балалардың тәрбиесіне қатыстырып, мектептің тәрбие жұмысы мен әлеуметтік ортаны біріктіру міндетін қойды. Олар, мектеп жеке өзі тәрбие жұмысын атқара алмайды деп есептеді.

Адамның жеке тұлға болып қалыптасуына қоғамның, оны қоршаған ортаның, тәрбиенің және табиғи тегінің әсері мол. Адам белсенді қоғам өмірінде ғана тұлға болып қалыптасады. Тұлғаның қалыптасуы күрделі диалектикалық қарама-қайшылықта, оның қоғамдық болмысының әралуан іс-әрекеттері негізінде жүзеге асады. Қоғамдық және биологиялық ғылымдарының жетістіктері төмендегі методологиялық сұрақтарды терең шешуге мүмкіндік туғызды:

– педагогика пәні; педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттеу принциптері;

– адамның дамуындағы әлеуметтік, биологиялық өзгерістер;

– дамыту, оқыту және тәрбиелеудің бір-біріне әсері;

– жалпы тұлғаны қалыптастыру үдерісінде тәрбиенің рөлі және т.б.

Педагогикалық зерттеулерде жалпы психологиядан А.А. Бодалев, П.Я. Гальперин, Қ.Жарықбаев, М.Жұмабаев, Э.Ф. Зеер, А.Г.Ковалев, В.А. Крутецкий, А.Н.Леонтьев, А.К.Маркова, Е.И.Рогов, Л.С.Рубинштейн, С.Д. Смирнов Н.Ф. Талызина, Б.М.Теплов, Д.В. Эльконин. Бұл тұлғаны қалыптастыру үдерісін тереңінен зерттеуге көмектесті.

Осы уақытқа дейін философиялық, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде, адамның дамуы биологиялық және әлеуметтік әсерлерге байланыстылығына көңіл бөлініп отыр. Адамның биологиялық ерекшеліктері қоғам дамуының заңдарына негізделген әлеуметтік прогресстің шекарасын анықтай алмайды. Әрбір адамның биологиялық ерекшеліктері оның дарындылығын, әсерленгіштігін, денсаулығын және т.б. қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді. «Адамның биологиялық ерекшеліктері оның санасына әсер етпейді. Сана деңгейі, адам әлеуметтік тарихи үдеріске қатынасқанда анықталады» [2].

Жеке адамның дамуы, оның тек дене құрылысының қалыптасуы емес, оның әлеуметтік саналы тұлға болып қалыптасуы. «Әрбір адам жалпыға бірдей жас сатыларынан түрліше өтеді. Адамның даму үдерісінде оның жүйке жүйесінің жұмысында, ақыл-ойында, адамгершілік қасиеттерінде, қызығушылығында, қабілеттерінде, сыртқы әсерді сезгіштігінде (темпераментінде) және мінездерінде жеке ерекшеліктер пайда бола бастайды. Бұл аталған қасиеттер қалыптасып, адамды оқуда және еңбекте, қоғам өмірінде жеміске жетуін қамтамасыз етеді» [2, б.47].

Л.С.Выготскийдің, С.Л.Рубинштейннің, А.Н.Леонтьевтің, А.А.Смирновтың, В.М.Тепловтың, Г.С.Костюктің еңбектерінде адамның дамуының ішкі шарттары ағзаның өзінде, оның құрылысы мен қызметінде, ортамен әрекет жасау барысында қалыптасатын физиологиялық қасиеттерде екендігі анықтап дәлелденген. «Тұлға – оның қоғам өміріне байланысты жеке өмір жолында қалыптасқан тәртібін анықтайтын күрделі, тұтас, орнықты және өзгеріп отыратын ішкі шарттар жүйесі» [2, б.148-153].

Шет мемлекеттердегі (Жапония, США, Англия, Германия) ғылыми зерттеулерде, қазіргі жұмыскерге қойылатын талапта, оның білімі мен кәсібилігінің формалды факторынан гөрі, тұлғалық қасиеттерінің әлеуметтік құндылығы жоғары қойылады. Американың әлеуметтік ғылымында «құзырлылықты» жұмыскердің моделі, әлемдік тәжірибеде «құзырлылықты» маманның жеке психологиялық қасиеттер жиынтығы ретінде қолданған. Оның құрамында: ұқыптылық, тәртіптілік, өз бетімен жұмыс жасай білу, қарым-қатынас жасай білу, өзін-өзі дамыту жатады (Д.Ж.Мерилл, Д.Юл) [3]. Бұл теорияның ерекшелігі өздігімен білім алып, тұлғаның өзін-өзі дамытуы болып табылады. Өзін-өзі дамыту кәсіби шеберлігін қалыптастыру, өздігімен білімін жетілдіруді ғана емес, онымен қоса кәсіби құзырлылықтың жоғары деңгейіне жетуге ұмтылысты тәрбиелеу. Америкалық теорияда жұмыскердің құзырлылығының маңызды компонентіне, жұмыс жағдайына тез және конфликтсіз икемдене білу қабілеті жатады. Америкалық зерттеулерде «құзырлылық» пен «жоғары біліктілік» ұғымдары бір мағынада қолданылады.

Сөздікке қарағанда «жоғары біліктілік» (латын сөзі «quails» – сапасы бойынша, және «facio» – жасаймын) жұмыскердің өз міндетін орындағандағы қабілетінің даму деңгейінің әлеуметтік-экономикалық мінездемесі. «Жоғары біліктіліктің» мазмұнына «теориялық білім мен практикалық дағдылардың жиынтығы» енеді және әлеуметтік ортадағы іс-әрекетін орындау барысында тұлғалық даму дәрежесін, жұмыскердің еңбек нәтижесінің экономикалық көрсеткішін білдіреді. В.Чипанах, Я.И.Лефстедт және Г.Вайлердің еңбектерінде «құзырлылықты» оқып үйрену барысында алған білім, білік және дағдылар жиынтығы, – деп анықтайды [4]. Америкалық зерттеулерде тұлғаның құзырлылығы – «білімдарлық; руханилық; адамгершілік, әлеуметтік және саяси шарттардың байланысы» болып табылады.



Жапон зерттеушілері «заман маманы» ұғымына төмендегідей кәсіби-тұлғалық қасиеттерді енгізеді: адамгершілік, парасаттылық, шеберлік, мүлтіксіз шыныққандық. Жапониялық ғалым (Moriva Seiji) Мурияның ғылыми еңбектері болашақ математика мұғалімдерін кәсіби дайындау мәселелеріне, оқытудың әр түрлі әдістеріне және теориялық материалды өмірмен тығыз байланыстыру мәселесіне арналған [5, б.50-56].

Кәсібилік, кәсіби құзырлылық мәселесі маманның бәсекелік қабілетімен де байланысты. Әлемнің алдыңғы қатардағы экономистерінің бірі Лестер Туроу: «бүгінгі күні тек білім ғана бәсекелестікке қатыса алады, ал білім жеке тұлғаның жоғары құзырлылығы арқылы қолданылады», – деп есептейді [6]. Шынында да білімдарлық – жеке тұлғаның жоғары деңгейі.

А.К.Маркова кәсіби іс-әрекеттің шығармашылық мотивациясын айырып көрсетті. Зерттеушілер, тәжірибесі мол оқытушылардың басқарушылық, ұйымдастырушылық секілді арнайы мотивтер жүйесін көп қолданатындығына тоқталады. Оқып білім алу мотивтерін үш топқа бөлді. Олар: биогендік, социогендік және ынталандыру мотивтері. Биогендік мотивтер әрбір адамда бар және олар шығармашылық қажеттіліктен пайда болады. Социогендік мотивтер тұлғаның орнығу үдерісінде қалыптасады. Өзін-өзі тану, сенімділік, қоғамға көзқарас, белгілі бір әлеуметтік-кәсіптік топқа кіруге ұмтылу. Ынталандыру мотивтеріне педагогикалық әсерлер нәтижесінде ынталандыру жатады.

Мотивациялық компонентке ғалымдар мынандай түсініктеме берді: іс-әрекетке кірісу қажеттілігін түсінетін мотивтер жүйесі (С.Л.Рубинштейн); адамның тәртібін жүйелейтін психикалық сәттер (М.Якобсон); адамды әрекеттенуге бағыттау және оның негізінде дамыту (Я.А.Пономарев) [7]; жұмыс түріне байланыссыз адамдағы мотивация. Бұл компонентті көптеген ғалымдар ұстаздың дайындық жүйесінің компоненті ретінде қарастырды [8].

Мотивациялық компонент ұстаз тұлғасын педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде қалыптастыру қажеттілігін көрсетеді. Педагогикалық іс-әрекетте кәсіби қызығушылықтар, кәсіби қабілеттер, тұлғаның кәсіби бағыттылығы секілді тұлғалық қасиеттер шешуші рөл атқарады. Тұлғаның педагогикалық іс-әрекетке мотивациялық дайындығы ұстаздың кәсіби- педагогикалық ұстанымы және қоғамдық белсенділігінің ішкі негізін құраушы және белсендендіруші функция.

Білім – адамның санасында қорытылып қабылданған, есінде сақталған және керек сәтте теориялық және қолданбалы мәселелерді шешкенде пайдаланылатын ақпарат. Педагогикада мұғалімнің білім жүйесі екі мағынада қолданылады: 1) кәсіби іс-әрекеттің әдіснамалық деңгейі; 2) практикалық әрекеттердің тікелей құралы ретінде (С.И.Архангельский, Н.В.Кузьмина, В.В.Краевский , М.Н.Скаткин, В.А.Сластенин және т.б.).

О.А.Абдуллина, В.А.Сластенин] және Л.Ф.Спирин «мұғалімнің кәсіби дайындығы – оның жалпы педагогикалық білім жүйесін меңгеруі», – деп тұжырымдайды.


1.2 Кәсіби-педагогикалық дайындықтың негізгі компоненті
Кәсіби-педагогикалық дайындықтың негізгі компоненті – тұлғаның іскерлігі мен қабілеттілігін көрсететін әрекеттік. Оқытушының кәсіби іс-әрекеті, оның кәсіби құзырлылығының көрсеткіші. Педагогикалық іс-әрекет жасау үшін ұстазға кәсіби білім қажет. Білімнің негізінде ұстаз өзінің практикалық іскерлігін шыңдайды.

Кез-келген іс-әрекетте білім, білік және дағды бір-бірімен диалектикалық байланыста болады. Оқытушы тұлғасының кәсіби-педагогикалық бағыттылығының негізі – кәсіби құндылыққа бағытталған кәсіби іс-әрекетке қатынастарының жүйесі. Ұстаздың құнды бағыттарындағы қатынастардың үш тобын бөліп көрсетуге болады: 1) педагогикалық еңбекке қатынас; 2) студент тұлғасына қатынас; 3) оқушының тұлғасына қатынас. Оқытушының жұмысының жемістілігі оның жеке психологиялық көзқарасына және кәсіби-педагогикалық құзырлылықты қалыптастыру деңгейіне байланысты. Кәсіби-педагогикалық құзырлылыққа педагогикалық бағыттылық, педагогикалық қабілеттілік, педагогикалық техника, педагогикалық тәжірибе жатады.

Педагогикалық бағыт – мамандығын жақсы көру және мамандығын жетілдіруге ұмтылыс.

Педагогикалық қабілеттер – педагогикалық іс-әрекеттің талаптарына сай, сол әрекетті жетістікпен жылдам меңгере алуды және жоғары нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін тұлғаның қасиеттері.

Педагогикалық техникаға ұстаздың тәртібін ұйымдастыру түрлері жатады. Олар: өзін-өзі басқара білу, педагогикалық мәселелерді шешу үдерісінде басқаларға әсер ете білу. Педагогикалық іс-әрекеттің жеке табиғи ерекшеліктеріне байланысты мәселелер жүйелеріне жұмыстың нәтижелігін қамтамасыз ететін әрекеттің әдіс-тәсілдері мен жолдары жатады.

Педагогикалық тәжірибе – ұстаздың педагогикалық жұмысына беріліп, өз іс-әрекетінен ішкі мотивациясы жоғары, өз жұмысын үнемі сүйіспеншілікпен, шығармашылықпен орындаған көп жылғы еңбегі.

Педагогикалық рефлексия мәселесіне арналған В.В.Краевскийдің зерттеулерін қарастырайық. Онда педагогикалық рефлексияға былайша анықтама берген: «педагогикалық рефлексия деп өзінің қабілеттерін бағалауын, кәсіби әрекеттерде педагогикалық ахуалдарды ескеруін т.б. әрекеттерді түсінуін айтады». Рефлексия тек өзінің педагогикалық іс-әрекетін білу және түсіну ғана емес, басқаның да (оқушы, әріптес, ата-ана) қаншалықты білетінін, түсінетінін анықтай білу. Яғни, оқытушының төмендегідей іскерліктері: 1) бақылай, бағалай білу; 2) өзінің және басқа мұғалімдердің тәжірибелерін талдай білу; 3) педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесін бағалай білу; 4) өзінің педагогикалық әрекеттеріне ой жүгірте білу; 5) оқу-тәрбие үдерісінде, мәселелерді шешкенде тиімді әдісті таңдай білу [9].

Кез-келген ортада адамзат іс-әрекетіндегі өзгерістер мен түрлендірулер, оны жасаушы субъектті өзгерту мен түрлендіруден басталады. Егер мұғалім педагогикалық іс-әрекетіне өзі өзгеріс, жаңалық енгізуге дайын болмаса, оған ешқандай жаңа технологиялар көмек бере алмас еді. Педагогика ғылымы болашақ маманның кәсіби іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететіндей, оның тұлғасына қойылатын талаптарды анықтайды және оларды жалпы біртұтас қасиеттерге біріктіреді. Ондай қасиеттерге: 1) кәсібилік, яғни педагогикалық іс-әрекетті табысты жүргізуге қажет адамның тұлғалық мінездерінің жиынтығы; 2) ұстаздың кәсіби шеберлігі жатады.

Тұлғаның кәсіби сапалы қасиеттерінің (ТКСҚ) алғаш жіктелуі белгілі педагог П.Ф.Каптеревтің еңбегінде келтірілген. Ол педагогтың жеке арнаулы және тұлғалық қасиеттерін бөліп көрсетеді. П.Ф.Каптерев мұғалімнің жеке арнаулы қасиетіне – оның ғылыми дайындығын және мұғалімдік талантын, ал тұлғалық қасиеттерге – адамгершілік, табандылық, әділдік, өзіне-өзі сынмен қарау, балаларды жақсы көруді жатқызады [10].

Е.Н.Шиянов алғаш рет болашақ мұғалімдерді қалыптастырғанда адамгершілік (гуманистік) бағытқа үлкен мән беріп, оның негізгі міндеттерін анықтаған [11].

Н.Д.Хмельдің басқаруымен бір топ отандас ғалымдар (Е.П. Нечитайлова, Л.В.Никитенкова, Г.Т.Сманова, К.С.Успанов, А.Ф.Дайкер және т.б.) мұғалімнің «көре білу», ұғыну, бірлестік, белсенділік, педагогикалық мәдениет және педагогикалық қатынас секілді кәсіби сапалы қасиеттерін зерттеп, педагогикалық үдерісте мұғалім мен оқушының қарым-қатынасындағы ерекшеліктерді көрсетеді. Н.Д.Хмель педагогикалық үдерісті «барлық компоненттері қатаң байланыстағы және бір компонентінде кемшілік кетсе, педагогикалық үдерістің барлық нәтижесіне әсері тиетін мақсатты жүйе», деп анықтады [12].

С.Г.Вершиловскийдің педагогикалық қабілеттілік құрылымына – дидактикалық қабілеттер; коммуникативтік қабілеттер; ұйымдастырушылық қабілеттер; кәсіби іскерлік; айқындық т.б. қабілеттер кіреді [13].

В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев, А.И. Мищенко, Е.Н. Шиянова “Педагогика” (1997) оқу құралында «педагогикалық кәсібилік» ұғымының мәнін көрсетіп, ол арқылы компоненттерін (кәсіби құзырлылық, кәсіби іс-әрекет, кәсіби шығармашылық, кәсіби біліктілік, кәсіби шеберлік) ғылыми негіздеген және үздіксіз білім беруде педагог тұлғасын маман ретінде дамыту, жетілдіруді қарастырған [14, б.40]. В.А.Сластенин кәсіби сапалы қасиеттерге әділдік, педагогикалық такт, көпшілдік, ұйымдастырушылық қабілеттер, байсалдылық, төзімділік, кәсіби іскерлікті жатқызады.

Ю.К. Бабанский педагогикалық іс-әрекетке әсер ететін маңызды тұлғалық сапалы қасиеттерді қалыптастыру үшін оқытуды тиімділендіруді қажет деп санайды. Ол маңызды тұлғалық сапалы қасиеттерге, саяси идеялық ой-өрістің кеңдігін, мәдениеттілік, қоғамдық белсенділік, балалармен жұмыс істеуге құлшыныс, табандылық, педагогикалық әдеп, талап қоя білуді, өз пәнін білуді, өзін-өзі бағалауды, оқушыларды оқытқанда және тәрбиелегенде жеке қарым-қатынас орната білуді, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыра білуді жатқызады [15]. Біз тұлғалық сапалы қасиеттерді таңдағанда Ю.К. Бабанскийдің “оқытуды тиімділендіру”теориясына сүйендік.

Н.В.Кузьмина, В.А.Кан-Калик, А.К.Маркова, Л.М.Митина және т.б. зерттеулерінде тұлғаның кәсіби іс-әрекетінің нәтижелілігін анықтайтын маманның субъективті қасиеттер мәселесі, арнайы теориялық және эксперименталды зерттеп білу, педагогикалық психологияның пәні ретінде қарастырылған. Бұл зерттеулерді талдай келе тұлғаның мынандай субъективті «қасиеттерін» (сапасы, мінездемесі, дұрыстығы) анықтауға болады: а) психофизиологиялық; ә) қабілеттер; б) бағыттылық және басқа жеке қасиеттер; в) кәсіби педагогикалық білім мен іскерлік.

Ғалымдардың еңбектеріндегі «кәсіби-педагогикалық дайындық» ұғымының мағынасырна талдау және Л.И.Митинаның «мұғалімнің пәндік білімділігі, оқытудың әдістемесі мен дидактикасын меңгергендігі және оны үйлесімді қолдана білуі, педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті» анықтамасымен келісе отыра, ондағы «оқытудың әдістемесі мен дидактикасын меңгергендігі» аса қажетті компонент ретінде және бүгінгі күннің талабына сай «оқытудың қазіргі технологияларын меңгергендік» қабілеттері алынды.

Оның нәтижесінде «кәсіби-педагогикалық құзырлылық мұғалімнің психологиялық, педагогикалық, пәндік білімділігі, оқытудың әдістемесі мен дидактикасын меңгерген теориялық және практикалық дайындығы, кәсіби тұлғалық қасиеттерін дамыта білу қабілетері және оқытудың қазіргі технологияларын меңгергендігі»,деп тұжырымдалды.
1.3 . Әдістемелік құзырлылық ұғымдары.
Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық дайындық құрамында Н.К.Кузьмина әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, дифференциалды-психологиялық, аутопсихологиялық компоненттерін атап көрсетті. Ол әдістемелік дайындықтың функциясына оқушылардың білім және біліктілігін қалыптастыруды жатқызады [1].

Н.В.Ипполитова болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық дайындығының мазмұнын қарастырғанда, оның құрамдық компоненттері ретінде адамгершілік-психологиялық, методологиялық, теориялық, әдістемелік және технологиялық дайындықтарды алады. Мұнда «әдістемелік дайындық оқушылардің білімді, ережелер мен фактыларды, оқыту және тәрбиелеудің қағидаларын, түрлерін, әдістерін меңгерулерін қамтиды» [2].

Сонымен әдістемелік іс-әрекет ғылыми-зерттеудің жаңа әдістері мен құралдарын алып, қолдануға бағытталған арнайы ғылыми іс-әрекет. Бұл пайымдаулар мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетіндегі әдістемелік сферасын бөліп шығаруға себеп болды. Осының салдарынан жоғары педагогикалық оқу орындарының кәсіби-педагогикалық іс-әрекеті үдерісінде болашақ мұғалімдердің әдістемелік құзырлылығын қалыптастыру кәсіби дайындықтың ең маңызды міндетіне айналды.

Білім жүйесінде қазіргі қоғам талабына сай әдістемелік жұмыстың жаңа бағыттары мен түрлері және білім беру орындарының сұранысына байланысты әдістемелік іс-әрекеттің мазмұны өзгеріп, жаңа вариативтік, әр түрлі деңгейлілік тенденциялары пайда болды.

Бүгінгі күні әдістемелік қызметтің төмендегідей бірнеше бағыттары бар: ұйымдастырушы-басқарушылық, тәжірибелі-эксперименттік, әдістемелік, ұйымдастырушылық-педагогикалық, ақпараттық-аналитикалық, маркетингтік, редакциялық-баспалық. Әдістемелік қызмет жұмысының мақсаты педагогтардың кәсіби дамуына көмек көрсету.

Адамзат іс-әрекетінің барлық салаларындағы өзгерістер: ақпараттық өрістің кеңейуі, мұғалімдердің қызметінің жаңаруы, тұлғаның өзін-өзі дамытуы, тез әрекеттік, интернет желісіне еркін кіру, интертақтаны қолдану және т.б. педагогты жаңа жағдайға алып келгендіктен, оған жаңа талаптар қойылып отыр. Оның ішінде ақпараттық технологияны қолдану, электрондық оқулықтар жасау.

А.М.Столяренко педагогтың әдістемелік жұмысы әдістер мен оқыту әдістемесімен шектелетінін айтты. Ол «бұрын жұмыстың әдістемесі, әдістемелік жұмыс туралы айтылса, соңғы кезде педагогикалық техника, педагогикалық технология, әдістемелік жүйе туралы айтылып жүр», – деді. Педагогикалық үдерістегі әдістемелік жүйе субъектінің мүмкіндігін, осы үдерістің құралдары мен шарттарын қозғалысқа келтіріп, қажетті арнаға бағыттайды және тиімді жүзеге асырады [3].

Соңғы жылдары мұғалімнің кәсіби-педагогикалық дайындық мәселесі ғалымдардың зерттеу объектісіне айналды. Мұғалімнің әдістемелік қалыптастыру мәселесін В.А.Адольф [4], Т.Н.Бойко [5], Т.Н.Гущина [6], В.В.Дымина [7], Т.А.Загривная [8], А.Л.Зубков [9], О.В.Лебедева [10], И.В.Ковалева [11], Н.В.Кузьмина [12], М.П.Лапчик пен Н.В.Чекалева [13], Т.В.Руденко [14], Т.И.Шамова [15] және басқалар зерттеген.

В.А.Адольф әдістемелік дайындықты, белгілі бір сабақты оқытуды жоспарлағанда, мұғалімнің кеңейтілген білім жүйесі деп түсіндіреді. Ол әдістемелік дайындық құрамына тұлғалық, шығармашылық, әрекеттік компоненттерді алады және әрекеттік компонентті, мұғалімнің өзіне тән жұмыс істеуінің жеке стилі деп түсінеді.

Тұлғалық компонент мұғалімнің білімдарлығын, кәсіби-педагогикалық бағыттылығын және мұғалімнің шығармашылық потенциалын анықтайды. Ол шығармашылық компоненттің төмендегідей параметрлерін атайды:

1) болашақ мұғалімнің оқыту мақсатын, оқытатын сабақтың бағдарламасын, сабақты ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін білуі;

2) бір немесе бірнеше әдістемелік әдістемелік жүйені меңгергендігі;

3) болашақ мұғалімнің әдістемелік жүйені болжай білуі, белгілі бір қағидаға сүйеніп, бірнеше сабақтар жүйесін құра білуі және нақты бір тақырыпты немесе тарауды оқытуды білуі;

4) әдістемелік жұмыстың жолдарын және тәсілдерін қолданудың тиімділігін жобалай білу;

5) әдістемелік білімнің бір-бірімен және арнайы, педагогикалық, психологиялық білімдермен байланысының қаншалықты екенін жүйелі түрде талдай білу [4].

Т.Н.Гущина әдістемелік дайындықты тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттерінің және кәсіби тәжірибесі негізіндегі мұғалімнің әдістемелік білім, білік және дағдыларының жиынтығы, – деп анықтайды.

М.П.Лапчик пен Н.В.Чекалева информатика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын «жалпы білім беретін орта мектепте оқытудың қазіргі педагогикалық технологияларын пайдаланып, информатика курсын үздіксіз оқытуға теориялық және практикалық дайындығын, білімді ақпараттандыру жағдайында педагогикалық қасиеттерін дамыта білу, кәсіби өсе білу қабілеттері», – деп түсінеді [13]. Олар информатика мұғалімінің педагогикалық шеберлігінің мынандай элементтерін атап көрсетеді: 1) ақпараттық білім ортасының жағдайында оқушылардың ұжымдық және жекеленген іс-әрекетін ұйымдастыру шеберлігі; 2) оқушыларға ақпараттық білім беру және ақпараттық-қатынастық тәжірибе қалыптастыру шеберлігі; 3) қазіргі білімді ақпараттандыру құралдары негізінде педагогикалық технологияларды меңгеру шеберлігі.

М.П.Лапчик пен Н.В.Чекалева әдістемелік дайындық құрамына пәндік құзырлылық пен жалпы кәсіби құзырлылықты алған. Пәндік құзырлылық, пәндік дайындықтағы курстарды оқу үдерісінде қалыптасады. Оның қалыптасқандық деңгейі өз-бетімен білім алу және білімін жетілдіру қабілеттерінен анықталады. Жалпы-кәсіби дайындық жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және жалпы кәсіби пәндерді оқу арқылы қалыптасады. Пәндік дайындықтың өзін М.П. Лапчик пен Н.В. Чекалева базалық-пәндік, профильді бағытталған және зерттеушілік деп үшке бөледі.

Сонымен, зерттеушілер әдістемелік жұмысты педагогтардың кәсіби дайындығының маңызды бөлігі, әдістемелік дайындықтың пайда болуына жетелейтін негізгі фактор деп есептейді.

Мұғалімінің кәсіби-педагогикалық дайындықтың құрамына Л.М. Митина [16] білім, білік, дағды және педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру және педагогикалық қарым-қатынасты жүзеге асыру тәсілдерін енгізген. В.В.Краевский зерттеулерінде ұстаздың кәсіби шеберлігі педагогикалық іс- әрекеттің ең жоғары деңгейі екенін көрсеткен.

Зерттеу мәселесіне арналған психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау кәсіби-педагогикалық құзырлылық, әдістемелік құзырлылық ұғымдарының анықтамасына және құрылымына деген бірдей көзқарастың жоқтығына қарамастан олардың бір-біріне қарама-кайшы келмейтіндігін және әдістемелік құзырлылық кәсіби құзырлылығының негізгі құраушысы болып табылатындығын көрсетеді.

Әдістемелік дайындықтың құрамына ғалымдар енгізген тұлғаның кәсіби сапалы қасиетінің мәнін анықтау үшін, ұстаздың кәсіби сапалы қасиеттері теориясының негізіне үңілсек, «сапа» ұғымының өзі объекттер мен заттардың барлық елеулі және тұрақталған қасиеттерінің жиынтығы. «Тұлғаның кәсіби сапалы қасиеттері – оның әлеуметтік және кәсіби жұмыстарды орындауға дайындығын көрсететін барлық елеулі және қалыптасқан қасиеттері мен мінездерінің жиынтығы», – деген В.А.Сластенин [17]. Тұлғаның кәсіби сапалы қасиеттері (ТКСҚ) – оның таңдап алған кәсіби іс-әрекетіне қажет елеулі психологиялық мінездемелері. «ТКСҚ – өзінің мамандығына, еңбегіне, табиғатына, қоршаған ортаға қалыптасқан кәсіби тұлғалық мінез-құлық, көзқарас». Кәсіби іс-әрекет барысында тұлғаның сапалық қасиеттері, оның жұмысының тиімділігіне әсер етеді.

П.Ф.Каптерев мұғалімнің жеке арнаулы қасиетіне – оның ғылыми дайындығын және мұғалімдік талантын, ал тұлғалық қасиеттерге – адамгершілік, табандылық, әділдік, өзіне-өзі сынмен қарау, балаларды жақсы көруді жатқызады [18].

Ғалымдар әдістемелік дайындығының құрамында тұлғалық, іс-әрекеттік, танымдық, аналитикалық-синтетикалық, болжамдау, үйлесімді жобалау және т.б. компоненттерді кәсіби-педагогикалық дайындығының құрамынан айырып келтірген. Әдістемелік дайындықтың құрамына:


  • тұлғалық компонентіне мұғалім тұлғасының психологиялық жағымен байланысты біліктері (коммуникативтік, перцевтивтік, рефлексивтік);

– іс-әрекеттік компонентке жинақталған білім мен біліктер, зерттеушілік және шығармашылық біліктер;

  • танымдық компонентке мұғалімнің теориялық дайындығы;

– аналитикалық-синтетикалық компонентке бағдарламалық-әдістемелік документтерді талдай білу, әдістемелік мәселелерді анықтап, оны шеше білу, әдістемелік білімді жіктей және жүйелей білу;

  • болжамдау компонентіне таңдап алған құралдар, оқытудың түрлері, әдістері мен тәсілдерінің тиімділігін болжай білу;

  • үйлесімді жобалау компонентіне оқыту үдерісін үйлесімді құру, сабақ жүргізудің мазмұны мен түрін, әдістемесін, әдістері мен тәсілдерін үйлесімді таңдау, әдістемелік іс-әрекетті жоспарлай білу жатады.

Әдістемелік дайындықтың бұл аталған компоненттері барлық пән мұғалімдеріне ортақ қасиет болады.

Әрбір педагогикалық саладағы маманның бойында кәсіби-педагогикалық дайындық педагогикалық іс-әрекетті меңгеру дәрежесін көрсететін бір-бірімен байланысты интеллектуалдық және практикалық амалдар жүйесі. Болашақ мұғалімді кәсіби дайындауда оның әдістемелік дайындығын, мұғалімнің кәсіби-педагогикалық дайындығының негізгі құраушысы ретінде қалыптастыруды зерттеу керектігінде күмән жоқ. Кез-келген педагог белгілі бір пән маманы. Ол кәсіби-педагогикалық дайын бола тұра өз пәнінің мазмұнын жетік біліп, оны оқушыларға жеткізе алатын әдістемелік біліктілігі болмаса, ондай мұғалім мектепте жұмыс істей алмас еді. Олай болса, әдістемелік біліктілік, кәсіби-педагогикалық біліктіліктің өзегі. Әдістемелік дайындық кәсіби-педагогикалық дайындықтың құрамында бола тұра, ол кез-келген пән маманының аса қажетті негізгі қасиет-қабілеті. Әдістемесі жоқ ұстаз қаламсыз ақын, жазушымен парапар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мерзімді жоспар
білім беруді
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
мектепке дейінгі
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...